С. м ұқ анов атында ғ ы Солт ү стік Қаза қ стан облысты



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата21.01.2017
өлшемі0,73 Mb.
#2332
  1   2   3   4

С. М

ұқ

анов атында

ғ

ы Солт

ү

стік Қаза

қ

стан 

облысты

қ

 

ә

мбебап 

ғ

ылыми кітапханасы 

Инновациялы

қ

-

ә

дістемелік б

ӛ

лім 

 

Северо-Казахстанская областная 

универсальная научная библиотека им. 

С.Муканова 

Инновационно-методический отдел 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ана тілі – асыл мұра 

Сценарийлер жина

ғ

ы

 

Родной язык – бесценное 

наследие 

Сборник сценариев 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Петропавловск 

2008

 

Ӛз тіліңді құрметте 

Оқушыларға арналған танымдық сағат 

 

Кӛрнекілігі: Плакатта жазылған нақыл сӛздер, кітап кӛрмесі, буклеттер. 

 

1-жүргізуші: 

Тіл  —  әрбір  ұлттың  заңы,  сезімнің,  ойдың  жанды  кӛрінісі,  халық  тарихы, 

мәдениеттің даму жолы. Тіл — ұлттың игілігі және ӛзіне тән  ажырағысыз белгісі. Ұлттық 

мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи тұрақты қауымдық  ретінде  қалыптасуы, 

жалпы  алғанда  тілдің  дамуына  және  оның  қоғамдық  қызметінің  кеңеюіне  тығыз 

байланысты. 

С.Е.Малов  біздің  тіліміз  жӛнінде  "Түркі  халықтарының  ішіндегі  ең  суретшіл, 

бейнелі  тіл  -  қазақ  тілі.  Қазақтар  ӛзінің  шешендігімен  де,  әсем  ауыз  әдебиетімен  де  

даңқты"  десе,  В.В.Радлов  "Қазақтар  шешен  келеді,  олар  мақалдап  сӛйлейді,  жай 

сӛзінің  ӛзі  ӛлең  болып,  құбылып  жатады"  деген  екен.  Тілді  түсінетін,  оның  құнын 

танитын, білімді де мәдениетті адамдар осылай бағалаған. 

Салт-дәстүрдің  бойындағы  қаны  —  сол  халықтың  ана  тілі.  Қансыз  тіршілік  жоқ.  Демек  ел 

боламын  десең, есіңді жи.  Әуелі оң-солыңа жіті қарап,  ӛзіңнің тіліңді  де,  дініңді  де,  жер-су 

байлығыңның да ешкімнен кем емес екенін байқа. Тіл - құдірет, ана тілің — елдігіңнің айғағы. 

Қандай қиындықтан да жансебіл ӛлмей келе жатқан тіл. Ендеше, ана тілдің мерейін кӛтерейік, 

ағайын. 

2-жүргізуші:  Ал  енді  оқушылардың  ана  тілі  туралы  дайындаған  ӛлеңдерін  тыңдап 

кӛрелік.  



1-оқушы: Ерлік, елдік, қайрат, бақ-ардың,  

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.  

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,  

Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың.  

 

Жарық кӛрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,  



Таза терең, ӛткір күшті, кең тілім.  

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа  

Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім! 

                                                         

М.Жұмабаев 



2-оқушы:  

Ана тілің біліп қой,  

Еркіндігің, теңдігің.  

Ана тілің біліп қой,  

Мақтанышың, елдігің 

             Ана тілің — арың бұл,  

             Ұятың боп тұр бетте.  

             Ӛзге тілдің бәрін біл,  

             Ӛз тіліңді құрметте. 

                                               

Қ.Мырзалиев 

3-оқушы: Ана тілі - біздің туған анамыз,  

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.  

Ана тілін бағаласақ қалай біз,  

Ӛзіміздің сондай болмақ бағамыз.  

Ана тілін кім аялай білмесе,  

Анасынан безген ұл деп қараңыз. 



4-оқушы:  

Ақыл-ойын дананың,  

Ана тілден аламын.  


Ана тілім ардақты  

Ақ сүтіндей анамның. 

Ана тілім — анам сынды аяулым,  

Сенсіз жерде кӛш соңында қалармын.  

Сенсіз жерде күнім кӛрдей қараңғы,  

Сенсіз қалсам құруға да таяумын. 

                                                      Т. Әбдрахманова 

5-оқушы: Тілім барда қазағым бар, халқым бар.  

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.  

Кіршіксіз қардай сақтаңдар.  

Қазақтың тілін ғаламат,  

Ана тілім арым, иманым  

Аманат саған, аманат. 

                                                          

М.Әлімбаев 

Хор: "Ана тілім " әні.

 

1-жүргізуші:  1989  жылы  алғаш  рет  Тіл  туралы  заң  қабылданғаннан  кейін 

халқымыздың  арасында  және  ӛзге  ұлт  ӛкілдері  арасында  ана  тілімізге  күрт  бетбұрыс 

болып, балаларды қазақша балабақшалар мен мектептерге беру едәуір белең алғаны  мәлім. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  келешек  жастардікі  деп,  үлкен  сенім  артып  отырған  жаңа  буын, 

міне,  осылар.  Иә,  қазақ  тілі  -  мемлекеттік  тіл.  Ол  Ата  Заңда  жазылған.  Оны  мойындап, 

мәртебесін кӛтеріп, қолдану аясын кеңейту, бір  сӛзбен айтқанда ғылым, білім, техника 

тілі дәрежесіне жеткізу — бізге міндет, ұрпаққа парыз! 



6-оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,  

Серпіп таста мұңды жүрек түңлігін.  

Тіл туралы заңым енді күшіне,  

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. 



7-оқушы: 

Тамырыңды тамырсыздық індетінен  

қалқала! 

Әр адамда ӛз анасынан 

басқа 

Жебеп жүрер, демеп жүрер 



арқада 

Болу керек құдіретті тӛрт 

ана: 

Туған жері — түп қазығы, 



айбыны, 

Туған тілі - сатылмайтын 

байлығы, 

Туған дәстүр, салт-санасы 

— тірегі 

Қадамына шуақ шашар 

үнемі. 

 

Және туған тарихы, еске 



алуға қаншама, 

Ауыр әрі қасіретті болса да

Тӛрт анаға әнін жалғай 

алмаған 


Пенделердің басы қайда 

қалмаған? 

Тӛрт анасын қорғамаған 

халықтың 

Ешқашан да бақ-жұлдызы 

жанбаған. 

Қасиетті бұл тӛрт ана — 

тағдырыңның тынысы. 

Тӛрт ана үшін болған 

күрес – күрестердің  ұлысы! 



 

8-оқушы: Әрбір тілде сӛйле әлемді таң қылып,  

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.  

Ӛсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,  

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. 



2-жүргізуші: Ӛлеңі, жыры фонтандай атқан,  

Ӛнердің кілтін тапқан.  

Ұл-қыздарға жол ашқан,  

Кӛркем сӛз салтын сайратқан.  

Көрініс көрсетіледі.

 


 

1-жүргізуші: "Құлақтан кіріп бойды алар.  

Жақсы  ӛн  мен  тәтті  күй"  деп  Абай  атамыз  жырлағандай,  кезекті  халық  әніне 

береміз. 

2-жүргізуші: Ән салса, айтса таң қаларсың,  

Ән сӛзін тоқсан тоғыз қайталарсың.  

Осындай ән туғызған қазағымды  

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың, - деп, кезекті әншілерге береміз.  

Ән орындалады.

 

1-жүргізуші:  Ал,  енді  оқушылар  ӛзіміздің  қазақ  тілін,  яғни  ана  тілімізді  қалай 

құрметтейтінімізді,  бағалайтынымызды  аңғарту  үшін  ӛздеріміздің  ой-пікірлерімізді  ортаға 

салайық. 



9-оқушы: Қазақ тілі  - халқымыздың бай  мұрасы, ол - халық ауыз әдебиеті үлгілері, 

небір  ақын,  дүл-дүл  жырауларымыз  қалдырған  жырлары,  халық  аузынан  қалған 

ертегі, қисса-әңгімелері мен мақал-мәтелдері, аталы сӛздері. 

10-оқушы: Тілім менің!  

Жауға айбарым, ұраным, туған тілім!  

Найзасымен тең ұстап осы тілді  

Намысымды қорғады Сырым менің!  

Жарқылдап асыл сӛздің алдаспаны,  

Қызыл тіл жол бастады, қол бастады.  

Даланың ӛз даусы деп түсінем  

Шалкиіз, Асан қайғы, Марғасқаны.  

Қаныңды отты толқын тулататын,  

Ғасырлар қатпарынан үн қататын,  

Қазақтың ар-намысы, жан дауысы  

Қазтуған, Махамбет пен Дулат ақын. 



11-оқушы: Жататын биіктерде ӛлшемі тым, 

Бір тұтас тауларымның - 

Бӛлшегісің! 

Тағы да тіл жайында толғанамын, 

Жазуға құдіретіңді келсе күшім! 

Түсермін от пен суға мен сен үшін,  

Жатса да кӛп шындықты кӛмкеріп күн...  

Тілі мен діннен жұртты бездіргенде,  

Аспаным қақыраған,  

Теңселіп шың! 

Тәуелсіз, нұрланды елім, азат күннен, 

Аңсаған азаттықты 

Қазақпын мен! 

Жыр жазам, мен осынау - 

Ғажап тілмен! 

12-оқушы: Ойымды Ана тілмен оюлаймын, 

Жүректе Ана тілсіз 

Қоюлар мұң. 

Құдіретті тілімнің арқасында 

Ешқашан 

Жер бетінен 

Жойылмаймын! 

Ар тұтып, ардақтаған азаматын, 

Бар ойын, 

Ана тілмен жазады ақын. 



Сезімнің тілмен тӛгіп кестелерін, 

Ғасырдан  ғасырларға 

Кӛшті ӛнерім! 

Ұлтымның ана тіл ғой 

Ар-таңбасы, 

Тіл ӛшпесе, 

Менің де ӛшпегенім! 

13-оқушы: Уа, туған тіл... ата-анамның тілі! 

Ең әуелі осы тілмен, шешем бесікті тербеген, 

Ұзақ түнге әжем менің, хикаялар сӛйлеген. 

Уа, туған тіл! Әр уақытта, кӛмегіңмен бір сенің, 

Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің. 

14-оқушы: 

Ғ.Мусірепов:



  "Ана  тілі  дегеніміз  -  сол  тілде  жасаған,  жасап  келе  жатқан 

халықтың  болмысы,  бүгінгісін  де,  болашағын  да  танытатын,  сол  халықтың  мәңгілігінің 

мәселесі.  Ана  тілін  тек  ӛгей  ұлдары  ғана  аяққа  таптайды.  Ана  тілін  ұмытқан  адам,  ӛз 

халқының ӛткенінен де, болашағынан да қол үзеді". 



2-жүргізуші: Иә, қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі.  Біз қазақ тілін  байытуымыз 

керек.  Халық  тілінің  мазмұнын  байытқан  -  Абай  Құнанбайұлы.  Абай  қазақ  тілін 

мӛдениеттің биік  сатысына шығарып кеткен. Әдеби тіл  —  бүкіл  қазақ  халқының  мәдени 

мұрасы. 


15-оқушы: Қазақ халқының атақты жазушысы М.Әуезов "Ел боламын десең, бесігіңді 

түзе" деп ӛсиет еткен. Егер ӛзіміздің ана тіліміз, яғни қазақ тілін біз қадірлемесек, басқа ұлт 

ӛкілдері тіпті біздің кім екенімізді білмейді де, сыйламайды деп ойлаймын. 

16-оқушы:  Мен  -  қазақпын.  Ана  тілім  -  анамның  ақ  сүтімен  бойыма  жайылған 

ақылым,  ойым,  санам,  қолымдағы  қаруым,  бетімдегі  айбарым  сияқты  ӛмір  серігім. 

Бірақ мен үшін басқа ұлттардың тілі де жат емес. Әрине, қайсы ұлтпен болса да ӛз тілінде 

сӛйлесіп, түсініскенге не жетсін! Соның бәрінен ӛзімнің ана тілімдей әдемі де, әсем де, кең 

мағыналы, жатық, сыпайы тіл жоқ сияқты. 

1-жүргізуші:  Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай ӛте күшті. Тіл киелі, қасиетті дейміз. 

Сондықтан ана  тілімізді қадірлеп  сүюіміз керек.  Сабағымызды Б.Момышұлының 

мынадай  сӛзімен  аяқтағым  келеді:  "Анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған  тілімізді 

ұмыту - бүкіл  ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту". 

М. Нұрлыбаева, Алматы қ.  

 

 



 

"Тіл білгірі" сайысы 

 

Кӛрнекілігі: қанатты сӛздер, гүлдер, шарлар, суреттер, буклеттер. 

Жүргізуші:  Қымбатты  достар!  Бүгін  екі  сынып  арасында  ӛтетін  "Тіл  білгірі" 

танымдық ойынымызға қош келдіңіздер! 

Тілден асқан асқар жоқ, 

Тілден асқан байлық жоқ, 

Тілден  асқан  теңіз  жоқ,  -  дей  келе  бүгінгі  сайысқа  қатысатын  оқушыларды  ортаға 

шақырайық. 

Оқушылар вздерін таныстырады.

 

Сайыскерлеріміздің  білімін,  шешендік  шеберліктерін  бағалайтын  әділқазылар 



алқасымен таныстырайық. 

Сайысымыз  бес  турдан  тұрады.  Әр  жауап  5  ұпаймен  белгіленіп  отырылады. 

Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші кӛк жалауды кӛтерсе, сол оқушы жауап 

береді. Сұрақтар қазақ тілі, әдебиеті пәндері бойынша қойылады. 

 


I тур "Бәйге" 

 

1. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сӛздерді қалай атаймыз?  



                                                                                                                 (архаизм) 

 2.Лексикалық мағынасы бойынша қарама-қарсылықты сӛз қалай аталады?     

                                                                                                             (антоним) 

 3. Қазақ тілінің  әліпбиі неше әріптен тұрады?  

                                                                           (42) 

4.

 

Қазақ тілінде неше сӛз табы бар?  



                                                                    

(тоғыз)


 

5.

 



Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?  

                                                                        (он екі) 

6.

 

Қазақ  тілінде  буынның неше түрі бар?  



                                                                           

(үш: ашық,



 

бітеу, тұйық)

 

7.

 



Күрделі сӛздер неше түрге бӛлінеді?  

(төрт турге:  қоссөз, қысқарған сөз, біріккен 

сөз, тіркескен сөз)

 

8.



 

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сӛздерді 

қалай атаймыз? 

                                                        

(неологизм — жаңа сөздер)

 

9.



 

Жалғаудың неше түрі бар? 

                                                      (Төрт түрі бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік) 

         10.    Сӛздің түпкі мағыналы бӛлшегі қалай аталады? 

                                                                                (түбір)

 

       11.  Зат есім тұлғасына қарай неше түрге бӛлінеді? 



                                                           

(Екіге бөлінеді: негізгі зат есім, туынды зат есім)

 

12.


 

Сын есім құрамына қарай нешеге бӛлінеді? 

                                        

(Екіге бөлінеді: дара сын есім, күрделі сын есім).

 

 

П тур "Полиглот"



 

 

Жүргізуші:  Бұл  ойында  мақал-мәтелдің  түсіп  қалған  сӛздерін  тауып,  үш  тілдегі 

баламасын  айтады.  Бір  сұраққа  жауап  беріп,  бір  нұсқасын  айтса  5  ұпай,  қазақша, 

орысша, ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды. 

1.    Ӛнер алды — қызыл .... 

                                                  (тіл - язык - Іапguage)

 

2.     Тіл .... жарады ... жармаса бас жарады.  



                                            (тас - камень - stопе)

 

3.... тамған тілден у да тамар.  



                                               (бал -мед - hопеу) 

4.... кілті — тіл.  

                                                (білім -знание - кпоwlіпе) 

5.... аласынан сӛз аласы жаман.  

                                               

(көз - глаза - еуе)

 

6. жалқаудың жаны тәтті, еңбектің...тәтті.  



                                     (нан - хлеб – Ьгеаd)

 

7. Атпаз кӛрген ат таныр, ұстаз кӛрген ... таныр 



                                      

(хат - письмо - letteru)

 

8.  Таяқ  еттен  ӛтеді,  ...  сүйектен  ӛтеді.  



                                  

(сөз - слово – word)

 

Жүргізуші: Ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығады. Қошеметпен шығарып салайық.

 

 



Ш тур "Әдебиет  әлемі"  

     Жүргізуші: 

1.

 



Сүйемін туған тілді — анам тілін,  

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.  

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,  

Құлағыма сіңірген таныс үнін.  

    Бұл қай ақынның өлеңі? 

(Сұлтанмахмұт Тсрайғыров) 

2. 


Туған тілім — тірлігімнің айғағы, 

        Тілім барда айтылар сыр ойдағы. 

        Ӛссе тілім мен де бірге ӛсемін, 

        Ӛшсе тілім мен де бірге ӛшемін. 

Бұл қай ақынның өлеңі? 

                                          (

Әбділда Тәжібаев)

 

3.



 

    Гүлбаршын қай батырдың жары?  

                                                  (Алпамыс) 

4.

 



    "О, Ақтан жас, Ақтан жас" 

      өлеңінің авторы кім? 

                                           (Дулат Бабатайұлы)

 

5.     "Абай мен Әйгерімнің бұл жолғы қонақтары шынында Тобықты жастарының ең 



бір ӛнерлісі, нәрлісі болатын". 

Үзінді кімнің қай шығармасынан алынған? 

                                                (Мұхтар Әуезов "Біржан сал Абай ауылында ")

 

6.     "Келер жазда Бекет Ӛтетілеуов ӛз атынан ӛтініш жазып, мені Пресногорьевская 



селосындағы жоғары бастауыш мектебіне түсірді". 

Үзінді кімнің қандай шығармасынан алынған?

  

                                            



(Ғабит Мүсірепов "Автобиографиялык, әңгіме")

 

7.     "Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді, кейінірек  Дос келді". 



    Қай шығарманың, кейіпкерлері? 

                                               (Әбдіжәміл Нұрпейісов "Балықшылар ")

 

8.    Еңсептің қазған құдығы қалай аталады?  



                                           ("Еңсепөлген" Әбіш Кекілбай "Шыңырау") 

9.    


"Сӛйтіп ендігі жылы бірге оқимыз ба? — деді  Рабиға күлімсіреп".

 

     Рабиға кіммен сөйлесіп келеді?  



                                         (

Сатаймен. Сайын Мұратбеков "Қылау " повесі)

 

10.   "Қырғызбаев" болып аталып кеткен кім еді? Кімнің қандай шығармасы еді? 



                                        (Қырғызбаев болып аталып кеткен Тұрар Рысқұлов. Шерхан  

Мұртаза "Тұтқын бала". "Қызыл жебе" романы)

 

Ұпайы аз оқушыны қошаметпен шығарып салады. 



 

IV тур "Шешендік ӛнер" 

 

       Жүргізуші:  Бұл  сайыста  сайыскерлеріміздің  бүгінгі  таңда  ӛте  кең  таралған  тіл 

мәселесі жайында "Жасай бер, ана тілім — қазақ тілім!" тақырыбында ой қозғай отырып,      

сайыскерлеріміздің  шешендік,  тыңдаушыларын  баурап  алу,  ӛзін-ӛзі  ұстай  білу 

ӛнерін  тамашалаймыз.  Сайыскерлеріміз  қазақ  тіліндегі  ӛз  туындыларын  мәнерлеп 

оқып береді.  

Ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады. 

 

V тур"Жорға" 

 

Жүргізуші:  Бұл  турға  ұпай  саны  бойынша  алда  келе  жатқан  екі  оқушы  қатысады. 

Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді. 

 

Бірінші сайыскерге сұрақ  



Жүргізуші:  

1.

 

"Абай жолы" роман-эпопеясының авторы кім?  



                                                                        

(Мұхтар Әуезов)

 

2.

 



Қазақ  тілінде неше септік бар?  

                                                                    (жеті) 

3.

 

Абайдың шын аты кім?  



                                                                      

(Ибраһим)

 

4.

 



Қазақ тілінде сӛйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі  бар?  

                                                                       

(уш)

 

5.



 

"Менің атым Қожа" шығармасының  авторы  кім? 

                                                                     (Бердібек Соқпақбаев)    

 

6.



 

 "Тӛбе шашы тік тұру" тұрақты сӛз тіркесі каңдай  мағына береді?  

                                                                   

(қорқу)


 

7.

 



"Әсемпаз болма әрнеге" ӛлеңінің авторы.  

                                                                                 (Абай  )    

 

        8.    Одағайдың неше түрі бар? 



                                                                                  

(үш түрі: жекіру, көңіл - куй, шақыру)

 

       9.  "Даудың басы — Дайрабайдың кӛк сиыры" шығармасының авторы кім?                              



                                                                                  

(Бейімбет Майлин)

 

10.   Сын есімнің сұрақтарын ата.  



                                                                              

(Қандай? Қай?) 

 

Екінші сайыскерге сұрақ.  

Жүргізуші:  

1. "Жапон балладасын" кім жазды?  

                                                 (Ғабит Мусірепов)

 

2.  Зат есімнің сұрақтарын ата.  



                                                    

(Кім ? Не?)

 

3.   Андрей мен Жалмұраттың және  балықшылардың табиғат апатымен арпалысы қай 



шығармада бейнеленген?  

                                             (Әбдіжәміл Нурпейісов "Қан мен тер ", "Балықшылар ")

 

5.

 



Қазақ  тілінде сӛйлемнің неше тұрлаулы мүшесі  бар?  

                                                 

(екі)

 

6."Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ" ӛлеңінің авторы кім? 



                                                

(Абай)


 

7. "Қас пен кӛздің арасында" тұрақты сӛз тіркесі қандай мағына береді?  

                                                       

(жылдам, лезде)

 

8. Сӛмкеге бақа салатын қай кейіпкер? 



                                                 

(Қожа, Қожаберген Қадыров)

 

9.  "Аухау-аухау, шӛре-шӛре" қандай одағайлар? 



                                                        

(шақыру одағайы)

 

10. Неміс баласы Зигфридті бала етіп алған әңгіме  кейіпкері қалай аталады?  



                                                    (Ахмет қария)

 

11.    Етістіктің сұрақтарын ата.  



                                                      (Қайтті? Қайтеді?

  

Не істеді?) 

Сайыстың қорытындысы шығарылып, ойын жеңімпазы марапатталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет