С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Малым – жанымның садағасы (құрбаны)



Pdf көрінісі
бет416/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   587
Малым – жанымның садағасы (құрбаны), 
Жаным – арымның садағасы (құрбаны). 
 
Халықтың  өзіндік  бейнесін  сақтауға  ықпал  ететін  қазақтарды  т`рбиелеудің  маңызды  айрықша 
ерекшеліктерінің  арасында  табиғилығымен,  үздіксіздігімен,  циклдығымен  қатар,  өзектілігі  ұлттық 
қайта өрлеу жағдайында ерекше артқан сабақтастықты жатқызуға болады. 
Сабақтастық этнопедагогиканың ерекшелік белгісі болып табылады, ол арқылы этникалық т`рбие-
нің негізгі идеяларының, формалары мен құралдарының сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Сабақтас-


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
277 
тық кеңістік пен уақыт аясында орын алады. Өзінің табиғаты бойынша озық бола тұрып, олар дами, 
байытыла ж`не түрлерін өзгерте отырып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. 
Сабақтастықтың бернеше түрлері бар: физикалық, рухани, еңбек саласындағы, жалпы отбасылық 
тұрғыда, материалдық-экономикалық[2, 40б]. 
Физикалық сабақтастық табиғат арқылы тұқым қуалаушылықпен, генотиппен қамтамасыз етіледі. 
Сабақтастық  кездейсоқ  түрде  болуы  мүмкін,  бірақ  көп  жағдайда  саналы  ұғынылған  түрде  жүзеге 
асады. Мысалы, өзінің жеті атасымен шежіресі бойынша байланысын саналы ұғыну. Рудың ұрпақтар 
сабақтастығын  нығайтуымен  қатар  бірлескен  `рекетін  бекітуге  арналған  жеке  т`сілдері  болады: 
таңба,ұран  –  ата-бабаларды  ұмытпауға  ж`не  руға  қатыстылықты  есте  сақтауға  шақыратын,  `скери 
ұранның  рөлін  атқаратын,  `н  түріндегі  нұсқалары  да  кездеседі.  Өзіндік  тарих  ретінде  рудың 
өмірбаяны рухани тұрғыда ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. 
Рухани  сабақтастық  т`рбие  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Барлық  тірі  организмге  өзін-өзі  сақтау 
ж`не  текті  жалғастыру  инстинкті  т`н.  Адамның  шынайы  `леуметтік  м`ні  ұрпақтары  арқылы  жалға-
суында көрініс береді. 
Осыған орай Бауыржан Момышұлының ой-пікірлері ерекше өзекті болып саналады: 
«Біріншіден,  «бесік  жырларын»  айта  алатын  аналардың  (келіндер,  жеңгелер)  азайып  бара  жатқа-
нынан қорқамын; 
Екіншіден, өздерінің немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын `желердің көбейіп бара жатқаны-
нан қорқамын; 
Үшіншіден, салт-д`стүрлерді құрметтемейтін ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын; 
«Бесік  жырын»  тыңдамай  өскен,  ертегі  тыңдамай  өскен,  өзінің  ата-бабаларының  д`стүрлерін 
бойына  сіңірмеген  ұрпақтың  рухани  тұрғыда  соқыр  болйып  қалуынан  қорқамын.  Осындай  «көрсо-
қырлардың»  қолына  балта  берсең  –  шаба  салады,  бақыр  берсең  –  ала  салады,  найза  берсең  –  сұға 
салады,  намыстанбай  бұға  салады.  Мен  туылғаннан  бастап,  табиғатынан  соқырлар  туралы  айтып 
отырғаным жоқ, мұнда мен тағдырдың т`лкегімен осындай болғандар туралы айтып отырмын. Егер 
біз өзіміздің «соқырлығымыздан» емделмесек, халық болудан қалатын шығармыз деп қорқамын».И`, 
танымал батырдың күм`ндары негізсіз емес, бұл бізді де толғандырады. 
Еңбек  мүдделері  мен  өнер  саласындағы  сабақтастық  қарапайым  қызығушылық  пен  еліктеудің 
негізінде пайда болуы мүмкін. Еңбек саласындағы сабақтастықтың жергілікті сипаты болуы мүмкін 
(ұрпақтан ұрпаққа берілетін д`стүрлі қолөнер). 
Жалпы  отбасылық  жоспардағы  сабақтастық  адамгершілік  саласында  орын  алуы  мүмкін.  Бала-
ларының  жақсы  өмір  сүруі  үшін,  ата-аналардың  саналы  ұмтылысында,  сабақтастықтың  педаго-
гикалық аспектісі көрінеді. Жас жұбайларға бата беруде, үйлену тойларының р`сімдерінде, жас с`би-
лерге тілек айтуда, с`билерге есім беруде үнемі ұрпақтардың сабақтастығы туралы қамқорлық байқа-
лады. 
Материалдық-экономикалық сабақтастық мұрагерлік арқылы жүзеге асырылады. 
Аталған  сабақтастықтардағы  маңызды  міндет  ретінде  `ртүрлі  деңгейдегі  құндылықтар  педаго-
гикалық ықпалдың құрылымында қандай орын алатыны анықталуы қажет, өйткені олар өз кезегінде 
шынайы  қалыптастырушы  рөл  атқарады.  Осыған  байланысты  адамзаттың  өмір  сүруінің  `ртүрлі 
деңгейлерінде  ж`не  `ртүрлі  іс-`рекет  түрлерінде  қалыптасқан  нормалары  мен  құндылықтарының 
жиынтығын  түзіп,  сол  синтездің  н`тижелерін  т`рбие  аясына  енгізу  қажет.  Бұл  міндетті  ұлттық 
т`рбиені  жүзеге  асыра  отырып  шешуге  болады.  Біздің  анықтамамыз  бойынша,  қазақтың  ұлттық 
т`рбиесі  үздіксіз  үдеріс.  Оның  барысында  адам  этностың  субьектісі  ретінде  өз  халқының  салт-д`с-
түрлері мен `дет-ғұрыптарында негізі қаланған этникалық құндылықтар мен этно`леуметтік рөлдер-
ді,  этникалық  нормаларды  меңгереді,  н`тижесінде  этникалық  өзіндік  санасы,  өз  ұлты  үшін  намыс 
сезімі, этностың бір мүшесі ретінде өзіне деген, өз этносының тіліне, тарихына, м`дениетіне жағым-
ды  қатынасы,  мақтаныш  сезімі,  басқа  этнос  өкілдеріне  деген  құрмет  пен  толеранттылық  сезімдері 
қалыптасады. 
Этникалық  т`рбие  этно`леуметтік,  этносаяси  факторлардан  айрықшаланатын  этностың  этном`-
дени құрамдасына зейінді ерекше шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл `дістемелік ж`не практика-
лық  қатынаста  аса  маңызды  болып  саналады.  Ол  ұлттық  педагогика  мен  халық  педагогикасының 
этнопедагогикадан айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді, себебі, этнопедагогиканың негіз-
дерін  этном`дени  құндылықтар,  халық  педагогикасының  негізін  этно`леуметтік  тұғыр,  ал  ұлттық 
т`рбиенің негізін мемлекеттік компонентті құрайтын этносаяси тұғыр анықтайды[4, 81 б]. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет