Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
258
Ортағасырлық Қарнақ → Қарашықтың ашылмаған сырлары → Иқан қалашығы → Созақ
ескерткіштері.
Сауран кереметтері жайлы «Сауран қамалы - өте берік бекітілген қорған, оның мықты ж`не
күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр т`лкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген
емес ж`не көктегі аспанның өзі де `лем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес.
Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты,
оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды» [8].Бұл м`ліметті Сауран-
ды жаулап алмақшы болған Абдаллах-ханның `скери жорығын суреттеген (ХVІ ғ. екінші жартысы)
автор жазады. Аталмыш шайбанилік билеуші ж`не оған дейін басқа да жаулап алушылар Сауранды
(Сабранды) ұлан-ғайыр Дешті-Қыпшақ даласын мекен еткен тайпалар мен халықтарға үстемдік
орнатуға мүмкіндік беретін стратегиялық бекініс ретінде қарастырған.
Қамал дуалдарының өзі-ақ көрген жанды таң қалдырады. Ортағасырлық деректерде Сауран
қаласындағы медресе жанында шайқатылып тұратын екі мұнара болғаны жайлы айтылған, алайда,
олардың орналасқан жері жайлы ешқандай м`лімет жоқ. Васифи жылнамасында сол медресенің,
`сіресе, оның шайқалмалы мұнараларының суреттемесі бар, бұл мұнаралар ерекше техникалық тетік-
тердің арқасында шайқатылып тұратын болған деп сипатталады. Олардың біреуі 1867 ж., екіншісі
1878 ж. құлап, қираған [9, 154 б.]. Археологиялық қазба жұмыстарының н`тижесінде күйдірілген
кірпіштерден қаланған, қаланың орталық алаңы маңында орналасқан, өз заманының с`улет өнерінің
кереметі саналған ғимарат орны ашылуда. Сапалы күйдірілген кірпіштерді кейінгі кезеңдерде алып
кетудің салдарынан ғимарат қабырғалары талан-таражға ұшырап, сақталмай қалса да, төбені толық
ашқаннан кейін оның алғашқы жобасын қалпына келтіруге ж`не қандай мақсаттағы ғимарат екенін
анықтауға мүмкіндік тумақ. dзірше бұл құрылыс медресе деп болжамдалып отыр. Бұл ғимарат Бұха-
ра билеушісі Убайдулланың `мірімен құрылысы 1515 ж. аяқталған, Васифидің досы – сейіт Шамсад-
дин Мухаммад Курти бас мударрисі етіп тағайындалған айтулы медресе болуы `бден мүмкін [10,
с.160-161].
Сауран қаласында аршылған мешіт көлемі 25х27х5 см шамасындағы сапасы жоғары күйдірілген
шаршы кірпіштен еден төселген. Аталған белгілерге с`йкес бұл ғимараттың жұма мешіті үлгісіндегі
намазгох деп шамаланған. Алаңның солтүстік-батыс шетін қаланың бас мешіті алып жатыр. Алаңның
солтүстік-шығыс бөлігін бойлай төбелер орны байқалады. Бұл төбелер қала медресесінің қалдықтары
болса керек. Медресеге қарама-қарсы, көшенің келесі бетінде күйдірілген кірпіштен қаланған екінші
бір з`улім ғимараттың орны аршыла бастады. Көлемі жағынан бұл ғимарат медреседен үлкен болма-
са кем түспейді. Қазіргі таңда оның қасбеті ғана ашылды. Кіре-берістегі айванның еденіне жұмыр тас
төселген. Бұл ғимарат та кейінгі кезеңдерде қиратылған, бірақ, жинап алынған сырлы `рлеуіш
тақташаларға қарағанда бұл жерде де қоғамдық міндет атқарған з`улім де бірегей ғимарат орналасқан
деуге болады [11]. Аталмыш алаңды айналдыра ғимараттардың орналасуы с`улет өне-рінің өзіндік
бір ансамблі ретінде қабылданып, бұл аумақты Сауран регистаны деп атаса да болады. Сауран
қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан соңқала көшелері, түрлі ғимарат-тарға
консервациялау ж`не қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіоны ашық аспан астындағы мұра-
жайға айналдырды. Бұл жағдай Сауран қаласына жүргізілетін экскурсияның танымдық-т`рбиелік
құрылдымының мазмұнын барынша толықтыра түсті.
Ортағасылық Қарнақтүсті металл балқытумен (Қожа Ахмет Ясауи кешеніндегі Тайқазан осы
қалада құйылған) ж`не Қазақстан территориясындағы ең көне медреселердің бірі орналасқан қала
болуымен аты шыққан.
Қарашықтың ашылмаған сырлары `лі де жетерлік. Оның ку`сі ретінде археологтар ІХ-Х ғғ.
жататын ат `бзелдерімен бірге жерленген жылқы сүйегін тапқан.
Иқан қалашығы ХVІІІ ғасырда орта мен ұлы жүз тайпаларын басқарған Тұрсын хан мен оның
баласы Барақ ханның резиденциясы болғандығымен танымал.
Жастар осы туристік маршруттарды көзімен көріп, қолымен ұстап, визуалды түрде тарихпен
«тілдесу» барысында ұлттық тарих пен м`дениеттің мұрасымен танысуға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: