С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет71/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Ғазнауилар империясы


184
185
да орын алды. Бұл қырқысулардың идеологиялық негізінде діни 
нанымдағы қайшылықтар-шииттер мен сунниттер келіспеушілік-
тері жатты. XI—ХІІ ғасырларда Ирандағы феодал ақсүйектер 
сунниттердің, қала мен деревня кедейлері-шииттердің идеологтары 
болды.
“Ұлы Сельжуктер” сұлтанатына Балх ауданында көшіп-қонып 
жүретін түрік-оғыздар көтерілісі  ауыр соққы болып тиді. Балх 
оғыздары ауыр салыққа — жылына сұлтан дастарханына 24 мың 
қой беріп отыруға наразы болып, көтеріліске шықты. Олар  1153 ж. 
сұлтан əскерін талқандап, сұлтан Санжардың өзін тұтқынға алды. 
Сонан соң Мерв пен Нишапур қалаларын, Хорасанды тонап, талан-
таражға салды. Парсы ақыны Анвар бұл тонаушылықты өзінің 
“Хорасанның көз жасы” атты элегиясында өте шебер бейнелеген.
Бұл көтерілісті оғыз тайпасының басшылары пайдаланып калды. 
Соғыста қолға түскен олжаларды иемденіп, жер үлестерін кеңейтті. 
Ондағы басыбайлы шаруалар қатары да көбейді. Қарапайым 
шаруалар бұқарасы көтерілістен пайда таппады. Санжар сұлтан 
(1118—1157 жж.) өлген соң  “Ұлы Сельжуктер” сұлтанаты бірнеше 
ұсақ князьдыққа бөлініп кетті. Бұл сұлтанаттың əлсіреп ыдырауына 
байланысты ХІ ғасырда бұрынғы Сельжук империясының леннигі 
болған Хорезмнің саяси маңызы күшейді. Суару жүйелерінің дамуы, 
ауыл шаруашылығының жоғары дəрежеде жетілуі, Орта Азияны 
орыс, Иран жерлерімен қосатын керуен жолының бойына орналасуы 
Хорезм басшыларының қуатын өсірді. “Ұлы Сельжуктердің” 
құлауын пайдаланып, Хорезм шахтары ХІІ ғасырдың 80—90 
жылдарында Мерв пен Хорасанды өз мемлекеттеріне қосып алды. 
1210 жылы Мұхаммед Хорезмшах тұсында Хорезмге Бұхара мен 
Самарқан қалалары орналасқан Мауереннахр қосып алынды. Ал 
1215 жылы Ауғанстан толығымен түріктерге қосылды.
ХІІ—ХІІІ ғасырлар аралығында Иран экономикасы біраз жандана 
түсті. ХІІІ ғасырдың басында жазылған “Табаристан тарихының” 
авторы Ибн Асфандияр Мазендаран облысы туралы былай дейді: 
“Бұл жерде арпа-бидай, жеміс-жидек, аң мен төрт түлік дегенің өте 
жеткілікті. Байлық көзіңді тойдырады. Бір жапырақ бос жатқан 
жерді кездестіре алмайсың”. Соңғы Хорезм шахтар Сельжук 
сұлтанатындағы дағдарысты пайдаланып, 1132 жылы төменгі Ирак 
пен Хузистанда саяси биліктерін қалпына келтірген Аббасидтік 
Бағдад халифатымен сəтсіз соғыстар жүргізді. Ақыры 1220 жылы 
Хорезмшахтар империясы монғол жаулап алушыларының оңай 
жеміне айналды.
Дін. ХІІ ғасырдың басында сунниттік қағидалар тұжырымдалып 
бітті. 1112 жылы қайтыс болған имам Мұхаммед Газалы “Ихья улум-
ад дин” деген еңбегін жазды. Ол мұсылмандық діни қағидаларды 
қарапайым халыққа жақындатуға, қызықырақ етуге тырысты. 
Мұхаммед Газали атеистік философияға қарсы еңбек те жазды 
(«Философтардың күйреуі”). Атеист философтар оған “Күйреудің 
күйреуі” деген трактатпен жауап берді. XI ғасырда Иранның қала 
тұрғындары арасында суфизм (ислам дініндегі мистикалық-аскеттік 
бағыт) ықпалы күшті болды. ХІІ ғасырдағы ақын Сенан өзінің 
сопы  болуын  кезбе  дуананың  ықпалы  деп  көрсеткен.  Ол  дуана 
сұлтанның дүние-коңыздығын айыптап, “көзі ақсын” деп қарғайтын 
дейді. Сопылықпен бүркемеленген шииттік дін Ирандағы қала 
кедейлерінің, шаруалардың дініне айналды. Ол үстемдік етуші  
сүнниттік дінге қарсы бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет