С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина


Медициналық оқу  орындарының рейтингісі



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.04.2017
өлшемі0,98 Mb.
#11191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Медициналық оқу  орындарының рейтингісі. 

Тӛменде    АҚШ-тың  үздік  жоғары  медицина  мектептерінің  «US  News  &  World  Report»  

нұсқасы бойынша рейтингі  (2008ж.): 

1.

 

Гарвард университеті (Harvard  University) 



2.

 

Джон Хопкинс университеті (Johns Hopkins  University) 



3.

 

Сэйнт  Луиседегі Вашенгтон  университеті  (Washington  University  in  St.Louis) 



4.

 

Пенсильван  университеті  (University  of  Pennsylvania) 



5.

 

Сан-Францискадағы  Калифорния университеті (University  of   California-San Francisco) 



6.

 

Дюка университеті (Duke  University)   



7.

 

Вашенгтон университеті (University  of  Washington) 



8.

 

Стенфорд  университеті (Stanford University)   



9.

 

Лос-Анжелестағы   Калифорния университеті (University  of    California Los Angeles) 



10.

 

Йельск  университеті (Yale University) 



Зерттеулер  саласы  бойынша   медицина   оқу  орындарының  арасында  ең  үздік  Гарвард  

университеті  (Harvard    University),    Джон  Хопкинс  университеті  (Johns  Hopkins    University), 

Пенсильван  университеті  (University  of  Pennsylvania), Коллумбия   хирургия  және  терапия  

университетінің    колледжі    (ColumbiaCollege  of      Physucians    and    Surgeons),  Стенфорд  

университеті (Stanford University)   

 

Америкадағы  бағалау  жҥйесі 

АҚШ-та    бағалаудың    кредиттік  технологиясы  жұмыс  істейді.  Әр  пәнді  оқу    барысында 

кредит    қабылдау  үшін      студент    100  балдың    ішінен    70    балдан    кем    жинамауы  қажет.   

Қабылданған  А, В, С, Д, F   бағалау  градациясы  дәстүрлі 5,4,3, 2,1 градациясына   сәйкес. 

Қазақстандық  жүйеге  қарағанда   емтиханды  қайта  тапсыру  рұқсат  етілмейді, емтиханнан  

ӛте    алмаған  жағдайда    студент      кредиттік      сағаты  мен  ақшасын  жоғалтады  және    ол 

қайтарылмайды.    Міндетті  болса  ол  студент қайта  курстан  ӛтеді  немесе   ақшасын тӛлеп 

басқа    курсқа  жазылады.  Бұл  жағдайда  оқу  уақыты  мен    бағасы    ӛседі.    Осыдан    студенттің   

білімін    бағалау    мен    қойылған    бағаның    жүйесін      анықтайды.      Түсінбеушілік    пен   

студенттер  тарапынан  шағым  болмау  үшін университет оқытушысы   семестрдің  басында  

әр  студентпен келісімшартқа отырады.  Әр  студент   алдағы  семестрде     әр   курс  бойынша  

орындалатын  жұмысы    жайлы    қысқаша    мағлұмат      алады.  Ол    жоспарға  лекция  

тақырыптары,    бағалау    критерийлері,    тапсырмаларға  қойылатын    талаптар  және  орындалу 

уақыты,  бақылау  жұмыстары мен  аралық  тестілеу кестесі,қажетті әдебиеттер мен оқулықтар  

тізімі,  оқытушының    кеңес  беру  уақыты,    емтихан  сұрақтары  т.т.кіреді.    Студент    үшін  

қорытынды  баға    критерийлері  мен    емтихан  түрлері  басты    элементтер    болып  табылады.  

Қорытынды баға  студенттің семестр  бойы атқарған  жұмысының  балы болып  есептеледі.  

Бұл      бірнеше  семестр    бойғы    тапсырма  нәтижесінің  пайыздық    кӛрсеткіші.  Мысалы: 

Оқытушы  студенттен  келесі  тапсырмалардың орындалуын талап  етуі  мүмкін: 

1 Кесте  

1. 


Аралық  тест 

-

 



 30% (ең жоғарғы  100 балдан)=30балл 

2. 


Реферат 

-

 



20% (ең жоғарғы    100 балдан)=20балл 

3. 


Қорытынды  тест 

-

 



40% (ең жоғарғы    100 балдан)=40балл 

4. 


Пікірталастарға  қатысу 

-

 



10% (ең жоғарғы    100 балдан)=10балл 

 

Үй  тапсырмасының  саны мен  аралық  тексеру  жұмыстарын әр  оқытушы  анықтайды. 



Тапсырма  пайыз   түрінде  қойылып,  кейін жалпы  саны  есептеледі. Америкада  студенттің  

бағалары,  аты-жӛні  жарияланбайды,  тек    жеке  нӛмірі    кӛрсетіледі.      Қорытынды    баға  

студенттің    пән    бойынша  оқу    барысында    жинаған  пайыздарына    байланысты.  Аудару  

шкаласының  мысалы: 

  2 Кесте 

90-100% - 4,0 

70-74% - 2,0 

85-89% - 3,5 

65-69% - 1,5 

80-84% - 3,0 

65%- 1,0 

75-79% - 2,5 

 


10 

 

 



 

Сапа   кӛрсеткіші келесі  5-балдық  шкала  бойынша  жіктеледі: 

 

А=4,0 


 

В=3,0 


 

С=2,0 


 

D=1,0 


 

Е(F)=0,0 

Бұл    қадам    студенттердің    семестр  ішінде    жайбарақат    жүруіне    жол    бермейді    және  

үнемі    жұмыс    жасауға    мәжбүрлейді.  Одан    басқа  формальды    қадам    студенттер    білімінің  

бағасына  қойылған пайыздарды бақылауға  соңғы  мүмкіндік  береді.   

Бұл    жүйенің    тәжірибеде  қалай  жұмыс    жасайтынын    бақылау  үшін    гипотетикалық   

жағдайды мысалға  аламыз. Бұл  жағдай  студент  шартты түрде  мынадай  бағалар   алған кезде 

толығымен  қалыпты бола  алады:   



3 кесте 

1-бӛлім  «аралық  бақылау  тесті» 

-

 

85 балл  (В  немесе 4); 



2-бӛлім «реферат» 

-

 



80 балл  (В  немесе 4); 

3-бӛлім «қорытынды  тест» 

-

 

95 балл  (А  немесе 5); 



4-бӛлім «пікірсайыстарға  қатысу» 

-

 



90 балл  (А  немесе 5). 

 

Сонда    семестр    ішіндегі    жалпы  қорытынды    88,5  балл  болады  (85    баллдың    ішіндегі  



30%)+(80  балдың  ішіндегі  20%)+(95  балдың  ішіндегі  40%)+(90  балдың  ішіндегі  10%)  немесе 

(25,5+16+38+9=88,5).    88,5    баллдың  саны  В    немесе    «жақсы»  деген    бағаға  сәйкес    келеді.  

Мұндай  жүйемен      қорытынды  баға  қою  студенттің  оңай      басымдылық            күшін      есептеп,  

тапсырмаларға  дайындалуына,    тестке    және  калькулятор    кӛмегімен    ӛзінің    жақсы    оқуына 

және үйренуіне немесе  сағаттарын  бақылап отыруына кӛмектеседі. 

Айта  кететін  жайт тест  жазбаша  түрде болады,  егер  студент  ӛз  бағасымен  келіспеген 

жағдайда    бұл    тест  құжатқа  айналады.    Сонымен  қатар    бұл    тестер  кӛп  профессорлармен   

тексерілмей  оның    ассистенттерімен      анонимді    код    түрінде    тексеріледі,  ол  обьективті 

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Сынақ    кітапшасы    кітап    түрінде      болғандықтан,  Американдық  

жоғары  оқуда оқитын студенттер  ӛздерінің уақыты келгенін  біліп отырады немесе телефонды  

компьютер    жүйесі    бойынша    хатшы  профессордың    ассистенті      арқылы  біледі.    Осындай 

детальды  жүйе,  профессор-оқытушы  құрамының  студенттермен    қарым-қатынас,  кредитті 

сағатта  және  психологиялық  келісімді,студенттердің    ӛз      бағасына    түсінбеушілігін,  кӛңіл  

толмаушылығының    азайюына    әкеледі  (Новатаров  Э.В.  2003.    http:  //  WWW.mavriz.  ru 

/articles/2003/2/60.htm/). 

 

Медициналық   мектептегі  білім  бағасы 

Студенттермен  медициналық  мектептің түлектерінің  білімінің бағасын    Медициналық   

емтихан    Ұлттық Кеңесі  атқарады. АҚШ  (National Board  of  Medpcal Examiners NBME).  Ол  

1915  жылы   пайда болған.   Медициналық  емтиханды  ӛткізу   мақсатымен қазіргі   уақытта  

ол   Медициналық мектептерді базалық  және клиникалық    тәртіп  сабағы  бойынша  тест пен   

қамтамасыз  етіп,      медициналық  тәжірибеге  құқық  алу үшін,  Медициналық    лицензиялау  

үшін    түлектердің  білімінің     бағасын  тексереді.   

NBME    жеке    үкіметтік      емес  ұйым    1992  жылы    NBME    және    Медициналық 

федерациясының  кеңесі  АҚШ  штатының  ортақ    бағдарлама    енгізуге    кірісті.    Ұлттық   

медициналық  лицензияның   емтиханды  АҚШ  (United  States  Medical Licensing  Examinations/ 

USMLE). 

USMLE – бұл  емтихандар  3  деңгейден тұратын,  медициналық практикаға  лицензия  алу  

үшін,  бағаны   қадағалау үшін қажет. Әр  деңгей  2-күндік емтиханнан тұрады. 2 емтиханды  

бума    бойынша  күн    сайын  ӛткізіледі.    Жалпы    сұрақ  саны  әр    емтиханға  600-750-ға  жетеді. 

Уақыты  және      емтиханның    ӛткізілуі        қатал    қадағаланады,    бумадағы    сұрақтар    ӛз    (пән) 

бойынша    орналаспаған.  Әр    деңгейдің    емтиханы        бланкалық    түрде  ӛткізіледі.    («жауап-

парағы»  -  қалам    түрінде).  Әр    емтихан  кӛп    жауапты  сұрақтан  тұрып,  медициналық  бӛлімді 


11 

 

және дағдыларды  бағалап және науқасқа қауіпсіз  және жақсы кӛмек  кӛрсету  үшін маңызды 



болып   саналады (Кейс С.М., Свэсан  Д.Б., 1996). 

І саты,  әдетте  базалық  ғылым  курсын  біткенде  тапсырады,  ереже  бойынша,  екінші  

оқу  жылының  соңында  медицина  мектебінде  білім  мен  базалық  биомедицина  ғылымының  

кілттік  тұжырымдамаларын  түсінгендігін  бағалайды.  

ІІ  саты,    әдетте    медицина    мектебінің    соңғы    жылында    тапсырылады,      медициналық   

білім    және    клиникалық    ғылымды    дәреже    ретінде    түсінуді    бағалайды,    бұл  дипломнан  

кейінгі   оқу  (резидентура)   барысында  үлкен  әріптестердің  басшылығымен    медициналық  

кӛмек  кӛрсету  үшін  қажет. 

ІІІ  саты,    медициналық      білімін    қолдану    қабілетін    бағалайды,    бұл    ӛздік      жалпы 

медициналық   тәжірибеге  қажет.  Емтихан  тапсырушылар  ІІІ  саты  емтиханына  дайындықты  

резиденттік  бағдарламаның  6  айы  ӛткен  соң  бастайды. 

Балл    саны    және      «тапсырды-тапсырмады»    нәтижесін    әдетте    студентке    және    оның  

медицина    мектебіне      хабарлайды.    Қосымша,    медициналық    тәжірибеге    бірінші    лицензия  

беру    үшін    шешім    қабылдау    мақсатында      нәтиже    лицензияланған    штат    органдарына  

хабарланады.  Әр  штаттың  лицензиялық  органдары  хабарланады.  Әр  штаттың  лицензиялық  

органдарының    дәрігерлерді      лицензиялауда    ӛз    шарттары    болғанымен,    қазіргі    кезде  

лицензиялау  үшін  USMLE ӛту  балын  қарастырады. 

Әр  сатыдағы  емтихан сұрақтарын  тәжірибелі, ӛз  саласында беделі жоғары  оқытушылар 

мен  клиницисттар    құрастырады.    Бұл  сарапшыларды  АҚШ  пен  Канаданың  барлық  

аймақтарының академиялық орталарынан, тәжірибелі дәрігерлерді және штаттың  лицензиялау  

органдарының  әріптестерін  таңдайды.  Мысалы,  ІІ  сатының  сұрақтарын  құрастыру  үшін  5  

пәндік    комитет    бар    (ішкі    аурулар,    акушер-гинекология,    педиатрия,    психология    және  

хирургия).   Әрбір  комитет  8  мүшеден  тұрады, әрқайсысы жылына 50 сұрақ жазады. Әрбір  

мүше  жазған  сұрақтарды  қарастыру  үшін  жыл  сайын  комитет 3  күнге  жиналады. Әр  сұрақ  

авторымен  дауыстап  оқылады,  содан  соң    сыналады  және  қайта   құрастырылуы да  мүмкін.  

Мағынасына    сәйкес,    техникасы    дұрыс    және    жақсы    жазылған    сұрақтар    мақұлданып,   

емтиханда  қолданылады.  Содан  кейін  пәндік комиеттің  тӛрайымдары  3  күн  бірге  жұмыс  

істейді.  Бұл  кездесуге  тӛрайымдар  комитет  дайындаған  сұрақтарды  дауыстап    оқуға  тиіс,  

ал    қалған    тӛрағалар  осы  сұрақтарды  емтиханға  лайық    деп    мақұлдауы    керек.    Жарамсыз  

сұрақтардың орнына тӛрағалар басқа сұрақтар дайындалулары  тиіс. Барлық  осы   адамдардың  

емтиханды  құру  барысында  қатысуы    ӛтіп  жатқан  ғылыми  канцепцияларда  кӛрсетуді  

қамтамасыз  етеді.  Яғни    олар    медициналық  тәжірибенің      басталуына    қажет.    Әрбір      тест  

сұрақтарын      дайындаушы    екі    күндік    семинарға    қатысады  да,  жоғары    сапалы    тест   

материалдарын  дайындау  бӛлімінде  жазылады. 

Ұлттық  Кеңес  емтихандарын  қатаң   құпияда     сақталуын  бақылайды,  сонымен  қатар  

олардың    қол    жетімді    болуына    жол    бермейді.    Қауіпсіздік    шаралары    NBME      де      тест  

біткеннен    кейін    буклеттерді      қайтаруын    қамтамасыз    етеді.    NBME    емтихан      барысында  

тест    жауаптарын  кӛшіріп  алу  немесе  оған   дейін  жауаптарды  дайындап  алу  шараларын 

қатаң  бақылайды.    NBME    емтихан    барысында        емтихан    үрдісін      бұзуға    тырысқан   

студенттерге  лайықты  шаралар  қолданады.  NBME-нің   қазіргі  күндегі   бағалауды  кӛтеру  

үшін    енгізген      жаңалықтарының      бірі    компьютерлі-адаптивтік      тестілеу,    клиникалық   

жағдайда  компьютерлік   симуляция  яғни  олармен  дәрігер  әр  кезде  кездеседі  және   үлгі 

ретінде  пациенттерді    қабылдайды.    Бірінші    екі    әдіс    3    жылдың    ішінде    лицензиялық    

емтихандарға  енгізіледі,  соңғысы  5  жылдың    кӛлемінде  енгізіледі.  



Компьютерді  –  адаптивтік    тестілеу          компьютерленген    тестілеу    кезінде   

сұрақтардың      кӛп  таңдаулылығымен      ерекшеленеді.    Соған    қарамастан,    бұл    әдіс    басқа  

әдістерге  қарағанда  тест   кезінде  компьютердің  кейбір    сұрақтарды  кесіп  тастап,  келесі  

сұрақтардың  дұрыс  жауабын  береді. 



Клиникалық  жағдайлардың    компьютерлік  симуляциясы  емтихан  тапсырушыға  түрлі 

мағлұматтарға  сүйене  отырып,  емделушіні  жетекетуге  мүмкіндік  береді.  Осылайша  емтихан 

тапсырушының  емделушіге  шартты  уақытта  кӛмек  кӛрсету  қабілеті  бағаланады.  Осыған 

байланысты оған қажетті диагностикалық және емдік іс шаралар беріледі және жағдаяттардың 

дамуын  бағалауға  мүмкіндік  туғызады.  Емтихан  тапсырушының  анамнез  жинауға,  физикалық 


12 

 

зерттеуге  және  коммуникативтік  дағдыларын  бағалауда  стандарттық  емделушілер  белгілі  бір 



ауру түрін немесе жағдайды қатаң сценарий бойынша кӛрсете отырып емтихан тапсырушының 

барлық іс-әрекеттерін арнайы бланкте тіркейді және оны емтихан нәтижесін есептеуде негізге 

алады.  

ШҚКЭ емтиханы студенттің белгілі дағдыларды меңгергенін арнайы таңдап алынған 

аурулардың  берген  бағасымен  бағаланады.  Бұл  бағалау  тәсілі  басқаларына  қарағанда 

клиникалық және жеке тұлғалық дағдыларды анықтауда ең қолайлысы болып табылады. Соңғы 

10  жыл  ішінде  стандартталған  емделушілердің  арасында  алынатын  емтихандар  тәжірбиемізде 

1989 жылы 2%-тен 1999 жылы 27,5% ӛсті. Бұл тәсіл геометриялық прогрессия сияқты ӛсіп, кӛп 

жағдайларда  клиникалық  дағдылардың  емтиханына  қосымша  болып  табылады.  Барлық 

тәсілдердің  ішінде  ОСКЭ  объективті  бағалаудың  нәтижесінде  басқа  арнайы  клиникалық 

тәсілдердің кӛпке танымал әдісі. Болашақта  ШҚКЭ-нің қосымша бӛлігі  клиникалық  дағдылар 

емтиханында  ШҚКЭ  дамытуының  және  тереңдету  арқылы  медициналық  мектептерде 

қолданылады.  

Медициналық  емтихан  алушылардың  ұлттық  кеңесі  клиникалық  дағдылар  бойынша 

емтиханды  зерттей  отырып  анықтағаны:  клиникалық  дағдылар  әрбір  дәрігерге  қажет 

болғандықтан медициналық мектеп түлектеріне осы емтиханды тапсыруы қажет.  

ОҚПС  студенттерімен  қоғамдық  пікірі  бойынша  ҚЕӘК  арнайы  клиникалық  емтихан 

болып табылады және оны әрбір дәрігер емделуге міндетті. Бұл емтиханның заңнамалық күші 

ӛте жоғары. ҚЕӘК тиімді емтихан болып табылады. ӛйткені клиникалық жағдаяттар студенттің 

клиникалық әс-тәжірибесінде және негізгі білімді меңгергенде, интернде кездеседі.  

ҚЕӘК тест түрінде студенттің білім дағдыларын шектейді, сонымен қоса жақсы анамнез 

жинақтауға,  мақсатты  тексерулер  жүргізуге  клиникалық  анализдермен  рентген  түсірілімдерін 

оқуға және клиникалық диагноз қоюға үйретеді.  

ҚЕӘК-тің  қарапайым  түрі  мынадай  құрылымдардан  тұрады:  клиникалық  жағдаяттар, 

кеуде клеткасының рентгенографиясы, клиникалық сараптаулар, ЭКГ және клиникалық зерттеу 

кезінде кӛрінген белгілері, бірақ бұған стандартталған аурулар кірмейді.  

ҚЕӘК  -тің  де  ӛзіндік  кемшіліктері  де  бар.  Бұл  ӛте  қымбат  емтихан,  ӛйткені 

стандартталған  ауруларды  жалдайды,  оқытады,  олардың  жұмысына  ақы  тӛленеді. 

Стандартталған аурулар ретінде әр түрлі ауруды кӛрсетуге, арнайы оқыған кісілер немесе дені 

сау  адамдар  да  тартылады.  ҚЕӘК  сонымен  қатар  аса  қымбат  емес  емтихан  ретінде  және  кӛп 

уақытты  қажет  етпейді.  Егер  де  ол  үшінші  оқу  жылының  соңында  ӛткен  жағдайда 

қорытындылай келе ескеретін жайт. Осындай орталықтандырылған және пәндік емтихан ҚЕӘК 

кафедралық және практикалық емтиханға қарағанда жоғары сапалы болуы керек.  

Солтүстік Американың медициналық мектептерінде бұрынғы кезде ауызша емтихандарды 

ішкі  аурулар  тәжірбиесінен  кейін  жиі  қолданған.  Бірақ  бүгінгі  күні  сенімді  болмағандықтан 

және  уақытты  кӛп  алатындықтан  аз  қолданылады.  ИППС  ауызша  емтихан  студенттің 

клиникалық  ойлау  қабілетін,  дұрыс  шешім  қабылдау  біліктілігін  бағалауға  мүмкіндік  береді. 

Сонымен  қатар  студенттің  жалпы  теориялық  білімдерін  ауызша  емтиханда  бағалау  жазбаша 

емтиханға қарағанда дәлдігі тӛмен.  

Әдеттегі  ауызша  емтиханда  студенттің  уақыты  тек  бір-екі  клиникалық  жаттығуды 

орындауға  жетеді.  Бұл  жағдайда  студенттің  клиникалық  жаттығуларды  орындай  алу  қабілеті 

бұрын да осы тапсырмалармен бғтпе-бет келуінің нәтижесі деп түсіну керек. Топпен емтиханды 

ауызша  тапсыру  сол  топтың  орташа  білімін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Себебі  клиникалық 

тапсырмалардың  шашыраңқы  берілуінің  салдарынан  кейде  белгілі  бір  студенттер  тобы  не 

жоғары кейде ӛте тӛмен балл алуы мүмкін, әрине ол ӛз білімдерімен емес болуы да ықтимал. 

Сондай-ақ ауызша емтихан бірнеше емтихан қабылдаушымен ӛткізіледі, осылайша студенттер 

туралы  әртүрлі  кӛзқарастар  туындауы  мүмкін.  Кӛбінесе  емтихан  қабылдаушы  стандартқа  сай 

бағаның  жоқтығынан  белгілі  бір  мӛлшерде  ауызша  емтихан  ӛткізіп  студент  білімін  бағалауы 

мүмкін. Сондай-ақ, ауызша емтихан ӛткізу барынша шектеулі уақытта жауап алу және оның бір 

қалыпты  ӛтуіне  болады.  Мысалы,  бір  ауруға  байланысты  студент  науқастың  арыз-шағымын 

ауызша  сұрауында  болуы  мүмкін.  Ал  емтихан  қабылдаушы  ауызша  емтихан  барысында  сол 

ауру  тӛңірегінде  ғана  сұрақ  қоюы  мүмкін.  Бүгінгі  таңда  жазбаша  тест  жазбаша  емтиханға 

қарағанда сирек қолданылады. Ал Америкада ауызша емтихан түрі сирек қолданылады.  



13 

 

Студенттердің білімі мен практикалық дағдыларының қосымша әдістері кӛп кезеңді 



емтихандар  (мысалы,  практикалық  емтихандар  «стипльчез»).  Кӛпкезеңді  емтиханға 

дайындалу  немесе  оны  ӛткізу  күрделі  болғанымен  ол  фундаменталды  пәндерде,  әсіресе 

манипуляциялық  дағды

 

бағалауда  бірыңғай  тестілеумен  бағалай  алмайды.  (Мысалы, 



микроскоппен жүмыс істей алу, лабораториялық  әдістерді орындау). Сондай-ақ кейбір тесттік 

жұмыстарды  жүргізу  (радологиялық  суреттер,  түрлі-түсті  иллюстрациялық  суреттер)  ӛте 

қымбатқа түседі. Бұл жағдайда тест ӛткізу шығындарға әкелуі мүмкін.  

Үй емтиханы. Студенттер үшін үй емтизаны ӛте тиімді болуы мүмкін. Ол студенттің кӛп 

оқып, тақырыпқа терең баруына мүмкіншілік береді. Ӛкінішке орай, кейде студенттер жауабын 

түгелдей томмен кӛшіріп алуға тырысады, кейде түсініксіз болады, себебі студент жұмысының 

жауабына  сәйкес  келмей  жатады.  Бұндай  жағдай  тесттік  жұмыстарды  алдын-ала  таратуымен, 

кӛп жағдайда берілген сұрақтарды тарату салдарынан да болады.  

Ашық  кітап  түріндегі  емтихан.  Бұндай  емтихандардың  пайдасы  сол,  оқытушының 

қойған  сұрағына  нақты  жауап  беруге  болады.  Ашық  кітаппен  ӛтетін  емтиханды  кітаптың  бір 

бетінде-ақ тауып алатын сұрақты қоюдың еш мәні жоқ, сондықтан тест сұрақтарын даярлауда 

проблемалық сұрақ қоюдың да маңызы зор.  

 

1.3. Канаданың медициналық білім беру жҥйесі 

 

Канададағы медицина мектебі – бұл факультет немесе университет мектебі, ол Медицина 

Докторы деген дәреже береді. ( Doctor of medicine MD немесе M.D.C.M). Бұл дәрежені 3-4 жыл 

оқыған  соң  ұсынады.  Медицина  мектебіне  түскенде-ақ  студенттер  бакалавр  дәрежесін 

иемденеді.  Кӛбіне  биология  ғылымы  болуы  шарт,  бұл  Канада  медицина  мектептерінің  басты 

шарты.  Канаданың  медицина  факультетінің  ассоциациясы  жылда  баспасӛз  беттерінде 

талапкерлерге  арналған  шарттарды  шығарып  отырады.  Оқуға  түскен  кезде  қабылдау  бӛліміне 

тапсыруға:  еркін  тақырыпта  эссе,  ӛмірбаян,  СРА,  МСАТ,  сұхбат,  волонтерлік  жұмысқа 

қатысқанын растайтын құжаттар. 2001-2002 жылдардан 2005-2006 оқу жылдарына дейін Канада 

медицина мектебінің талапкерлерінің 16-29 %-ы қабылдау емтихандарын жақсы тапсырды.  

Канадада  медицина  мектептерінің  кӛбісі  4  жылдық  оқуды  ұсынады,  тек  Mc  Master 

University  u  University  of  Caldaryден  басқа,  олардың  оқу  бағдарламасы  жазғы  демалысқа 

шықпай  3  жылдық  оқуға  есептелінген.  Бірінші  жылы  студенттер  негізгі  пәндерді  оқиды. 

Мысалы,  анатомия,  физиология,  фармакология,  генетика,  микоробиология,  этика  және 

эпидемиология. Оқу түрі бӛлек ережелермен ұйымдастырылуы мүмкін және модуль системасы 

болуы мүмкін.  

Оқыту  барысында  мынадай  тәсілдер  қолданылады:  дәстүрлі  дәрістер,  мәселелерге 

бағытталған  оқыту,  лабараториялық  сабақтар,  «стандартталған  пациенттермен»  қолдану  және 

клиникалық тәжірибе. Қалған уақытта студенттер клиникада тәжірибе алады, резиденттер және 

дәрігерлердің қарауында студенттер пациенттердің күнделікті күтіміне қатысады.  

Студенттерді  келесі  мамандықтар  бойынша  дайындайды:  терапия,  отбасылық  медицина, 

психиатрия,  хирургия,  жедел  медицина,  акушерлік  іс  және  гинекология,  педиатрия.  Кейбір 

медициналық  мектептер  шет  тілі  студенттерге  M.Sc  немесе  Ph.D    бағдарламаларға  қатысуды 

ұсынады.  

Оқудың соңғы жылында студенттер ӛздерінің қалауы бойынша емханалардың тізімін Car 

MSқа  жібереді,  ол  әрбір  студентті  бағдарламаның  талаптарымен  салыстырады.  «Таңдау  күні» 

наурыз  айында  ӛтеді.  Дипломнан  кейінгі  білім  алудың  ұзақтығы  таңдалған  мамандыққа 

байланысты  –  отбасылық  медицина  2-3  жыл  және  кардио-нейрохирургия  6  жыл.  Соңғы  оқу 

жылдың барысында студенттер квалификациялық емтиханның бірінші бӛлімін тапсырады.  

Медициналық  мектепті  бітіргенде  студенттер  М.Д  кезеңін  алады,  содан  соң  студенттер 

бағдарлама  бойынша  резидентурада  оқуын  жалғастырады.  Келесі  кезең  MCCQE.  Объективті 

Структуралық  Клиника  емтиханы,  ол  резидентурадан  кейін  12  айдан  соң  тапсырылады.  Екі 

бӛлімді  MCCQE  жақсы  тапсырылған  соң,  резидент  Канаданың  Медициналық  кеңестің 

Лецензиаты болып есептеледі.  

АҚШқа  қарағанда  канадалық  резидентурада  интернатура  жоқ.  Бірақ  резидентураның 

бірінші жылы интернатураға ұқсас.  



14 

 

Канадада  АҚШ  пен  Ұлыбританияға  қарағанда  резиденттерге  арналған  ұлттық  гайдлайн 



жоқ, бірақ оны шешетін әр провинцияда резидент пен интерн ассоциациялары бар.  

Барлық  дәрігерлер  ӛз  дәрежелерін  кӛтеру  үшін  міндетті  түрде  әр  жылы  аранайы 

курстардан ӛтеді. Оларға түрлі конференциялар, шағын топтарда практикалық сабақтар кіреді. 

Медициналық  білім  берудің  негізгі  бӛлігі  ғылыми  жұмыс  болып  табылады.  Алайда  ғылыми-

зерттеу 

жұмыстары 

университет 

профессорларының 

кӛмегімен 

ӛтеді. 


Оны 

фармкомпаниялардың кӛмегімен және гранттық бағдарламалар есебімен жүргізіледі.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет