320
321
оңтүстік қалалары өз дамуында солтүстіктегі қалалардан əлдеқайда
озып кетті. Көпестер бұл қалалардың құрметті сословиесі болды.
Сыртқы сауданың, əсіресе күшті
дамыған ауданы Малабар бол-
ды. Оның халқы кокос, келімдəрі, т.б. тағамға қажетті көкөністер,
жемістер өсірумен шұғылданды. Бұл тауарлар тек шет елдерде ғана
емес, елдің ішінде де үлкен сұранысқа ие болды. Мұнда астыққа
қажеттілік сұраныс зор болды. Малабардың өз астығы болмады.
Индияның барлық жеріндегідей, оңтүстіктегі үндістер де
қауымға бірігіп тұрды. Бірақ мұндағы қауым ХІV—ХV ғасырларда
біртіндеп ыдырай бастады. Азия мен Африкадағы үнді матасына де-
ген зор сұраныс шаруалардың көпшілігін мата тоқуман айналысуға
итермеледі. Тоқымашылар поселкесі пайда болып жатты. Қауымнан
бірте-бірте ұсталар, қыш бұйымдарының шеберлері, түптеушілер
сияқты қолөнершілер де бөлініп шыға бастады. Барлық қалалар мен
көптеген селоларда əр апта сайын базар өткізіліп тұрды. Тауарды
бүкіл елге таратып тұратын кезбе касталар (коматтар, ламбадалар)
сауданың дамуында айтарлықтай рөл атқарды.
Рынокқа еңбек ететін қолөнершілер біртіндеп
қауым ықпалынан
босай бастады. Олар үстемеші — саудагерлерден қарыз ақша алып,
өтеуге шамасы келмегенде қауымдағы жерін бере салатын. Қоғамдық
еңбек бөлінісінің дамуы қауымның онан əрі ыдырауына түрткі
болды. Қауым мүшелерінің үлестерінің теңдігі — өткен заманның
белгісі ғана болып қалды, яғни жойылды. Қауым басшылығында
шаруалардың неғұрлым бай топтары тұрды. Олардың
кейбіреулері
өз көршілерін қанайтын феодалдарға айнала бастады.
Шаруалардың көпшілігі өз үлестерінен айрылып, тақыр ке-
дейлерге айналды. Қауым басшылары мен индус храмдарының
жерлерінде жалгерліктің «сыбағаластық» деген түрі қалыптасып,
дами түсті. Бұл процестер Оңтүстік Индияда, əсіресе Виджаянагар
(1336—1365) империясының соңғы жылдарында өте тез қарқынмен
дамыды.
Малабар жағалауында
қаумның ыдырағандығы сонша, онда
қауымдық үкімет те, қолөнершілер де қалмады. Шаруалар үлкен
отбасыларымен өзіне тəн ерекшелігі бар хуторларда тұрып, еңбек
етті. Жақындауға болмайтын (неприкасаемые) каста мүшелерінің
жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қауымдық құлдар мен басыбайлы
шаруалар жеке меншіктікке айналған Малабардан басқа Оңтүстік
Индияда араласуға болмайтын касталық басыбайлы шаруалар бү-
кіл қауымға ортақ болып қала берді.
Бұл жағдай қауымды ұжым-
дық қанаушы ретінде топтастыра, біріктіре түсті. Қауымдардың
Достарыңызбен бөлісу: