С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Текрур, Джолоф, Фута-Торо мемлекеттері



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Текрур, Джолоф, Фута-Торо мемлекеттері. Сенегалдың орта 
жəне төменгі ағыстарындағы облыстар мен қазіргі Мавритания-
ның оңтүстік бөлігі ежелден волоф жəне серер халықтарымен 
қоныстанған болатын. Кейінірек мұнда фульбе тайпасы мен соларға 
туыстас тукулерлер пайда болды. VІІІ  ғасырда  осы аумақта өз 
билігін Футо-Торо облыстарына жəне волофтар мен серерлер 
қоныстанған аудандарға таратқан Текрур мемлекеті құрылды. VІІІ 
ғасырдың аяғына дейін Текрурде Саль əулеті билік құрды. Сол кезде 
Текрур аумағында қалалық сауда орталықтары қалыптасты. Ол: 
Атлант мұхитының жағасындағы Авлиль /тұз бен балық рыногы/, 
Сенегал өзені бойындағы Сенеган. Бұл қала Текрур мемлекетінің 
астанасы болды. Бұл қалада мата тоқу ісі дамыды. 
ІХ ғасырдың басында Текрурде үкімет басына фульбалық Дьяго 
əулеті  келді.  Фульбелердің  Текрурдегі  билігі  ХІ  ғасырға  дейін 
созылды. Тукулерлер көтерілісінің нəтижесінде өкімет басына 
Манн  əулеті  келді.  Бұл  əулет  Ислам  дінін  енгізді.  Текрур  өкіметі 
Альморавидтермен  одақ  жасасып,  оларға  əскери  отрядтар  беріп 
отырды. Сөйтіп Мароккандықтардың Ганаға қарсы соғыстарын 
қолдап отырды. 
ХІІІ ғасырда Мали патшасы Сундиата Сосо патшалығын 
талқандаған соң 1250 жылға қарай сосолықтар Текрурге барып 
паналады. Өкіметке қарсы тұрған күштерге сүйене отырып, 


234
235
сосолықтар 1250 жылы Текрур мемлекетіндегі билікті басып алып, 
оны жүз жыл қолында ұстады. 
1350  жылы  Текрурде  Ндьядьян  Ндьяйе  басқарған  волофтар 
көтерілісі болды. Волофтар тəуелсіз Джолофтар мемлекетін құрды. 
Əлсіреген Текрурмен соғыстың нəтижесінде волофтар бүкіл Фута-
Торо облысын өз мемлекетіне қосып алды. Джолоф мемлекеті өзінің 
Сенегалдағы үстемдігін ХVІ ғасырға дейін сақтады. 
1520  жылы  Фута-Торолық  Фульбе  Джолофтың  билігіне  қарсы 
көтеріліс жасады. Олар тəуелсіздігін жеңіп алды. Үкімет басына 
келісімен көтеріліс басшысы Коли Галадио Бамбук патшалығының 
алтынға бай ауданын басып алуға тырысты. Бірақ жеңіліп қалды. 
Сонан кейін ол серерлерді Джолофтарға қарсы көтеріліске шығарды. 
Джолофтар жеңілді. Галадио əулеті футо Тороны 1776 жылға дейін 
биледі. 
Ортағасырлық Текрур, Джолоф, Футо-Торо ерте феодал-дық, 
қауымдық қалдықтардан айырылмаған мемлекеттер болды. 
Қоғамның негізгі ячейкасы үлкен патриархалды отбасы болды. 
Мұндай  отбасылары  аумақтық  қауымдарға  бірікті.  Ал  қауымдар 
натуралды шаруашылық жүргізді. Бұл мемлекеттерде волофтар 
мен серерлер тайпалары егіншілікпен, ал фульбе мен тукурерлер 
тайпалары мал шаруашылығымен айналысып, бір-бірімен азық-
түлік айырбасын жүргізіп отырды. Бұл мемлекеттердегі аумалы-
төкпелі жағдайдың басты себептері əр діндегі отырықшылар мен 
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар арасындағы 
қайшылықтар болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет