С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет385/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Танымдық  экскурсия  –  мұражай  жайлы  жалпы  мағлұмат  беру  мақсатында  ұйымдастырылады. 
Экскурсия барысында мынадай м`селелер қарастырылады: 
-  ашық аспан асты мұражайына айналған ортағасырлық қала жайлы жалпы мағлұмат алу; 
-  Мұражайдың  тақырыптық-экспозициялық  жоспарына  енетін  археологиялық  ескерткіштермен 
танысу; 
-  мұражай экспозициясының негізгі бөлімдерімен танысу; 
-  Ашық аспан асты мұражайының жекелеген маңызды экспонаттарымен танысу;   
Аталмыш  экскурсия  барысында  тек  маңызды  деген  тақырыптар  жайлы  сөз  қозғалып,  қосалқы 
м`селелер  назардан  тыс  қалады.  Танымдық  экскурсия  мектепте  отан  тарихы  п`нінің  толық  курсын 
аяқтаған  келушілерге,  жоғарғы  сынып  оқушылары  мен  студенттерге  жас  ерекшелігі  мен  танымдық 
дайындығы  ескеріле  отырып  жүргізіледі.Өйткені,экскурсия  тұлғаның  тарихи  танымдық  білімін 
кеңейту мақсатында ағартушылық сипатта өткізіледі.  
Білім беру экскурсиясы  -  `рбір  экскурсия  барысында  білім  беру  мақсаты  жүзеге  асырылғанымен, 
бұл  типтегі  экскурсияда  оған  басымдылық  беріледі.  Білім  беру  экскурсиясы  `леуметтік  жіктелуі 
алуан түрлі ж`не `р түрлі жастағы көрермендерге арналып, оның басты мақсаты ұсынылған тақырып 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
257 
жайлы  білімді  кеңейтуге  бағытталған.  М`селен,  «Ортағасырлық  қалалар  тарихы»  атты  тақырыпты 
экскурсия жоспары мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталады:  
1.  ортағасырлық қаланың бөліктері 
2.  ортағасырлық қалалардағы керамикалық шеберханалар ж`не өнім дайындау технологиясы 
3.  д`стүрлі қолөнер түрлері мен үлгілері 
4.  с`улет ескерткіштерінің құрылысы мен қызметі тралы мағлұматтар. 
Аталмыш  міндеттер  білім  беру  экскурсиясы  мен  дамытушы  экскурсияның  бірлесе  жұмыс  жаса-
уына да мүмкіндік береді. М`селен, д`стүрлі қолөнер түрлерін қарастырғанда, керамикалық бұйым-
дардың жасау технологиясы мен оны жасауда қолданылатын шикізат түрлері жайлы сөз болады, онда 
керамика  жайлы  білімді  тереңдетіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  қолданылатын  шикізат  түрлері 
жайлы кеңірек м`лімет алуға мүмкіндік береді. Бұл экскурсия түрі барлық жастағы мұражай келуші-
леріне қызықты, `сіресе бастауыш сынып оқушылары оған үлкен қызығушылықпен барады. 
Дамытушы экскурсия  мұражай  экспозициясымен  жұмыс  жасауда  оның  мазмұны  мен  методика-
лық қағидаларына ерекше назар аударады. Экскурсияның негізгі мақсаты археологиялық ескерткіш-
тер  жайлы  толық  м`лімет  алуға  жағдай  жасайтын  қабылдау  қабілеттерін  дамыту.  Тұлғаға  қажетті 
қабілеттері мен психикалық қасиеттердің дамуынсыз шығармашылық м`ліметтердің игеру, археоло-
гиялық ескерткіш жайлы білім жинақтау, оның тарихы жайлы терең зерттеулер жасауға жол ашыл-
майды.  Атап  айтқанда,  ең  алдымен  жеке  тұлғаның  бақылау  мен  бағдарлау  қабілеті,  материалды 
`серлі қабылдау, талдау, өз бақылауларын жинақтап салыстырудың бастапқы дағдылаы болуы қажет. 
Мұнда  сонымен  қатар  түсті,  өлшемді,  ритм  мен  фактураны  сезу,  эстетикалық  қабілеттерді  де 
жатқызуға  болады.  Осылайша  дамытушы  экскурсияны  тарихты  толыққанды  зерттеуге  бағытталған 
`рекеттердің  бастапқы  кезеңі  ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  экскурсия  түрін  барлық  сынып 
оқушылары мен студенттерге қолдануға болғанымен, бастауыш сынып оқушылары жекелеген м`се-
лелер  жөнінде  бастапқы  м`ліметті  игермеген  болуы  да  ықтимал.  Бастапқы  кезеңде  педагогикалық 
бағыттылығы жоғары бұл оқыту кезеңінде маңызды деген келесі міндеттер жүктейді: 
-  тарихи-м`дени  ескерткіштер  мазмұнын  білуге  деген  эмоциональды  ықыластылықты  қалып-
тастыру; 
-  археологиялық ескерткіштен көрген ж`не білген м`ліметтерін талдау қабілетін қалыптастыру, 
өз бақылаулары мен ой-пікірлерін салыстыра отырып, қорытынды жасау;\ 
-  шығармашылық қиялдың дамуы; 
-  эстетикалық қабілеттерді дамыту; 
-  өз ойын, сезімдерін, пікірлерін сөзбен жеткізе алу қабілетін дамыту; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет