§ 9. Араб халифатындағы феодалдық
қатынастардың қалыптасуы
1. Мұсылмандыққа дейінгі Аравия.
2. Ислам дінінің қалыптасуы.
3. Арабтардың тақуа халифтар кезіндегі жаулап
алушылықтары.
4. Омейядтар мен аббастар халифаттары.
5. Халифаттың ыдырауы.
6. Арабтар мəдениеті.
Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км
2
. Ол шөл дала,
құмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда
арабтар 1) көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға жəне
2) отырықшы диқандарға бөлінетін, оның ішінде араб қоғамының
басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер
деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін. Шонжар
бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары
болды. Əр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті еді.
Олар көбінесе кесіртке мен жабайы құрманы қорек етті. Тайпалар
руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына
қарайласуы керек болды. «Қанға-қан» деген кек алу дəстүрі болды.
Тайпа басшысы шейх, ру басшысы — саидтар өз қалауы бойынша
басқарды (барлық мəселені өзі шешетін).
Қолөнері, егіншілгі Аравияның оңтүстік-батысында — Иеменде
жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында
делдалдық рөл атқаруы əсер етті. Ол Египет пен Палестинаның,
Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде
делдалдық рөл атқарды.
Үндістаннан теңіз арқылы əкелінген тауарлар Иеменде түсіріліп,
түйелерге артылып, Палестина, Сирия арқылы Батыс Еуропа
елдеріне дейін жетіп жататын.
Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға
баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы — Мекке орналасты.
Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер
жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тəріздес
Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті «қара тас» тұрды, ал ай-
наласында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері қойылған
болатын. Əр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар ара-
сында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға,
айтыстартысқа, ұрыс-керістерге қатаң тыйым салынды.
V—VІ ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыс-
пен қатар, құлдық қоғам да орын алды. Бірақ құл иеленушілік
қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық құрылыс негізінде
феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.
VІІ—ІХ ғғ. араб халифаты
Арабтарға карсы ірі көтерілістер аудандары: 1. Берберлер көтерілісі
(VIІ ғ. аяғы — VІІІ ғ. басы); 2. Муканна көтерілісі (776—783 жж.);
3. Бабек көтерілісі (816—837 жж.); 4. Зинджалар көтерілісі (869—883).
Араб халифатының шекарасы (шамамен): 5. мемлекеттің 632 ж.
шекарасы; 6. халифаттың 661 ж. шекарасы; 7. омейядтар халифтары
жаулап алған жерлер; 8. аббасид халифтары кезінде жаулап алынған
жерлер; 9. жаулап алушылық жорықтарының негізгі бағыттары;
10. астаналар.
84
85
Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес
Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда
арабтардың Гассанид патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға
қарай Месопотамия мен Сирия шекарасында Лахмидтер əулеті
басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ ғасырдың басына дейін
сасанидтік Иранға вассалдық тəуелділікте болды.
Біздің заманымызға дейінгі І ғасырда арабтар Египетке де қоныс
аударды. Мысалы, Копт қаласындағы тұрғындардың жар-тысына
жуығы арабтар болды. Бұл жағдай кейін араб жаулап алушылығын
жеңілдетті.
Шонжар арабтар көршілес бай елдерді — Сирияны, Египетті,
Иранды жаулап алуды аңсады. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал
басып алуға болатын еді. Бұл елдердің байлығына қызықтырып, өз
кедей-кепшіктерін жорыққа əкетуге тырысты. Соғысты ойдағыдай
жүргізу үшін бүкіл араб тайпаларын біріктіру керек болды.
Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені VІІ ғасырдың
басында Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын
жолды Иран басып алды, ал Аравияның солтүстігінде Византия
үстемдік етті. Сауда барған сайын нашарлай берді. Көпес керуендері
Қызыл теңіз жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай
көпестер бұрынғы сауда жолдарын қалпына келтіру жəне жаңа
жолдар басып алу үшін араб халықтарын біріктіріп, жорыққа
аттандыруға мүдделі болды.
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу
үшін шонжарлар жаңа дінді — ислам дінін пайдаланды. Ол дінннің
негізін Мұхаммед пайғамбар қалады.
Мұхаммед пайғамбар 570 (571) — 632 жылдары өмір сүрген. Ол
Меккеде үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында
өмірге келген. Əкесінің аты — Абдулла, анасының аты — Əмина.
Ана құрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда əкесі дүние са-
лады. Мұхаммед пайғамбар туғанда күн шықпай тұрып-ақ оның
жүзіне рисалат нұры құйылған (жамандықтан айырылтушы сəуле)
делінеді.
Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды.
Содан соң өз үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Əмина
дүние салды. Енді оны атасы Абдулмүтəлип қолына алды. Бірақ
анасы қайтыс болғаннан кейінгі екі жылдан соң, сегіз жасқа келген-
де атасы да дүниеден өтті. Бұл жолы ол немере ағасы Əбутəліптің
жанында қалды.
Жиырма бес жасында Хұбайлид қызы Хадиша-Кубраға (Аллаға
сыйынушылар анасы) үйленеді. Хадиша анамыз Мұхаммедтен 15
жас үлкен болған. Мұхаммед пайғамбар Хадишамен жиырма бес
жыл өмір сүрген. Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға құранды —
мұсылмандардың қасиетті кітабын — ол қырық жасқа келгенде
жібере бастады делінеді.
Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала атынан Кəрімнің уағыздарын
біртіндеп төбе періштелерінің бірі Жəбірейіл Ғалайһи уəссəлам əкеліп
тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі. Құранда
114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік жəне мединелік болып екіге бөлінеді.
Меккелік сүрелердің саны — 90, ал мединелік сүрелердің саны — 24.
Сүрелер аяттардан тұрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны əрқай-
сысында əр түрлі. Мысалы, «Фатиха» деп аталатын бастаушы сүреде
жеті аят болса, ең ұзақ екінші сүре «Бахарада» 286 аят бар.
«Мұхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде Алла тағаланың сөзі
қағаз бетіне түспей, ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін
мұсылмандарды «қари» деп атаған. Алайда, Мұхаммед пайғамбар
қайтыс болғаннан кейін қасиетті сөздердің жоғалып кету каупі төнеді.
Сондықтан Əбу Бəкір халиф Мұхаммед пайғамбардың хатшысы
болған Зəид ибн Сəбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп
құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зəид ибн Сəбит
көмекшілерімен бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады.
Осман Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап,
Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға əмір етеді»
1
.
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы
Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мəжбүр болды. Осы жыл — 622
жыл — мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл «хиж-
ра», яғни «көшу» жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина
— «пайғамбар қаласы» деп аталады.
Айша — Мұхаммед пайғамбардың сүйікті əйелі. Оған тоғыз
жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды:
Зейнеп, Рұқия (Ұрқия), Үмму Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушы-
лар сүйіктісі). Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед
пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталады. Ислам деген
сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар
мүсілімдер, мұсылмандар деп аталады.
Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға,
өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырды. 630- жыл шамасын-
да араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдады, Мұхаммед
өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл
мұсылмандардың «қасиетті» қаласына айналды. Мұхаммед мем-
1
Дұға. Құрастырған Қ.Ламашəріпов. Алматы. 1991, 7-бет.
86
87
лекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед
өлгеннен (632) кейін көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өзде-
ріне бағындырып алды. Араб мемлекетін «халифтар» («пайғамбардың
орынбасары») басқарды. Арабтар Византия мен Иранға шабуыл
жасады. Ол елдердің көптеген қалалары жаулаушыларға ұрыссыз
бе-рілді. Арабтар 636 жылы Ярмуктегі шайқастан кейін Византия-
ның аса бай провинциялары — Сирия мен Египетті — басып
алып, 637—651 жылдары Иранды жаулап алды. Араб əскерлері
Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны
ала алмады.
Мұхаммедтің үшінші мирасқоры халиф Осман (644—656) өте
кəрі шал еді. Ол Мекке ақсүйектерінің өкілі болатын. Оны Сирия
арабтары да қолдайтын. Сирияның əкімі — Муавия əмір оның жақын
туысы болатын. Мединеліктер жек көретін кəрі халиф Османды
қастандық жасаушылар (656) өлтірді. Оның орнына Мұхаммедтің
күйеу баласы Əлі халиф болды (Фатиманың күйеуі). 661 жылы ол
да қастандықшылар қолынан қаза тапты. Енді Муавия өзін халиф
деп жариялады. Бірақ ол халифатты Меккеге де, Мединеге де бар-
май, Дамаскіден басқара берді. Сөйтіп, араб халифатының жаңа
тарихи кезеңі басталды. Арабтардың саяси өмірінің орталығы араб
қалаларынан Сирия қалаларына ауысты.
Дамаск халифаты 661 жылдан 750 жылға дейін өмір сүрді. Бұл
тоқсан жылдық билік Омеядтар халифаты деп аталды. Бұл кез-
де халифаттың иелігі орасан зор ұлғайды. VІІІ ғасырдың басына
қарай бүкіл Солтүстік Африка жаулап алынды. 711 жылы арабтар
Гибралтар бұғазы арқылы вестготтардың əлсіреп қалған мемлекеті
орналасқан Пириней түбегіне өтті.
Олар бірнеше жылдың ішінде Испанияны түгелдей дерлік жау-
лап алды. Оның тек солтүстік таулы бөлігінің тұрғындары ғана
бағынбай, күресе берді. Одан соң арабтың атты əскері Пириней тау-
ларын басып өтіп, франктер корольдігіне бас салды. Бірақ Пуатье
түбінде болған 732 жылғы жойқын соғыста франктер арабтарды
жеңіп, оларды оңтүстікке ығыстырып тастады.
750—754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға
дейін билік құрған аббаситтер əулетінің негізін қалады. Жаңа
халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан ба-
стап халиф Мансұр (754—775) тұрғызды.
Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне
жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер:
Мансұр (754—755), Харун-ар-Рашид (786—809), Аль-Мамун (813—
833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың
кұлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер əуелде халифтың
меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды.
Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер
алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чи-
новниктер мен əскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін
шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде
егіншілікпен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді.
«Сусыз жер — өлі жер»,— дейді араб мақалы. Үлкен суландыру
құрылыстары салынды.
Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды: олар кен
қазу жұмыстарында істеді, батпақтарды құрғатты, каналдар сал-
ды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын
жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі
құлдар емес, тəуелді шаруалар еді. Халиф өз əскер басыларымен
ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отыр-
ды. ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін
болса, Омар халиф (634—644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер
бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бұқара халық ұшыр
(құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан
басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар
жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл са-
лықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің
үштен бірін құрайтын. Зекет — шариғатқа негізделген, мешіт үшін
салынатын мал салығы.
Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат
етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға
тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың
бəріне қосымша салықтар салды жəне өз əскерлерін азық-түлікпен
қамтамасыз етуді міндеттеді.
VІІІ—ІХ ғасырларда жаулап алынған жерлерде арабтарға
қарсы халық көтерілістерінің толқыны етек алды. 776 жылы Орта
Азиядағы Мары қаласы маңында Хашим-ибн-Хаким басқарған
көтеріліс болды. Оны халық Муканна деп атап кеткен. Ол көтеріліске
қатысушылар маздакидтер ықпалында болып, дүние мүлік теңдігін
талап етті.
816 жылы Əзербайжанда көтеріліс басталды. Оны Бабек бас-
қарды. Көтерілісшілер халифтың алты армиясын талқандады.
Көтеріліс Əзербайжаннан Армения мен Иранға ауысты. Араб
тарихшысының айтуынша, халифат астанасын «қатты үрей
мен қорқыныш басты». Бабектің басы үшін орасан зор сыйлық
88
89
белгіленді. Бабектің өзіне де егер берілетін болса, кешірім жаса-
лады деп уəде етілді. Бұған: «40 жыл бейшара, құл болғанша, бір
күнгі бас бостандығым артық» деген тəккаппар жауап қайтарылды.
Сөйтіп, көтеріліс 20 жылдан соң əрең басылды. Бабек өлтірілді.
Халиф көтеріліс жасаушыларға қарсы өзінің негізгі əскерін жіберді.
Жақсы қаруланған əскер көтерісшілерді талқандады. Бабек баспана
сұраған жергілікті тұрғындардың бірі оны халифке ұстап берді. Ол
837 жылы азаптап өлтірілді. Халифаттың басқа аймақтарында да
қуатты көтерілістер болды.
Халифаттың ыдырауы. Атлант мұхитының жағалауынан ба-
стап, Үндістан мен Қытай шекарасына дейінгі жерді алып жатқан
орасан зор араб халифаты онша берік болмады. Бағындырылған
халықтар тарапынан жүргізілген көтерілістер оның күш-қуатын
əлсірете берді. Феодалдық құрылыстың дамуына байланысты жер-
жерде ірі феодалдар күшейе бастады. Аймақтардың наместниктері
өздерінің атақ мансабын пайдалануға алған жерлерімен қоса, өз
ұрпағына мирасқа қалдыра бастады. Өздерінің қарамағындағы
əскер күшіне сүйене отырып, олар халифқа бағынудан бас тартты,
сөйтіп, өздерінше тəуелсіз билік жүргізушілер болып алды.
Халифаттың ыдырауы VІІІ ғасырдың ортасында басталды. 756
жылы Кордова эмираты бөлініп кетіп, ол 929 жылы жеке халифатқа
айналды. VІІІ ғасырдың аяғы — ІХ ғасырдың басында Марокко мен
Тунис бөлініп шықты. ІХ ғасырдың ортасында Египет тəуелсіздік
алды. Мұнда алғаш Тулунилер, ал Х ғасырда Əлінің Фатимилер
деп аталған ұрпақтары билік құрды. 969 жылы Фатимилер Египетті
егемен Каир халифатына айналдырды. ІХ ғасырда Шығыс Иран
(Хорасан), Х ғасырда Батыс Иран да Араб халифатынан бөлініп
шықты. Амударияның шығысындағы Мəуереннахрда Саманилер
мемлекеті құрылды (Мəуереннахр — «өзеннің арғы жағы»). Оның
астанасы Бұқара қаласы болды. Басқа үлкен қалалары Самарқан мен
Ходжент болды. Х ғасырдың басында Ауғанстан бөлініп шықты.
Бағдад халифатының қарамағында Месопотамия ғана қалды. Бірақ
оны да Иран əміршісі өзіне бағындырып алды.
1055 жылы Бағдадты Орта Азиядан ауып келген көшпенділер
— түрік-селжүктер жаулап алды. Олардың қолбасшысы Ер Тоғрыл
(Тоғрыл бек) сұлтан деп жарияланды. Енді халифтердің қолында
діни билік қана қалды. Ол билік те 1258 жылға дейін, монғол жаулап
алушылығына дейін ғана сақталды.
Сөйтіп, қоғамдық бірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болған
жаңа ислам дінінің рухани беделі араб халифатының құрылуына,
зор табыстарға жетуіне себеп болды. Ал ІХ ғасырға қарай ис-
лам басшыларының пайғамбар өсиеттері бойынша жүре ал-
май, əділеттілік жолынан ауытқып кетулері жеке феодалдардың
күшеюіне, ақырында — халифаттың ыдырауына əкеліп соқты.
Мəдениеті. Арабтардың мəдениеті VІІ—Х ғасырларда дүние жүзін-
дегі ең озық мəдениет болды. Еуропадағы ең алғашқы университетті
— Кордовада — арабтар ашқан. Ондай университеттерді арабтар
Бағдадта, Каирде де ашқан. «Адамның ең басты көркі — білім»,—
дейтін араб ғалымдары. Халифатта математика, астрономия, гео-
графия тəрізді ғылымдар өте жоғары дəрежеде дамыды.
Дамаскіде, Бағдад пен Каир сияқты қалаларда үлкен обсерва-
ториялар ашылды. Араб астрономдары көптеген жаңа жұлдыздар
ашып, аспан əлемінің өте кұнды картасын жасады. Күрделі аспап-
тарды пайдалана отырып, араб астрономдары жер шарының көлемін
шамамен есептеп шығара алды, аспан əлемінде көзге көрінетін
жұлдыздардың орналасу тəртібін сипаттап жазды. Орта Азия
ғалымы əл-Бируни (973—1048) жер күнді айналады деп дана бол-
жам айтты.
Арабтарда медицина да жемісті түрде дамыды. Орта Азияда араб
тілінде білім алған ұлы ғалым тəжік Ибн Сина (980—1037) өмір
сүрді. Оның əсіресе дəрігер ретінде даңқы шықты. Ол өзіне дейін
айырып болмайтын көптеген аурудың белгілерін баяндап жазды.
Оның қаламынан жүздеген ғылыми еңбек шықты. Шығыста Ибн
Синаны «ғалымдардың атасы» деп атады. Біздің жерлесіміз, əйгілі
философ, энциклопедист ғалым əл-Фараби (870—950) да араб тілінде
оқып, білім алған.
Арабтар алгебра (алджебр — «есеп» деген сөзінен «алгебра» сөзі
шыққан) мен геометрияны, тригонометрияны дамытты. Олар үнді
цифрлар жүйесін жетілдірді, ең алғаш «ноль» (0) белгісін ойлап тап-
ты.
Арабтар географияны қатты құрметтеді. Бұған арабтың «Ғылым
іздеп, сапар шеккен адамның алдынан жұмақ есігі ашылады» деген
мақалы дəлел бола алады. Географтар өзге елдер жайында жазылған
кітаптарды ғана оқып қойған жоқ, қауіпті алыс сапарларға аттанып,
ол елдерде болып қайтты. Сондай араб географы, тарихшыларының
бірі Масуди (890—956) болды. Ол халифаттың барлық аймақтарын,
сондай-ақ Индия мен Қытайды аралап шықты. Сол саяхаттарының
нəтижесін «Алтын алқаптар» деген еңбегінде тұжырымдады. Ибн-
Даст, Ибн-Фадлан т.б. араб саяхатшылары славян елдеріне барып
қайтты, олар туралы қызықты мəліметтер қалдырды. Араб географ-
тары өздеріне белгілі елдер мен теңіздердің карталарын жасады.
90
91
Альгамбра. ХІІ ғ.
ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басындағы араб тарих-
шыларының ішінде əсіресе Табари деген ғалымның (923 жылы өлді)
шоқтығы биік болды. Ол «Пайғамбарлар мен патшалар тарихын»
жазып қалдырды.
Көпестер мен түйекештер басқа елдерден қымбат тауарларға қоса,
таңғажайып ертегілерді де əкеліп отырды. Олар халиф пен шонжар
сарайларында, Бағдадтың базарларында, көшелері мен үйлерінде
айтылды. Халық таңғажайып саясаттар мен керемет оқиғалар тура-
лы хикаяларды қызыға тыңдады. Осы ертегілерден кейінірек бүкіл
əлемге əйгілі «Мың бір түн» жинағы құрастырылды.
Араб ақындары өздерінің өлеңдерінде көшпенділердің тұрмыс
салты мен батырлардың соғыстағы ерліктерін жырға қосты. Поэзия,
əсіресе Иран мен Орта Азияда жемісті түрде дамыды. Мұндағы
ақындар өз шығармаларын əдетте тəжік-парсы тілдерінде жазды.
Ең атақты ақындардың бірі — Əбу-л-Касим Фирдоуси (935—
1020) болды. Ол «Шахнама» («Патшалар кітабы») поэмасын жазып
шығару үшін отыз жылдан астам уақыт жұмсады. Алпыс мыңнан
астам өлеңнен тұратын бұл шығармада иран халқының өз елін жау-
лап алушыларға қарсы жүргізген күресі баяндалды. Аттары аңызға
айналған батырлардың ерліктері мадақталды. Ақын «өзінің өмірлік
нанын өз еңбегімен табушылар» туралы құрмет тұта жазды. Ол ел
басшыларын өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып, елді көркейтуге
шақырды.
Халифатта өнер түрлерінің ішінде, əсіресе сəулет өнері аса үлкен
табыстарға жетті. Құрылысшылар тамаша сарайлар, мазарлар мен
қамалдар салды.
Испан əміршілерінің Гранададағы Альгамбра сарайы (ХІІІ
ғасырдың аяғы — ХІV ғасырдың ортасы) бүкіл дүние жүзіне та-
нылды. Араб сəулетшілері мұсылман храмдарын — мешіттер сал-
ды. Мешіттің төрт бұрышты үйінің төбесі көбінесе күмбезделіп
шығарылды. Оның ішкі жағында көптеген колонналары галереямен
қоршалған бассейні бар үлкен ауласы болды, зал соған тіркестіріле
салынды. Мешіттің қасына дін ұстанушыларды намаз оқуға азан
айтып шақыратын биік мұнара — минарет салынды. Ертеректегі
сондай араб сəулет өнерінің бір ескерткіші — 688 жылы Омеядтер
əулеті салдырған Иерусалимдегі Омар мешіті. Ол қазірге дейін
сақталған.
Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, ал олардың
қабырғалары мен едендері жалтыраған кірпіштермен, мозаика-
лармен бай түрде əшекеленді. Үйдің қабырғалары арабескалармен
92
93
(өрмелі сызықтармен) безендірілді. Шілтер тəрізді оюлар мен алуан
түсті суреттер тастың өзін салмағынан айырғандай əсер етеді.
Мұсылман діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым
салды. Осы себепті де Халифат елдерінде мүсін мен сурет өнері
орта ғасырлардың алғашқы жүз жылдықтарында тіпті дамымады
десе де болады. Кейінірек кітаптарға халық тұрмысынан алынған
көріністер, халиф сарайындағы оқиғалар, аңдары мен құстарына
дейін таңғажайып елдер бейнеленген миниатюраларды қосатын
болды.
Қорыта айтқанда жоғары сатыда дамыған араб мəдениетінен
еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер алды. Араб
математиктері мен астрономдарының еңбектерін орта ғасырлық
Еуропа ғалымдары басшылыққа алды. Еуропалықтар арабтардан
цифраларды ғана емес, сонымен бірге астрономияға байланысты
білімдерді, оның ішінде көптеген жұлдыздардың да атауларын
алды. Олар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пай-
далануды үйренді. Авиценнаның латын тіліне аударылған медицина
жөніндегі шығармалары ХVІІ ғасырға дейін Еуропа дəрігерлерінің
қолдан тастамайтын кітабы болды.
Орта ғасырлардағы
араб астролябиі
Еуропалықтар халифат елдерінің мəдениетімен негізінен араб-
тар жаулап алған Испания арқылы танысты. Кордовада көптеген
жоғары оқу орындары болды. Оларда аса көрнекті ғалымдар дəріс
оқыды. Мұндағы орасан үлкен кітапханаларда көне қолжазбалар
сақталды. Еуропада ежелгі грек ғалымдары мен жазушыларының
еңбектері араб аудармалары арқылы белгілі болды.
Ə д е б и е т т е р:
1. Большаков О. Г. История халифата. В 4-х томах.— М., Наука,
1989.
2. Ирмияева Т. Ю. История мусульманского мира. От халифата
да блистательной Порты.— Перьм, Урал LTD, 2000.
3. История Востока. Т 2: Восток в середине века.— М.: Восточная
литература РАН, 1995.— 102—130; 222—224 бб.
4. Васильев Л. С. История Востока: В 2-х т., т. 1.— М.: Высшая
школа, 1998.— 260—280 бб.
§ 10. III—VIII ғасырлардағы Африка елдері
1. Орта ғасырлардың басындағы Африкалық қоғамдар.
2. Ерте ортағасырлардағы Солтүстік-Шығыс Африка. Аксум.
3. V—IX ғасырлардағы Нубия
4. Аксум мен Нубия мəдениеті
Африка елдері туралы араб жаулап алушылықтарынан бұрынғы
жазба деректер бізге жеткен жоқ. Сол себепті де біз олар туралы
жергілікті араб авторларының, сондай-ақ қытай саяхатшыларының
шығармалары арқылы пайымдай аламыз.
Сондай шығармалардың бірі — «Го Ди Чжи» деген 642 ж.
жазылған қытай оқымыстыларының шығармасы. Ол «барлық
жердің сипаттамасы» дегенді білдіреді. Бұл шығарма Мəскеуден
1978 ж. шыққан «Китайские источники ранее XI века» деген жинақта
келтірілген.
Келесі бір Африка халықтарының ерте орта ғасырлардағы өмірі
туралы құнды дерек — ал-Иакубидің (897 ж. өлген) «Тарих» деген
шығармасы. Армениядан шыққан араб географы, тарихшысы араб
халифтеріне қызмет еткен. Өз шығармасында ол көптеген халықтар
туралы, оның ішінде африка халықтары туралы құнды мəліметтер
келтірген. Оның еңбегі Мəскеу мен Ленинградтан 1960 ж. шыққан
«Арабские источники VII—X вв.» деген кітапта жарияланған.
94
95
ІV—ХІІ ғғ. Солтүстікшығыс Африка
Бұл шығармалар Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан
Африка аудандарының даму қарқыны бірдей болмағандығын
көрсетеді. Орта ғасырлардың бас кезінде бір халықтарда таптық
қатынастар қалыптасып, мемлектеттік бірлестіктері құрылса, енді
бір халықтары алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатты.
Сондықтан Сахараның оңтүстігіндегі Африка аумағында қоғамдық
қатынастары мен экономикалық өмірінің дамуы жағынан ұқсас ірі
аудандарды бөліп қарастыруға болады. Ол аудандарға Батыс Судан,
Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка мен Оңтүстік Африка
жатады.
Тропикалық Африка халықтарының көпшілігі ежелден егінші-
лікпен айналысты. Тек берберлер мен оңтүстік Сахараның туарег-
тері, фульбе /Батыс Африка/, масаилар, галлалар /Шығыс Африка/
сияқты біраз көшпелі халықтар мал шаруашылығымен айналысты.
Табиғи жағдайдың ерекшеліктері, əсіресе жердің құнарлылығы,
тек өсірілетін дақылдар түріне ғана емес, егіншілік құрал-
жабдықтарының түріне де əсер етті. Тропикалық Африканың
топырағында құнар өте аз, оның жоғарғы беті ғана құнарлы. Оны
терең жырту пайдасыз. Терең жыртқанда құнарлы топырақ желге
ұшады. Сондықтан бұл жердегі халық ұшына темірден жасалған тіс
орнатылған кетпенді /мотыга/ пайдаланып келді. Оның бірнеше түрі
болады. Африкаға тəн дақылдар негізінен сорго, тары жəне күріш
болды. Сондай-ақ бұршақтың бірнеше түрлері: сиыр бұршағы, жер
бұршағы /земляные бобы/ — өсірілді. Май алынатын өсімдіктерден
— кунжут /сезам/, кокос пальмасы өсірілді. Кең тараған техникалық
дақылдар: мақта /хлопчатник/, индиго /бұршақ тұқымдас/, қант
тростнигі болды. Огородтық дақылдар да, əсіресе тамыржемістілер
көптеп өсірілді.
Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Əр
қауымда ерекше əлеуметтік жағдайдағы қолөнершілер топтары бол-
ды. Олардың қатарына темір ұсталары, гончарлар, тері өңдеушілер
мен тоқымашыларды жатқызуға болады. Қауым қажетті қолөнер
бұйымдарымен өзін-өзі қамтамасыз ететін.
Қолөнердің маңызды салалары металл өңдеу, ауылша-руашы-
лығы құрал-жабдықтарын жəне қару-жарақ жасау, тоқыма жəне
гончарлық іс болды. Африкалықтар металл өңдеудің ерекше тəсілін
пайдаланды. Темір мен мыстан гөрі алтын аз өндірілді. Қауымдық
шаруалар барлық африкалық қоғамдардың негізгі өндіргіш күші
болды. Африкада жер иесінен алынбайтын. Бағындырылған жердің
адамдары сол өз иеліктерінде қала беретін де, тек салық төлеумен
шектелетін.
96
97
Солтүстік-Шығыс Африка. Алғашқы мемлекеттер құрылған
солтүстік-шығыс Африка халықтарының дамуына араб мəдениеті
зор ықпал етті. Африка халықтарының оңтүстік Аравиямен алғашқы
қатынасы біздің заманымызға дейінгі I мың жылдықта болған.
Сол кезде Қызыл теңіздің Африка жағалауында оңтүстік Аравия
көпестерінің некен-саяқ тірек мекендері пайда болды. Кейінірек
оңтүстік Аравия мəдениетінің ықпалына шалынған өзіндік өркениет
материктің терең ортасында да қалыптасты.
Біздің заманымыздың басында Африканың Қызыл теңіз
жағалауындағы халықтарының өз бетімен дамуы басталды. II—III
ғасырларда орталығы Аксумда /Эфиопияның солтүстігінде қазір
де сондай қала бар/ болған саяси бірлестік қалыптасты. Оның
экономикалық жəне саяси маңызы бірте-бірте арта түсті: қоғамдық
жəне экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар құрады. Əр
қауымда ең алғашқы қоныстанған ру үстем болды. Бұл қауымдар
тек туысқан адамдардан ғана құрылған жоқ. Қауымда жерге жəне
еңбек өнімдеріне ұжымдық меншік сақталды. Қауым мүшелері
біреуі үшін бəрі жауапты болатын.
Жерге мемлекеттік меншік те орнай бастады. Аксумның үкімет
басшылары мен ақсүйектерінің де жеке меншік жерлері қалыптасты,
шіркеу мен мешіттердің, монастырлардың жер иеліктері кеңейе
берді. Бұл жерлердің бəрін қауымдық шаруалар өңдеді. Ерікті шару-
алар қауымдары үкіметке азық-түлік алым-салығын төлеп, қолөнері
бұйымдарының белгілі мөлшерін беруге тиіс болды. Сондай-ақ
олар құрылыс жұмыстарына қатысуға міндетті болды. Суландыру
жүйесі мұнда Египеттегідей орасан зор болмағанымен, едəуір үлкен
еді. XX ғасырға дейін байламалар мен каналдардың, шіркеулер мен
сарай кешендерінің қалдықтары сақталған.
Аксумда құлдар да болды. Бірақ ол басты экономикалық
күш болған жоқ. Аксум үкіметінің əскери жорықтарының ба-
сты мақсаты — тұтқындар алу болған жоқ. Батысындағы, шығы-
сындағы көршілерімен соғыста қолға түскен тұтқын құлдар Египет
пен Византияға сатылатын. Елдің ішіндегі құлдар еңбегі шектеулі
болды. Құлдар елдің ішінде үй малайлары, сарай маңындағы
қолөнершілері ретінде пайдаланылды. Қоғамның үстемдік етуші
бөлігі табысты негізінен Аксумиттік қауымдарды қанаудан емес,
бағындырылған, басып алынған жерлерді тонаудан, ол жерлерден
алым-салық жинаудан табатын. Алым-салық жинау жазалау экспе-
дициясына ұқсайтын. Оны үкімет мүшесі басқарған əскери жасақ
жинайтын. Бұл жасақ жүретін жолдың бойына салық жиналатын
пункттер орналасатын. Жергілікті патшасымақтар мен наместник-
тер жиналған салықты сол пункттерге əкелетін. Аксум билеушілері
алым-салық төлеуші тəуелді вассалдарының қатарын көбейтуге ты-
рысатын.
Аксумның шаруашылығы натуралды болды, яғни əрбір қауым өз
қажетін өзі өтеп отыратын. Сауда сырт елдерге бағытталды. Сыртқа
шығарылатын тауарлар түрі сыртқы рынок сұранысына байланы-
сты болды. Ол көптеген ғасырлар бойы өзгеріссіз қала берді. Сыртқа
пілдің сүйегі, мүйізтұмсықтың мүйізі, гипопотамның терісі, тірі
аңдар, құлдар шығарылатын. Сырттан мата, киім, қант, иіс сулар,
шыныдан, қасиетті металдан, темірден жасалған бұйымдар əкелінді.
Үкіметтің кейбір тауарларға /алтын мен піл сүйегіне/ монополиясы,
сауда салығын жинау билеуші топқа көп табыс түсіріп тұратын.
Аксум өзінің құрылған күнінен бастап Египеттен Аравияға
шыққан сауда кемелерін Қызыл теңіз қарақшыларынан қорғауды
қолға алды. Бұл Аксум үшін экономикалық пайда келтіріп, аймақтың
саяси өміріндегі оның беделін өсірді. III ғасырдың аяғында Аксум өз
монетасын шығара бастады. Бұл монеталар алтын, күміс, мыстан
жасалды. Бұл Аксумның экономикалық жағынан ғана емес, саяси
ұйымдық жағынан да жоғары дəрежеде дамығандығын көрсетеді.
Өйткені ол кезде алтын монетаны екі елдің бірі емес, ірі державалар
ғана жасайтын.
Аксумның ерте орта ғасырлардағы əскери жəне саяси күші со-
нау Көк Нілге /Батысындағы/ дейінгі жердің көрші халықтарын
бағындырып алып, оларға алым-салық төлеуге мүмкіндік берді.
Аксумдықтар Аравияға да жорық жасап, Қызыл теңіздің екі жағына
да өз бақылауларын орната алды. Бірнеше ғасырлар бойы Оңтүстік
Аравиямен қатынас Аксум патшаларының сыртқы саясатының
маңызды бағытының бірі болып қала берді. Тағы бір бағыты
Нубиямен жəне Египеттің шекаралас облыстарымен қатынас болды.
Аксумның маңызды одақтасы көп жылдар бойы Рим — Византия
империясы болып қала берді. Аксум тек солтүстік пен шығыстағы
жақын көршілерімен ғана емес, сондай-ақ алыстағы Индиямен де
қатынас жасап тұрды.
Мемлекет өз дамуының ең жоғарғы сатысына IV ғасырдың
бірінші жартысында, Эзананың патшалығы кезінде көтерілді. Əскери
жорықтарындағы жолы болушылық, табыстары оның мынадай
сөздерді тасқа қашатып жаздыруына себеп болды: «Менің ашық та,
жасырын да /құпия/ дұшпаным жоқ. Менің бағыныштыларымның
98
99
арасында да дұшпаным жоқ». Осы кезден бастап жоғары мəртебелі
«негустэ негэст» — патшалар патшасы деп аталып кетті.
Аксумның қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға — оның IV
ғасырда христиан дінін қабылдауы болды. Бұған дейін аксу-
миттер политеистер еді. Христиан дінін қабылдаудың саяси жəне
экономикалық астары болды. Бұл дін Аксумды солтүстіктегі көршісі
Шығыс Рим империясымен жақындастырды. Жаңа дінге ену қысқа
мерзімді шұғыл процесс болған жоқ, ол бірте-бірте жүзеге асырыл-
ды. Ең алғашқы христиан қауымы Аксумның астанасында пайда
болды. Ол христиан дініндегі Рим азаматтарын /шетелдік көпестері
көп болатын/ біріктірді. Сонан соң олардың қызметкерлері мен
құлдары тартылды. Кейін — ерікті аксумиттер де кіре бастады.
Қауым мүшелері — көпестердің арқасында христиандар кедейлер-
ге материалдық көмек көрсетіп, тегін тамақтанулар ұйымдастырып
отырды. Мұндай шаралар христиан дініне жаңа адамдар тартуға
мүмкіндік ашты.
Христиан дінінің тарай бастауы, Аксум мен басқа қалаларда жаңа
қауымдар мен храмдардың пайда болуы пұтқа табынушылықтың
біржолата жеңіліп, жойылғандығы емес еді. Тіпті Эзананың өзі
де христиан дінін қабылдамады. Бірақ қоғамның билеуші топта-
ры жаңа дінге қолдаушылық көрсетті. Христиан діні Аксумда 452
жылғы Халкедон соборынан кейін үстемдік ете бастады деген жо-
рамал айтылады.
V—VI ғасырларда Аксум қуатты, гүлденген мемлекет бо-
лып қала берді. Кейінгі Византия — Иран бақталастығы оның
Оңтүстік Аравиядағы ықпалын əлсіретті. Аксум Қызыл теңіздің
шығысындағы иеліктерінен айырылды, теңіз сауда жолын ба-
қылау мүмкіндігін жоғалтты. Сөйтіп, экономикалық пайдасынан
айырылды. Сыртқы күрделі саяси жағдайға ішкі қиыншылықтар да
қосылды, орталық өкіметтің əлсіреуі шет аймақтардың тəуелсіздігін
күшейтті. VII ғасырға қарай Аксум өзінше жеке мемлекет болуын
тоқтатты. Кейін, мемлекеттің орталығы оңтүстікке қарай ауысқан
кезде бұл қала мəртебелі тақсырлардың салтанатты тəж киетін ор-
нына айналды.
V—IX ғасырлардағы Нубия. Қазіргі Судан республикасының
аумағында Ақ Ніл мен Көк Нілдің қосылған жерінде, ежелгі грек-
тер Нубия деп, ал египеттіктер Куш деп атаған ауданда ертеден-
ақ егіншілікпен айналысатын өркениет қалыптасты. Бұл жерде
V—VII ғасырларда бұрынғы Мероэ мемлекетінің орнында бірнеше
саяси бірлестіктер құрылды. Бұл ұсақ мемлекеттердің дамуы аймақ
халықтарының рухани жəне мəдени өміріндегі маңызды өзгерістерге
байланысты болды: V—VI ғасырларда мұнда политеизмнің /көп
құдайлық/ орнына христиан діні орнады.
Нубияның солтүстіктегі көршісі Египетті 618—628 жж.
Сасанидтер, кейінірек — Араб халифаты басып алды. Бастысы
Мукурра болған христиандық мемлекеттер араб отрядтарымен
күресте өз тəуелсіздіктерін сақтап қала алды. 642 жылғы шарт бой-
ынша бұл елдер Египетке шабуыл жасамауға, мұсылмандардың
сауда керуендеріне кедергі келтірмеуге, арабтарға адамдар мен ат
көліктерін беріп отыруға міндеттенді /адамдар дегені — əскери
тұтқындар мен қылмыскерлер болатын/. Мұндай міндетті орындау
үшін кейде ерікті қауым мүшелерін де зорлықпен арабтарға беріп
отыруға тура келді. Сонымен қатар, 642 жылғы шарт Мукурраға
солтүстіктен бидай, қарабидай, бұршақ, шарап, киім, кілем алып
тұруды қамтамасыз етті. Бұл азық-түлік, киім мен бұйымдар абыздар
мен чиновниктер, əскерилер арасында бөлінетін. Сөйтіп, олардың
байи түсуіне көмектесетін.
VII ғасырда Нубияның солтүстік облыстарына арабтар қоныстана
бастады. Барлық сыртқы жəне ішкі сауда шетелдік көпестердің, ең
алдымен араб көпестерінің қолына түсті. Нубия мемлекеттерінен ал-
тын, піл сүйегі, мүйізтұмсықтың мүйізі, жабайы аңдар мен олардың
терілері, құлдар, ағаштың құнды түрлері, емдік шөптер мен смола
шетке шығарылды. Ауыл шаруашылығы өнімдері де шығарылды:
мақта, астық, жылқы, түйе. Нубияға əкелінетін өнімдердің негізін
араб қолөнершілерінің бұйымдары құрайтын. Есеп ажырасу құралы
алтын мен мата болды.
IX ғасырдың басында Мукурра мен оның шығыстағы көршісі
Аксумның арасында соғыс басталды. Солтүстікте араб көпестері
мен өсімқорлар шаруашылыққа қолайлы жерлерге орналасып
алып, позицияларын нығайтты. 833 ж. халиф аль-Мутасим шарт
орындалмаған жылдар үшін тұтқын құлдар жіберуді талап етіп,
Мукуррадан Египетке баратын жолды жауып қойды. 836 ж. Мукурра
елшілігі Иракқа келіп, бұрынғы қарыздардың бəрін жою /кешіру/
жөнінде келісім жасады. Бірақ ол кешірім Мукурраның құлдырауын
тоқтата алмады. Мукурра арабтардың Нубиялықтар жеріне қоныс
аударуына қарсы тұра алмады.
Аксумның жəне христиандық Нубияның мəдениеті. Ерте
орта ғасырлық Африка қоғамының тарихи дамуында өзіне тəн
ерекшеліктері де болды. Мысалы, Конго мен Анголадан басқа,
Сахараның оңтүстігінде орналасқан облыстар өздерінің табиғи
100
101
ерекшеліктеріне байланысты темір өңдеуге өте ерте көшті. «Қола
ғасыры» деген кезең африкандық қоғамға қатысты болмады.
Солтүстік-Шығыс Африка халықтарының Эллин əлемімен сау-
да жəне саяси байланысы тығыз болды. Сол себепті бұл аймақта
грек тілі мен мəдениеті тарады. «Эритрей теңізінің периплі» деген
шығарманың авторы III ғасырдағы жергілікті бір ел басшысы ту-
ралы: «Дүниеқоңыздығы болмаса, эллин ғылымынан жақсы хабар-
дар»,— /жақсы біледі/ деп жазды. Аксумның IV ғасырдағы мəдени
өміріндегі маңызды оқиға – жергілікті жердің жазуына жасалған ре-
форма болды. Сол қайта құрудан кейінгі қабылданған жазу қазіргіге
дейін қолданылып жүр. Бұл реформа мəдениеттің дамуының жəне
жазудың қолданылу өрісінің өсу нəтижесі болды. Шет жерден кел-
ген монотеистік /бір құдайға табынушылық/ діннің тарауына бай-
ланысты қасиетті сөздерді аудару қажеттігі жазу реформасын талап
етті.
III—VI ғасырлардағы монументальды /өте зор, əсерлі, зəулім/
құрылыс дамыды. Сарай кешендері, обелискілер мен қабырлар /
гробницы/, ал кейінірек — христиан храмдары мен кесене салуда
өзіндік архитектуралық стиль қалыптасты. Негізінен монолитті
тас блоктары пайдаланылды. Олар бір-біріне жапсырылатын.
Құрылыстар ағаштан да салынатын. Сыртқа шығып тұратын
ағаш балкалардың ұшы жұмырланатын да, маймылдың басына
ұқсап, құрылысқа ерекше сəн беріп тұратын. Өкінішке орай, біздің
заманымызға дейін сақталмаған əдемі колонналар /ағаштан, тастан
жасалған жұмыр немесе 4 бұрышты/ мен мүсіндер — сарайлар мен
үйлерді көріктендіріп тұратын. VI ғасырда өмір сүрген Византия
авторы Козьма Индикоплов аксумиттік патшаның 4 мұнаралық
сарайын суреттей отырып, онда жалғыз мүйізділердің қола мүсіні
болғандығын жазған.
Алғаш Аксум қала қабырғалары дегенді білген жоқ. Ең алғашқы
қорған ретіндегі қабырға V ғасырда пайда болды. Ол қаланың со-
бор орналасқан орталығын қоршап тұрды. Алғашқы аксумдық
храмдар пұтқа табынушылық храмдары болды. Кейін олардың
кейбіреулері христиан храмдарына айналды. VII—VIII ғасырларда
шет аймақтарында христиан шіркеулері мен монастырлары пай-
да болды. Олардың құрылысы көптеген ғасырлардан кейін де
таңдандыратын. Сондай шіркеулер туралы 1502 жылы португалдық
Альвареш тамсана жазды.
Аксумиттер мəдениетінің дамуына олардың алыс шетелдер-
ге сапарлары да ықпал етті. Олардың бір-біріне байлап қойылған
тақтайлардан жасалған қайықтары өте қарапайым болғанымен,
Цейлонға, Индияға дейін барып келе алатын.
Аксумдық кезде əдебиет те дамыды. Бұл кезде гыэз тіліне
христиандардың басты кітабы — Библия аударылды. Кейінірек
христологиялық трактаттар, апокалиптикалық еңбектер, канондық
құқ жөніндегі шығармалар да сол тілге аударылды.
Нубиялық мəдениеттің дамуына христиан мəдениеті зор ықпал
етті. Нубидегі шіркеулік архитектура Аксум храмдарының үлгісінде
дамыды. Сақталған фрескалардың фрагменттері копттық жəне
византиялық ықпалдың үстем болғанын дəлелдейді. Грек, копт,
араб тілдері жергілікті тілмен қатар қолданылды. X—XI ғасырларда
шіркеу тілі — грек тілі болып қала берді. Сонымен қатар, христи-
ан дінінің қағидалары нуби тілінде де уағыздала бастады. Нуби
əдебиетінде жергілікті тілдің əріптері грек, копт жəне мероит /
Судандағы/ тілі Египет əріптерімен ұласып жатты.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная
литература РАН, 1995.— 225—238 бб.
2. Васильев Л. С. История Востока: в 2 т. Т. 1.— М.: Высшая шко-
ла, 1998.— 444—476 бб.
102
103
ІІ БӨЛІМ
ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАР
Достарыңызбен бөлісу: |