344
345
келісімін жасады. Мұндай өзін-өзі билейтін тəуелсіз мемлекеттің
құрыла бастауы түріктерге ұнамады. 1609 жылы Дамасскі пашасы
етіп түрік үкіметі Ахмед Хафизді тағайындады. Фахреддин əскері
жаңа пашаға қарсы тұрды. 1618 жылы ливандықтардың 100 мыңдық
əскері Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықтағы түрік билігін жой-
ды. 5 жылдан соң Дамасск пашасының əскері жеңілді. Фахреддин
мұнан кейін Палестинаны Ливанға қосып алды. Бірақ, 1633 ж.
түріктер ақыры Фахреддинді жеңіп, оның өзін тұтқынға алып,
өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық қалпына келтірілді.
Жоғарыда айтылды: І-Селим /1515—1520/ сұлтанның тұсында,
дəлірек айтсақ — 1517 жылы Египет Осман империясының қол
астына кірді деп. 2—3 жылдан кейін мұнда түріктер билігіне қарсы
бас көтерулер басталды. Ол наразылықтарды басу үшін түрік
сұлтаны Сүлейман Эль-Кануни 1525 жылы өзінің жақын досы
Ибрагим-пашаны Египетке жіберді. Ол келе салып əскер күшімен
қатаң тəртіп орнатты. Египеттіктер үшін «Кануннамэ — мысыр»
деген заңдар жинағы жасалды. Ол заңдар жергілікті феодалдардың
артықшылығын, шаруалардың міндеткерлігін анықтады. Египетті
1—3 жыл аралығында қайта тағайындалып отыратын түрік пашасы
басқаратын болды. Ол пашаның қолшоқпары янычарлар мен мам-
люктерден құрылған ұлан болды.
Каир пашасының ең басты міндеті — Стамбулдағы сұлтанның
қазынасына египет жұртшылығынан түсетін салықты уақтылы
жіберіп отыру болды. Жердің бəрі мемлекеттің меншігі болып табыл-
ды. Мемлекеттікі деген — сұлтандыкі деген ... Сұлтанның египеттегі
өкілі — пашадан жер алып, пайдаланып отырғандар мультазимдер
деп аталды. Мультазимдердің міндеті — қол астындағы феллахтар-
дан салық жинап, пашаға тапсырып отыру болды. Мультазимдер
өздері емес, деревня старосталары арқылы жинады. Салық тек
ақшалай емес, заттай да жиналды. Египет жылына 600 мың пиастр
төлеуі керек болды. Салық уақтылы жиналмаса паша мультазимді
иелігінен айыруға хақылы болды. Мультазимнің иеліктері мұра
ретінде беріле алатын болды.
Түрік үкіметі салық жинауға мұқият көңіл бөле отырып,
шаруашылықты жетілдіруге мəн бермеді. Түрік рыноктарында тек
шет елдік тауарлар ғана сатылды. Осының бəрі Осман империясы-
ның ХVІ ғасырдың аяғында құлдырай бастауына себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: