С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет96/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Иоруба мемлекеттері. Нигерия мен Дагомеяның оңтүстігі 
Африканың ежелгі мəдени орталықтары болды. Еуропалықтар 
келгенше бұл облыс өз бетімен дамыды. ХІ ғасырда Иорубаның 
қоғамдық құрылысында алғашқы қауымдық қоғамның да, құлдық 
қоғамның да, феодалдық қатынастардың да белгілері болды. 
Иоруба экономикасының негізі егіншілік болды. Қолөнері 
жоғары дəрежеде дамыды. Иоруба мемлекеттерінің бұйымдары 
бүкіл Гвинея жағалауына тарап жатты. Əсіресе мата тоқу, тері-
терсек илеу, əйнектен, металлдан бұйымдар жасау кең өріс алды. 
Иоруба мемлекеттерінің ішіндегі ірісі Ойо болды. Оның құрылуы 
ІХ-Х ғасырлар ортасына жатады. Мемлекеттің негізін қалаушы, 
жалпы йорубалықтар тұқымының арғы атасы Одудва деп есептеледі. 
Ол тіпті құдайға да теңелген.
Иоруба көсемдерінің бірі Одеде алафин /үй иесі, қожасы/ деген 
атақ  алды.  Оның  қасында  ақсүйектер  кеңесі  құрылып,  билікке 
араласып отырды. Кеңес əкімшілік жəне заң шығарушылық, сот 
биліктерін бірдей атқарды. Қалаларды екі жылға тағайындалатын 
əкімдер басқарды. Олар ауыл бастықтарын тағайындап отырды. 
Қала əкімінің қасында да Кеңес құрылып, билікке араласты. 
Ойода тұрақты салық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің табысы 
шаруалардан, қолөнершілерден жиналатын салық пен рынокта 
сатылатын тауарлардан түсетін. 
Эфиопия. Х ғасырда Шығыс Африкадағы ірі мемлекеттің бірі 
Эфиопия болды. Мұнда ХІІ ғасырға дейін Фалаш əулеті билік құрды. 
Ал ХІІ ғасырда өкімет билігі христиан дініндегі Загва əулетіне 
көшті. Астанасы ― Ласта қаласы, патшалары ― Негус деп аталды. 
Х ғасырда Эфиопияның ежелгі астанасы ― Аксум қираған болатын. 
Аксум патшалығы өмір сүруін тоқтатты. Орталық Африкадағы 
билік жаңа əулеттің қолына көшті. Бұл иудей дінін ұстаушы фалаш 
əулеті ХІІ ғасырға дейін билік құрды. 
ХІІ ғасырда өкімет билігі христиан дініндегі Загва əулетіне көшті. 
Ол Ласта провинциясының тұрғындары болатын. Мемлекеттің 
астанасы сонда көшірілді. Бұл əулет бір ғасыр бойы билік құрды. 
Оның  ішінде,  əсіресе  Лалибала  ерекше  белгілі.  Ол  жартастардан 
христиан шіркеулерін қашап салғызған. 
ХІІІ  ғасырда  өкімет  басына  Соломондар  əулеті  келді.  Оның 
бірінші патшасы Йекун Амлак /1270―1285/ тұсында астанасы Шоа 


238
239
провинциясындағы Анкобер қаласына көшірілді. Ортағасырлық 
Эфиопияның саяси құрылысы феодалдық иерархияға негізделді. 
Эфиопия шығысында мұсылмандық Сомали мемлекетімен шектесіп 
жатты. Батысындағы шекарасы ― Тан көлі болды. ХІV ғасырдан 
бастап Сомали мен Харар эмираты Эфиопияға жиі-жиі шабуыл 
жасап тұрды. 
Əрбір  мемлекеттік чиновник ― провинция бастығы растан 
бастап, кішігірім ауыл басшысына дейін феодалдар болды. 
Провинция, округ басшылары əскери билікті сот жəне əкімшілік 
биліктерімен бірге атқарды. 
Эфиопияда да рулық қатынастар белгісі сақталды. Феодализмнің 
даму барысында қауымдық жер иелігі ыдырай бастады. Қауымдық 
жер  адди деп аталды. Жер үлестерін ықпалды отбасылары жеке 
меншіктеріне айналдыра бастады. Аддиде қауым мүшелерінен басқа 
келіп-кететіндерге араналған жерлер де болды. Жер шаруаларымен 
қоса жеке адамдарға беріле бастады. Ол үшін жер иеленуші негусқа 
немесе ірі феодалға белгіленген салық төлеп, міндеткерлік атқарып 
отыруға тиіс болды. 
Барлық жердің иесі негус деп саналды. Феодалдық бы-
тыраңқылық кезінде мұндай құқтармен растар пайдаланды. 
Негустар мен растар ірі феодалдық жер иеленушілер болды. 
Эфиоптық шіркеу де ірі жер иесі болды. Ол жерді негізінен құлдар 
өңдеді. Феодалдар жерлері жалгер шаруалар күшімен өңделетін. 
Құлдар еңбегі де пайдаланылды. Феодалдар шаруаларды əр төрт 
күннің бірінде өздеріне жұмыс істеуге, жол құрылыстарын салуға, 
жүк тасуға жұмсауға құқылы болды. 
Эфиопияда тұрақты салық жүйесі болды. Сонымен қатар «дерго» 
деген міндеткерлік болды. Ол мемлекеттік аппараттың қызметкерін 
күтіп алу, тамақ, көлікпен тегін қамтамасыз ету міндеті болды. 
Жеке феодалдар үйлерінде құлдар еңбегін де пайдаланды. Құл-
дар қолөнершілікпен айналысып, феодалдарға қажетті бұйымдар 
жасаумен шұғылданды. Құлдар еңбегі рынок үшін шығарылатын 
өнімдерге пайдаланылмады. Құлдар феодалдардың иеліктерінде 
жер үлесін алып, басыбайлы шаруалар қатарлы еңбек етті. Құлдарды 
өлтіру қылмыс деп саналды. Құл өз қожайынының үстінен сотқа 
арыз бере алатын болды. Христиан дінін қабылдаған құлды сатуға 
тиым салынды. Феодалдық бытырыңқылық, көптеген ішкі кедендік 
кедергілер, керуен жолдарындағы күзеттің жоқтығы сауданың 
дамуына зиян келтірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет