С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет201/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Түйін сөздер: этнопедагогика, ұлттық т`рбие, биология сабақтар, қазақтардың м`дениеті. 
 
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға халық педагогикасының үлгі өнеге-
лерін оқу – т`рбие үрдісінде тиімді қолдана білуі керек. Қазіргі таңда ғалымдар `р балаға жеке бағыт-
талған т`сіл керек екендігін, бала жеке тұлға, онымен `рқашан санасу керектігін айтады. Ал біздің ата 
– бабамыз ерте бастан – ақ балаға ерекше көңіл бөліп, өмірлік т`жірибеде ешбір тыйым салусыз-ақ өз 
қалауынан  адамгершілік  мақсат-мүддеге  с`йкес  `дептілікті,  мысалдар  арқылы  дана  түрде  жеткізіп 
отырған.  Оқушыларды  өзінің  Отанын,  ұлтын,  халқын  қастерлеп,  оған  қалтықсыз  қызмет  етуге  т`р-
биелеу  ж`не  адамгершілікке,  қайырымдылыққа  баулу  мақсатында  күнделікті  оқу-т`рбие  жүйесіне 
халықтық педагогиканы енгізу кең өріс алып келеді.  
Этнопедагогика – балаларды, этникалық топтарды т`рбиелеу мен білім берудің отбасы, ру, тайпа, 
ұлт  пен  ұлыстардың  моральдық-этникалық  ж`не  эстетикалық  құндылықтарының  ежелден  жинақ-
талуы  –  эмпирикалық  т`жірибесі  жайлы  ғылым.  Ұлттар  мен  ұлыстардың  өмір  сүру  д`стүрлері  мен 
салт, `дет-ғұрып, ырым-жоралғыларының қазақ халқында б`ріне бірдей санасында тұрақталып қалған 
т`лім-т`рбиесі.  Этнопедагогика  –  тұлғаны  заңдылық  сипаты  бар  `дет-ғұрып,  салт-д`стүрге  бейім-
деуге,  `ртүрлі  `леуметтік  бірлестіктердің  қарым-қатынасының  құндылықтарынан  үйренуге,  ұлттық 
т`рбие  ісіндегі  жетістіктерді  нақты  жағдайда  пайдалануға  бейімдейтін  көп  салалы  білімдердің 
ғылыми негізі [1, с.46]. 
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен т`рбиелеу `рбір ұстаздың міндеті. Қазіргі таңда жас 
ұрпақты қыр-сырынан тани білу, халқымыздың м`дениетін, тарихын, халықтық тағлымдарын бойла-
рына сіңіру ізгі істерді бастар жолда аса м`н берідеді. Біздің м`селеміз бойынша Отандық ғалымда-
рымыз Т.К. Самұратова, Г.Габбасов, М.Мұқанов, В.С. Кузин, Г.А. Мамықова ж`не т.б. еңбектерінен 
көруге  болады  [2,  с.16].  Бала  психикасының  `р  жаста  `р  алуан  болып  келуі  `леуметік  ортаның 
нед`уір ықпалы бар. Қазақ балаларының ертерек ес тоқтатып, етек жабуына сол кездегі ұлттық пси-
хология  мен  педагогиканың  `сері  болса  керек.  Қазақ  халқының  ұлттық  психологиясы  баланың  жас 
кезеңдерін еспке ала отырып, оған көп м`н беріп отырған. Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің 
мектептеріміз  балалардың  бойына  ұлттық  педагогика  тағлымдарын  алғашқы  күннен  бастап  оқыту, 
үйрету,  т`рбиелеу  ж`не  даму  үрдісімен  толық  ұштастыра  жүргізуде,  өз  өрендеріне  дүниенің  алуан 
түрлі қыр-сырын ашып береді.  
Т`рбиенің  мұндай  түрі  `рбір  адамның  планетарлық  ойлауын  дамытып,  азаматтық  қауымдастық-
тың өткеніне, бүгінгісіне ж`не болашағына қатысты болатынын сезіндіреді. 
Ұлттық білім берудің негізгі ошағы — ауыл мектебі. XXI ғасырдағы ауыл мектебінің м`ртебесі – 
жаңаша  ойлайтын,  ауыл  өміріне,  кері  қоғам  өміріне,  саяси  `леуметгік  өзгерістерге  белсене  арала-


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
127 
сатын  азаматтық  түлғаны,  ұлттық  рухы,  менталитеті  жоғары,  білімді  де  білікті,  ұлтын  сүйетін  дара 
тұлғаны даярлау. Ешбір халық өз ұрпағын жаман болсын, мұрасыз-мұратсыз болсын демейді. Жақсы 
ғұрпын  д`стүр-өнеге  етіп  ұстайды.  Өздерінің  сезім  өрісін  кеңейтіп,  эстетикалық  талғамын  оятқан 
қазақ халқының таң ғажайып `сем де `серлі д`стүрлеріне халқымыз аса бір ілтипатпен қарап келген. 
dр  бір  табиғат  көрінісінің  тұнығын  бұзбай  аялауды,  «обал»  деп  сылап-сипап  отырған.  Туған  жер, 
Отан,  Атамекен  десе  ең  алдымен  сол  жердің  өзен-көлін,  тау-тасын,  орман-тоғайын,  ұшқан  құс, 
жүгірген аңын есіне алған. Алыста жүріп аңсап сағынса соны жырға қосқан, қуаныш мерекссіне соны 
мақтан еткен. 
Тұтас  алғанда  халықтың  өзі  мекен  еткен  тау  мен  даланың  бай  табиғаты,  жыры  сияқты.  Демек, 
халық  тұрмысқа  керекті  заттың  қажетін  ғана  емес,  рухани  қажетін,  творчеетволық  шабыт  кезін  де 
табиғаттан  тапқан.  Сұлулық  пен  көркемдікті  түсіне  білудің  өзі  үлкен  эстетикалық  т`рбие  күші. 
Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі б`рі де адамға л`ззат береді. Олардың 
жазықсыз  ж`бірлеуге,  елтіруге,  отауға  арамдауға,  бүлдіруге,  құртуға  болмайды  —  дейді  халық 
д`стүрлерінде.  Ес  білгеннен  бастап  ата-анасынан  ел  ағасынан,  үлкендерден  ене  бойы  айтылатын 
өсиеттермен  т`рбиеленген  ұрпақ  өзі  де  табиғатқа  нұсқан  келтірмей,  келешек  ұрпақтарды  да  сол 
т`рбие  талабына  қалыптастырып,  алдындағы  малы  мен  айналасындағы  табиғаттың  игілігін  көруге 
баулиды.  Жазықсыз  аң  мен  құсқа  мейірлене  қарағаннан  `р  замандағы  махаббат  сезімі  де  біреуден 
біреуге, «ақсұңқарым», «аққуым», «ақмаралым», «балапаным», «бұлбұлым», «тотым» сияқты теңеу-
лермен айтылып, тарағанында да күм`н жоқ. Адамды аңға, құсқа тигізбей, олардың өз бетімен еркін 
тіршілік  етуіне  мүмкіндік  беру  үшін.  Жануардың  қанын  босқа  төкпеу  үшін,  адам  баласын  жырт-
қыштан,  қанқұмарлықтан  аяусыздықтан,  жаны  ашымастықтан  бетбақтықтан  аулақ  ету  мақсатымен, 
бұндай жаман `деттен адам баласының қоғамын аман алып қалуы үшін, халқымыздың арасына кең 
тараған  аңыздар,  д`стүрлер,  ертектер  көп.  Олардың  б`рінің  де,  ойлап  қараған  кісіге  тамыры  терең, 
мазмұны кең, т`рибелік м`ні зор, үлгі, есиет аларлық парасаты мол.  
Халқымыз  обал  мен  субапты,  адалдық  пен  арамдықты  ажырата  біледі  ж`не  бұл  ұғымдар  ел 
санасынан  ерекше  орын  алған.  dрбір  қазақ  бір  жұмысты  істерде  оны  жаңағы  айтқан  төрт  тұрғыдан 
қарайды. Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім білсін, қай заманнан қалыптасқан д`стүр екенін, 
қазақтар  `йтеуір  аққуды  қадірлейді.  Табиғаттың  жандысы  болсын,  жансызы  болсын,  қажеттігімен 
ғана  емес,  көркімен,  айналадағы  өмірге  с`н  беріп  жарасуымен  құнды,  өз  алдына  сырға  толы  таңға-
жайып `сері, тарту күні бар эстетика. Бір ғажабы сонан күнбе-күн л`ззат, нұр алып отырғанымызды 
байқамаймыз  да.  Басқа  хаиуанаттар  мен  құстар  дүниесін  былай  қойғанда,  бір  ғана  осы  аққу  атына 
байланысты  біз  ел  аузынан,  эпостардан  неше  түрлі  аяулы  сөздер  естиміз.  dйел  қауымының  жан 
н`зіктігін,  тазалығы  мен  сұлулық  сипатын,  аяулылығын  «Аққудай  ару»  деген  бір  ауыз  теңеу  сөздің 
құдіретінен  түсінеміз.  Адамның  көңіл  күйінің  жығылуын  суреттеген  «Аққуы  қайтып  оралмаған 
құлазыған көлдей болдым» деген сөздердің құдіретін тағы да аққу атынан табамыз. Міне мұның б`рі 
табиғат  пен  етене  бауыр  болып  кеткен  халықтың  өз  айналасындағы  аңдар  мен  құстардың  психоло-
гиялық күйіне қаншама қанық болғанын, олардың сырт көрінісін қызықтаушы ғана емес, ішкі сырын, 
өмірін байқап, зерттеп түсінгендігін аңғартады. Тау-тас, орман-тоғай, шөп пен су сияқты андар мен 
құстар да адамзаттың қажеттін өтеп, с`н-салтанатын жарастырып келе жатқан ежелгі досы, сырласы. 
Тарихқа  үңілсек,  бұлардың  ерте  заманда  адамзат  м`дениетімен  өнерінің  тапқырлық,  ақыл-параса-
тының  өсуіне  де  көп  `сері  тигенін  көреміз.  Аққу  серігі  мерт  болған  жерге  өзі  жанын  құрбан  ететін 
оның  ұлы  қасиеті  халық  көңіліне  ұнаған.  Оның  аты  –  опалы,  мейірімді,  `ділетті  болу  қиянат  пен 
зорлыққа немқұрайды қарамау.  
Халыққа ұнаған бұл қасиеттің жас ұрпақты опасыздықтан жиіркендіріп, патриоттыққа т`рбиелеу-
де  философиялық  үлкен  м`н-мағынасы  бар  екені  түсінікті.  dрине  аққуға  тисең  бақытсыздыққа 
ұшырайсың дегендей сөз тындамас тентектерді қорқыту, жасқандыру үшін қосылған қоспалар болуы 
мүмкін.  
Халықтың адамгершілікті жанашырлық сипаты асыл д`стүрлері міне осындай дүниенің түбегейлі 
мүддесімен  астасып  жатқанын  сеземіз.  Сеземіз  де  осындай  қасиетті  ойды  ұрпақтан-ұрпаққа  тұнық, 
таза қалпында жеткізуге қызмет істеуге тырысамыз. Басқа бір елдің рухани байлығына, м`дениетіне, 
салт-санасына,  д`стүрлеріне,  материалдық  қазынасына,  табиғат  байлықтарына  сырттан  келген 
келімсектердің  жаны  ашымайды.  Қайта  сол  басып  кірген  жерінің  бар  байлығын  қайтсе  де  көбірек 
тартып  алуды  меншіктенуді  көксейді.  Тегін  жатқан  байлық,  көлденең  олжа  жаулап  алушылардың 
көкейтесті  арманы.  Олар  сол  жердің  негізгі  иссінің,  сол  жерді  ежелден  пайдаланушы  халықтың 
қамын  ойлаған  емес.  Оны  қазақ  халқының  өмірінен  жақсы  көруге  болады.  Келімсектер  тек  өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет