С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина



бет1/5
Дата24.09.2024
өлшемі65,32 Kb.
#145364
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЬЮТОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (2)


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ» РМКТЬЮТОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

МАЗМҰНЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3


2. ТЬЮТОРЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ..................................................... 3
3. ТЬЮТОРДЫҢҚҰҚЫҚТАРЫ.................................................................................. 3
4. ТЬЮТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ………………………………....................................... 4
5. БІЛІКТІЛІК ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР………………………………………….......... 6
6. ТЬЮТОРЛАРДЫ ІРІКТЕУ…..................................................................................... 7

  1. ТЬЮТОРЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТҰРҒЫДА ЫНТАЛАНДЫРУ…….............. 7

  2. ТЬЮТОРЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 7

  3. ТЬЮТОРЛАР КЕҢЕСІ 7

10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР……………………………………………………............ 8

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Бұл ереже «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК, бұдан әрі «Университет», тьюторлары жұмысының тәртібі мен ұйымдастырылуын реттейтін нормаларды қабылдау мен құжат түрінде бекіту мақсатында жасалды. Осы ережеге сәйкес «тьютор» университеттің білім кеңістігінде жеке студентке, сондай-ақ тұтас топқа жетекшілік ететін, студенттердің оқу бағдарламасын игеруін қадағалап, олардың жеке тұлға ретінде әрі кәсіби тұрғыда дамуына ықпал ететін оқытушы

  2. Тьютор жекелеген студенттің Университет қабырғасындағы білім алуын қадағалап, оның жан-жақтылы дамыған тұлға болып қалыптасуына ат салысады. Тьюторлық қызмет түрлі сфераларда қолданылғанымен, олардың барлығы мынадай негізгі принциптерге бағынады:ашықтық, үздіксіздік және жекелік (индивидуализация).

  3. Бұл ережеҚазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР «Білім туралы», ҚР «Ғылым туралы» заңдарымен, ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасымен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасымен, Жоғары білім беру туралы дүниежүзілік конференцияның Декларациясымен, Болоньедегі еуропалық елдер білім министрлері Кеңесінің ұсыныстарымен анықталған ҚР білім саясатының принциптеріне негізделген.

  4. Бұл ереже Университеттің ішкі нормативтік құжаты дәрежесіне ие және міндетті түрде қолданылуы тиіс.
  1. ТЬЮТОРЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ


  1. Университетте тьюторлықты құрудың басты мақсаты Университеттің білім кеңістігіндегі әрбір білім алушыға жеке жетекшілік ету.

  2. Тьюторлық қызмет Университет оқытушысы кәсіби қызметінің маңызды кӛрсеткіші саналады және рейтингтен кӛрініс табады, әрі оқытушы жыл сайын аттестациядан ӛткенде және келесі жылға жеке еңбек шартына қол қойған кезде ескеріледі.

  3. Тьюторлық қызметі Ғылыми Кеңестің 31.08.2012 жылғы шешіміне сәйкес ұйымдастырылады және осы ереженің негізінде жүзеге асырылады.

  4. Тьюторлар ректордың бұйрығымен, тьютормен ӛткізген сұхбатынан кейін кафедра меңгерушісімен келісілген түрде, факультет деканының ұсынысымен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

  5. Тьюторлар қызметін үйлестіру және мониторинг жасауды сәйкес деканаттар Тьюторлар Кеңесімен бірлескен түрде жүзеге асырады, тьюторлар жұмысын студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту Басқармасы және оқу-тәрбие жұмыстары жӛніндегі проректор бағалайды..

  6. Тьютор жетекшілік ететін студенттердің жалпы саны 18-22-ден аспауы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет