§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония
1. Феодалдық Жапониядағы өзгерістер
2. Самурайлардың қалыптасуы
3. Қолөнері мен сауданың дамуы
4. Моңғолдар шабуылынан қорғану
5. Жапон мемлекетінің ыдырауы
6. Қаланың, мəдениеттің дамуы
IX—X ғасырларда жекелеген адамдарға берілген мемлекеттік
жерлердің сол адамдардың жеке меншігіне айналу процесі кең өріс
алды. Ол жерлердегі шаруалар жекелеген феодалдардың басыбайлы
шаруаларына айнала бастады.
Мемлекеттік жерді жеке меншікке иемдену жердің кейбір
түрлерін сатып алуға ресми түрде берілген рұқсаттың арқасында
жеңілдей түсті: иесіз жерді, жаңа өңделетін жерді ақысын төлеп,
жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген болатын. Жапон фео-
далдары бұл жағдайды ірі жер иеліктерін түзіп алуға пайдалана
қойды.
VIII ғасырдан бастап үстем таптың ішінде үш топқа бөлінушілік
байқала бастайды. Бірінші топқа астаналық үлкен қызметтегі фео-
далдар кірсе, екінші топқа — аймақтардағы /провинция/ мемлекеттік
аппаратта үлкен қызмет атқаратын феодалдар кірді. Олар аста-
нада тағайындалатын, бірте-бірте провинцияға сіңіп кететін.
Үшінші топ провинциядан ешқашан шығып көрмеген жергілікті,
төменгі ақсүйектерден шыққан феодалдардан тұрды. Олар жапон
феодалдарының ең төменгі тобын құрады.
Біріншілері сонау VII ғасырда Сұмэраги үйінің жеңісіне үлес
қосқандар болатын. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы Накатоми
əулеті болды. Бұл əулет атам заманнан бері діни басшылықпен бай-
ланысты болатын, сол себепті бүкіл елдің алдында беделі өте жоғары
болатын. Бұл əулеттің басшысы Каматари VII ғасырдың ортасын-
да үкіметтің саясатын жүзеге асырушы белсенді, елдегі ең беделді
адам болды. Фудзивара деп атанған оның ұрпақтары бұл бедел мен
ықпалды сақтап қалып, үкімет билігіндегі ең көрнекті қызметтерді
өз қолдарында ұстады.
118
119
ХІV—ХVІІ ғасырлардағы Жапония
1. 1485—1493 жж. шаруалар көтерілістерінің аудандары;
2. 1428—1580 жж. шаруалар көтерілістері мен феодалдық қырқысулар
ауданы; 3. Токугава үйінің 1600 жылға қарай үстемдік жүргізген
аудандары; 4. 1637 ж. көтеріліс; 5. ХІІІ ғ. 70—80 жылдарындағы Монғол
шапқын-шылығына қарсы тұрғызылған бекіністер.
Астаналық ақсүйектердің материалдық базасы — жер иеленудегі
артықшылықтар болды. Олар рангысы үшін, қызметі үшін жəне
сіңірген еңбегі үшін берілген жерлерден табыс тауып тұрды. Сондай-
ақ олар қазынадан да маусымдық қаржы алып отырды. Бұл əскери
жеңістерді ірі жер иеліктері мен үлкен саяси қызметті алып қалуға
пайдаланып отырған топ болды.
Феодалдардың екінші тобы жергілікті əкімшілікте шоғырланды.
Олар губернаторлар мен олардың орынбасарлары, көмекшілері бол-
ды. Алғаш бұл топ бірінші топпен тығыз байланысты болды, өйткені
жергілікті əкімшілікке де сол астаналық аристократияның өкілдері
тағайындалатын. Жергілікті əкімдердің күшейіп кетпеуі үшін олар-
ды əрбір 3 жыл сайын ауыстырып отырды. Бірте-бірте жергілікті
əкімдер өз орындарында көбірек отырып қала беретін болды. Тіпті
өз қызметтерін əкеден балаға мұра ретінде қалдыра бастады.
Провинцияларды басқару феодалдарға едəуір табыс түсіріп
тұрды. Жерден түсетін табыстың белгілі бір бөлігі жергілікті
əкімдердің қолында қалатын. Орталықтың бақылауы əлсіз болды.
Жол қатынастарының нашарлығы бақылауды жүзеге асыруды онан
сайын қиындата түсті. Мұндай қиындықтар жергілікті əкімдер
жағдайын жақсартты. Олар өз иеліктерін қолынан келгенінше
ұлғайтып алып жатты.
Феодалдардың үшінші тобын патша сарайындағы талас-
тартыстан шет қалып отырған ру басшыларының тұқымдары
құрады. Олар соншалықты байып кетпесе де, өздерінің бұрынғы
жағдайларынан төмен түскен жоқ, бірқалыпты өмір сүріп жатты.
Жер иеліктері сол күйінде сақталып қала берді.
Келе-келе соңғы топ араласып кетті де, феодалдар тобы екі
топтан тұрды. Бірінші тобына сарай маңындағы, орталық өкімет
басындағы феодалдар жатты. Бұл топтан будда дін басылары шығып
отырды. Екінші топқа провинциялардағы билігін нығайтып жатқан
жергілікті феодалдар жатты.
Император үйі іс жүзінде биліктен шеттетілді. 794 ж. астананы
Хэйанға /қазіргі Киото/ көшіру сарайға жақын тұрған Фудзивара
əулетінің жоғарғы үкімет билігін басып алу əрекеті болды. Алдымен
император тек Фудзивара əулетінің қызына үйлену тəртібін енгізді.
Кейін, 858 ж. фудзиваралар регенттік билікті өз қолдарына алды,
ал 887 ж. бастап жоғарғы кампаку (канцлер) лауазымын иеленді.
IX—XI ғасырларда фудзиваралар барлық өкімет билігін қолында
ұстады. Фудзиваралар регенттік билік құрған 858—1068 жылдар
аралығы Жапония тарихында сэссё жылдары деп аталды.
120
121
Феодалдардың барлық топтары өздерінің экономикалық пози-
цияларын нығайтып, онан əрі кеңейтуге, жаңа жерлер басып алуға
тырысты. «Жаңа жерлер» басып алу тиімді болды. Ондай жер-
лер салықтан босатылатын. Тіпті кейбір феодалдар өздерінің ескі
иеліктерін «жаңа жер» деп жаздыруға тырысты. Провинциялық чи-
новниктер «жаңа жер» деп қазынаның жерінен жырымдап жер алып
қалып отырды. Мемлекеттік шаруалардың үлестерін тартып алу
аяқталды. Жеке адамның басына тиісті үлестерді қайта бөлу ұмыт
бола бастады.
Мұндай қайта бөлу əр жылда бір рет жүргізілудің орнына
50—60 жылда жүргізілді. Мемлекеттік шаруалардың жер үлесімен
қамтамасыз етілуін бақылайтын чиновниктердің өздері шаруалар
жерлерін сіңіріп кетіп отырды. Жердің көп бөлігінің жеке меншікке
айналып отыруына байланысты қазынаға түсетін табыс азая берді.
Сонымен қатар, сарай мен орталық үкімет орындарындағы
аристократияның шығындары жылдан-жылға ұлғая түсті. Аста-
налық, сарай маңындағы ақсүйек феодалдардың табыстары олардың
талаптарына сай болмады, яғни жетпеді. Мемлекеттік жерден
түсетін табыс жеке меншік поместьеден түсетін табыстан əлдеқайда
аз болды. Сарай маңындағы ақсүйектер провинциялық феодалдар
сияқты, жаңа жерлерді игеруге тырысты. Бірақ астанадан шығып,
сарай төңірегіндегі өз ықпалынан айырылып қалудан қорыққан
үкімет басындағы феодалдар жаңа жер игеру саласында табысқа
жете алмады.
Жаңа жерлер иемденіп жатқан феодалдар қуаттылығы күн санап
өсе түсті. X—XI ғасырларда олардың иеліктері тек салықтан боса-
тылып қойған жоқ, сондай-ақ жергілікті өкіметтің қол сұғуынан да
қорғалды. Император сарайы мен астаналық аристократияның табы-
стары, керісінше, кеми берді. Олардың табысы тек мемлекеттік ша-
руалар жерінен ғана түсіп отырды. Осының салдарынан шаруаларға
салынатын салық ұлғая берді. Ауыр мемлекеттік салық төлеумен
қатар шаруаларды чиновниктер аяусыз қанады, əсіресе артығымен
қайтарылатын қарыз шаруаларды қатты титықтатты. Губерниялық
жəне уездік қамбаларда орталыққа жіберілген салықтан қалған
егіннен ерекше қор жиналатын. Үкімет ол қордан мұқтаж шаруаларға
қарыз беретін де, кейін артығымен қайырып алатын (30-дан 50 %-ке
дейін өсіммен қайтаратын).
Мемлекеттік жердегі шаруа шаруашылықтары күйзеліске
ұшырады. Жұрдай болған шаруалар жерлерін тастап тауға, тоғайға
лағып кете бастады. Олар отрядтар құрып, тонаушылықпен айна-
лысты, сөйтіп, өкіметті, жергілікті əкімшілікті əбігерге салды. IX—
XI ғасырлардың арасында бірнеше ірі шаруалар көтерілісі болды.
Мысалы, IX ғасырдың екінші жартысында Канто ауданында шаруа-
лар көтеріліске шықты.
Қарулы көтеріліс пен мемлекеттік жерден қашудан басқа ша-
руалар жеке феодалдарға паналауды шығарды. Жеке феодалдарға
кеткен шаруалар мемлекет тарапынан алынатын салықтардан бо-
сатылды. Жаңа қожайынға алғаш тек оброк төлейтін. Ал бара-бара
барщина өтеуге де мəжбүр болатын.
Мемлекеттік үлестен қашқан шаруалар отрядтар құрып, тонау-
шылықпен айналысты. Жергілікті поместье иелері үкімет əскерінен
көмек күтпей-ақ, өз қарулы отрядтарын құрып, қарақшылармен
күрес жүргізді. Олар кейде қарақшылар отрядтарын да жалдап алып
отыратын.
IX—XI ғасырларда құлдар мен қарызын өтей алмаған шаруа-
лар жағдайлары теңестірілді. Басты аралдар Кюсю, Сикоку жəне
Хонсюды келімсектермен толық қоныстандырған соң жергілікті
халықтарды құлға айналдыру аяқталды. Құлдар алу көзі таусылды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен қолөнерінің жоғары
дəрежеде дамуы бұл салаларда мардымсыз құлдар еңбегін пайда-
лануды қажет етпеді. Бұрынғы құлдар енді мемлекеттік жерлердегі,
жеке феодалдар жерлеріндегі жетіспей жатқан шаруалар қолдарын
алмастыра бастады. Құл жер үлесін алып, өзінің шаруашылығын
ұйымдастырды.
Жеке феодалдар иелігіндегі құлдар мен ерікті шаруалар
арасындағы бөліністер /ерекшеліктер/ толық жойылды. Егер
құлға бостандық тимесе, ол басқа феодалға қашып барып, сон-
да бостандық алатын. Олардың мұндай бір қожайыннан екінші
қожайынға қашуын шектеу үшін барлық феодалдар өз құлдарына
бостандық беруге мəжбүр болды. Сондықтан IX ғасырдан бастап
феодалдық Жапонияда негізгі екі тап: жер иелері — феодалдар мен
оларға тəуелді шаруалар таптары болды. Құлдық X ғасырдың ба-
сында ресми түрде жойылды.
Жергілікті феодалдардың нығаюының белгісі — олардың
өз қарулы күштерін құруы болды. Оған мемлекеттік басқару
жүйесінің əлсіреуі де себеп болды. Бұл жүйе шаруалардың əскери
міндеткерлігіне негізделді: шаруалардың белгілі бір проценті əскерге
алынып, провинцияларда гарнизондар құрылатын. Шаруалар əскери
қару-жарақтарын, киім-кешектерін өз есебінен жабдықтайтын.
Тамағын да өз отбасы қамтамасыз ететін. Шаруалар əскерге барудан
122
123
қашқақтайтын. Тіпті əскерге алынбау үшін жерін де тастап кететін
жағдайлар болатын.
Қашқын шаруалар отрядтарға бірігіп, тонаушылықпен де айна-
лысты. Жергілікті поместье иелері үкімет əскерінен көмек күтпей-ақ
өз қарулы отрядтарын құрып, қарақшылармен күрес жүргізді. Олар
кейде қарақшылар отрядтарын да жалдап алып отыратын. Мұндай
жағдайда «келісім» жасалатын. Ол отрядтың қожасына қорғануға
жан-тəнін салатындығын, ал қожайын – отрядтағы жасақшыларды
үй-жаймен, тамақпен қамтамасыз етуге міндеттенетін. Сөйтіп, по-
местьелерде қожайын мен шаруалардан басқа жасақшылар пайда
бола бастады.
XI—XII ғасырларда поместьелердің саны өсіп қана қойған жоқ,
сондай-ақ олар нығая түсті. Ұсақ жер иелерінің жағдайы аумалы-
төкпелі болды. Олар ірі жер иелері мен жергілікті əкімшіліктің
зорлығына қарсы тұра алмайтын. Сонымен қатар қашқын
шаруалардың қарақшы отрядтары да оларды оңай тонап кете беретін.
Осы жағдайларға байланысты ұсақ жер иелері кейде өз еркімен, кей-
де зорлықпен ірі феодалдардың қол астына көше бастады. Мұндай
ұсақ жер иелері ірі жер иесі (барон, герцог, князь) — сюзереннің
вассалына айналды. Сюзерен вассалын өз жасақшыларымен қорғап
отыратын болды.
Жер иелену қатынастарындағы өзгерістер саяси өмірге де
өзгерістер енгізді. XI ғасырдың ортасынан Фудзивара əулетінің
билігі шайқала бастады. Қызмет орындары үшін əулет мүшелері
өзара талас-тартысқа түсті. Екінші жағынан əулет пен император
арасындағы қатынастар шиеленісе түсті: император Фудзивара
əулетінің ықпалынан құтылуға тырысты.
Бұл күресті күшейту үшін императорлар тақтан түсіп, мо-
настырларға кете бастады. Алым-салықтан босатылған мо-
настырлардың жер иеліктері барған сайын ұлғая берді. Бұл
иеліктердегі шаруалар саны да өсті. Монастырлар өз əскери күштерін
құрды. Монастырлардың экономикалық жəне саяси ықпалы күшейе
берді. Монастырларға сүйене отырып, императорлар Фудзивара
əулетін əлсіретті. Бұл күрес 1069 жылдан 1167 жылға дейін созыл-
ды. Ол «Инсэй» — «Экс-император-монахтар басқаруы» деп аталған
кезең болды.
XI—XII ғасырларда феодалдық поместьенің екі түрі пайда
болды. Оның бірі — Жапонияның шығысы мен солтүстігінде,
екіншісі орталық пен оңтүстік-батысында қалыптасты. Біріншісі
— орталықтан қол үзген жəне айну тайпасымен тынымсыз күрес
жағдайында қалыптасты. Мұнда феодалдық поместьелердің жаңа
түрлері тез, қысқа мерзімде пісіп жетілді. Шығыс-солтүстікте
қашқын шаруалардың көп шоғырлануы, ірі жер иеленушілердің
өз жасақтарын құруы, ұсақ жер иелерінің қол астынан пана та-
буы өте тез қарқынмен жəне ашық түрде жүрді. Жасақшылар өз
қожайындарынан жер үлесін алды. Сөйтіп, солтүстік-шығыста жаңа
тап — самурайлардың қол астында ұсақ тоғайлық жер иеліктері
өмірге келді. Самурайлар бір əскер басының үйінің төңірегіне
топтасатын. XII ғасырға қарай солтүстік-шығыстағы мұндай үй
Минамото үйі болды.
Бұл солтүстік-шығыстағы жер иеленушіліктің жаңа түріне қарсы
Жапонияның оңтүстік-батысында поместьенің ескі түрі көпке дейін
сақталды. Мұнда ұсақ үлестерге бөлінбеген ірі жер иеліктері сол
күйінде қалды. Ірі жер иелері тек өз жерлерін ішкі Жапон теңізіндегі,
Кюсю мен Сикоку жағалауларындағы теңіз қарақшыларынан
қорғауға жарайтын шағын жасақшылар отрядын ұстады. Бұл жақта
жасақшыларға жер үлесін тарату солтүстікке қарағанда аз орын
алды.
Оңтүстік-Батыс Жапонияда, əсіресе Тайра үйі зор ықпалға ие
болды. Ол 1156 жылы үкімет билігін басып алып, оны 1185 жылға
дейін қолында ұстады. Император атынан қимылдай отырып, олар
өз қарсыластары — солтүстік-шығыс аудандарының феодалдары-
мен күрес жүргізді. Солтүстік-шығыс феодалдары мен оңтүстік-
батыс феодалдарының күресі ықпалды екі үйдің — Тайра мен
Минамото үйлерінің күресіне ұласты. Бұл күресте əскери күшке
ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Минамото үйі
жеңіске жетті. 1185 жылы Данноур /қазіргі Симоносэки/ маңында
тайралықтар жеңілді.
Минамото үйі бұл соғыстың нəтижесін өз мүддесіне пайдалан-
ды. 1192 жылы əскер қолбасшысы Еоритомо «Сёгун» деген атақпен
мемлекеттің жоғарғы басшысы деп жарияланды. Сёгун — «сейи
тайсёгун» деген сөздің қысқартылған түрі. Ол сөзбе-сөз варварлар-
ды бағындырушы ұлы қолбасшы дегенді білдіреді. Бұл атақ алғаш
794—811 жылдары Хэйаннан (қазіргі Киото) Хонсю аралының
солтүстік-шығысындағы эбису халқын бағындыру үшін жіберілген
əскер басшысына берілді. Іс жүзіндегі өкімет билігінің император-
дан Минамото əулетіне көшуінен кейін сёгун деген атақ осы əулеттің
басшысы Ёоритомоға берілді.
Сёгунат — феодалдар диктатурасының саяси түрі болды. Оның
үкіметі бакуфу деп аталды. Елдің саяси орталығы Хонсю аралының
124
125
шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. Тайраларды жеңген
соң Минамото үйінен шыққан жаңа басшыларға қарсы император
мен Фудзивара үйі бастаған астаналық ақсүйектер күрес жүргізді.
Бұл күресте Минамото үйі шаруалар қозғалысын өз мүддесіне сай
пайдаланып қалды. 1185—1192 жылдары император мен астаналық
/хэйандық/ ақ-сүйектер іс жүзінде биліктен айрылды. Бірақ импера-
тор атағы сақталып қалды. Астаналық ақсүйектердің 1221 жылғы
əскери бүлік арқылы билікке қайта оралу əрекеті жеңіліс тапты.
Жапонияда көп уақытқа дейін Минамото əулетінен шыққан сегун-
дар билігі орнады.
Ёоримото императорды тақтан қуған жоқ. Оны Киотода
қалдырып, əскери гарнизонға күзеттіріп қойды. Астана Хонсю
аралының шығысындағы Камакура деген ауылға көшірілді.
Сондықтан да Минамото мен Ходзё əулеттері (Ходзё Минамото
Ёоритомоның қайын атасы болатын) билік құрған 1192—1333 жыл-
дар аралығы Камакуралық сёгунат деп те аталады. Минамото
жасақшылары жеңілген қарсыластарының біраз жерін тартып алып,
өзара бөліске салды. Əскери комиссарлар өз үлестерін басқалардың
есебінен ұлғайта түсті. Кейін олардың көбі ірі феодалдарға — дай-
мелерге айналды.
XIII ғасырдың ортасына қарай жер иеліктерінің көп бөлігі
Минамото жасақшылары мен Ходзе фамилиясына қарады. Бұлар
сегунның вассалы деп есептелді. Билік негізінен осылардың қолында
болды. Сөйтіп, ұсақ жер иелері — самурайлар тобы қалыптасты.
Олар жерді өздерінің сюзерендерінен алған “сыйлық грамоталары”
негізінде иеленді.
Сонымен қатар, ұлан-ғайыр монастырлар жерлері, император
сарайының жері, император резиденциясы болып қала берген Киото
қаласы ақсүйектерінің жерлері сол күйінде қала берді.
Үстемдік етуші феодалдар табы — əскери-поместьелік дворяндар
/”буси”, “самурай”/ елдің негізгі жер қорын қолында ұстап, өзінің
мемлекеттік аппаратын құрды.
Дворяндардың ең сыйлы тобын гокэниндер құрды. Бұл
самурайлардың жоғарғы сюзерен — сегунге вассал болып келетін
тобы. Бұл Минамото үйінің билікті жеңіп алуына атсалысқан
самурайлардың ұрпақтары болатын. Екінші топты сегунның
тікелей вассалы емес самурайлар құрады. Бұл астаналық ақ-
сүйектердің, монастырлардың, император сарайының иеліктеріндегі
жасақшылардың ұрпақтары болды. Мемлекеттің басында сегун
тұрды. Ол əскери өкімет “бакуфудың” басшысы жəне самурайлардың
қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото Еоритомо өлген соң үкімет
билігі оның қайын атасы Ходзё Токимасаның қолына көшті. 1219
ж. экс-император Готаб басқарған сарай төңкерістері болып, ол
1221 жылға дейін созылды. Бұл жылдар жапон тарихында “Сёкю”,
яғни төңкеріс жылдары деп аталды. Экс-император жеңіліп, билікті
қайтарып ала алмады.
1232 ж. 51 баптан тұратын заңдар жинағы қабылданды. Ол жинақ
“Дзёэи сикимоку” деп аталды. Ол заңдар самурайлар тобының сот
істерін шешуге арналды. 1252 ж. Ходзё өз қарсыластарын əлсірету
мақсатымен Фудзиваралар үйін бес тармаққа бөлу, оларға регенттік-
канцлерлік атақты кезек-кезек беріп отыру туралы жарлық
шығарды.
Əскери-феодалдық сословие негізінен шаруалардан тұратын
бонгэнің /халық/ үстінен өз билігін орнатты. Бонгэ самурайлар
жерінде тұрып, ол жерді өңдеді, өз қожайындарына салық төледі,
барщина өтеді. Шаруалардың бір тобы бұл салықтармен қатар, өз
қожайындарының қасында жүріп, көмекші қызметін атқарды.
Натуралды рентаның мөлшері түсімнің /өнімнің/ 40-тан 60-қа
дейінгі проценті болды. XIII ғасырға қарай егіншілікте айтарлықтай
даму байқалды. Жеке аудандар белгілі бір түрге мамандана баста-
ды. Оңтүстік аудандарда жылына 2 рет өнім алатын болды. Бір ау-
данда жібек өсірсе, бір ауданда кендір, бір ауданда арпа, бидай т.б.
өсірілді.
Қолөнершілік жəне сауда-өсімқорлық ұйымдар. Құқысыз
халықтың құрамына шаруалармен қатар, қолөнершілер мен сау-
дагерлер, өсімқорлар да кірді. Бірте-бірте қолөнершілер “ дза” деп
аталған бірлестіктер құрды. Олар XII ғасырдың басында Хэйан /
Киото/ жəне Нара сияқты ірі қалаларда құрылды. Дзалар алды-
мен император сарайына қызмет етті, сонан кейін киотолық сарай
ақсүйектері мен бай монастырлар үшін еңбек етті. Ол кезде дзалар
əрі цех, əрі гильдия қызметін атқарды.
Өзара қырқысулар тоқтап, Минамото сегунаты орнаған соң XIII
ғасырда дзалар бүкіл елде, Камакура, Осака қалаларында, барлық
провинцияларда кең тарай бастады. Кейін, XIII ғасырдың аяғында
даймелердің қамқорлығымен ірі феодалдық иеліктер де құрылды.
Дегенмен, XII—XIV ғасырларда ең күшті жəне ең бай дзалар мо-
настырлар мен киотолық сарай ақсүйектерінің қамқорлығындағы
дзалар болды. Дзалар өз қамқоршыларынан бұйым түрлерін
шығаруға, оны сатуға құқ алып отырды. Қамқоршыларына дзалар
өз бұйымдарынаң бір бөлігін салық ретінде төлеп отырды.
126
127
Астанада, провинцияларда тұрақты базарлар ашылды. Олардағы
сауда мейрамдар кезінде қызу өткізіліп отырды. Алғаш сауда апта-
сына 1—2 рет өткізілсе, бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті.
Саудагерлер гильдиясы накама деп аталды.
Азық-түлік дайындап, сататындардың да бірлестіктері құрылды.
Олар феодалдар иеліктері мен монастырларда, Киото сарайында
пайда болды. Олар балық, құс, мал етін сатып отырды. Сондай-ақ
бірден көп мөлшерде сататын “тоя” деген саудагерлер шықты. Олар
салықтан түскен азық-түлікті ірі тұтыну орталықтарына жеткізіп,
алыпсатарларға өткізіп отырды.
Бұл кезге /XIII ғ./ қарай өсімқорлық капиталы едəуір дамыды. Ол
самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол
шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында сауда өсімқорлық
капиталының жағдайы одан сайын нығая түсті.
Моңғол шапқаншылығына қарсы қорғаныс. Өзара қыр-
қысудың басталуы. 1260—1285 жылдардағы моңғолдардың та-
рапынан төнген қауіп Жапонияны барлық күш-жігерін, назарын
қорғанысты ұйымдастыруға бөлуге мəжбүр етті. Кюсю мен Хонсю
аралдарының жағаларында ірі бекіністер салынды, самурайлар топ-
тары жинақталды.
Қытайды бағындыруды аяқтауға кірісіп жатқан Шыңғыс ханның
немересі Құбылай Жапонияны да бағындыруға əрекет жасады.
Құбылай 1266—1273 жж. Жапаонияға елші жіберіп, оның қарсылық
көрсетпей-ақ бағынуын талап етті. Жапония сиккэні (өкімет басшы-
сы) Ходзё Токимунэ (1251—1284) Құбылайдың талабын орындаудан
бас тартты, тіпті моңғол елшілерін өлтірткізді.
1274 ж. қараша айында Құбылай Жапонияға шабуыл бастады. Ол
15 мыңдық моңғол-қытай əскерімен қоса 8 мың нашар қаруланған
кəріс əскерін аттандырды. Бұл əскер Цусима мен Ики аралдарын ба-
сып алды. Бірақ жапон əскері мен халқының ерлікпен шайқасуының
нəтижесінде моңғолдар жағы 13,5 мың адамынан айырылып,
қалғаны Кореяға қайтты.
1275 ж. Ходзё Токимунэ Жапонияның Ұлы ханға тəуелділігін мой-
ындауын талап етіп келген Құбылайдың елшілерін өлтіруге бұйрық
берді. 1279 ж. Қытайды толық бағындырып, Құбылай Жапонияға
қарсы 1000 кемеден, 100000 əскерден тұратын екі флот жіберді. Бір
флот Кореядан, екінші флот Оңтүстік Қытайдан шықты.
Екі флот Кюсю аралының жағасында кездесуі тиіс болатын. Бірақ
оңтүстік Қытайдан шыққан флот белгіленген мерзімде жете алмай,
кешігіп калды. Ол келгенше жапондықтар əлсіздеу Шығыс флотты
талқандап үлгерді. Басты күш келіп жеткенде Жапонияны басып
өткен жойқын дауыл моңғол флотының көп бөлігін суға батырып,
қалғанын бытыратып жіберді. Оның қалған-құтқаны ғана Қытайға
қайтып оралды. Енді үшінші жорыққа қауырт дайындық басталды.
Бірақ моңғол феодалдарының өздерінің арасындағы айтыс-тарты-
стар мен Үнді-Қытайдағы сəтсіздіктер Құбылайдың Жапонияға жаңа
жорықтан бас тартуына себеп болды. Сөйтіп, моңғолдардың теңізде
соғыс жүргізе алмауы ғана жапондықтарды құтқарып қалды. Бірақ
1281 жылғы жорықтан кейін де моңғол шапқын-шылығы тоқтаған
жоқ.
Моңғол шапқыншылығына қарсы қорғаныс ұйымдастыру
шаруалардың тұрмыс жағдайын төмендетіп жіберді. Самурайлардың
да жағдайы нашарлады. Моңғолдардан қорғануды ұйымдастыру ба-
рысында барлық қаражат пен қару-жарақтың, əскердің оңтүстікте
шоғырлануы сондағы феодалдардың /даймелердің/ күшеюіне əсер
етті. Оңтүстікте ірі порттар пайда болды. Күшейіп алған оңтүстік
феодалдары Ходзё үйінің жеке билігіне қарсы шыға бастады.
1333 ж. Оңтүстік-батыс даймелері Канто ауданының ірі жер
иесі Асикагамен бірлесіп, Ходзё үйіне қарсы күрес бастады. Олар
Камакураны басып алып, өртеді.1334ж. қаңтарда билік осы дайме-
лер қолдаған император Годайгоға көшті. Бірақ көп ұзамай оңтүстік-
батыс даймелерінен бөлінген Асикага үйі императорға қарсы шықты.
Бұл үйдің басшысы Такаудзи 1336 ж. ақпанда Киотоны басып алып,
император Годайго Ямато провинциясына қашқан соң, таққа өз ада-
мын отырғызды. Такаудзидің өзі сегун атағын иемденді /1335 ж./
Сөйтіп, 1335 жылдан бастап Жапонияның екі астанасы, екі импера-
торы болды. Бұл қос өкімет билігі 1392 жылға дейін созылды. Бұл
жылы елдегі барлық билікті Асикага үйінен шыққан жаңа сёгун-
дер басып алды. Бұл əулет билік құрған 1336—1568 жж. Муромати
сёгунаты деп те аталады — Такаудзи Асикага 1336 жылы 11 ақпан
күнін мемлекеттің құрылған күні деп жариялады. Содан бері ол күн
Кигэнсэцу мейрамы деп тойланып келеді.
XV—XVI ғасырларда Жапония қалалары, қолөнері мен саудасы
дамып, жетіле түсті. Елдің экономикасындағы сауда — өсімқорлық
капиталының салмағы ұлғая түсті. Сауда саласында əсіресе тоя-
лар күшейе түсті. Олар барлық күріш өнімдерін сатып алып, жүк
тасымалдарын ұйымдастырды, жол бойында мейманханалар сал-
ды. Оларға Киотодағы үкімет басында отырған Асикага əулетінің
сёгундері жəне жергілікті феодалдар өз иеліктерінен салық жинау-
ды тапсырды. Тоялар өсімқорлық əрекеттерін дамытып, шаруаларды
128
129
қарыздан-қарызға ұшыратып отырды. Тоялар арасынан күріштен
арақ жасап сатушы іскерлер шыға бастады. Бұл іскерлер сонымен
қатар феодалдар үшін алым-салық жинауды да жалғастыра берді.
Асикага үкіметі шырмауына тек шаруаларды ғана емес,
сондай-ақ үстем тап өкілдерін де түсірген өсімқорлармен күрес
жүргізді. Сёгундер бірнеше рет феодалдар мен самурайлардың бұл
өсімқорларға барлық қарыздарын жою əрекетін жасады. Тек Есимас
сегунның билігі кезінде бір айдың ішінде тоғыз рет осындай əрекет
жасалған көрінеді. Бірақ сауда — өсімқорлық капиталының маңызы
күннен-күнге арта түсті.
XIV—XV ғасырларда Жапонияда үлкен рөл атқарған сыртқы
сауда айтарлықтай дамыды. Олардың кемелері Қытай мен Корея,
Вьетнам, Сиам мен Камбоджа жағалауларын аралап жүрді. Олар
көбінесе тонаушылықпен айналысып, кейде сауда да жасайтын.
XV ғасырда Қытай үкіметі бұл қарақшылармен нағыз соғыс та
жүргізді.
Жапония үкіметінің, феодалдарының атынан Қытаймен жүр-
гізілген ресми сауда ерекше орын алды. Ол сауда Жапон үкіметінің
Қытай сарайына жіберіп отыратын елшілігі арқылы жасалатын.
Бұл елшілікпен бірге тауарлармен лық толтырылған 10—15 кеме
жіберілетін. Сегун бұл сауданы реттеуді будда монастырларына тап-
сырып отырды. Оларға Қытаймен сауда жасау лицензиясын сатып
тұрды. Кейін мұндай лицензияны кейбір феодалдар да сатып алды.
Бірақ сауданы негізінен көпестер жүргізді. Олар монастырларға, се-
гунге, феодалдарға тапқан табысының біраз процентін /бөлшегін/
беріп отырды.
Жапония Қытайға көбінесе онда жоғары бағаланатын қылыштар
сататын. Сонан кейін мыс, күкірт, алтын, күміс, желдеткіш апара-
тын. Ал Қытайдан негізінен мақта, жібек, мыс монеталар əкелінді.
Сауда едəуір табыс көзі болды. Жапония желпуіштері Қытайда 10
есе артық бағамен сатылатын. Мыс пен алтын үшін қытайлықтар
5 есе артық төледі. Ал Қытай мақтасы Жапонияда 2—3 есе қымбат
сатылды. Қытай жібегінің сапасы жапон жібегінің сапасынан
əлдеқайда жоғары болды, ол Жапонияда қымбат сатылатын.
Саудаға сегунмен қатар барлық оңтүстік феодалдары араласуға
тырысты. Сауда егіншіліктен гөрі жеңіл табыс келтіретін. Сол
себепті қолөнері қолдаушылыққа ие болып отырды. Қолөнершілерге
жеңілдіктер жасалатын, көпестер де құрметке ие болып отыратын.
Сауда, қолөнері басым қалалар тез дамыды. Жапонияның батысында
Химедзи сарайы. 1610
мұндай қалалар тізбегі жеткілікті болды: Кюсюдегі Хаката, Хонсюдің
оңтүстігіндегі Ямагути, ішкі теңіз бен Хонсю аралығындағы Хего
мен Сакай... Қалалармен бірге сауда-өсімқорлықпен, қолөнерімен
айналысатын топтардың экономикалық қуаты өсе түсті. Сакай мен
Хаката сияқты біраз қалалар өз дербестігін алды, өз жалдамалы от-
рядтарын ұстады. Соның арқасында феодалдық өзара қақтығыстар
зардабынан құтылды.
Қытаймен сауданың дамуы Жапонияның өнеркəсібіне пайда
келтірді. Феодалдар қазба байлықтарын игеруге қолдаушылық
көрсетіп отырды. Садо аралы мен Кюсюде алтын жəне күміс, Суруга
провинциясында — алтын, Кай, Синано провинцияларында алтын
мен мыс кеніштері ашылды. Бұл кейбір феодалдарды онан сайын
күшейте түсті.
Шаруалар көтерілістері. Жапониядағы басыбайлы шаруалар
гэниндер деп аталды. Шаруаларды қанау бұл кезде бұрынғыдан
да күшейе түсті. Кейде феодалдар əртүрлі жағдайларды сыл-
тау етіп, жаңа салықтар енгізіп отырды. Өзара қырқысулар
феодалдардың шаруаларды қанауын күшейте түсуіне себеп болды.
130
131
Феодалдардың əскерлері шаруалар жерлерін таптап кетіп отырды.
Бұл қиыншылықтарға өсімқорлар қанауы қосылып отырды. Шаруа
шаруашылығы зор күйзеліске ұшырап отырды. Деревняларда ба-
лаларды өлтіру орын алды. Балалар мен əйелдерді сату, қыздарды
жезөкшелер үйіне, балаларды монастырларға өткізу кең өріс алды.
Мұның бəрі шаруалар наразылығын күшейтті. XV—XVI
ғасырларда шаруалар көтерілісі жиі болып тұрды. Олар кейде үлкен
соғысқа да айналып отырды. Көтерілісшілер негізінен қарыздарды
жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы күш қолданды. 1428 жылғы
Киото мен Нарадағы көтерілістер талабы сондай болды. Кейде
көтерілісшілер тікелей феодалдарға да қарсы шығып отырды. 1428
жылғы Харима, Исэ, Тамба, Игадағы көтерілістер «самурайлар жой-
ылсын» ұранымен өтті.
Шаруалар қозғалысына кедей қала қолөнершілері де қо-
сылып отырды. Тіпті көтерілісті кейде кедейленген самурайлар
ұйымдастырды. Мысалы, 1441 жылғы көтерілісті қаңғыбас самурай-
лар — рониндер ұйымдастырды. Көтерілісшілер храмдарға басып
кіріп, сонда бекінді. Жолдарды жауып, Киотоға азық-түлік əкелуге
мүмкіндік бермеді. Көтерілісшілер кейде өздеріне қарсы жіберілген
отрядтарды да талқандап, жеңіске жететін. Мысалы, Ямасиродағы
/Киото маңында/ көтеріліс жеңіске жетіп, көтерілісшілер 7 жылға
жуық өз биліктерін орнатты. Олар өз əскерін құрып, өзара соғысатын
феодалдарды қуып шықты. Халық жиналысы провинцияларды өз
заңдарына сүйене отырып басқарды: салық мөлшерін анықтады,
монастырларға салықты ұлғайтты. Халық жиналысы 36 адамнан
тұратын басқарма сайлады.
XVI ғасырда шаруалар қозғалысы бəсеңдеді. Ол қала кедейлерінің
көтерілістеріне ұласып, немесе діни қозғалысқа айналып кетіп
отырды. XV ғасырдың аяғында, XVI ғасырда діни секталардың
басшылығымен бірнеше діни қозғалыстар болды. Олар елдің едəуір
бөлігін қамтыды. 1532 ж. Киотода кедейленген самурайлар көтерілісі
болды. Оның негізгі күші — қала кедейлері еді.
Шаруалар мен қала кедейлерінің көтерілістері феодалдық
қатынастарды əлсіретті, феодалдық құрылыстың ыдырай бас-
тауының басты себептерінің бірі болды. XVI ғасырдың ортасына
қарай Жапония іс жүзінде дербес князьдықтарға бөлінді. Олардың
басшыларын еуропалықтар корольдер деп атады. Киотодағы се-
гун үкіметі елдегі маңызын жоғалтты. Феодалдардың өзара
қырқысулары тоқтамады. Елде шаруалар қозғалысы күшейді. Осы
жағдайлар ел басшыларының бірігуге ұмтылысын тудырды.
Мəдениет. IX ғасырда Жапонияда өз жазуы қалыптасты. Ұлттық
жазудың қалыптасуы көркем əдебиеттің, əсіресе лирикалық поэзия
мен прозаның дамуына кең жол ашты. 925 ж. IX—X ғасырлардағы
ақын жазушылардың таңдаулы шығармаларының жинағы –
«Кокинсю» жарық көрді. Өлеңнің ішінде 31 буыннан тұратын «тан-
ка» деп аталған түрі кең тарады.
X—XII ғасырдың аяғында Жапон поэзиясында екі ағым
байқалды:
— өлеңдер жинақтарын құрастыру;
— поэзия түрін бекіту. 951 ж. сарайда «Вакадокоро» деген жа-
пон поэзиясының ведомствосы құрылды. Оның мақсаты жоғарыда
аталған бағыттарды қолдап, жүзеге асыру болды.
X—XI ғасырларда Вакадокороның басшылығымен көптеген
өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың бірі «Гэндзи моногатари»
(«Гэндзи туралы повесть») болды. Бұл X—XI ғасырлардағы жапон
классикалық əдебиетінің жоғарғы шыңы еді. Оның авторы Мурасаки
Сикибу (978—1016) деген император сарайының фрейлинасы бола-
тын. X—XI ғасырлар аралығында дзуйхицу (эссе) жанрындағы ең
алғашқы шығарма «Макура но соси» («Жастық астындағы жазба-
лар») жазылды. Оның авторы да Сэй Сёнагон (966— ?) деген əйел
болатын.
XII—XIV ғасырларда өзара қақтығыстар мен саяси биліктің əс-
кери күштер қолына көшуі кезінде мəдениеттің жаңа салалары өмір-
ге келді. Əсіресе рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық əңгімелер
кең тарады. Мұндай əңгімелерден үлкен жинақ құрастырылды.
Сондай жинақтың бірі «Хэйке — Моногатари» /Тайра туралы по-
весть/. Онда Тайраның Жапонияны гүлдендіру үшін күресі баян-
далады. XIV ғасырда кезбе жыраулар айтатын «Сеген», «По» деген
сахналық өнер түрлері қалыптасты. Пьесаларды будда шіркеуі дінді
насихаттау үшін шебер пайдаланып отырды. Сонымен бірге пьеса-
ларда батырлық пен адалдық кеңінен насихатталды.
Сондай-ақ сəулет өнері де кең қанат жайды. Ою-өрнектермен
безендірілген, бірнеше қабатты пагода — храмдар, даймелердің
үйлері мен князьдер сарайлары салынды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Японии. В 2-х
т.— М., ИВ РАН, 1999.
2. Мендрик В. М. История Сёгуната в Японии (Нихон гайси).—
М.: СПб, 1999. В 2-х
т.
3. Хироаки Сато. Самураи. История и легенды.— Евразия, 1999.
132
133
Достарыңызбен бөлісу: |