318
319
түскен тауарларды Венеция мен Генуя көпестері Батысқа қарай
жөнелтетін.
Индияға баратын жолды ашқаннан кейін португалдықтар бұл
елмен саудаға өз үстемдігін орнатуға кірісті. Индияның ішіндегі
ала ауыздықты жəне өздерінің əскери күштерін пайдалана отырып,
португалдықтар екі арадағы жолда көптеген бекіністер сала баста-
ды. Малабар жағалауындағы Гоа португал вице-королінің мекеніне
айналды (астанасы — Панаджи қаласы, Үндістанның батысында).
Ормузды басып алып, португалдықтар парсы шығанағындағы бай
саудаға өз бақылауын орнатты.
1511 жылы Албукерки
1
Сингапур бұғазындағы маңызды порт
Малакканы басып алды. Сөйтіп, Үнді мұхитына шығыстан да жол
ашылды. Енді португалдықтардың қол астына Үнді мұхитының ба-
тысы да, шығысы да қарады.
1517 жылы португалдықтар Цейлонмен сауда қатынасын ор-
натудан бастап, бірте-бірте оны өзіне бағындырып алды (1653
жылы оларды голландтар қуып шықты). Португалдықтар ба-
сып алған жерлерінде шаруашылықпен аз айналысты, көбінесе
дайын азық-түлік т.б. өнімдерді өте арзан бағаға сатып алып,
Еуропада 10 есе қымбатқа өткізді. Олар басып алған жерлерінде
көп дегенде 10 мыңдай ғана əскер ұстады. Португалдықтар əскері
аз болғандықтан Азиядағы отарларын көбейте алмай, негізінен
теңіздегі қарақшылықпен айналысты.
XVI ғасырдың аяғында — XVII ғасырдың басында пор-
тугалдықтардың Индиядағы жəне оңтүстік-шығыс Азиядағы
үстемдігін ағылшындар мен голландтар тартып ала бастады.
Индия ХVІ ғасырдың басында өзара қақтығысып, қырқысып
жататын бірнеше дербес князъдықтарға бөлінген, бытыраңқы ел
болды. Үндістанда Кашмир, Синд, Мултан, Гуджарат, Джайпур,
Мальва, Бенгалия, Бихар дербес мемлекеттер болды. Солтүстік
Индиядағы үлкен мемлекеттердің бірі Дели сұлтанатының билігі
астаналық округтен аса алмады.
Бұл сұлтанаттың басында афгандық Лоди əулеттері тұрды.
Оңтүстік Индиядағы ХVІ ғасырдың басындағы ірі мемлекеттер
1
Достарыңызбен бөлісу: