С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина



бет5/5
Дата24.09.2024
өлшемі242,16 Kb.
#145364
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЬЮТОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (2)

ТЬЮТОРЛАРДЫ ІРІКТЕУ


  1. Тьютор қызметіне үміткерлер жекелеп іріктеуден ӛтеді.

  2. Тьютор қызметіне үміткерлердің берген жеке ӛтініші қабылданған соң, екі кезеңнен тұратын іріктеуден ӛтеді: а)сауалнама; б)әңгімелесу

  3. Сауалнаманың басты мақсаты тьютор қызметіне үміткердің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік қызметімен қатар, студенттермен жұмыс жасаудағы дағдысын анықтаудың формалды анкеталық мәліметтерін алу.

  4. Тьютор қызметіне үміткердің ӛтініші қабылданған соң, сұхбаттасу факультет деканаттарында ӛтеді.

  5. Сұхбаттың негізгі мақсаты – тьютор қызметіне үміткерлердің әлеуетті мүмкіндіктерін ашу.



  1. ТЬЮТОРЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЫНТАЛАНДЫРУ


  1. Студенттермен сапалы жұмыс жүргізгені, оқу, ғылым, қоғамдық, тәрбие саласындағы жақсы кӛрсеткіштері үшін тьюторУниверситеттің Тарификациялық кеңесі шешімінің негізінде Университетте бекітілген ынталандыру формаларын (ынталандырушы тӛлемдер) алуға ұсынылуы мүмкін.

  2. Тьюторлардың еңбек ақысы іс жүзінде атқарған жұмысы бойынша кварталына кем дегенде 1 (бір) рет, 30 000 (отыз мың) теңге мӛлшерінде тӛленеді.



  1. ТЬЮТОРЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


  1. Тьютор ӛз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  2. Тьюторқұпия қызметтік ақпаратты сақтауға жауапты.



  1. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТЬЮТОРЛАР КЕҢЕСІ


  1. Университеттің тьюторлар Кеңесі факультеттің аға тьюторларының қызметін үйлестіреді және оларға әдістемелік, ұйымдастырушылық қолдау кӛрсетеді.

  2. Университеттің тьюторлар Кеңесінің құрамына факультеттің аға тьюторлары, студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту Басқармасының қызметкерлері кіреді.

  3. Университеттің тьюторлар Кеңесінің тӛрағасы – оқу-тәрбие жұмысы жӛніндегі проректор.

  4. Кеңестің отырысы семестріне кем дегенде 2 рет болады.

  5. Тьюторлар Кеңесі мынадай қызметтер атқарады:

    1. Тьюторлар жұмысын үйлестіреді және қадағалайды.

    2. Кафедралар тьюторларының жұмыс тәжірибесін зерттеп, жалпылап, насихаттайды (таратады).




    1. Тьюторларға арнап тәжірибе алмасу, тәрбие жұмысының жаңа формалары мен әдістерін пайдалану жӛнінде семинарлар ұйымдастырады.



  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Бұл ереже Университет ректоры бекіткен күннен бастап күшіне енеді және күші жойылғанға дейін әрекет етеді.

  2. Бұл ережеге ӛзгерістер мен толықтырулар Университет ректорының бұйрығы немесе жарлығымен енгізіледі және оның ажырамас бӛлігі болып саналады.

Бұл ереженің мәтіні және оған енгізілген ӛзгерістер мен толықтырулар арасында қарама- қайшылықтар туындаған жағдайда, енгізілген ӛзгерістер мен толықтырулардың аясында олардың ішіндегі мерзімі жағынан ең соңғы қабылданғандары басымдылыққа ие болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет