Оқытушылармен алдын-ала келісе отырып, топқа ӛткізілетін сабақтардың барлық түрлеріне (дәрістер, семинарлар, СОӚЖ, сынақ, емтихан және т.б.)қатысуға;
Факультет деканымен келіскен түрде оқу жоспарларын талқылайтын жиналыстарға қатысып, оқу жұмысы формалары мен әдістерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасауға;
қызметінің түрлі аспектілері бойынша бастама кӛтеруге;
Жетекшілік ететін студенттерге қатысты мәселелерді барлық деңгейлерде талқылау мен шешуге қатысуға;
Жетекшілік ететін студенттерінің оқуы мен тәртібіне қатысты университеттің құрылымдық бӛлімшелерінің ақпараттық материалдарын пайдалануға;
Жетекшілік ететін тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс формалары, әдістері мен құралдарын факультеттер мен университеттің тәрбие жұмысы жоспарын, студенттердің мүддесі мен қалауларын ескере отырып ӛздігінен таңдауға;
Университет және факультеттердің әкімшілік және қоғамдық бӛлімшелері мен ұйымдарына оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары, студенттердің мәдени- тұрмыстық жағдайларын жақсартуға байланысты ұсыныстар білдіруге;
Топтағы студенттердің ата-аналары және туыстарымен қарым-қатынас орнатуға;
Топтағы студенттердің жеке істері (шәкіртақытағайындау, түрлі әкімшілік және қоғамдық шара қолдану, Университеттен шығару) бойынша Университет әкімшілігі және қоғамдық ұйымдарының шешім шығаруы мен қабылдауына қатысуға;
Студенттік ӛзін-ӛзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсартуға ұсыныс жасауға, топтағы студенттерді осы органдардың жұмысына қатысты жедел тапсырмаларды орындауға тартуға, ӛзін-ӛзі басқару органдары басшылығын сайлау кезінде басшылыққа үміткер студенттерді ұсынуға;
Ӛзінің атқарған жұмысы үшін осы ережеге сәйкес материалдық және моральдық сыйақы (ынталандыру) алуға құқығы бар.