С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет574/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   587
Түйін  сөздер:  Еңбек  шарты,  қажу,  еңбек  қабілеті,  қызметтік  даярлық,  жеке  тұлға,  дене  м`дениеті, 
функционалдық жағдайы. 
 
Қазіргі  таңдағы  дене  м`дениетінің  негізгі  оқытып,  үйрету  құралы  дене  жаттығулары  болып 
табылады.  Физиологиялық  белгілері  бойынша  жекелеген  топтарға  біріктірілген  барлық  көп  бейнелі 
бұлшық ет қызметі бойынша жаттығуларды физиологиялық топтастыру жүйесі қалыптасқан. 
Организмнің  жағымсыз  факторлардың  қолайсыз  `серіне  орнықтылығы  адамның  тумысынан, 
табиғи  ж`не  тіршілік  ету  барысында  иеленген  қасиеттеріне  байланысты  болады.  Бұл  барынша 
қозғалмалы  ж`не  бұлшық  ет  жүктемелері  мен  сыртқы  орта  қозғаушы  күштері  (ауа  райы  темпера-
турасының тұрақсыздығы, оттегінің жеткіліксіздігі, сол сияқты көмір қышқыл газының артық мөлше-
рі  ж`не  т.б.)  арқылы  жаттығу  құралдарымен  `сер  етуге  болады.  Ғылыми  зерттеу  н`тижелері  мен 
білікті  дене  м`дениеті  мамандарының  іс-т`жірибелері  көрсеткендей,  физиологиялық  механизмдерді 
жетілдіру  жолымен  дене  жаттығуларымен  шұғылдану  ауа  райының  жоғары  ыстықтықтағы,  артық 
суықтықтағы  температураларына,  гипоксияға,  кейбір  уландыратын  заттардың  `серіне  студенттер 
организмінің  орнықтылығын  арттырады,  ауруға  шалдығуларын  төмендетеді  ж`не  олардың  дене 
қабілеттері мен оқу еңбегінде жұмыс қабілеттіліктерін арттырады. 
Спорттық  д`режесі  бар,  жаттыққан  шаңғышылардың  денелері  -35ºс-қа  дейінгі  суық  кезінде 
жоғары  жұмыс  қабілеттіліктерін  сақтайтыны  т`жірибе  жүзінде  д`лелденген.  Егер  жаттықпаған 
адамдар  дене  температуралары  +38ºс  көтерілгенде  жұмысты  атқару  жағдайында  болмаса,  ал  жат-
тыққан адамдар өздерінің дене температуралары +39ºс ж`не одан да жоғары болған жағдайларда да 
жүктелерді орындай алады [1].  
Дене  жаттығуларымен  белсенді  ж`не  жүйелі  шұғылданатын  адамдарда  жоғары  қуаттылықпен 
ж`не  күштенумен  ақыл-ой  немесе  дене  еңбегін  атқару  кезінде  психикалық,  ақыл-ой,  ой  ж`не  сезім 
күйі орнықтылығы артады. 
Дене жаттығуларының сапалы сипаты бірқатар мына психикалық қызметтер жиынтығынан көрі-
неді: жетілдіруге талаптану, оған жетуге деген `рекеттің мақсаты мен құралдары туралы мағлұматы, 
берілген жаттығуды орындауға деген ықылас пен ерік-жігер күшінің болуы ж`не т.б. 
Дене  жаттығуларын  дұрыс  орындауға  қоршаған  орта  жағдайының  `сері  ж`не  оған  бағдар  алу, 
қозғалу  мағлұматының,  ойлау  жұмыс  қабілетінің,  толқу  сезімінің  ж`не  т.б.  болуы  `сер  етеді.  Дене 
жаттығулары  адамның  психикалық  қасиеттерін  жетілдіруге  мүмкіндік  жасап,  оның  ойлау  (зерде, 
сана) қызметін жақсартады. 
Дене  жаттығулары  қызығушылық  пен  сезімді,  ерік-жігер  мен  мінезді  дамытып,  адамның  рухани 
даму  құралының  бірі  болып  табылады.  Олар  сонымен  бірге  адамның  дене  ж`не  психикалық 
қызметінің бірлігін көрсетеді. 
Адамның дене жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қандай да бір қозғалыс 
`рекетін орындау жағдайына, оның сипатына, ерекшелігіне, созылу ұзақтығына, қуаттылығына ж`не 
қарқындылығына  байланысты  негізгі  дене  қозғалысы  сапаларына  күшті,  шапшаңдықты  ж`не 
төзімділікті  жатқызады.  Бұл  аталған  дене  қозғалысы  сапаларына  дене  жаттығуларының  кейбір 
ерекше  түрлерінің  табысты  орындалуын  қамтамасыз  ететін  иілгіштік  пен  ептілікті  жатқызу 
мақсатқа  лайықты  болады.  Жаттығулардың  адам  организміне  `сер  етуінің  ерекшеліктері  мен  көп 
бейнеліліктерін  (спорт  физиологтарының  көзқарастары  бойынша)  дене  жаттығуларының  физио-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет