С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет73/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
Мəдениет. Арабтар билігі кезінде Ирандағы əдебиет араб тілінде 
дамыды. VІІІ ғасырдан бастап Иранда шуубиттік (Шууб-арабтардан 
басқа ислам дінін қабылдаған халықтар) бағыт өріс алды. Бұл 
бағыттың өкілдері арабтың саяси жəне мəдени үстемдігіне қарсы 
тұрған оппозицияны кұрады. Олар арабтардың қол астындағы 
халықтар мəдениетінің араб мəдениетінен жоғары екенін дəлелдеуге 
тырысты. Бірақ шуубиттердің өздері шығармаларын араб тілінде 
жазды. 923 жылы  өлген Табари мен оның жолын қуушы Ибн 
Мискавейхтың (1030 жылы өлген) жалпы тарих бойынша еңбектері, 
XI ғасырдағы ибн Хордад-бектің жəне X ғасырдағы Истахридің 
жағырапия саласындағы еңбектері араб тілінде жазылды.
X ғасырдың ортасында саманидтық уəзір Балами Табаридің 
тарихи шығармаларын парсы тіліне аударды. 970 жылы парсы 
тілінде Абулмансұр Муваффактың фармакология саласындағы (970 
ж.), жағырапия саласындағы белгісіз автордың, сондай-ақ 1050 жылы 
Гардизидің тарихи енбегі де парсы тілінде жазылып шықты. 1077 
жылы өлген Абулфазыл Бейхактың Шығыс Иранның əлеуметтік 
тарихы жөніндегі еңбегі де парсы тілінде жазылды.
Парсы тілінде тек Иранда емес, Орта Азияда, Əзербайжанда, 
Сельжуктік Кіші Азияда да жазды. Осы тілде Фирдоусидің (940—
1030 жж) “Шахнамасы” (‘Патшалар кітабы”) жазылды. Ол еңбегінде 
Фирдоуси “Хвадай намак” деген еңбекке сүйене отырып, Иран 
мен Орта Азияның сонау ерте заманнан арабтар жаулап алғанға 
дейінгі тарихын баяндайды. Ол халық көтерілісінің көсемі Маздак 
туралы сүйіспеншілікпен жазады. “Шахнамеде” Иран патшасы ІІ-
Хосров  (591—628  жж.)  пен  оның  əйелі  Шырынның  махаббаттары 
жырланған. Фирдоуси “Шахнамасын” жазып бітіргеннен соң, біраз 
уакыт қудалауға ұшырады. Сол кездегі Газни сұлтаны Махмудқа 
шығарманың арабтар үстемдігіне қарсы бағыты, мұсылмандыққа 
дейінгі пұтқа табынушы батырларды мақтауы ұнамады. Фирдоуси 
шиит еретик деп есептелді. 
XI ғасырдағы Иранның көрнекті ақындары Миничихри Гургани 
болды. Гургани “Вис пен Рамин” деген поэманың авторы. Дүние 


190
191
жүзіне əйгілі Омар Хайям (1048—1122) ақын, философ болды. 
Сондай-ақ Анвар мен Аттар да ірі  ақын, философтар болған. XI 
ғасырдағы Ирандағы əкенің балаға деген өсиеті “Кабус наме” деген 
шығармада тұжырымдалған. Иранның бейнелеу өнері араб жаулап 
алушылығына байланысты біраз кідіріп қалды. Арабтар адамның 
бейнесін салуға рұқсат етпеді. Дегенмен байлар мен ақсүйектердің 
үйлері ою-өрнекпен əсем безендірілетін. Орталығы Кашан мен Рей 
болған керамика өнері зор табысқа жетті. Сəулет өнері де дамып
жетіле  түсті.  Көп  бұрышты  мұнара-кесенелер  салынды.  Мысалы, 
ХІ ғасырда Кабус кесенесі  салынды. Мешіттер мен медреселер де 
сəулет өнерінің көрсеткіштері болды. Əсіресе, X ғасырда салынған 
Дарғандағы Тарик ханэ мен Наиндегі мешіт сол кездегі сəулет 
өнерінің ең жоғарғы жетістіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет