338
339
Сəлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қала-
лары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте мам-
люктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның
орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы Тұманбей əскери бекініс
тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып,
Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асы-
ратын мамандар болмағандықтан пайдалана алмады.
1517 жылдың басында І-Сəлим бастаған түрік армиясы Каирды
басып алды. Туман-бейді Египет бедуиндері Сəлимге ұстап берді.
Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды /
Батыс Аравия / басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең «қасиетті
ел» болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мəдинаға Шығыстың
көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып
тұрды. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І – Сəлим Египетті
жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз
лауазымына «қос қасиетті қаланың қызметкері» деген атақты қосып
алды.
ХVІ-ғасырда түрік мемлекетінің əскери-феодалдық құры-
лысы өзінің дамуының ең жоғарғы дəрежесіне жетті. Осман
империясындағы қалыптасқан əлеуметтік тəртіптер І-Сүлеймен
сұлтанның /1520—1566/ тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітіл-
ді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол «заң шығарғыш» деген
сөз. Заң жинағы «Канун-намэ» деп аталды. Бұл заң бойынша шаруа-
лар феодалдың рұқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар
жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп,
қолөнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Əрине,
бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді.
Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды.
Енді жер үлесін бөлу жергілікті əкімшілік емес, сұлтанның өз қолына
көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар
ортаға / ротаға / бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, 300
зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды.
Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, ру-
хани феодалдар (үлемдер); 2) əскери феодалдар; 3) көпестер мен қала
тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен
шаруалардың құқықтары шектеулі болды.
Достарыңызбен бөлісу: