С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 30. Кейінгі орта ғасырлардағы Орта Азия



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата22.12.2016
өлшемі7,55 Mb.
#159
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
§ 30. Кейінгі орта ғасырлардағы Орта Азия 
мен Закавказье
1. Закавказьедегі кейінгі орта ғасырлардағы феодалдық 
    қатынастар.
2. Закавказье халықтары Иранмен, Түркиямен соғыстар 
     кезінде.
3. Закавказье халықтары жəне орыс мемлекеті.
4. ХVІ ғ.— ХVІІ ғ. бірінші жартысындағы Орта Азия.
5. Орта Азия мен Закавказье халықтарының мəдениеті.
ХVІ ғасырдың басына қарай Закавказье елдеріндегі феодализм өз 
дамуының жоғары шегіне жетті. Мұнда жерге жеке меншіктің фео-
дализмге тəн түрлері қалыптасты. Ол кездегі Грузияға толық им-
мунитетпен пайдаланған князьдар мен дінбасыларының мұрагерлік 
жер иеліктері тəн болды. Грузин дворяндары қызмет атқару шар-
тымен көбінесе князьдардың жерлерінде отырды. Əзербайжан мен 
Арменияда мұрагерлікпен пайдаланылатын жер иелігі — мүлікпен 
қатар мемелекеттік жерді шартты түрде пайдаланудың тиул жəне 
союргал деген түрлері кең тарады. Біріншісі салық-рента жинау 
құқы берілген уақытша жер үлесі болса, екіншісі қызмет атқарғанда 
мұрагерлікпен пайдаланылатын жер үлесі болды. Жергілікті светтік 
феодалдар мұнда, əсіресе Арменияда соғыстар нəтижесінде жап-
пай дерлік жат елдік жаулап алушылармен алмастырылды. Бірақ 
армян шіркеулері мен монастырлары мұсылман дінбасыларының 
вакфтық иеліктерінен кем түспейтін жерлерді мүлік құқында ұстап 
қала алды.
Феодалдардың жерлерді басып алып, суару жүйелері арқылы 
берілетін  суды  бөлу  құқына  ие  болулары  басыбайлы  шаруаларды 
ауыр қанаушылыққа душар етті. Натуралды шаруашылық үстемдік 
құрған кездегі рентаның негізгі түрі натуралды оброк, яғни азық-
түлік салығы болды. Барщинаның, яғни еңбекпен өтеудің маңызы 
төмен болды. Əзербайжан мен Арменияда халықтың біраз бөлігін 
мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділер мен жартылай 
көшпенділер тайпалары құрайтын. ХVІ—ХVІІ ғасырларда жау-
лап алушылардың жергілікті отырықшылық өмір сүретін халықты 
ыдыратып, əлсірету мақсатымен мұнда көшпенді курдтер мен 
түрікмендерді əкеліп қоныстандыруының нəтижесінде көшпенділер 
қатары өсе түсті. Көшпенділер тұрмысы патриархалды қатынастарға 
негізделді.
Барлық жерде халық егіншілікпен, бау-бақшалықпен, жүзім 
өсірумен, мал бағумен айналысты. Закавказьенің ауа-райы мен жері 
арпа-бидай, тары егуге, ал кейбір аудандары күріш өсіруге қолайлы 
болды. Сонымен қатар мақта мен жібек өсіру дамыды. Ширван жібегі 
əлемдік рынокта жоғары бағаланды. Халық Каспий теңізінде балық 
аулаумен жəне Баку маңында мұнай өндірумен де шұғылданды.
Айтылып отырған кезеңде Закавказьеде натуралды шаруашы-
лық үстемдік құрып тұра берді. Дегенмен Закавказье қалаларының 
арасында маңызды қолөнер жəне сауда орталықтары да бол-
ды. Жергілікті қолөнершілердің, əсіресе мата тоқушылардың, 
қару-жарақ  жасаушылардың,  зергерлердің  тері  илеушілердің 
бұйымдары сыртқы рыноктарда да зор сұранысқа ие болып жат-
ты. Қолөнершілер цехтарға, саудагерлер — көпестік бірлестіктерге 
бірігетін. Закавказьенің ежелден транзиттік сауда жолында 
орналасқан Тбилиси, Ереван, Шемаха, Баку сияқты қалалары үздік-
сіз соғыстардан, кедендік қағажулардан көп зардап шекті.
ХVІ—ХVІІ ғасырлар Осман империясы мен сефевилік Иран 
арасындағы  Кавказ  үшін  қанды  шайқастар  кезеңі  болды.  Грузин 
халқы Иран мен түрік агрессиясына қарсы, əсіресе Картлиде ерлік 
күрес жүргізді. ХV ғасырдың аяғында — ХVІ ғасырдың басында 
Кахетиде мемлекетті бір орталыққа бағындыруға бағытталған ре-
формалар жасалды. Батыс Грузия сұлтандық Түркияның қыспағынан 
табан тіресіп қорғанды. Имеретия патшасы ІІІ-Баграттың 1545 ж. 
түрік əскеріне қарсы шайқастағы жеңілісі патшалықтан Мегрел, 
Гурий княздықтарының бөлініп шығуына əкеліп соқты. Ал ХVІІ 
ғасырдың басында Имеретиннен Абхазия бөлініп шықты.
1555 жылғы шарт бойынша Арменияның шығыс бөлігі мен 
Əзербайжан сефевилердің қол астына көшті. 1558 ж. Армения мен 
Əзербайжанға түріктер басып кірді.
60- жылдардың аяқ кезінде Əзербайжан түріктерге бағынды, ал 
1590 жылғы иран-түрік шарты бойынша бүкіл Закавказье Түркияның 
қол астына көшті.
1578  жылы  Армениядан  Түркияға  60  мың  адам  айдап  əкетілді 
[осы жылдардағы миллиондай адам көз жұмған қырғынды еске са-

308
309
латын көп ескерткіштерде күні-түні ұлы сазгер Комитастың (1869—
1935) азалы музыкасы зар илеп тұрады]. 1579 ж. Тебризде көтеріліс 
болды.
1639 жылғы иран-түрік бітім шарты бойынша Шығыс Закавказье 
— Иран шахының, Батыс Закавказье — Түрік сұлтанының қол 
астына көшті. Арменияның батыс бөлігі Түркияның, шығыс бөлігі 
— Иранның еншісіне тиді.
Грузия Мəскеуден көмек сұрады. Кахети патшасы Теймураз 1639 
ж., Имерети патшасы Александр 1651 жылы орыс патшасына адал 
берілгендігін білдіріп, серт берді.
Грузия үшін, оның ішінде əсіресе Картли мен Кахети үшін 
ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде шах I Аббастың жорықтарының 
зардабы ауыр болды. Кахетиде жүз мың адам өлді, екі жүз мың 
адам Иранға əкетілді. 1639 жылғы Иран мен Түркия арасындағы 
келісім бойынша Əзербайжан толығымен Иранның қол астына 
көшті. Закавказье халықтары шет елдік басқыншыларға қарсы 
қарулы көтеріліске шығып отырды. 1623—1625 жж. Грузияда Иран 
үстемдігіне қарсы мұраб Г. Саакадзе (1580—1629) басқарған көтеріліс 
болды. Көтеріліске 20 мыңға жуық адам қатысты. 1624 ж. Марабада 
маңындағы шайқаста шах əскерлерінен жеңілген соң көтерілісшілер 
партизандық соғысқа көшті. Сефевилік əскер көтерілісті əрең деген-
де басты. Саакадзе Түркияға қашып барып, сонда қайтыс болды.
ХVІ ғасырда Закавказьеде бірнеше антифеодалдық көтерілістер 
болып өтті. Олардың ішінде ең ірісі 1537 жылғы Солтүстік 
Əзербайжандағы көтеріліс болды. ХVІІ ғасырдың алғашқы 
онжылдықтарындағы Армения мен Əзербайжандағы шаруалар 
отрядтарының көтерлістері халық батыры Көроглының атымен 
тығыз байланысты. Ол халық эпостарында байлар мен өкімет 
басшыларының тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа, ұрлық-
қарлықка, əділетсіздікке қарсы күресуші ретінде мадақталады.
1616—1625 жж. Армения мен Əзербайжанда монах Мехлу-
баба (Мехлу-вардапет) басқарған қозғалыста əлеуметтік əділет-
сіздікке қарсы наразылық айқын көрініс тапты. Мехлуге тек 
христиан-армяндар ғана емес, мұсылман-əзербайжандар да қызу 
қолдаушылық білдірді. Гянджа мен Карабах аудандарында бас-
талған  қозғалыс  Ереванға  да  тарады.  Ол  қозғалысты  армянның 
жоғары дінбасыларының талабымен облыстың беглербегі басып та-
стады.
XV ғасырдың аяғына қарай Алтын Ордадан тəуелсіздігін алған 
Мəскеу князьдығы ХVІ ғасырдың ортасына қарай патшалыққа ай-
налып, басқыншылық саясатқа көше бастады. Ол Қазан, Астрахань 
патшалықтарын басып алумен шектелмей, Кавказдың арғы 
жағындағы елдерге де көз тіге бастады. Ресей патшалығының бұл 
мақсатқа жету жолындағы əрекеті 1557 ж. Кабарданы жаулап алу-
дан басталды. Орыс өкіметінің басқыншылық саясатын жүзеге 
асырудағы белсенді көмекшісі қашқын казактар болды. Олар 
Солтүстік Кавказдағы маңызды стратегиялық пункт — Сунжа 
өзенінің Терек өзеніне қосылатын жерінде бекініс қамалын сала 
бастады. Бірақ 1571 ж. Қырым əскерінің Мəскеуге жасаған жойқын 
жорығы орыстарды Теректен уақытша кетуге мəжбүр етті.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысына дейін орыс өкіметінің 
Закавказье үшін Түркиямен жəне Иранмен соғысуға шамасы келмеді, 
бірақ армян, əзербайжан жəне грузин халықтарына материалдық 
жəне дипломатиялық көмек көрсетіп, өз жағына тартуға тырысып 
отырды.
XVI ғасырдың басында Орта Азияда үлкен саяси өзгерістер бо-
лып жатты. Ол алдымен Дешті-Қыпшақтан көшпенділердің Орта 
Азияның егіншілік аудандарына қоныс аударуымен байланысты 
болды. ХVІ ғасырда Өзбек əулеттері басқарған Мəураннахрда Бұ-
хар жəне Хорезмде Үргеніш
1
 хандықтары құрылды. Орта Азияның 
отырықшы халқы жəне көбінесе Хорезм хандығында көшпелі мал 
шаруашылығымен айналысатын көшпенділер негізінен осы екі 
мемлекеттің аралығында тұрды. Хорезм хандығының билігі кейбір 
кездерде түркмендердің жерлеріне де жүріп жататын: ХVІ ғасырда 
қазіргі Туркмения жері түгелімен дерлік Хорезм хандарының 
басшылығындағы өзбек феодалдарының қол астында болды.
ХVІ ғасырда өзбек халқының қалыптасуы аяқталды. Отырықшы 
халыққа да өз атын берген көшпенділер сонау атам заманнан 
бері қазіргі Өзбекстан аумағын мекендеген согдылықтардың, 
хорезмдіктердің жəне де басқа түріктік тайпалар мен халықтардың 
ұрпақтарымен араласып кетіп, отырықшылыққа көше бастады.
ХVІ—ХVІІ ғасырларда Хорезм оазисі мен онымен көрші аудан-
дардан кейбір түрік тайпалары Түркменстанның оңтүстік бөлігіне 
қоныс аударды. Оңтүстік жəне солтүстік түркмен тайпаларының 
араласуы түркмен халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. 
Шамамен осы ХVІ ғасырда Орта Азиядағы қырғыз жəне қарақалпақ 
халықтарының қалыптасуы орын алды.
1
 Кейінірек (ХVІІ ғ.) Үргеніш хандығының астанасының Хиуаға көшуіне байла-
нысты Үргеніш хандығы Хиуа хандығы деп аталып кетті.

310
311
ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азия-
дағы барлық көшпенділер арасында ру-тайпалық белгілердің 
қалдықтары сақталған феодалдық қатынастар онан əрі дамып, жетіле 
түсті. Бұл қатынастар патриархалды түрде болды. Көшпенді өзбектер 
Орта Азияның отырықшылық өмір сүретін халықтарының арасы-
на феодализмнің алғашқы кезеңдеріне тəн қатынастарын ала келді. 
Бұл феодалдық бытыраңқылық қайта оралған Мəуераннахрдың, 
Фергананың, əсіресе Хорезмнің əлеуметтік-экономикалық дамуын 
тежеді.
Өндіргіш күштердің баяу дамуы, Индия мен Қытайға баратын 
сауда жолдарының Орта Азиядан теңізге ауысуы, өзара қырқысулар, 
феодалдық соғыстар Орта Азия экономикасында тоқырау туғызды. 
Орта  Азия  қалалары  арқылы  өтетін  Жібек  жолы  өзінің  маңызын 
жойды. ХV ғасырдан бастап онда суландыру жүйелерінің қысқаруы, 
қолөнер сапасының төмендеуі, калалардың құлдырауы орын алды. 
Орта Азияда феодалдық жер иеленудің негізгі түрі  «союргал» бол-
ды.
Хан жерді халыққа үлестіріп беретін де, ақы алып отыратын. 
Союргалға берілген жер əкеден балаға көше беретін. Шартты жер 
иелену «танхо» деп аталатын. Феодалдық жер иеленудің дамуына 
байланысты шаруаларды қанау күшейе түсті.
Егіншілікте өте қарапайым соқа-омач, ағаш тырма-мала, кетпен, 
ағаш күрек пайдаланылды. Негізгі дақылдар арпа, бидай, күріш 
пен мақта болды. Сондай-ақ жүгері, тары, көкнəр өсірілді. Жібек 
өсіру, бау-бақшалық, жүзім өсіру де ауыл шаруашылық өндірісінің 
маңызды салалары болды. Жеміс-жидектер мен көкөніс халықтың 
күнделікті тамағында кеңінен орын алды. Ал кептірілген жемістер 
(өрік-мейіз) тек Орта Азияның базарларында ғана сатылып қоймай, 
сыртқы рынокқа көптеп шығарылды.
Егіншілікпен айналысатын облыстарда шаруашылықтың қо-
сымша көмекші саласы болып табылатын мал шаруашылығымен 
көшпенділер ғана айналысты, бұл салада еңбектің экстенсивті түрі 
қолданылды. Малдың негізгі түрі құйрықты қой, екі өркешті түйе, 
ірі қара жəне жылқы болды. ХVІ—ХVІІ ғасырларда Орта Азия 
жылқысы Индияда үлкен сұранысқа ие болып, Қабылдың рынокта-
рына жыл сайын мыңдап шығарылып отырды.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы орыстар мен шығыс елдерінің рынок-
тарындағы мақта жəне жібек маталарына деген сұраныстың өсуі Орта 
Азиядағы тоқыма өнеркəсібінің дамуын тездетті. Тері өңдеу өндірісі 
де дамыды. Мата мен тері бұйымдарының едəуір бөлігі басқа елдер-
ге шығарылып, сыртқы сауданың маңызды бір саласы болды. Қала 
қөлөнершілері жасайтын қарулар мен əскери қару-жарақтар, металл 
ыдыстар мен зергерлік бұйымдар негізінен жергілікті рыноктың 
сұранысын қанағаттандырып жатты.
Қалаларда қызметі ерекше жарғылармен («рисоля») бекітілген 
кəсіптік  цехтық  ұйымдары  құрылды.  Қолөнершілер  феодалдық 
өкіметке  тиісті  салық  төлеп  тұрды.  Орта  Азияның  қолөнершілері 
өндірген бұйымдарын өздері сататын. Олардың көпшілігінің базар-
ларда өз дүңгіршіктері (лавка) болды.
Ортаазиялық көпестер Шығыстың көптеген елдеріне жəне 
Ресейге барып, өз бұйымдарын айырбастап, сауда-саттық жүр-
гізді. Шет елдерден Орта Азияға құнды аң терілері, морж тістері, аң 
аулағыш құстар, қымбат қызыл тері т.б əкелінетін. Орта Азиядағы 
тауарлы шаруашылық өте баяу дамыды.
ХV ғасырдың аяғында Темірдің ұрпағы Махмұттың үш баласы 
тақ үшін өзара соғысып жатқан кезде Мауераннахрға Əбілхайыр 
ханның (1428—1468) немересі Мұхаммед Шейбани бастаған 
көшпелі өзбектер басып кіріп, өз билігін орнатты. Шейбанидың өзі 
1500—1510 жж. билік құрса, оның үрім бұтағы астанасы Самарканд, 
кейінірек Бұхара болған, өзбек хандығы деп аталған мемлекетті 1599 
жылға дейін басқарды.
Шейбани державасы əлсіз əскери-əкімшілік бірлестік болды. 
Феодалдық қырқысулар көлемді, бірақ əлі қатая қоймаған Өзбек 
мемлекетін  əлсіретті.  Иран  шахы  Исмаил  мен  оның  одақтасы 
Бабырдың басып кіруіне қолайлы жағдай туды. 1510 жылы Мерв 
маңындағы Исмаил əскерімен кескілескен шайқаста өзбектер көп-
теп қырылып кетті, Шейбанидың өзі де қаза тапты. Оның жаулап 
алған жерлерінің біраз бөлігі Иранның қол астына көшті. 1512 
жылдың аяғында Самарқандты Бабыр басып алды. Бірақ келесі 
жылы Бабыр жеңілді де, Самарқанд қайтадан шейбанилердың аста-
насына айналды.
Феодалдық бытыраңқылықтың онан əрі өсуі барысында 
ортаазиялық қалалар (Бұхара, Ташкент, Ферғана, т.б.) тəуелсіз 
иеліктерге айналып кетіп отырды. ХVІ ғасырдың орта шенінде 
Мəуреннахр аумағында құрылған өзбек хандығының астанасы 
Самаркандтан Бұхараға көшірілді де, хандық Бұхар хандығы деп 
атала бастады.
ХVІ ғасырдың 50- жылдарының аяғында таққа өз əкесі Ескендір-
ханды (1561—1583) отырғызған шейбандық Абдулла-хан күшейді. 
Ол əскердің басшысы бола тұрып, таққа таласушылармен табы-

312
313
сты күрес жүргізді жəне Бұхар хандығының аумағын ұлғайтты: 
Ферғана алқабын бағындырып, Балхты алды, ал 1576 ж. Ташкент 
пен Самарқандты қосып алды. 1583 ж. əкесі өлгеннен кейін таққа 
Абдулла-хан отырып, 1598 жылға дейін билік құрды. Хан билігін 
нығайтуда ол жоғары дінбасыларының қолдаушылығына сүйенді, 
өзінің бағынғысы келмеген туысқандары мен вассалдарын аяу-
сыз жазалап отырды. Қатаң шаралармен шейбанилер иелігіндегі 
феодалдық бытыраңқылықты уақытша тоқтату елде тыныштық ор-
натып, шаруашылықтың, сауданың дамуына жол ашты.
ХVІІ ғасырдың 70—80- жылдарында Абдулла-хан əртүрлі жол-
дармен қазақ сұлтандарын өз жағына тартуға күш салып бақты. Бірақ 
1588 ж. қазақ ханы Тəуекел Бұхараның билеушісіне вассалдығынан 
бас тартып, оған қарсы соғыс ашты. Бұл соғыс ХVІІ ғасырдың орта-
сына дейін созылды. 1584 ж. Абдулла-хан əлі күнге дейін Темірдің 
үрім-бұтақтары билік жүргізіп отырған Бадахшанды, сонан соң 
Мерв, Герат, Мешхед қалаларын, ал 1593—1594 жж. Хорезмді басып 
алды.
Иран шахы Аббас I-мен қарым-қатынастың шиеленісуі Абдулла 
ханды Түркиямен жəне индиялық Ұлы Моғолдар державасымен 
одақтасуға итермеледі. 1585 ж. Бұхара мен Индия арасында елшілік 
алысу болды.
Абдулла-хан өлген соң жəне көп өтпей оның баласы да өлтірілген 
соң Шейбанилер əулетінің билігі жойылды да, Бұхар тағын оры-
стар басып алған Астраханнан қашқан ханның тұқымдары — 
Аштраханилер иемденді (1599—1753).
ХVІІ ғасырдың басында Бұхараның саяси маңызы төмендеп 
кетті. 1598 ж. Хорезм хандығы тəуелсіздігін қайта қалпына келтірді. 
Өкімет билігін нығайтып, қазақ даласына бірнеше қанды жорықтар 
жасаған Иманқұл ханнан (1611—1642) кейін Мəуреннахрда қайта-
дан феодалдық қырқысулар орын алып, қиын-қыстау кезең туды.
1505 ж. Темірдің ұрпақтары билік құрып тұрған Хорезмді 
Шайбанихан басып алды, ал ол өлгеннен кейін бұл жазирада 
Шайбанилер əулетіне қарсы тұрған өзбек хандары билік жүр-
гізді. Жаңа əулеттің негізін Елбарыс қалады. Хорезмге Дешті-
қыпшақ өзбектерінің қоныс тебуіне байланысты күшейген бұл 
əулеттің билеушілері Иранның əлсіреуін пайдалана қойып, өз 
иеліктеріне Оңтүстік Түркістанды, түркмендердің жерлері Балхан 
мен Маңғышлақты қосып ала қойды. Бірақ бұл кезде Хорезм 
хандығында феодалдық бытыраңқылық орын алды, экономикасы 
ауыр дағдарысқа ұшырай бастаған еді. Хорезм ханына бағынышты 
деп саналған ұланғайыр аумақта хан үйінің өкілдері билік құрған 
бірнеше жеке иеліктері болды. Олар ханға сөз жүзінде ғана бағынып, 
іс жүзінде тəуелсіз билік жүргізді. Мұндай жекелеген үлестердің 
кейбіреулері түркмен ақсүйектерінің қол астында болды. ХVІ 
ғасырда қазіргі Түркмения аумағында Хорезм ханын сөз жүзінде 
ғана мойындайтын төрт феодалдық иелік өмір сүрді.
Хорезмді ХVІ ғасырда Бұхар ханы бірнеше рет бағындыру 
əрекетін жасады, ал ХVІІ ғасырда көшпенді қалмақтар шабуылдары 
басталды.
1598—1601 жж. Оңтүстік Түркменстан жерін қайтадан Иран шах-
тары басып алып, жергілікті феодалдық княздіктерді жойып, Мерв 
пен Нисаға өз əкімдерін тағайындады. ХVІІ ғасырдың бірінші жар-
тысында Арал феодалдық князьдығы қалыптасты. Ол кейін Хиуа 
хандығынан  бөлініп  кетті.  ХVІІ  ғасырдың  басында  астана  Хиуа 
қаласына көшірілді де, хандық солай аталып кетті.
Хорезм  хандығының  ішкі  жағдайы  түркмендік  жəне  өзбек 
феодалдарының үстемдік үшін күресімен шиленісе түсті. ХVІІ 
ғасырдың басында Асфендияр ханның (1623—1643) сенімі мен 
қолдаушылығына ие болған түркмен ақсүйектерінің мерейі үстем 
болса, оларға қарсы күрескен өзбек феодалдары ақыры таққа 
Əбілғазыны (1643—1663) отырғызып тынды. Əбілғазы орталық 
билікті нығайтты, салор тайпасына қысымшылық көрсетіп жүрген 
түркмен тайпаларына қарсы бірнеше жорықтар жасады.
Хорезм хандығының тұрғындары этникалық, экономикалық 
жəне мəдени ерекшеліктері жағынан үш топқа бөлінетін. Бірінші 
тобын қала жəне отырықшы егіншілікпен айналысатын жазираның 
ежелгі тұрғындары, хорезмиліктер құрайтын. Олар көптеген 
келімсектермен, негізінен түркіліктермен араласып кетіп еді. 
Екінші тобын, негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналыса-
тын түркімен тайпалары құрады.
Олар хандықтың батысы мен оңтүстігін мекендеді. Үшінші тобы 
Елбарыс ханның тұсында қоныс аударған көшпенді өзбектер бо-
латын. Бара-бара өзбектер мен хорезмдіктер бір халыққа айналып 
кетті.
Орта Азияның Солтүстік Шығыс жағы — Жетісу — Моғол-
станның құрамына кірді. Оны негізінен қырғыздар мекендеді. ХV 
ғасырдың екінші жартысында Солтүстік Қырғызстанда бірнеше 
тайпалардың бірігуі нəтижесінде қалыптасқан қырғыз халқын 
қамтыған дербес хандық құрылды. ХVІ ғасырдың бірінші жарты-
сында қырғыздар үздіксіз ойраттар шабуылдарына тойтарыс беру-

314
315
мен болды. ХVІІ ғасырға қарай қырғыздардың шығыс Түркістанның 
мемлекеттік-саяси өміріндегі белсенділігі арта түсті.
Қырғыздар ислам дінін қазақ-өзбектерден əлдеқайда кейін, ХV—
ХVІ ғасырлада қабылдай бастады. Оны негізінен Ферғанадан жəне 
де басқа Тянь-Шаньмен көршілес мұсылман хандықтарынан келіп 
жүретін шейхтар таратты. Ол шейхтардың айтуынша қырғыздар-
дың көпшілігі ХVІ ғасырда да көп құдайды мойындайтын пұтқа та-
бынушылар болған.
Кейінгі орта ғасырлардағы жойқын соғыстарға қарамастан 
Закавказьеде, Орта Азияда мəдениет дами берді. Бұл кездегі гру-
зин əдебиетінде отан сүйгіштік тақырып басым болды. Ол Теймұраз 
патшаның «Кетеваниани» поэмасында жырланды. Патша өзінің 
шешесі Кетевананың парсы тұтқынына түсіп, сонда қайтыс болуын 
қайғылы жырға қосқан. ХVІІ   ғасырдың екінші жартысында ақын 
Иосиф Саакадзе «Дидмоуравиани» («Ұлы Моурав туралы жыр») по-
эмасын жазды. Ол грузин халқының тəуелсіздік үшін күресін жыр-
лайды. Тарихи оқиғалар «Картлис Цховреба» («Картлидің өмірі») 
деген жылнамалар жинағына енгізілді.
Поэзия жанры Арменияда да дамып, жетіле түсті. ХVІ ғасырда 
Григор Ахтамарци, Кучак, Симеон Апаранци т.б. ақындар өмір сүрді. 
Аракел Тебризскийдің «Тарих кітабы» деген еңбегі Арменияның 
ХVІІ ғасырдың алғашқы 60 жылы ішіндегі тарихынан мəліметтер 
береді. Армения мəдениетінің тарихындағы маңызды оқиға — армян 
тілінде кітап басып шығару болды. Италияда өмір сүрген Акоп 1512 
ж. Венецияда армян тіліндегі ең бірінші кітап — «Парзатумарды» 
(«Түсіндірме күн-тізбе») басып шығарды. Ең бірінші армян баспа-
ханасы  1567  жылы  Ыстамбулда  ашылды.  1584  жылы  Римде,  1633 
жылы Парижде де армян баспаханалары ашылды. Грузиядағы кітап 
басу ісі ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында басталды. Ең бірінші 
грузин кітабы 1629 жылы Римде басылып шықты.
Кейінгі орта ғасырлардағы əзербайжан ұлттық əдебиетінің 
негізін қаласқан ұлы тұлғалардың бірі М. С. Физули. Ол 1494 жылы 
қазіргі Ирак жерінде, Бағдатқа таяу Кербела қаласында туған. 
Оның қара сөзбен жазылған «Шикаят-наме» /»Шағым кітабы»/ 
атты шығармасы, «Матлаул этикад» /«Діни уағыздар тарихы»/ атты 
философиялық трактаты, дүниежүзілік поэзияның інжумаржаны 
саналатын «Лəйлі-Мəжнүн» дастаны бар /осы нұсқасын Шəкəрім 
Құдайбердиев 1907 жылы қазақ тіліне аударған/.
Кейінгі орта ғасырларда Орта Азия халықтарының арасында 
араб тілін, діни білімді, шариатты оқып-білуге, меңгеруге көп көңіл 
бөлінді. Заиырлық ғылым — білім де баяу дамып, жетіле түсті. 
ХVІІ ғасырдың ортасында Балхта ғұлама оқымысты Мұхаммед 
ибн Уəли үлкен энциклопедия құрастырды. Оның біраз бөлігі 
біздің заманымызға дейін сақталған. Энциклопедияның негізіне 
Мұхаммед ибн-Велидің тарихи шығармасы алынған. Ол шығармада 
Орта Азия тарихы Шыңғыс ханның жаулап алуынан бастап алғашқы 
Астрахандық Жəнилер билігіне дейін (ХVІ ғ. аяғы) баяндалған.
Гераттық тарихшы Хондемир «Өмірбаяндар» деген кең көлемді 
тарихи хроника құрастырды. Онда дүние жүзі тарихының маңызды 
оқиғалары мен көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндары 1510 жылға 
дейін қамтылған. ХVІ ғасырда Фазлулла Рузбе-ханның «Бұхар 
қонағының кітабы», Хафиз Таныштың «Шахтың тектілігінің 
кітабы», Бабырдың «Бабырнама» деген шығармалары өмірге келді.
ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде Самарқандта Рашид-ад-диннің 
парсы тіліндегі дүние жүзі тарихының жылнамасы, сондай-ақ 
Шарафуддин  Иездидің  Темірдің  тарихына  арналған  «Зафар-наме» 
деген шығармасы көне өзбек (шағатай) тіліне аударылды. ХVІ 
ғасырдың бірінші жартысында Рашид-ад-дин шығармасының 
түркімен тіліне Салор Баба аударған бөлігі жарық көрді. 
ХVІ ғасырдың басында ақын, əрі тарихшы Кемаледдин Бенаи 
мен Зайнуддин Васифилер шығармалары өмірге келді. 1639 жылы 
шиизмді жақтаушы деп айыпталып өлтірілген ақын Хилали өзінің 
лирикалық өлеңдерімен танымал болды. ХVІ ғасырдың 60—70- 
жылдарында Бұхарадағы Абдулла-хан Шайбанидың сарайын-
да көптеген көрнекті ақындар болды. Олардың ішінен, əсіресе 
Абдрахман Мушфикиді (1588 ж. өлген) ерекше атап өтуге болады. 
Ол өзінің сатиралық өлендерінде сол кездегі қоғамдық өмірде орын 
алған келеңсіз жəйттарды сынады.
Закавказьедегі сəулет өнеріне бекініс қамалдар ансамблі-
нің құрылыстары тəн болды. Оның қатарына Арагва өзенінің 
бойындағы Ананұр замогы, Гори қорғаны, Ацкур замогы т.б. жа-
тады. Бұл құрылыстардың пішініне ирандық ықпал зор əсер етті. 
Орта Азияда діни ғимараттар — мешіттер мен медреселерді, кесе-
нелерді сəн-салтанатты етіп салуға көп көңіл бөлінді. Олардың қата-
рына Бұхарадағы Көкілташ медресесін, Қаршыдағы Көк-Күмбез, 
Бұхарадағы Балянд мешіттерін жатқызуға болады. Сондай-ақ зəу-
лім қақпалар мен мұнаралар, күмбездер тұрғызылды: Самаркандта 
Регистан, Бұхарада — Пои-Калян, Чар-Бакр, Шаһи Зинда күмбезі 
(Самаркандта), Хиуадағы Келте-Минар мұнарасы.

316
317
Физули Мухаммед Сулейман оглы
(1494, Кербела қ.— 1556, сонда)
əзербайжан ақыны
Орта Азиялық бейнелеу өнері де онан əрі жетіле түсті. Оған, 
яғни бейнелеу өнеріне, оның ішкі əсемдігі, өмірлік тəжірибеден 
туған пайымдаулардың айқындылығы, терең діни философиялық 
тұспалдау тəн. Бұхара, Самарқанд қалаларында миниатюра мек-
тептері қалыптасты. Орта Азиялық миниатюра өнерінің дамуы-
на Гераттық Бехзад Кемаледдин (1455—1536) зор үлес қосты. Ол 
Сағдидың «Бустан» кітабын, Низамидың «Хамза» атты поэма-
дан құралған кітабын көркем суреттермен  безендірді. Бехзадтың 
көркем шығармалары Лондон, Санкт-Петербург қалаларындағы 
мұражайларда сақталған.
ХVІ—ХVІІ ғасырларда миниатюра саласында Мұхаммед Мұрат 
(Самарканд), Абдулла (Бұхара) табысты еңбек етті. Осы кезде Орта 
Азияда қолөнер түрлері: өрнекті кілемдер тоқу, металдан ою-өрнекті 
зергерлік бұйымдар мен сəнді қару-жарақтар жасау кең өріс алды. 
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 3. Восток на рубеже средневековья и но-
вого времени ХVІ—ХVІІІ вв.— М.: «Восточная литература» РАН, 
1999.— 120—130 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет