Ӛзінің қызмет саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнын білу;
Студенттерге ӛз құқықтары мен міндеттерін мәлімдеу; студенттерді ҚазҰМУ студентінің Ар Кодексі, ҚазҰМУ ішкі тәртіп ережесі, «Қазақстан-2050» стратегиясы, жемқорлыққа қарсы саясаты туралы бағдарламасымен және білім, ғылым, жастар саясаты саласындағы нормативтік құжаттармен таныстырып, оның орындалуын қаматамасыз ету;
Студенттердің университет оқыту жүйесінің жаңа әдістері мен тәртіптеріне тез бейімделуіне кӛмек кӛрсету;
Студенттердің ӛздігімен білім алу, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзін-ӛзі бақылау дағдыларының дамуына себепкер болу;
«Тьютор» қызметіне келесі біліктілікталаптарыұсынылады:
Жоғары кәсіби білім (педагогикалық) және жұмыс ӛтілі 3 (үш) жылдан кем болмауы тиіс.
Мемлекеттік (шет) тілдің қызметте толық қолданылуын қамтамасыз етуде мемлекеттік тілді және ӛзге де кең тараған шет тілдерін кәсіби деңгейде білгені дұрыс, іскерлік келіссӛздер, құжаттармен жұмыс жүргізе білуі тиіс.
Педагогикалық, ғылыми және басқару қызметтерінде іс тәжірибесінің болғаны қажет.
Негізгі қызметтік талаптар:
Белсенділік, тіл тапқыштық, аңғарымпаздық, жоғары ұйымдастырушылық және талдау қабілеті;
Кәсіби дағдылар мен қызметін атқаруға қажетті білімінің болуы; Қарым-қатынастағы ұстамдылық, сенімділік, сыпайылық;
Университеттің штаттық қызметкері болуы тиіс (1,0 ставкада). Егер бұл негізгі жұмысы болса, 0,75 ставкаға рұқсат етіледі.