С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет25/25
Дата22.12.2016
өлшемі7,55 Mb.
#159
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ҚОРЫТЫНДЫ
Ортағасырлық  Азия  жəне  Африка  елдеріндегі  феодалдық 
қатынастардың дамып жетілуінің өзіне тəн біраз ерекшеліктері болды. 
Ол елдерде қауым ұзақ уақыт бойы сақталды. Мемлекеттің орталық 
аймағындағы отырықшы халық арасында тайпалық қауымдар орын 
алса, шеткі аймақтарда көшпенділер тайпалары өмір сүре берді. 
Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы бірнеше жүз жылдарға со-
зылды. Оның барысында көршілік қауымға өтетін кездегі түрі — 
үлкен отбасылық жəне патронимиялық құрылым қалыптасты.
Қауымдық құрылымның тұрақтылығы, оның нормаларының 
заңдастырылуы шаруалардың мүліктік жəне əлеуметтік жіктелуін 
кешеуілдетті, жеке тұлғалардың ұжымнан бөлініп шығуын те-
жеп отырды. Сөйтіп, шығыс феодализмін біраз уақыт тоқырауға 
ұшыратты.
XVI—XVIII ғасырларда Азия жəне Африка елдерінің көпшілігінде 
тек қауымдық жер иеленудің ыдырауының элементтерін ғана 
байқауға болады. Бұл үрдіс, əсіресе XII—XVI ғасырларда мемле-
кеттік жерлердегі үлестік қауымның ыдырауы орын алған 
Жапонияда ертерек байқалды. Жекеменшік жер иеліктеріндегі 
қауымдар өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланды, ал 
шаруаларға салынатын салық мөлшері төмен болды. Бұл жағдай 
Жапониядағы жеке шаруа меншігінің қалыптасуының, феодалдық 
аграрлық жүйенің дағдарысының əрі алғы шарты, əрі көрсеткіші 
болды.
Патриархалдық қатынастардың қалдықтарының күштілігі мен 
жеке тұлғалардың құқтарының арасындағы алшақтыққа қарама-
стан, соңғысы орта ғасырлардың аяғына дейін қауымның ұжымдық 
кұқтарымен шектеулі күйінде қалды. Қауым мүшесінің өзіне тиісті 
жерін сату үшін ұжымның рұқсаты керек болды. Ең алдымен сол 
қауым мүшесінің ғана сатып алу құқы болды, қауым ішінен ондай 
адам табылмаса ғана бөгде адамға сатуға рұқсат берілді.
Көршілік қауымдардың өзін-өзі басқаруының автономиялығы 
оларды шаруалардың феодалданып жатқан элементтерге, жекелеген 
ұсақ  жəне  орташа  феодалдарға  əлеуметтік  қарсылық  көрсету  кұра-
лына айналдырды. Мұндай жағдайда егін шаруашылығынан түсетін 
артық өнімді жинап алып отыру үшін орталықтандырылған күшті 
əскери-əкімшілік билік қажет болды. Мемлекет қауымды қазына 
табысының қайнар көзі ретінде пайдалана отырып, оның сақталуына 
мүдделі болды, оның нығаюына қолдау көрсетіп отырды.
Сөйтіп, ортағасырлық шығыстың өзіне тəн бір ерекшелігі 
өкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жеке меншік иесінің 
шектен тыс байып кетуі мемлекет үшін қауіпті деп саналды. Қоғам 
мүшелерінің санасында ең алдымен мемлекет мүддесін ойлау, 
өкіметке күмəнсіз бағыныштылық сезімі қалыптастырылды. Ең 
бастысы — мемлекет, оның өкіметі, ал жеке тұлғалар мен олардың 
меншігі — екінші орындағы құндылық деген қағида басшылыққа 
алынды. Сол қағиданың нəтижесінде жеке меншіктік мемлекеттің 
бақталасы болудан қалып, оның алдындағы тəуелді қызметкеріне 
айналды. Мемлекеттік меншіктің жеке меншіктік жер иелігінен ба-
сым болуы — Азия жəне Африка елдеріндегі феодализмге тəн сипат 
болды.
Мемлекет — ұжымдық қанаушы, ұланғайыр меншік иесі болды. 
Ол ауыл шаруашылығындағы, қолөнеріндегі артық өнімнің негізгі 
бөлігін иемдене отырып, орталықтандырылған тəртіп бойынша 
билеуші таптың өкілдеріне өзі бөліп беріп отырды.
Азия мен Африка елдерінің арасында мемлекеттік меншік, 
əсіресе Кытайда айқын көрініс тапты. Таяу Шығыста мемлекеттік 
меншік Осман империясында кең қанат жайды. Шаруашылықты, 
оның ішінде ең алдымен сауда мен қолөнерін мемлекет өз қолында 
ұстады.
Азия мен Африка елдерінің ішінде ерекше орын алған мемлекет 
Жапония  болды.  Ол  елде  ерте  орта  ғасырларда  (VІІ—ХІ)  қызметі 
үшін үлестіріліп берген жер үлестері кейін мұрагерлікпен пайдала-
натын иелікке айналды.
Мемлекеттік меншіктің үстем болуы Азия-Африка елдерінде 
феодалдық қатынастар болды ма деген сұрақ туғызады. Бұл 
сұраққа тарих: иə, шығыста мемлекеттік феодализм болды деп жау-
ап береді. Батыста жеке құқықтық феодализм болса, Русьте Шығыс 
пен Батыс феодализмдерінің жиынтығы орын алды. Азия-Африка 
елдеріндегі жеке меншіктік XVI ғасырда басталған отарлау кезінде 
де мемлекеттік меншікті жоя алмады.
Мемлекеттік феодалдық меншіктің үстем болуына байланысты 
билеуші таптың жоғарғы баспалдағында қызметтегі ақсүйектер 
тұрды.  Шыққан  тегі  ғана  ақсүйек  болып,  мемлекеттік  қызмет 
атқармаған өкілдері қоғамдағы беделі мен ықпалы жағынан төменгі 
баспалдақта тұрды. Шығыста мемлекеттік биліктің озбырлық 
түрі  үстемдік  құрды.  Оған  Жапониядан  басқа  елдерде  көбінесе 
жат жерліктердің (арабтар, түріктер, моңғолдар, маньчжурлар) 
билік құруы да себеп болды. Жат жерліктер өздері басып алған 

378
379
саяси  жəне  əлеуметтік  жеңістерін  тек  озбырлық  билікпен  ғана 
ұстап тұра алатын еді. Ал орталықтандырылған күшті озбырлық 
билікті нығайтуға бағытталған саясаттың құрамдас бір бөлігі — 
мемлекеттік меншікті нығайтып, жеке меншіктікті шектеуге, же-
келеген феодалдардың күшейіп кетуіне жол бермеуге бағытталған 
шаралар болды.
Орта ғасырлардағы əлемді дүр сілкіндірген күштің бірі көш-
пенділер болды. Көптен бері өмір сүріп келе жатқан мемлекеттердің 
шет жақтарындағы көшпенділер орталықтың ықпалында бола 
тұрып, өздері де феодалдық үрдістерге, феодалдық формацияның 
ішкі ортасына əсерін тигізіп отырды. XI ғасырдағы селжук 
түріктерінің, XIII ғасырдағы моңғолдардың қуатты миграция-
лары бір жағынан феодалдық бытыраң-қылықты тоқтатып, 
қуатты орталықтандырылған мемлекеттік биліктің орнауына 
əкеліп соқса, екінші жағынан мəдени орталықтардағы өндіргіш 
күштерді кұлдыратты, егіншілік аймақтардың қысқарып, мал 
шаруашылығының басым болуына əкеліп соқты. Көптеген шығыс 
елдерінде халық санының өсімі төмендеп кетті.
Көшпенділер жаулап алушылықтары мен миграциялары 
шығыс қоғамының бəріне бірдей əсер ете қойған жоқ. Олардың 
ықпалынан Жанония мүлдем тыс қалды. Егер феодализм генезисі 
кезінде көшпенділердің отырықшы халыққа орнатқан билігі қоғам 
үшін тиімді болып, феодалдану үрдісін тездетуге үлес қосса, кейін 
керісінше, ол процеске тежеу бола бастады.
Азия, Африка елдерінде кұлдық сақталды, бірақ құлдар 
шаруашылықта шешуші рөл атқармады, негізінен үйде малайлар 
ретінде пайдаланылды. Құл иеленушіліктің сақталуына ірі жаулап 
алушылықтар, жеңілген елдердің халықтарын қуып əкету себеп бо-
лып отырды. Құлдық ерте орта ғасырларда кеңірек орын алғаны-
мен, ол дамыған феодализм кезінде бұрынғы маңыздылығынан 
біржолата айырыла бастады. VІІІ—ХІ ғасырларда Жапониядағы 
кұлдар оның барлық халқының 10—15 %-н кұрады. 
Азия мен Африкадағы феодалдық қоғамның маңызды бір бөлігі 
— сол қоғамның өзіне тəн белгілерін бейнелеген орта ғасырлық қала 
болды. Еуропалық қалалар сияқты, шығыстық қалалардың дамуы 
да өндіргіш күштердің жəне феодалдық əлеуметтік-экономикалық 
қатынастардың даму дəрежесімен тығыз байланысты болып, сол 
қатынастарды бейнелеп отырды. Шығыс елдеріндегі қалалар 
қатарының шұғыл өсуі Х—ХІІ ғасырларда байқалды. Бұл кезде 
қалалардағы өнеркəсіп қарқынды дамып, орта ғасырлық мəдениет 
өркендеді.
Халықтың қалаларда шоғырлануы жағынан Шығыс бұл кез-
де  Батыстан  едəуір  алда  болды.  XVIII  ғасырдың  аяғына  қарай 
шығыс елдерінің қалаларында халықтың 10—15 % тұрып жатты 
деген болжам бар. Ал ол кезде 10 мыңнан астам адамы бар еуропа 
қалаларында халықтың 1 %-н 7 %-ке дейінгі бөлігі тұрып жатты. 
Тіпті шығыс қалаларының еуропа қалаларына қарағанда аграрлық 
қатынастармен байланысы əлдеқайда аз болды.
Шығыс қалаларында феодалдар көптеп тұрып жатты. Шығыс 
қалалары феодалдық биліктің орталығы болды, сондықтан да 
олардың автономиялық құқтары шектеулі болды. Олар феодализмнің 
берік қамалы рөлін атқарды. Шығыстың қалалары антифеодалдық 
оппозицияның орталығына айнала алмады. Азия мен Африка 
қалалары өзінің тарихи миссиясын орындай алмады: олар ауылды 
тауар-ақша қатынасына тарта алмады.
Шығыс қалаларында азық-түлік рыногы жақсы дамыды. Ол даму 
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді толық болмаса да біраз жан-
дандырып отырды. Сол себепті шаруалардың артық өнім өндіруге 
деген ынтасы төмен болды. Сөйтіп феодалдар мен феодалдық 
мемлекеттің қалаға қысымшылығы жəне феодалдық қанаудың 
ауыртпалығы шаруа шаруашылығын ақша-тауар қатынасына тар-
туды қиындатты, ауылды қауымның ішінде ғана қолөнері мен 
егіншілікке бөлінген, өзімен-өзі экономикалық оқшауланып қалған 
шағын бірлестікке айналдырды.
Осының бəрі Азия мен Африка елдеріндегі феодалдық 
құрылымның баяу дамуының факторлары болды. Бұл елдер-
де де, Еуропа елдеріндегідей, феодалдық қатынастардың дамып, 
жетілуін екі кезеңге бөлуге болады. Біздің заманымыздың алғашқы 
ғасырлары феодализмнің генезисі, яғни өтпелі кезең болды. VII 
ғасырдан  ІХ—Х ғасырларға дейін шығыс қоғамы ерте феодалдық 
қатынастарды бастан өткізді. Феодалдық жер иеленудің басты түрі 
еуропалық манор сияқты ұсақ феодалдық меншік болды.
Феодализмнің гүлденуінің басталуы деп əдетте моңғолдар 
дəуіріне дейінгі кезең, яғни Х(ХІ) — XII ғасырлар саналады. Бұл 
кезге қарай негізгі феодалдық рента өндірушілер натуралды рента 
төлейтін қауымдық шаруалар мен жерлерінен айырылып қалған 
жалгерлер  болды.  Еңбекпен  өтеу  аз  мөлшерде  ғана  сақталды. 
Рентаның бұл түрі негізінен мемелекет пайдасына атқарылатын 
міндеткерліктер ретінде сақталды.
Феодалдық қоғамның жетілгендігінің көрсеткіші қалалардың 
гүлденуі болып саналады. Орта ғасырлық мəдениеттің үлкен 

380
381
жетістіктері қалалардың өз дамуының шыңына жеткендігін 
дəлелдейді. Олардың онан əрі дамуы, жетілген феодалдық қоғамның 
басқа да көптеген экономикалық жəне əлеуметтік элементтерінікі 
сияқты, моңғол-татар жаулап алушылықтарына байланысты тоқтап 
қалды.
Ортағасырлық шығыс елдерінің өзіне тəн ерекшелігінің бірі — 
діннің мемлекеттік деңгейге көтерілуі болды. Феодализм генезисі 
кезінде шығыста ең жаңа, ең соңғы халықаралық дін — ислам өмірге 
келді. Ол мемелекеттік билікті де өз қолына шоғырландырды. Ислам 
дінінің билігі əділетті болғандықтан ол тез арада көптеген елдерде 
орнады. Ислам дінін ұстаушылар Индияда күшті мемелекет құрды. 
Ислам дінінің, мемлекетінің басшылары IX ғасырға қарай алғашқы 
адал да əділетті жолдан ауытқи бастаған кезде шығыс мемелекеттері 
де əлсірей бастады.
Орта ғасырлардың аяғына қарай ислам дініне жан-тəнімен 
берілген түріктер күшті Осман империясын құрып, бұрынғы араб 
халифатының иеліктеріне билігін орнатты. Сөйтіп ислам діні 
əлеуметтік топтардың ынтымағын нығайта отырып, өз ықпалындағы 
мемлекеттердің əлемдік өркениеттегі беделін көтеріп, рөлін артты-
ра түсті.
Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетінің гүлдене түсуіне 
транзиттік сауда өз үлесін қосты. XV ғасырдың ортасында түріктер 
Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда жолын шектеген соң ол 
жол теңіздерге ауысып, өз ауқымын бұрынғыдан бетер кеңейте 
түсті. Теңіз саудасының арқасында ислам діні Африка мен Оңтүстік 
Шығыс Азия елдеріне таралып, даму жағынан артта қалған 
халықтарды əлемдік өркениет шеңберіне тартты.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы Азия мен Африка мемлекеттері фео-
дализм теориясын байытып, əлемдік өркениеттің онан əрі дамып, 
жетіле түсуіне өзіндік зор үлестерін қосты.
БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ 
СҰРАҚТАРЫ
1. Жапониядағы «буси» деген кім?
A. мал бағушы;
B. қолөнерші;
C. саудагер-көпес;
D. өкімет басшысы;
E. əскери-поместьелік дворян.
2. Жапониядағы «гокэнин» деген кім?
A. мемлекет басшысы;
B. егінші-диқан;
C. кұрылысшы;
D. дін басшысы;
E. ірі феодалдың вассалы.
3. Жапониядағы “нануси” деген кім?
A. қарақшылар;
B. ойын-сауық ұйымдастырушылар;
C. емшілер;
D. бақсылар;
E. феодалдардың қарулы отрядтары.
4. Жапониядағы 1335—1392 жылдар қалай аталады?
A. ашаршылық жылдары;
B. бақыт құшағындағы жылдар;
C. дүрбелең жылдар;
D. “бес жорық” жылдары;
E. екі үкімет, екі астана жылдары.
5. 1069 ж. Жапонияда қандай оқиға болды?
A. сарай төңкерісі болды;
B. самурайлар тобы қалыптасты;
C. фудзиваралар билікті басып алды;
D. ешқандай оқиға болған жоқ;
E. фудзиваралардың қарсыластары императорды үрлап кетті.

382
383
6. Жапон тарихындағы 1467—1477 жылдар қалай аталады?
A. тыныштық жылдары;
B. онин жылдарындағы дүрбелең;
C. жауын-шашын жылдары;
D. дағдарыс жылдары;
E. кэммудің қайта қалпына келу жылдары.
7. Жапониядағы “сеэн” деген не?
A. əскери тұтқындар;
B. əскери міндеттілер;
C. жер үлестері;
D. басыбайлы шаруалар;
E. жеке тұлғаларға мұрагерлікпен пайдалануға берілген жер 
иелігі.
8. Жапонияның ең алғашқы заңдар жинағы қалай аталады?
A. “Тайхөре кодексі”;
B. Кэмму задары;
C. Фудзивара жарлығы;
D. “Омире кодексі”;
E. Тэнно заңдары.
9. Жапониядағы “мэцукэ” деген не?
A. қолөнершілер бірлестігі;
B. барлық басқару аппаратын бақылайтын топ;
C. жекеменшік шеберхана;
D. саудагерлер бірлестігі;
E. Жапонияны біріктіру үшін күресушілер.
10. Феодалдық Жапониядағы “хатомото” деген кімдер?
A. шартты түрде жер иеленушілер;
B. əскери міндеткерлер;
C. кедейленген самурайлар;
D. қауымнан бөлініп шыққан байлар;
E. сегунның қарамағындағы ерекше жағдайдағы самурайлар.
11. Ода Набунага деген кім?
A. Жапонияның ұлттық батыры;
B. Қытаймен соғыстағы халық батыры;
C. Жапониядағы олимпиада ойынын ұйымдастырушы;
D. Жапонияның бірінші біріктірушісі;
E. Тайк төңкерісінің ұйымдастырушысы.
12. Жапонияның екінші біріктірушісі кім болған?
A. Накатоми Камакура;
B. Фудзивара;
C. Тоетоми Хидэеси;
D. Ли Сун Си;
E.  Че Гевара.
13. Марзбан деген кім?
A. Армениядағы басыбайлы шаруа;
B. Иранның жергілікті жерлерді басқарған əкімдері;
C. Ирандағы діни секта;
D. Салық жинаушы шенеунік;
E. Ихта иесі.
14. Дайвьеттегі вансуан деген не?
A. басыбайлы шаруа;
B. ірі феодал;
C. “сансыз көктем империясы”;
D. “бақыт құшағындағы жылдар”;
E. дін секта.
15. 602 ж. Вансуанда (дайвьет) қандай оқиға болды?
A. сарай төңкерісі;
B. еуропалықтар келді;
C. азамат соғысы басталды;
D. қытайлық Суй əскері Вансуанға басып кірді;
E. Вансуан Тьямпаны басып алды.
16. Вансуан 622 жылдан бастап қалай аталды?
A. қарақшылар елі;
B. діндарлар жері;
C. “жуасытылған оңтүстік”;
D. тəуелсіз Вьетнам;
E. “Бұзық көрші”.

384
385
17. Дайвьет мемлекетінің құрылғандығы қашан жарияланды?
A. X ғасырдың басында;
B. 1230 жылы;
C. 879 жылы;
D. 1069 жылы;
E.  745 жылы.
18. Дайвьеттегі “вуа” деген не?
A. əскерлерге берілген жер үлесі;
B. монархтың жер иелігі;
C. Қытай əскеріне қарсы күресуші партизан;
D. дін басшысы;
E. миссионер.
19. Сы куан деген кім?
A. Дайвьеттегі ірі феодал;
B. Қытайдағы коммунистер;
C. Дайвьеттегі келімсектер;
D. Жаңа жер игерушілер;
E. Будда монахтары.
20. Дайвьеттегі “хо” деген не?
A. тайпалық одақ;
B. əлеуметтік ұйымның маңызды буыны — ру;
C. құлдар;
D. диқандар;
E. қолөнершілер.
21. 580 ж. Вансуан мемлекетінде қандай уақиға болды?
A. Қытаймен соғыс болды;
B. Жапондықтар басып кірді;
C. Вансуан Тьямпаға тəуелділігін мойындады;
D. будда дінінің мектебі ашылды;
E. Қытаймен бітім шарты жасалды.
22. Дайвьет Қытайдың үстемдігінен қашан толық кұтылды?
A. X ғасырдың ортасында;
B. VІ ғасырдың аяғында;
C. 812 жылы;
D. 1150 жылы;
E. ХV ғасырдың басында.
23. Вьеттіктер негізінен қандай шаруашылықпен айналысты?
A. мал шаруашылығымен;
B. аңшылықпен;
C. термешілікпен;
D. егіншілікпен;
E. балық аулаумен.
24. Ежелгі малайлық өркениет қайсы аудандарда жоғары дəре-
жеде дамыды?
A. Гуандун мен Чанъянда;
B. Гоби мен Олхонда;
C. Шығыс жəне оңтүстік суматрада;
D. Бохай мен Наньчжаода;
E. Чампа мен Фунаньда.
25. VІ ғасырда Индонезияда қандай мемлекет құрылды?
A. Малайю;
B. Гэин;
C. Прамбанан;
D. Джонггранг;
E. Агрире.
26. Индонезияда орта ғасырлардың басында құрылған алғашқы 
мемлекеттер қалай аталды?
A. Кони сұлтандығы, Керман патшалығы;
B. Лангкасук, Тамбарменг;
C. Бахмани мен Виджаянагар;
D. Хандем, Малва;
E. Мадура мен Мултан.
27. Ерте ортағасырлық Индонезиядағы қауым қалай аталды?
A. панчаят;
B. мобедан-мобед;
C. вастрпотан салар;
D. деса;
E. чиребон.
28. “Жеті патшалықпен желкілдеген Явадип” туралы қандай 
дастанда айтылады?
A. “Рамаянада”;

386
387
B. “Артхашачтрада”;
C. “Авестада”;
D. “Махабхадатада”;
E. “Шахнамэде”.
29. Ерте ортағасырлық Индонезияда қайсы дін кең тарады?
A. ислам;
B. иудаизм;
C. христиандық;
D. синтоизм;
E. будда жəне индуизм.
30. Ерте ортағасырлық Орталық Явадағы күшті мемлекетті 
ата:
A. Чампа;
B. Систан;
C. Мекран;
D. Матарам;
E.  Калимантан.
31. Шығыс Суматрада VІІ ғасырдың екінші жартысында қайсы 
мемлекет күшейді?
A. Голконда;
B. Шривиджайя;
C. Малабара князьдігі;
D. Биджапур;
E. Ахмеднагар.
32. “Деса” деген не?
A. Шривиджайядағы облыстар;
B. Матарамдағы діни секта;
C. Малайюдағы шаруалар қауымы;
D. Палембангадағы ақсүйектер;
E. Шривиджайядағы басыбайлы шаруа.
33. Шривиджайядағы “кадатуан” деген не?
A. мемлекет басшысының атағы;
B. əскердің қолбасшысының атағы;
C. саудагер-көпестің дəрежесі;
D. Вассалдық тəуелсіздіктегі мемлекет;
E. Шеберхана.
34. Шривиджайя мемлекетінің құлдырауына не себеп болды?
A. феодалдық бытыраңқылық;
B. қытайлықтар шабуылы;
C. өкіметтің керағар саясаты;
D. тоталитарлық билік;
E. Суармалы егістіктің шектелуі.
35. 870 жылы матарамда қандай оқиға болды?
A. құлдық жойылуы;
B. палембангамен соғыс басталды;
C. Шайлендра əулеті құлады;
D. басыбайлылық жойылды;
E. азамат соғысы болды.
36. Ортағасырлық Ява қоғамындағы “рака” деген кім?
A. патша;
B. шаруа;
C. құл иеленуші;
D. тəртіп сақшысы;
E. ірі феодал.
37.  Ерте  ортағасырлық  Индонезиядағы  көрнекті  сəулет  өнері-
нің ескерткішін ата:
A. Хорюдзи монастыры;
B. Танджур храмы;
C. Тадж-Махал кесенесі;
D. Регистан дацаны;
E. Боробудур ғибадатханасы.
38. Кейінгі ортағасырларда Сеннарда шаруашылықтың қайсы 
түрі басым болды?
A. мал шаруашылығы;
B. қол өнері;
C. Суармалы егіншілік;
D. аңшылық пен балық аулау;
E. кен өндіру.
39. Х—ХІ ғасырларда Жапониядағы мемлекеттік шаруалардың 
жеке феодалдарға барып паналауына не себеп болды?
A. үкіметтің қудалауы;

388
389
B. мемлекеттік жердегі қақтығыстар;
C. жеке феодалдардың үгіт-насихаты;
D. Мемлекеттік салықтан босатылу;
E. жеке феодалдарға жұмысты аз істеді.
40. Сеннарда феодалдық меншік қашан қалыптасты?
A. Х—ХІ ғасырларда;
B. ерте орта ғасырларда;
C. кейінгі орта ғасырларда;
D. ХVІ ғасырда;
E. жаңа заманда.
41. Шривиджайя империясы өмір сүруін қашан тоқтатты?
A. XII ғасырдың ортасында;
B. XIII ғасырдың басында;
C. 1280 жылы;
D. 1310 жылы;
E. 1375 жылы.
42. Аббастар əулеті қайсы жылдары билік құрды?
A. 570—680 жж.;
B. 605—710 жж.;
C. 690—730 жж.;
D. 750—1258 жж.;
E. 578—728 жж.
43. 960—1279 жж. Қытайда қандай əулет билік құрды?
A. Сун;
B. Мин;
C. Цзинь;
D. Юань;
E. Бохай.
44. Османдық Түркияның шаруалары қалай аталды?
A. хариджилер;
B. ассасиндер;
C. райят;
D. дикхан;
E.  томобэ.
45. Əмір Темір мемлекетінің ресми діні қай дін болды?
A. Иудаизм;
B. зороастризм;
C. буддизм;
D. ислам;
E. христиан.
46. Ерта орта ғасырлардағы Иран тарихының дерекнамасы 
қалай аталады?
A. “Мукаддима”;
B. “тарих-и жиһангулай”;
C. “сиасет-намэ”;
D. “шанфар жыры”;
E. “Дарий-намэ”.
47. Токугава режимі дін саласында қандай саясат жүргізді?
A. діндерге шыдамдылықпен қарады;
B. христиан дінін ғана қолдады;
C. Христиан дініне тыйым салынды;
D. конфуциандықты ғана қолдады;
E. буддалық монастырға қарсы күресті.
48. Хижра жылы қайсы жыл?
A. 632 ж.;
B. 750 ж.;
C. 622 ж.;
D. 661 ж.;
E.  656 ж.
49. “Вакф” деген не?
A. азық-түлік салығы;
B. жер салығы;
C. мемлекет меншігіндегі жер үлесі;
D. шаруалардың жеке меншік жері;
E. Діни мекеменің қозғалмайтын меншігі.
50. Муканна көтерілісі қайда болды?
A. Египетте;
B. Орта Азияда;

390
391
C. Иранда;
D. Қытайда;
E. Сирияда.
51. Ерте ортағасырлық Иранның қалаларын зерттеуші кім?
A. Н. Конрад;
B. Н. Пигулевская;
C. К. Ашрафұлы;
D. Л. Симоновская;
E. А. Тюринцев.
52. Əмір Темір Мауераннахрда қайсы жылдары билік құрды? 
A. 1110—1145 жж.;
B. 1205—1237 жж.;
C. 1370—1405 жж.;
D. 1410—1500 жж.;
E. 1500—1530 жж.
53. Мауераннахрдағы шағатайлар билігін кім жойды?
A. Шыңғыс хан;
B. Əмір Темір;
C. арабтар;
D. қарахандар;
E. хорезмшах.
54. Мехмед ІІ-Фатих қайсы жылдары билік құрды?
A. 1421—1451 жж.;
B. 1418—1432 жж.;
C. 1518—1525 жж.;
D. 1451—1481 жж.;
E. 1387—1415 жж.
55. Шыңғысханның ұланы қалай аталды?
A. кадутан;
B. нөкер;
C. хариджид;
D. ансар;
E. кэшик.
56. Сасандық Иран қоғамындағы топтар (Фирдоусише):
A. əскерилер, абыздар, есепшілер, шаруалар, қолөнершілер;
B. əскерилер, абыздар, шаруалар;
C. ақсүйек феодалдар, абыздар, салық төлеушілер;
D. шенеуніктер, феодалдар, шаруалар;
E. көпестер, шаруалар, шенеуніктер.
57. “Жылнамалар жинағының” (“Джами ат-таварих”) авторы 
кім?
A. Низам əл-Мүлік;
B. Рашид-ад-дин;
C. Ибн Халдун;
D. муса ибн-Рушди;
E. Мамун ибн-Рашид.
58. Вьетнамдағы Ли əулеті қайсы жылдары билік құрды? 
A. 460—510 жж.;
B. 570—630 жж.;
C. 630—750 жж.;
D. 751—1055 жж.;
E. 1010—1225 жж.
59.  Вьетнамдағы  1010  ж.  билікке  келген  Ли  əулетінің  алдында 
қандай басты міндет тұрды?
A. елдің экономикасын дамыту;
B. салық жүйесін реттеу;
C. мемлекетті жəне орталық билікті нығайту;
D. мемлекеттің аумағын кеңейту;
E. елдің қорғаныс қабілетін нығайту.
60. Дайвьеттегі “чифулер” деген кімдер?
A. күпірлік секта мүшелері;
B. нашақорлар;
C. егінші диқандар;
D. уездердің басшылары;
E. ұсақ жалгерлер.
61. ХІ—ХV ғасырлардағы Дайвьеттегі “са” деген не?
A. Шаруашылық-əкімшіліктің негізі;
B. балаларды оқытатын мекеме;
C. жазалау мекемесі;
D. саудагерлер бірлестігі;
E. басыбайлы шаруа.

392
393
62. Вьетнамдағы феодалдық институттың ерекшелігі неде?
A. ешқандай ерекшелігі болған жоқ;
B. феодалдық жер иелену шартты болды;
C. Вассалдық, сюзерендік институттар, қалыптаспады;
D. жер иеленудің иерархиялық жүйесі орнықты;
E. экономикадан тыс қанау болмады.
63. Вьетнамдағы Хиньтхы кодексі қашан қабылданды?
A. VІІІ ғасырдың аяғында;
B. 529 жылы;
C. 726 жылы;
D. 1042 жылы;
E. 1499 жылы.
64. Вьетнамдағы Хиньтхы кодексі жер мəселесін қалай шешті?
A. жерді жұмысқа жарайтын азаматтарға үлестірді;
B. Жерді сатуға, сыйлауға қатаң тыйым салынды;
C. жерді əркім өз қалауынша иемденді;
D. жерді тек ірі феодалдар беретін болды;
E. жерді салық төлеушілер ғана алды.
65. XI ғасырдың басында билікке келген Ли əулетінің қандай 
істері вьет халқының бірлігін нығайтуға үлес қосты?
A. кеден салығын жойды;
B. шет елдіктердің келуіне тыйым салды;
C. буддизмнен басқа діндерді кудалады;
D. конфуциандықгы қолдады;
E. Жол құрылысына жете көңіл бөлді.
66. 1068 ж. Дайвьет əскері кімнің əскеріне тойтарыс берді?
A. Қытайдың;
B. Жапонияның;
C. Моңғолдардың;
D. Чампаның;
E. Шривиджайяның.
67. Моңғолдардың Вьетнамға шабуылы қашан басталды?
A. 155 жылы;
B. 970 жылы;
C. 1206 жылы;
D. 1215 жылы;
E. 1257 жылы.
68. 1257 жылғы Дайвьетке шабуыл жасаған моңғол əскерін кім 
басқарды?
A. Тоқан;
B. Кетбұқа;
C. Шайбан;
D. Үгедей;
E. Урянгидай.
69.  Моңғолдардың  Дайвьетке  екінші  шабуылы  қай  жылы  той-
тарыс алды?
A. 1028 жылы;
B. 1206 жылы;
C. 1211 жылы;
D. 1219 жылы;
E. 1284 жылы.
70. Тоқан басқарған Моңғол-Қытай əскерінің Дайвьетке үшінші 
жорығы немен аяқталды?
A. өзара келісіммен;
B. вьеттіктердің жеңісімен;
C. вьеттіктердің толық жеңілуімен;
D. Моңғол-қытай əскері Дайвьеттің солтүстігін басып алды;
E. Моңғол-Қытай əскері алым-салық алып, қайтып кетті.
71. Дайвьеттегі Чан Зу Тон билігі (1341—1369 жж.) кезіндегі 
ерекшелік неде?
A. натуралды салық ақшалай салықпен өзгертілді;
B. феодалдық бытыраңқылық орын алды;
C. ірі феодалдар қудаланды;
D. өкімет басына парақор, сатқын шенеуніктер келді;
E. ешқандай ерекшелік болған жоқ.
72. 1396 жылы Дайвьетте қандай өзгеріс болды?
A. таққа жаңа əулет отырды;
B. Қытаймен соғысты тоқтату жөнінде келісімге қол қойылды;
C. шаруалардың басыбайлылығы жойылды;
D. Бұрынғы металл ақша қағаз ақшамен (бон) ауыстырылды;
E. “Жабық есік” саясаты енгізілді.

394
395
73. 1428 ж. билікке келген Ли əулеті ірі жер иелерін неге қуда-
лады?
A. шаруаларды қанауды күшейткені үшін;
B. салық төлеуден қашқаны үшін;
C. Қытай басқыншыларымен ынтымақтастықта болғаны үшін;
D. шіркеулер мен монастырларға қарсылығы үшін;
E. шаруалар еңбегін тиімді ұйымдастыра алмағандығы үшін.
74. Дайвьеттегі Ли Нян Тон (ХV ғ.) билігі кезінде  ұсақ отба-
сыларына қандай шаралар қолданылды?
A. олардың жерлері ірі феодалдар қарамағына көшірілді;
B. олардың жеке меншік жерлерін нығайтуға бағыт алынды;
C. постронимияны нығайту шаралары қолға алынды;
D. ірілендіру басталды;
E. ешқандай шаралар қолданылмады.
75. Дайвьеттегі ХV ғасырдың аяғындағы “Хонг-дык” кодексінде 
қандай мəселеге ерекше көңіл бөлінді?
A. сауда-саттық;
B. қолөнері;
C. басыбайлылықты нығайту;
D. Жерді иелену, мұраға алу, сату тəртіптеріне;
E. неке мен отбасылық мəселесіне.
76. Дайвьет 1471 ж. қайсы мемлекетті басып алды?
A. Қытайды;
B. Лаосты;
C. Фунаньды;
D. Кампучияны;
E. Тьямпаны.
77. Дайвьеттегі “тьыном” деген не?
A. жарлықтар жинағы;
B. ұлттық иероглифтік жазу;
C. баспахана;
D. аурухана;
E. астық қоймасы.
78. XIII  ғасырдағы атақты вьетнам ақыны кім?
A. Фам Ван Донг;
B. Хо Ши Мин;
C. Чан Ань Тонг;
D. Ле Зуан;
E. Хан Тхюен.
79. Вьетнам жазушысы Ли Те Сюеннің шығармасы қалай 
аталды?
A. “Линьамның таңғажайып тарихы”;
B. “Жауынгер жарының жоқтауы”;
C. “Ле Зуй маттың ерлігі”;
D. “Чандидың бақыты”;
E.  “Вьет жерінің құпиялар жинағы”.
80.  “Дайвьеттің тарихы” деген еңбек қашан жазылды?
A. X ғасырдың аяғында;
B. XI ғасырдың басында;
C. XII ғасырдың ортасында;
D. 1297 жылы;
E. 1272 жылы.
81. Нгю Ши Льеннің (1480 ж.) тарихи еңбегі қалай аталды?
A. “Вьеттің қысқаша тарихы”;
B. “ Аннам туралы жазбалар”;
C. “əскербасыларына үндеу”;
D. “Дайвьет тарихы”;
E. “Ұлы Вьет анналдарының жинағы”.
82. ХV ғасырдағы Дайвьет сəулет өнерінің ескерткішін ата:
A. “Мот Кот” пагодасы;
B. “Ваньмеу” əдебиет ғибадатханасы;
C. Лангшондағы императорлар қабірлерінің кешені;
D. Фусан маңындағы “Аспан феясы” пагодасы;
E. буттхаптағы будда храмы.
83. 756 ж. Араб халифатынан қайсы ел бөлініп кетті?
A. Хорасан;
B. Мəкераннахр;
C. Кордова эмираты;
D. Сулавеси;
E. магриб.

396
397
84. Араб халифатының ыдырауы қашан басталды?
A. VІ ғасырда;
B. VІІ ғасырдың ортасында;
C. VІІІ ғасырдың басында;
D. VІІІ ғасырдың екінші жартысында;
E. IX ғасырдың басында.
85. Тунис пен Египеттің араб халифатынан бөлініп шығуы қай 
əулеттің атымен байланысты?
A. фатимилер;
B. айюбилер;
C. омейялар;
D. тулунилер;
E. ғазнауилер.
86. Ифрикиядағы шииттік қауымды кім құрды?
A. ансарлар;
B. берберлер;
C. Əбу Абдаллах;
D. Убайдуллах;
E. Салах-ад-дин.
87. Фатимилік əскер Египетті қашан басып алды?
A. 661 жылы;
B. 656 жылы;
C. 705 жылы;
D. 775 жылы;
E. 969 жылы.
88. 973 жылы фатимилер мемлекетінде қандай жаңалық болды?
A. монархиялық билік орнады;
B. сословиелік монархия жойылды;
C. астана Каир қаласына көшірілді;
D. құл иеленушілік жойылды;
E. əлеуметтік топтардың теңдігі орнады.
89. Фатимилік Египетте жер кімнің меншігі болды?
A. шниттік умманың;
B. сунниттік умманың;
C. фатимилік халифтың;
D. ірі феодалдардың;
E. діни мекемелердің.
90. Фатимилік Египеттегі табыс көзі не болды?
A. кеден салығы;
B. мал шаруашылығы;
C. егін шаруашылығы;
D. сауда мен делдалдық қызмет;
E. Жер салығы — харадж.
91. Фатимилер кімді делдал көпестер ретінде пайдаланды?
A. феллахтарды;
B. бедуиндерді;
C. христиандарды;
D. еврейлерді;
E. түркілерді.
92. Фатимилер ұланды қай халықтардан құрды?
A. берберлерден;
B. араб бəдəуилерінен;
C. славяндардан;
D. варварлардан;
E. Түріктер мен негрлерден.
93. 1062 ж. Египетте қандай оқиға болды?
A. зинджалар көтерілісі;
B. Вегр гулямдар мен түрік гулямдарының қақтығысы;
C. сунниттер мен шниттердің қақтығысы;
D. Убайдуллах “Махди” деп жарияланды;
E. Əбу Абдаллах өлтірілді.
94. 1171 жылы Египеттегі өкімет билігі қайсы əулеттің қолына 
көшті?
A. мейялық;
B. аббастық;
C. айюбилік;
D. селжуктық;
E. тулунилік.
95. Египеттегі фатимилер əулетін кім құлатты?
A. Тоғрыл-бек;

398
399
B. Мұса ибн Селжук;
C. Гияс-уд-дин Айбек;
D. Салах-ад-дин;
E. Тулунилер.
96. Бахрилер деген кімдер?
A. Магрибтегі исмаилшылар;
B. Ифрикиядағы христиандар;
C. Египеттегі қыпшақ мəмлүктер;
D. жергілікті халықтан құрылған жасақ;
E. негрлерден құрылған ұлан.
97. Бейбарыс сұлтан Египетте қайсы жылдары билік құрды?
A. 1096—1110 жж.;
B. 1147—1171 жж.;
C. 1180—1192 жж.;
D. 1260—1277 жж.;
E. 1300—1332 жж.
98.  XI ғасырдағы Шривиджайядағы «кадатуан» деген не?
A. құлдардан тұратын əскер;
B. вассалдық мемлекеттер;
C. ірі феодалдардың жеке меншік жасағы;
D. əскерилердің жер иеліктері;
E. салық жинаушылар.
99. Шривиджайяның экономикасы неге байланысты болды?
A. сыртқы саудаға;
B. мал шаруашылығына;
C. жер салығына;
D. кеден салығына;
E. егіншілікке.
100. Матарамдағы қауым старостасының қасында құрылған 
Кеңес қалай аталды?
A. “Раммаллах”;
B. “Караман”;
C. “Умма”;
D. “Панчаят”;
E. “Дату”.
Тест жауаптары
1
Е
35
С
69
Е
2
Е
36
Е
70
В
3
Е
37
Е
71
D
4
Е
38
С
72
С
5
Е
39
D
73
С
6
Е
40
С
74
В
7
Е
41
С
75
D
8
А
42
D
76
Е
9
В
43
А
77
В
10
Е
44
С
78
Е
11
D
45
D
79
Е
12
С
46
С
80
Е
13
В
47
С
81
Е
14
С
48
С
82
С
15
D
49
Е
83
С
16
С
50
В
84
D
17
D
51
В
85
А
18
В
52
С
86
С
19
А
53
В
87
Е
20
В
54
D
88
С
21
D
55
Е
89
С
22
А
56
А
90
Е
23
D
57
В
91
D
24
С
58
Е
92
Е
25
А
59
С
93
В
26
В
60
D
94
С
27
D
61
А
95
D
28
А
62
С
96
С
29
Е
63
D
97
D
30
D
64
В
98
С
31
В
65
Е
99
А
32
А
66
D
100
В
33
D
67
Е
34
Е
68
А

400
Сəкен Əсімбайұлы Тортаев
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ 
АЗИЯ ЖƏНЕ АФРИКА ТАРИХЫ
Оқулық
«Í±ð-ïðåññ» ÆØÑ áàñ äèðåêòîðû
Í. Í. Æàíñåèòîâ 
Îïåðàòîð Ð. Ì. Ìàìåêîâ
Áåòòåóø³ À. À. Ñëÿäíåâà 
Êîððåêòîð Á. Ì. Äæàìïåèñîâà
Äèçàéí À. Â. Ìèëîâàíîâ 
«Çàњ ºäåáèåò³» áàñïàñû
050057 Àëìàòû ќ.,
Ì. ¤çò‰ðiê ê-ñi, 12 ‰é.
Òåë./ôàêñ: (727) 2747-833, 2742-650.
Å-mail: law-literature2006@rambler.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет