С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


III БӨЛІМ.  КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛАР



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

III БӨЛІМ. 
КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛАР
§ 23. Кейінгі Орта ғасырлардағы Қытай
1. XVI ғ. XVII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл 
   шаруашылығы.
2. Капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы.
3. Еуропалықтардың Қытайға енуі.
4. 16391646 жылдардағы шаруалар соғысы. Манчжурлар 
    билігінің орнауы.
5. XVIXVII ғасырлардағы Қытай мəдениеті.
XV ғасырдың басында Қытай экономикасы мен мəдениеті 
гүлдену кезеңін бастан кешірді. Бірақ осы ғасырдың аяғында елде 
көтерілістер, бүліктер, қырқыстар орын алды. Бұл феодалдық 
құрылыстың ыдырай бастауының белгісі еді.
Бұрын игерілмеген жердің есебінен егістік көлемі ұлғая 
түсті. Еңбек құрал-жабдықтары қарапайым күйінде қала берді. 
Бірақ шаруалардың еңбекқорлығы мен шеберлігінің есебінен 
еңбек өнімділігі арта түсті. Еңбек құрал-жабдықтарының қара-
пайымдылығы жердің құнарлығын сақтауға, соның арқасында 
түсімін арттыруға жағдай жасады. Қытай шаруалары дəнді 
дақылдар, бұршақ, шай егіп, жеміс-жидек, май жəне бағалы ағаштар 
өсірді. Мақта егістігі де кең қанат жая бастады. Тауар ― ақша 
қатынастары жетіле бастаған XV―XVII ғасырларда шаруалар жер 
иеліктерінен айырылып, тез кедейлене түсті. Олар өз жерлерін түгел 
немесе жартылай, ашық немесе жасырын сатуға мəжбүр болды. 
Мұның басты себебі өсімқорларға қарызданып қалу немесе салықты 
уақтылы төлей алмау еді.
Шаруалардың қарыздануының өсе түсуіне əкімдердің па-
рақорлығы мен əртүрлі қулық-сұмдықтары да себеп болды. Жерге 
жаңа помещиктер, өсімқорлар мен көпестер, ауыл əкімдері ие бола 
бастады. Феодалдар, олардың ішінде император үйінің мүшелері 
мүмкін болған жерлердің бəрін басып алып жатты. Бұл жолда олар 
императорларға жарлықтар да шығартты, күш қолданды, алдап 


244
245
арбады. Тек бос жатқан жерлерді ғана емес, əлсіз жеке меншік 
иелерінің жерін де, мемлекеттің жерін де өз иеліктеріне айналдыра 
бастады.
1456 жылы Миндік императорлардың өздері мемлекеттік жерді 
өз поместьелеріне айналдыра бастады. XVI ғасырдың аяғына 
қарай астаналық облыс маңында көлемі 1280 мың му болатын бес 
поместье пайда болды. XVII ғасырдың басына қарай императорлар 
поместьелерінің  саны  300-ге  жетті.  1489  жылғы  есеп  бойынша 
императорлар əулетіне кірмейтін 332 феодалдық жер иеліктерінің 
көлемі 3300 мың муға жетті. Помещиктерден алған жерлері үшін 
шаруалар азық-түлікпен де, ақшамен де, өз еңбектерімен де есептесіп 
отырды. Сонымен қатар шаруалар үкіметке жылына екі рет салық 
төлеп тұрды. Ол салықты ақшамен, азық-түлікпен, өнеркəсіп 
өнімімен де, мерзімді еңбекпен де өтеді. XVI ғасырдың аяғында 
салықтар жүйеге келтірілді, енді міндетті еңбек салығы ақшалай 
салықпен ауыстырылды. Мемлекеттік салықтың құрамы деревняға 
тауар ақша қатынасының ене бастағанын, шаруалардың айырбасқа 
араласа бастағанын көрсетеді.
Қазынаға төленетін ақшалай салық күміспен есептелетін. 
Шаруалардың мұндай күміс теңгесі болмағандықтан мыс жəне 
темір теңгемен есептесетін. Теңгенің бір түрін оның екінші түріне 
есептегенде қазына қызметкері шаруаларды алдау арқылы көп 
пайда табатын. Мемлекет меншігіндегі жерді иеленуші шаруа 
феодал жеріндегі шаруадан салықты артық төледі. Көп жерлер 
жеке адамдардың меншігіне көшкенде, бірақ ол жер əлі мемлекет 
қарамағында деп есептелсе, шаруалар əрі помещикке, əрі үкіметке 
салық төлеп тұрды.
Шаруа шаруашылығының кедейлігі оны табиғи апатқа қарсы 
күресте дəрменсіз етті. Сондықтан егін шықпай қалушылық, 
ашаршылық жиі болып тұрды. Адамдар өсімдіктердің тамырын, 
ағаштардың қабығын жеген кездері болып тұратын дейді 
тарихшылар. Бір шаруаның құлдырауы қалған көрші шаруаларға 
да зиянын тигізетін. Мұндай қиыншылықтар XV―XVI ғасырларда 
шаруалар көтерілістерін жиілетті. Бұл көтерілістер, бүліктер мен 
қырқысулар ауылдық жерде феодалдық қатынастардың ыдырай 
бастауының белгісі еді.
Қолөнерінің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы оның енді 
қалалық жерде шоғырлануына əкелді. Үлкенді-кішілі қалалар Қы-
тайдың барлық провинцияларында жеткілікті болды. Мысалы, XVI 
ғасырда  Юньнанда  90  ірі,  130  майда  қала болса, Цзянсиде 37 ірі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет