ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер. 1595
жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл
антифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан
ағайынды Абдалхалим мен Дели-Хасан басқарды. Көтерілісшілер
1600 жылы Кайсери маңында сұлтан əскерін талқандады. 1601
жылы көтерілістер сəтсіздікке ұшырады. Қара-Язшы деп аталып
кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді.
Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты
басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға патша етіп қоямын деп
алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610
жылы Əзербайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы көтеріліс
болып, жеңіліспен аяқталды.