322
323
өз қалауы бойынша пайдаланды. Бірақ ол жерлерді храмдар мен
брахмандарға діни сыйлық ретінде таратуға болмайтын еді;
3. Əскери лендер «амарам» деп аталды. Олар тақсыр үшін белгілі
бір əскери контингенттің басында қызмет атқарып, тиісті салығын
төлеп тұрғанда өмір бақилыққа берілетін. Бұл салық жылдық азық-
түлік табысының 1/6-ін құрайтын. Одан аз болуы мүмкін болды,
бірақ ешқашан көп болған жоқ. Амарам иесінің өз қарауындағы
шаруалардан салық жинауына үкімет араласпады. Салық мөлшерін,
оны жинау мерізімі мен жинаушылар құрамын амаранайяк (амарам
иесі) өзі белгілеп отырды. Оның өз жерін басқа біреуге сатуға,
сыйлауға, жəй беруіне құқы болды. Амаранайяктар
ірі феодалдардың
марқасқаларын құрады. Олардың саны 200-ден аспады;
4. Амаранайяктардың вассалдарына, кішігірім отряд ко-
мандирлеріне берілген «умбали» деген жер сыйлығы. Феодалдық
жер иеленушіліктің бұл түрі тек əскери қызмет атқарғаны үшін
берілді;
5. Оңтүстіктің ірі феодалдары храмдар болды. Бүкіл елдің
аумагының 1/5-і сол храмдардың қарамағында болды. Храмдарды
үкімет тағайындайтын басты абыз бен брахмандар кеңесі басқарды.
Орталық үкімет храмдардың байып, нығая түсуіне көмектесіп
отырды;
6. Инабатты феодалдар өз жерлерінің біраз бөлігін оқымысты
брахмандарға сыйға тартып тұратын. Император сарайында, оның
вассалдары мен əскер бастықтарының маңында жер мен наградалар
сұрап қора-қора брахмандар жүретін. Оншақты
брахмандар
отбасына бір деревня берілетін. Онан түскен табысты бəрі бөлісіп
алатын. Императорлар князьдар арасындағы ала ауыздықтар мен
қырқысуларды өз билігін нығайту үшін пайдаданып отырды. Сонау
1350 ж. І-Харихара (1336—1556) барлық салықты ақшамен жинауға
бұйрық берген болатын. Ақшалай рента Виджаянагар əулеті билік
құрған кезде мызғымай қала берді. Натуралды оброк та сақталып
қалды, бірақ оның мөлшері өте аз болды.
Араласуға болмайтын каста мен қарызға белшесінен батқан
қауым мүшелері — мирасдарлардың қожайындарынан кетуге
құқы болмады. Олар жалға алған жерлері үшін өнімдерінің 7/8-ін
қожайынға беруге немесе өз жерімен қоса қожайынның жерінде де
жұмыс істеуге тиіс болды. Барщиналық еңбекті, əсіресе храмдар
жиі пайдаланды. Брахмандар мен храмдардың жерлеріндегі мұндай
шектен тыс қанаушылыққа шыдамаған шаруалар басқа феодалдарға
қашып кетіп отырды. Олардың көпшілігі
салық мөлшері азайтылған
соң ғана қайтатын. Кейде шаруалар қашпай-ақ рентамен алым-салық
мөлшерін төмендеткізе алды. Бұл мақсатқа жету үшін бүткіл бір
аудан еңбекшілерінің барлық касталары мен топтары өзара келісіп
алып, қожайындарға өздері əділетті деп санайтын салық мөлшерін
ұсынатын. Келісімді бұзған каста мүшелері қатты жазаланатын,
кейде өлім жазасына да кесілетін.
Халық бұқарасын кеңінен қамтыған көтерілістер 1480 ж.
Танжурда, 1546 жылы Баркурда (Мангалор маңы) болды. Əс-
кери, азаматтық істердегі барлық билік махараджаның қолында
болды, бірақ əкімшіліктегі басты фигура үлкен, бірінші министр-
махапрадхан болды. Ол қаражат жағын басқарды,
басқа министрлерді
— прадхандарды басқарды. Əскери қолбасшы “далада-адхисари”
деп аталды.
Мемлекет басында губернаторлар тұратын бірнеше провинцияға
бөлінді. Губернатор жеке өз басының пайдасына майда салықтар
жинап отырды. Оның əрбір қадамын орталық үкімет тыңшылар
арқылы өте мұқият қадағалап отырды. Шамамен əрбір 2—3 жылда
губернаторлар ауыстырылып отырды. Провинциялар бірнеше
шағын əкімшіліктерге бөлінді. Олардың əкімдері ірілі-ұсақ жер
иелері болды. Əкім қызметі əкеден балаға мұра ретінде қала беретін
болды.
Солтүстік Индиядағы саяси бытыраңқылық жəне феодалдық
өзара қырқысулар сауданың, ауыл шаруашылығының дамуына
кедергі жасады. Күйзеліске ұшырататын феодалдық соғыстарды
тоқтатуға шаруалар да, қала тұрғындары да мүдделі болды.
ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басындағы порту-
галдықтардың Үнді мұхитындағы үстемдік құруы Индияның
Батыспен, Шығыспен теңіз саудасын тежеді, ол саудада ең көп пайда
табушы араб көпестерін тақырға отырғызды. Португалдықтар
Үнді мұхитындағы кез келген кемелерді қиратып, тонап, Индияға
жолатпауға тырысты. Бұл əрекет Индияның сыртқы саудасын
құрғаққа ығыстырды. ХVІ ғасырда
индиялық маталар мен бояулар,
тəтті тағамдар Еуропаға Ауғанстан, Персия, Түркия арқылы
шығарылып, ескі керуен жолы жандана түсті. Бірақ бұл жандану
ХVІІ ғасырда қайта басылып қалды. Оған себеп — ағылшындар мен
голландтардың Үнді мұхитындағы португалдықтардың жеке дара
билігін жоюы болды.
Сондай-ақ солтүстік Индиядағы феодалдар арасындағы бір
орталыққа бағынған мемлекет құруға ұмтылушылықтың бір себебі
— мұсылмандар мен индустар арақатынасындағы өзгерістер болды.
Түрік, тəжік, ауған басқыншлықтары кезінде Индияда ислам діні
басым болды. Ал жергілікті индус дінін ұстанатын халық жерінен,
324
325
байлығынан айрыла бастады. Темір шапқыншылығынан кейін жəне
Дели сұлтанаты құлаған соң индус феодалдары қайтадан бас көтерді.
“1452 жылы Делиді Жайпур раджасы қоршап алды. Бұл шабуыл 26
жылға созылды” (К. Маркс).
Мұсылман феодалдары ала ауыздықтарын ауыздықтап, бі-
рікпесе, өз артықшылықтарын жоғалтатынын ұқты. Сондықтан
олар бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға мүдделі
болды. Бұл жағдайды Орта Азиядан шыққан Қабул əмірі, сұлтан
Бабыр пайдаланып қалды. Ол 1526 жылы Индияға басып кірді. Ол
Темірдің шөбересі, 12 жасында əкесінің Ферғана тағын мұраланды.
1504 жылы көшпелі өзбектер оны қуып шықты. Сол жылы ол
Қабулды басып алды. 1512 жылға дейін Бұхара мен Самарқандты
басып
алмақ болды, бірақ ол мақсатына жете алмады.
1525 жылы Пенджабтың наместнигі Дəулет-хан Бабырды Делиде
билік құрып тұрған сұлтан Ыбрайым Лодиге қарсы бірге күресуге
шақырды. Бабыр 12 мың əскермен Пенджабқа кіріп, Дəулет ханды
орнынан алды. Бабырдың сұлтан Ыбрайым Лодидің 40 мыңдық
əскерімен шешуші шайқасы Пенджаб пен Делидің арасындағы
Панипат алқабында 1526 жылғы сəуірде болды. Бабыр əскері
зеңбірегінің басымдығының арқасында жеңіске жетті. Оған Делиге
жол ашылды. Бірақ енді Бабырға қарсы шайқасқа Раджпуттық
князьдар əскерімен Рана Санграм Сингх шықты.
1527 жылғы наурызда Кхнау маңындағы шайқаста Бабыр тағы да
жеңіске жетті. Бабыр орнатқан мемлекет Ұлы Моғолдар державасы
деп аталып кетті. Бабырдың қайтыс болуына қарай бұл держава
батысында Кабулмен, шығысында Бенгалиямен шектесіп жатқан
ұланғайыр мемлекет болды. Бірақ ондағы салық — əкімшілік
жүйесі нашар болды. 200 жылдан астам уақытқа (1526—1761)
дейін
өмір сүрген бұл мемлекеттің негізін қалаған Бабыр өте көрнекті
қолбасшы əрі саяси қайраткер болды. Ол өте сезімтал, дарынды ақын
да болған. Өзбек, тəжік, ауған, үнді тілдерінде емін-еркін сөйлеген.
Үнді елінің салт-дəстүрін сақтап, əдет-ғұрпымен танысып, құрмет
көрсетіп отырған.
1530 жылы таққа Бабырдың баласы Хумаюн отырған соң орталық
өкімет билігі біраз əлсіреді. Өз інілеріне енші-иеліктер бөліп беруі
моғолдық билеуші топ арасындағы қырқысуларға əкеп соқты. Бұл
қақтығыстар саудаға кесірін тигізіп, елдің экономикасын əлсіретті.
1532 ж. Ұлы Моғол елшілігі орыстың ұлы князі Василий ІІІ-ң
сарайына келіп қайтқан. Бұл кездесу екі
елдің тарихында елеулі із
қалдырған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: