С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина



бет3/5
Дата24.09.2024
өлшемі65,32 Kb.
#145364
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЬЮТОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (2)

ТЬЮТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ


  1. Студенттің оқу әрекетіндетьютор:

    • Мамандыққа дайындық бойынша оқу жоспарын игерудегі студенттерге жеке жетекшілік ету үдерісін ұйымдастыруы;

    • Жетекшілік ететін тобының сабақ кестесін және студенттердің жеке оқу жоспарын орындауын қадағалауы;

    • Оқу бӛлімінің әдіскерімен сабақ кестесін («терезелерді» болдырмау, аптаның күндері бойы жүктеменің біркелкі бӛлінуі, бір кафедрадан екіншісіне жетуге қажет уақыттың жеткілікті болуы мәселелерін) талқылауы (келісуі);

    • Студенттерге пәндерді таңдап жеке оқу траекториясын құруға кӛмектесуі;

    • Жеке жоспар бойынша оқитын студенттердің оқу әрекетіне жетекшілік етуі;

    • Кафедраларда толтырылып, АБЖ-інің мәліметтер базасына берілетін электрондық журнал мәліметтері бойынша жетекшілік ететін студенттердің сабаққа қатысуына апта сайын мониторинг жасауы;

    • Студенттің сабаққа келмеуінің себептерін анықтау және оған қатысты шара қолдануы;

    • Студенттің ата-анасын оның сабаққа келмегендігі жӛнінде дер кезінде құлағдар етуі;

    • Жетекшілік ететін студенттердің сабаққа қатысуы жӛнінде есепті апта сайын деканаттарға тапсыруы (дүйсенбі күні сағат 17.00-ден кешіктірмей);

    • Жетекшілік ететін студенттердің үлгерімі жӛнінде есепті апта сайын деканаттарға тапсыруы (әр айдың 2-сінен кешіктірмей);

    • Жетекшілік ететін топтар студенттерінің аралық рейтингін тіркеуші кеңсесімен бірге жүргізуі (семестр сайын 2 реттен, 7-ші, 13-ші, 21-ші, 28-ші апталарда);




    • Аралық рейтинг нәтижелері бойынша есепті семестр сайын 2 рет, сонымен бірге қорытынды рейтингті жылына 2 рет жариялауы;

    • Студенттің ата-анасын аралық және қорытынды рейтингтердің нәтижесі туралы құлағдар етуі (семестріне 2 рет);

    • Студенттерге ӛзіндік жұмысын жоспарлау мен оқу графигін орындауда кӛмектесуі;

    • Студенттердің ғылыми жұмыспен (конференциялар, олимпиадалар, байқаулар, жобалар және т.б.) айналысуына кӛмектесуі;

    • Студенттердің оқу-әдістемелік әдебиетті дұрыс және тиімді қолдануына жәрдем беруі;

      • студенттердің оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды ҚазҰМУ-дың кітапханаларынан дер кезінде алуын және электрондық кітапхананы пайдалануын бақылауы;

      • пәнді оқу аяқталғаннан кейін студенттердің оқулықтарды ҚазҰМУ-дың кітапханасына дер кезінде қайтаруын бақылауы;

    • Студенттерді қазақ және шет тілдерін оқуға тартуы;

    • Студенттерді академиялық мобильділікке тартуы (сұхбаттар, нұсқаулар);

    • Студенттердің оқу ақысын тӛлеуін қадағалауы;

    • Топ старосталарының жұмысына кӛмектесу, оларды таңдау мен тағайындауға тікелей қатысуы;

    • Жетекшілік ететін студенттеріне қажетті ақпаратты іздеуді және барлық ақпарат кӛздерінен, ақпарат жинақтаушы құралдардан ақпарат алуды үйретуі;

    • Студенттерді Университетте ӛтетін ғылыми, мәдени, спорттық, шараларға тартуы, оқудан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, қызығушылықтарына қарай клубтарға, спорттық секцияларға қатыстыруы, сонымен бірге театрлар, кино, музейлерге, кӛрмелерге және т.б. апаруы;

    • Студенттердің ғылыми тақырыбын және ғылыми жетекшіні таңдауына кӛмектесуі;

    • Студенттерді ғылыми баяндама және презентациялар әзірлеу ережелерімен таныстыруы;

    • Студенттерді Университет Жарғысымен, бiлiм беру қызметiн жүргiзу лицензиясымен, Университеттің ішкі оқу тәртібі Ережелерімен және оқу үрдісін ұйымдастыруда қабылдау тәртібін реттейтін ӛзге де нормативтік құқықтық актілермен таныстыруы;

    • Шетелдік студенттердің (оралмандардың) Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін орындауын қадағалау;

    • Студенттердің бойына толеранттылық, адам құқықтары мен бостандығын қастерлеу қасиетін сіңіруі, мінез-құлық нормалары мен құндылықтарды, топ ішілік этикалық және моральдық нормаларды қалыптастыру, ұлттық, этникалық, діни және тілдік топтардың ӛзара түсіністігін, теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етуі;

    • Студенттермен бірлесе құқықтық және саяси мәдениеті жоғары, рухани- адамгершілік тұрғысынан дамуға мүдделі, ӛз ӛмірі мен айналасындағы адамдардың ӛміріне жауапкершілігін сезінетін, әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектісін қалыптастыруға арналған патриоттық шаралар мен акцияларды ұйымдастыруы;

    • Студенттерге олардың оқуы, ӛмірі мен тұрмысына қатысты Университет ректорының, факультет деканының бұйрықтары мен жарлықтарын жеткізуі және түсіндіруі;

    • Әр студенттің материалдық және отбасылық жағдайынан хабардар болуы, сондай- ақ оның рухани ізденістерін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын білуі;




    • Студенттердің ӛмірі және тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында семестріне кемінде бір рет топтағы жатақханада немесе пәтерде тұартын жергілікті емес студенттерге баруы, олардың тұрғылықты жерін ауыстырғанынан хабардар болуы;

    • Жетекшілік ететін тобындағы жетім, мүгедек, жағдайы нашар студенттерге айрықша кӛңіл бӛліп, кӛмек кӛрсетуі;

    • «Д» есебінде тұратын студенттер жӛнінде, жалпы жетекшілік ететін студенттерінің денсаулық жағдайынан хабардар болуы;

    • Туберкулез, нашақорлық, шылым шегу, соз аурулары мен ЖТҚБ-ның алдын-алу жӛнінде сұхбаттар ӛткізуі, салауатты ӛмір салтын ұстануды, спортпен айналысуды насихаттауы тиіс.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет