С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет407/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   587
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
271 
жадқа  бірден  нұқсан  келтіруге  болады»  [4].  Жоғарыдағы  жастардың  жауабынан  олардың  тарихи 
жады ұғымын барынша терең түсінгендері де бар екендігі байқалады. М`селен, «адамның санасында 
ұмытылмай,  қанында,  жанында,  жүрегінде  сақталып  қалатын  ерекше  бір  мағлұмат»,  «көрмесек  те 
қанымыз тартып тұратын қасиет», «тарихи құндылықтар жиынтығы», «халықтың санасында бұрын-
нан  бар  ұғымдар,  яғни,  халық  оны  біледі,  естіген,  көрген,  тұрмысында  қолданған»,  «бұрынғы  ата 
бабамыздан қанымызда қалған естелік», «атаның қаны, ананың сүтімен берілген қасиеттер», «тарихта 
болған  барлық  н`рселер  қосындысы»  деген  сияқты  жауаптар  тарихи  жадының  м`нін  танытып  тұр. 
Бірақ дегенмен де, тарихи жадының жаңғырту, көпшілік, `сіресе жастарға түсіндіру, сіңдіру – кезек 
күттірмейтін істердің бірі екені де рас. Жоғарыдағы жауаптар бұл түсініктің білімгерлердің санасын-
да  `лдеқандай  бір  түйсіктің  негізінде  қалыптасқандай  `сер  қалдырады.  Мүмкін  ол    «генетикалық 
жады» болар, кім білсін.  
Біздің  байқағанымыз,  ежелгі  `деби  мұраларды  оқыту  барысында  «тарихи  жады»  туралы  түсінігі 
қалыптасқан білімгер материалды еркін қабылдайды, жеңіл түсінеді, қызығып оқиды. Олар «түбі бір 
түркі  елі»,  «түркі  халықтары»,  «бауырлас  халықтар»  деген  түсінікті  үстірт  қана  ұғынғандар  емес. 
Олар сол «бауырластық негізі неде», «қай уақыттан бері», «неге «түбі бір» деп аталады» деген сияқты 
сауал  төңірегінде  ізденген,  ой  қорытқан  жастар.  Ал,  кейбір  жастар  түркілік  бірлікті  сөз  жүзінде 
айтқанымен  сезінбейді,  сол  бірлікті  өзі  қалай  түйсінетінін,  қалай  қабылдайтынын  түсіндіріп  бере 
алмайды. Бұл баспасөз бетінде немесе кейбір мінберлерден айтылған «түбі бір түркі еліміз», «түркі 
халықтары бауырлас халықтар» деген тіркестерді естіп өскендіктен ғана. Ол бірліктің бастауы қайда, 
бұл  бірлік  бізге  не  береді,  оның  тарихи-саяси  м`ні  қандай  деген  м`селелер  таратып,  түсіндіріліп 
айтылмайды. Осыған орай білімгерлер де бұл м`селенің түпкі негізін тани алмайды. 
Қандай білім болсын, `сіресе халықтың тарихына, тағдырына қатысты дүниелерді балаға мектеп 
қабырғасында жүргенінде түсіндіріп, сіңдіру керек. Өйткені мектептегі алған базалық білім баланың 
өмірлік  білімінің  негізін  құрайды.  Сондықтан  мектеп  қабырғасынан  осы  түсініктердің  м`нін  ашып, 
түсіндіру қажет, нақты тарихи деректер негізінде ортақ түркі халықтары тарихын оқыту керек.  
«Ежелгі  `деби  ескерткіштердегі  кейіпкерлерді  өзіңізге  жақын  сезінесіз  бе?»  деген  келесі  сауал 
көне туындылардағы кейіпкерлерді қаншалықты жақын сезініп, қабылдай алатындығын білу мақса-
тында  қойылды.  Себебі,  кез  келген  көркем  м`тінді  оқу  барысында  оқырман  өзін  сол  оқиғадан, 
сюжеттер  көрмесе,  ойша  соған  араласпаса  түсініп,  сезініп  оқымайды.  Сезініп  оқылмаған  м`тін  есте 
сақталмайды, еш `сер қалдырмайды. Бұл сауалға білімгерлердің 62,4 % «и`» деп жауап берсе, 15,4 % 
«жоқ», ал 22,2 % «білмеймін» деп көрсеткен.  
dсіресе, жастар өздері оқыған немесе көзбен көрген оқиғаға салғырт қарамайды. Көркем шығарма 
оқыса да, кино көрсе де, `н тыңдаса да өзін соның ішінде жүргендей елестетеді. Өйткені, жастардың, 
жалпы адам баласының қиялы ұшқыр. Ал ежелгі көркем м`тінді (жыр, аңыз ж`не т.б.) оқи отырып, 
кейіпкерлерін қабылдамау дегеніңіз жалпы шығарманы түсінбеу, қабылдамау деген сөз. Егер білім-
гер  үшін  оның  тілі,  стилі,  сөздері  қиындық  тудыратын  болса,  оқытушы  арнайы  түсіндірме  парақ-
шасын толтыртып, көне сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашып беру керек. Жоғарыда көрсетілген 
37,6 % «жоқ» ж`не «білмеймін» деп жауап берген жастар төл тарихының, `дебиетінің ежелгі кезеңін 
білмейді,  оған  қызықпайды  деген  сөз.  «Өткенсіз  бүгін  жоқ».  Сондықтан  оқытушы  осы  олқылықты 
болдырмаудың, оның алдын алудың жолдарын қарастыруы керек. Қандай п`нді болсын қызықтырып 
оқыта білу керек. «Қазіргі жастар кітап оқымайды, өткенге қызықпайды», «техника мен технология 
заманының жастары бүгінгімен ғана өмір сүреді» деген жаңсақ ұғым қалыптасқан.   
Ж`не бір сауал бар. Қысқа, нұсқа, бірақ м`ні терең. Ол – «Түркілер» деген ұғым сізге жақын ба?» 
деген сұрақ.   
Бұл сауалды түсіндіру үшін мына м`ліметті айта кеткеніміз орынды болар. Қазақстанның ортаға-
сырлық  тарихы  түркілердің  тарихымен  тікелей  байланысты.  Қазақстан  жерінде  түркі  тектес, түркі 
тілдес  тайпалар көне  заманда  да  болған.  Бірақ  нағыз  түркілердің  этностық  тарихы  б.з.  V  ғасыр 
басталады екен. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда, ерте д`уірлердегі тайпа-
лар  қалай  түркі  тектес,  түркі  тілдес  деп  аталады?  - деген  заңды  сұрақ  туады.  Мұны  былай  түсіну 
керек.  Б.з.  V-  VІІІ  ғасырларда  түркі  тайпалары  пайда  болып,  қалыптасқан.  Ал  Алтай  тілі  тобына 
жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын 
болған. 
Түркі  этнонимі  алғаш  рет  қытай  жылнамаларында  542  жылы  аталады.  Қытай  жылнамалары 
түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің 
ішіндегі  басқарушы  ақсүйек  ру  өкілдеріне  ғана  қатысты  болды.  Содан  кейінгі  кездерде түркі деген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет