С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет76/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Пысықтау үшін сұрақтар
1.Етістіктің қандай категориялары бар?
2.Етістіктің лексика-грамматикалық категориясының ерекшелігі неде?
3. Салт-сабақтылық категориясына қандай белгілер тән?
4.Етіс деген не, оның түрлері қандай?
5.Негізгі етіс проблемасы деген не?
6.Болымды-болымсыздық категориясына қандай белгілер тән?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 162-174- беттер.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 293-301-беттер.

  3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских

языков, морфология. М.,1956.

  1. Ы. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1966. 3-79-б.

  2. А. Қалыбаева. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. А.,1951.

  3. Н. Оралбаева. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. А.,1980.

  4. Н. Сауранбаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. А.,1982. 28-33-б.

  5. Ә. Төлеуов. Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары (көмекші құрал). А.,1975. 72 б.

  6. И. Ұйықбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері. А.,1958.

  7. А. Хасенова. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. А.,1959.

  8. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. (глагол). Л.,1981. 22-134-б.


ХХІ. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері


  1. Тұйық етістік, түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі.

  2. Есімше, түрлері, мағынасы мен қызметі.

  3. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, спелуі және жіктелуі.

  4. Көсемше, түрлері, мағынасы мен қызметі, жіктелуі.

Сабақтың мақсаты
Етістіктің грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберіне ерекше тұлғалық түрлерінің ерекшеліктері мен мәнін, түрленуі мен қызметін білу және сөз құрамындағы олардың тұлғаларын мағыналары мен қызметіне қарай талдай білу.

Тұйық етістіктің немесе қимыл атауының өз мәніне сай етістіктің грамматикалық категориясы бола алмайтынын көру қиын емес. Ең алдымен, тұйық етістік (қимыл атауы) жалпы грамматикалық жағынан қимылды емес, қимылдың атын, атауын білдіреді, сөйтіп, ол семантикалық сипаты етістікке емес, зат есімге жақын. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік) тұлғаларының үстіне қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Бірақ бұл жұрнақ рай, шақ (есімше, көсемше) тұлғаларының үстіне жалғанбайды. Бұл қасиет, екінші жағынан, тұйық етістіктің (қимыл атауының) грамматикалық сипатынан да айқын көрінеді: ол (тұйық етістік) зат есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі, соның арқасында зат есім сияқты синтаксистік қызмет атқарады, бірақ етістікке тән модальділік (рай), шақтық мағына білдіре алмайды және жіктелмейді, етістікке тән синтаксистік қызмет те атқармайды. Бірақ тұйық етістік өзі жасалған түбір немесе етістіктің лексика-грамматикалық тұлғасын білдіретін салттылық-сабақтылық мағынаға еш өзгеріс енгізбей, сол мәнінде сақталып қалады: айт-айту, жүргіз-жүргізу сабақты, айтылды-айтылу, жүр-жүру салт етістіктер және тұйық етістік тұлғасында ол етістіктің басқа сөздермен грамматикалық тұлғадағы байланысы бұзылмайды: үйде бізге әңгіме айтты, даладан үйге кірді – даладан үйге ақырын кіру т.б. Кейбір еңбекте тұйық етістік қимыл атау категориясы (ЫЛ -ҚҚТ, 291-292), қимыл есімі (ҚТГ, І, 189-191) деп те аталады.


Тұйық етістік зат есімше тікелей де, тәуелдік тұлғада да септеледі, көптік жалғау жалғанып көптеледі, бірақ жіктелмейді.



А.бару
І.барудың
Б.баруға
Т.баруды
Ж.баруда
Ш.барудан

баруың
баруыңның
баруыңа
баруыңды
баруында
баруыңнан

1 -жақ баруым
2-жақ баруың
баруыңыз
3-жақ баруы

бару(лар) ымыз
баруларың
баруларыңыз
барулары



Зат есімдерше әр түрлі септік, тәуелдік тұлғаларда бастауыш, толықтауыш, анықтауыш (ілік септікте), пысықтауыш (көлемдік септіктерде және шылаумен, мысалы, үшін-оқу үшін келді, тіркесіп), 3-жақта баяндауыш қызметінде (міндетіміз - жақсы оқу) жұмсалады. Бұлардың барлығында да тұйық етістік, бір жағынан қимыл атауы мәнін білдіріп, сабақты я салт мәнін сақтап отырады, екінші жағынан, зат есімнің мәні қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ зат есімдер сияқты -шы, -ші, -лы, -лі, -сыз, -сіз, -ыш, -іш, -дай, -дей т.б. қосымшалар арқылы жаңа сөз жасауға да негіз болады: айтушы, жазушы, айтулы, ілулі, қазусыз, түйреуіш, тырнауыш, айтудай (айтылды) т.б. Тұйық етістіктің біразы жаңа заттың ұғымға байланысты зат атауын білдіріп, зат есім де болып кеткен: сабау, көсеу, жылу, жамау т.б.
Дегенмен тұйық етістіктің немесе қимыл атауының етістік мәнінде (предикат-қызметінде) қолданылуы да кездесіп отырады. 3-жақ жіктік жалғаудың нөлдік тұлғасынан басқа (мысалы, міндетіміз – жақсы оқу), жатыс септік тұлғасында да жіктік жалғаудың нөлдік формасында жұмсалады. Абай әлі де кітап бетіне үңілуде (М.Ә.), Нұрым енді аурудың иесі күйді, жазылады деп нанып, қуанышы қойнына сыймауда еді (Торайғыров). Немесе -улы, -улі және бұған тура көмекші етістігі тіркесіп те сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады: Әнекей ілулі тұр ақ семсері (Ж) Сондай-ақ тұйық етістік тұлғасына тікелей я тәуелденген түріне керек, мүмкін, қажет, лайық, т.б. барыс септік тұлғасына тиіс т.б. сияқты модаль сөздермен тіркесіп келіп, баяндауыш қызметінде жұмсалады: Тоғжан өз үйіне кеткен болу керек (М.Ә.) Әркім өз сыбағасын алуға тиіс (Мұс.) 6—1086
Тұйық етістік тұлғасына -шы, -ші, жұрнағы жалғанып, еді көмекші етістігі тіркесіп, предикат қызметінде қолданылуын зерттеушілеріміз анық (айғақты) өткен шақ (ЫА -ҚҚТ, 38), бұрынғы өткен шақ (ҚТГ, І, 199), (дағдылы өткен шақтың аналитикалық тәсілмен жасалған түрі дағдылы өткен шақтың екінші түрі аналитикалық тәсіл мен осы шақ есімше (-ушы, -уші) формасы еді көмекші етістігімен тіркесу арқылы жасалады (М.Ы. -ҚҚТ, 133) деп береді. Ал И.Мамановтың тұйық етістік тұлғасына -шы, -ші қосымшасы үстеліп, есім мәнінде жұмсалуын (келуші адам, үй сыпырушы әйел т.б.) осы шақ есімше (М.И. -ҚҚТ, 116-116) деген пікірімен келісуге болмас, бірақ тұйық етістік тұлғасына -шы, -ші жұрнағы жалғанып болма көмекші етістігімен тіркесіп, бұйрық рай (әсіресе 2-3-жақтарында) түрінде предикат қызметінде қолданылуының жөні бөлек: (ол) айтушы болмасын, (сен) сөйлеуші болма, (сіздер) барушы болмаңыздар т.б.
Әрине, есімше мен көсемшенің жайы бұған қарағанда өзгешелеу. Бірақ есімше де, көсемше де етістіктің бір ғана грамматикалық сипатымен, мәнімен шектеліп қоймайды. Бұл екеуі де екі жақты мән, екі жақты қызмет атқарады. Есімше әрі етістікше, әрі есімдерше түрленіп, екі түрлі грамматикалық сипатта, екі түрлі мәнді білдіріп, яғни бірде қимылды және соған сәйкес модальділік рай мәні мен шақтық мағынаны көрсетіп, бірде қимылға қатысты сындық белгіні көрсетіп, адьективтеніп, атрибутивтік қатынаста (немесе сындық мәндегі сөздерше белгілі тәсілдермен субстантивтеніп те) жұмсалады. Есімшенің осындай етістікке тән емес екінші бір мәні мен қызметі, ерекше сипаты етістіктің айырықша бір түрі болып табылатын есімшенің негізгі қасиеті болса да, етістіктің грамматикалық категориялық сипаты шеңберіне сыймайды. Бірақ есімше етістіктің грамматикалық категориялары сипатына бүтіндей битарап та емес. Өзі (есімше) етістіктің жеке бір грамматикалық категориясы бола алмағанмен, етістікке тән бірінші грамматикалық сипаты мен қосымшасы арқылы түбірге (қимылға), үстелетін модальдік шақтық мәні арқасында етістіктің шақ категориясының бір түрін жасауға негіз болып, соның бір грамматикалық тұлғалық көрсеткіші болып табылады.
Өкінішке қарай, барлық зерттеушілер дерлік есімшені етістіктің (тіпті кейбіреулер етістікпен жанау) грамматикалық категориясы деп береді. Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория" (ҚТГ, 178). Есімше – етістік негіздеріне арнайы форма тудырушы аффикстер жалғану арқылы жасалатын етістікке тән грамматикалық категория (М.И. -ҚҚТ, 99). „Көптік, септік, тәуелдік, жіктік" жалғауларда түрленіп, сөйлемде барлық мүше бола алатын морфологиялық және синтаксистік сипаттары бар және (бұл жағынан есімдерге ұқсас), амал-әрекеттің атауы болу семантикасы мен шақтық ұғымды білдіру қабілеттері де бар (бұл жағынан етістіктерге ұқсас) телі формалар есімшелер категориясы деп аталады. (ЫА -ҚҚТ, 311).
Мұның өзі грамматикалық категория деген ұғымның терминдік сипатына мән бермеушілік болып табылады яғни грамматикалық категория ұғымының белгілі мазмұны, грамматикалық сипаттары, шегі, басқа тілдік құбылыстардан айырмашылығы, ерекшеліктері бар екенін мойындамау болып табылады.
Есімше етістік түбіріне (негізгі туынды), лексика-грамматикалық категория тұлғаларына (етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік) -ған, -ген, -қан, -кен (өткен шақ есімше , -атын, -етін,-йтын, -итін) (ауыспалы шақ есімше немесе И. Мамановтың көрсетуінше, дағдылы есімше - (М.И. -ҚҚТ, 1.07), -ор, -ер, -р, етістіктің болымсыз түрінен кейін – с (келер шақ немесе болжалды есімше), -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек (мақсатты келер шақ есімше, И. Мамановша ниет есімше - (М.И. ҚҚТ, 114-116) И. Маманов бұлардан басқа осы шақ есімше деп „тұйық етістікке -шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы" жасалатын тұлғаны жатқызады. „Осы шақ есімше тұлғасындағы етістіктер тек адамға қатысты қимылды білдіреді. Яғни қимыл иесі адам болып келеді де, көбінесе анықталушы мүше қызметінде жұмсалады (М.И.-ҚҚТ, 116-117)
Айтып кету керек, -ушы, -уші тұлғалы сөздерді есімше деп тану әлі де талассыз емес, өйткені, біріншіден, қосымшаның өзі күрделі, тұйық етістік пен мамандық кәсіп, бейімділікті т.б. білдіретін -шы, -ші (сөзжасам) қосымшаларынан тұрады, екіншіден, сонымен байланысты жіктелгенде де басқа есімше тұлғаларындай емес, заттанған (субстантивтенген) есім сөздерше жіктеледі: мел алушымын деген мен алушы адаммын, сен хабар таратушысың деген етіс хабар та-ратушы адамсың т.б. мәнде жұмсалады. Ал таза етістік мәнінде -ушы, -уші тұлғалы сөз еді көмекші етістікпен тіркесіп келгенде қолданылады да, еді жіктеледі. Бұл
жерде -шы, -ші сөзжасам емес, функциялық мәндегі қосымшасы.
Тіпті ол екпіннің түсуі-түспеуінен де байқалады: айтушы адам, хабар таратушы адам т.б. дегенде екпін соңғы -шы буынға түседі де айтушы едің, хабар таратушы едің т.б. дегенде екпін -шы қосымшасына түспей, оның алдындағы ту деген буынға түсіп тұр. Бұл тұлғалы (-ушы, -уші) етістік бол (көбінесе болымсыз түрі болма) көмекші етістікпен тіркесіп келіп жұмсалғанда, тура есімше мәнін береді: айтушы болма, тартынып қалушы болмаңдар, сөйлеуші болмасын, хабар беруші болмаңыз т.б.
Есімше тұлғалы етістіктер бірдей формасы жағынан есімдерше жіктеледі, сөйлемді тиянақтап тұрады. 3-жақта арнайы жалғауы жоқ, нөлдік тұлға.
Сондай-ақ, әсіресе есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен, түрі тиянақсыз тұлғада келіп, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да қызметін атқарады: жатыс септікте (мен барғанда, ол турып жатыр екен), көмектес (мен барғанмен, ол келмеді), -дықтан,-діктен қосымшасы үстеліп (мұғалім ауырғандықтан, сабақ болмады), -ша, -ше, -дай, -дей қосымшасы үстеліп (мен барғанша, ол кетіп қалыпты), сондай-ақ сайын, соң кезде, шақта (шығыс септіктен кейін) кейін, соң, бері, (барыс септіктен кейін) дейін, шейін т.б. шылау, көмекші сөздермен тіркесіп келіп жұмсалады (барған сайын, келген соң, бергеннен кейін, барғанға дейін, айтқан кезде т.б.) Есімшенің барлық түрлері, жоғарыда көрсетілгендей, шақтық мағынамен тікелей байланысты, сондықтан да, бір жағынан есімшенің түрлері қай шаққа байланысты болса, сол шақ атауымен аталып бөлінеді, екіншіден, етістіктің шақ категориясын (грамматикалық категория ретінде) жасауға негіз болады, бірақ өзі есімше ретінде грамматикалық категория бола алмайды.
Өйткені есімшенің қай түрі болса да екінші сөзбен (зат есіммен) атрибуттық (анықтауыштық) қатынаста, объективтік (сындық) мәнде (кісі бол-ар бала, өнбе-с іс, көр-етін көз, ест-итін құлақ, айт-қан сөз, бер-ген ақыл, жақсылығын айт-пақ адамдар т.б.) немесе тәуелденіп, көптеліп, септеліп келіп субстантивтеніп (заттанып) қолданылса да (айт-қан-ың-а көніп, айда-ған-ың-а жүрмейді, жарас-тыр-мақ та, жаулас-тыр-мақ та ағайыннан, ұш-ар-ым-ды жел, қон-ар-ым-ды сай біледі т.б.) етістік мәнінен алшақтап, етістіктің грамматикалық
категориясын көрсетуден гөрі есім сөздердің грамматикалық сипатын білдіреді.
Есімшенің есім мәнінде қолданысында оның етістікке тән шақтық мағынасы солғындап, әйтеуір қимылға қатысты болғандықтан және есімше тұлғалары етістік мәнінде қолданылғанда, белгілі бір шақтық мағынаны тұрақты түрде білдіріп отыратындықтан, ол (шақтық) мағына факультатив мәнде ғана байқалады. Мысалы: Оған ерекше жағдай жасалған. Жылтыраған шамдар, көтерілген тозаң көрінеді (Ғ. Мұстафин). Білгенге маржан (Абай). Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың (Мақал). Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды (Мақал). Жомарт дәл жиналыс басталарда келді (Ғ. Мұстафин).
Бұл мысалдарда жасалған мен жылтыраған, көтерілген, білгенге және аларсың мен айырылар, басталар деген есімшелердің шақтық мағынаны білдіруінде үлкен ерекшелік көрініп тұр. Мысалы, айтылатын сөз айтылды дегендегі айтылатын есімшеден нақты шақтық мәнді аңғару қиын: біріншіден, бұл позицияда есімше дағдылы я ауыспалы келер шақты білдіруі керек (әлі айтылмаған, бірақ айтылуға тиіс), бірақ, екіншіден, сөйлем (ой) өткен шақтық мәнде жұмсалып тұр. Сөйтіп, есімше есім сөздер мәндерінде қолданылғанда, категориялық сипаттан айырылып қалады да, етістік мәнінде қолданылғанда, етістіктің белгілі категориясын (шақ категориясын) жасауға негіз болады. Сондықтан да оны бір категорияның шеңберінде ғана қарауға болмайды, етістіктің ерекше түрі деп атаймыз.
Көсемшенің грамматикалық сипаты есімшеге ұқсас, яғни көсемше де екі түрлі мәнді білдіріп, екі жақты қызметте жұмсалады. Бірі – етістіктің грамматикалық сипатын көрсетіп, қимылды білдіріп, шақ категориясын, күрделі етістікті жасауға негіз болады. Екіншіден, есімшеден айырмашылығы – қимылды емес, қимылдың әр түрлі сынын, амалын, белгісін т.б. білдіріп, адвербиалданып, грамматикалық жағынан түрленбей, үстеу қызметінде жұмсалады. Мысалы, Үйге сөйлей кіріпті дегенде сөйлей де, кіріпті де көсемше тұлғасында тұр. Бірақ кіріпті дегендегі көсемше формасы (-іп) шақтық мағынаны білдіріп (бұрынғы өткен шақ), жіктеліп келіп, етістіктің грамматикалық категориясын (шақ категориясын) жасауға негіз болса, сөйлей дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек -й тұлғасы арқылы ғана бұл сөзді етістіктің көсемше түрі дей аламыз, ал грамматикалық мағынасы адвербиалдық яғни кіру қимылының амалы, сондықтан қалай кірді? деген сұраққа жауап береді де, сөйлемдегі қызметі сын-қимыл пысықтауыш, бұл жерде етістікке жат екенін көру қиын емес.
Қазақ тілінің грамматикалары мен зерттеулерде көсемшенің мәні жайында да бірізділік жоқ. Барлығында дерлік көсемше етістіктің бір грамматикалық категориясы деп танылады.
І. Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдық және басқа мәндерді білдіретін ерекше формалар көсемшелер категориясы деп аталады (Ы.А. -ҚҚТ, 316). „Көсемше өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттердің мезгілі мен мақсатын, сын-сыпат, себеп-салдар т.б. сапалық құбылу амалын көрсететін дербес категория" (ҚТГ, 183). Тіпті кейбір еңбектерде көсемшенің әсіресе -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғаларының жіктеліп, тиянақты жұмсалуы есепке алынбайды. Көсемше жеке тұрып негізгі тиянақты қимылды білдіре алмайды, ол – негізгі қимылдың амалын, себебін, мақсатын т.б. сипатын көрсететін қосымша қимылды ғана білдіретін форма. Сондықтан да көсемше формалары сөйлемде екінші бір етістіксіз жеке өзі қолданылмайды" (М.И. -ҚҚТ, 91).
Академиялық грамматика „Көсемшелер мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан үстеулер мен етістік сөз таптарын өзара ұштастырып, аралық категория есепті қолданылады", - дей келіп, есімше мен көсемшені салыстыра отырып, олардың айырмашылықтарының бірі ретінде мынаны көрсетеді: „Есімшелерде райлық және шақтық мағына анық, көсемшелерде олар болмайды. Көсемшедегі жақтық мағынаның белгілеушісі: - контекс" (ҚТГ, 183, 182). Олай болса, біріншіден, бірсыдырғы оқулықтар мен грамматикаларда көсемшенің түрлері тек жасалатын қосымшалары арқылы ғана жіктеліп бөлінбей, сонымен бірге ол түрлері жаққа қатысты аталып отыратынын, мысалы: өткен шақ, көсемше (-ып, -іп,-п), осы шақ (А. Ысқақов) немесе ауыспалы осы шақ, И.Мамановтың көрсетуінше келер шақ есімше (-а, -е, -й) мақсатты (И.Маманов) А.Ысқақовтың көрсетуінше, келер шақ көсемше (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі) болып бөлінетінін (ЫЛ -ҚҚТ, 316-320, М.И. -ҚҚТ 91-98, т.б.) қайда қоямыз? Екіншіден, -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер тікелей жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсалады.
Сондай-ақ көсемшелі тұлғалы (-а, -е, -й және -ып, -іп, -п) етістік 1-және 3-жақтарында немесе бұйрық рай түрінде немесе 1-жақта әдеттегідей жіктеліп, 3-жақта жіктелмей-ақ ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулармен тіркесіп те баяндауыш қызметінде тиянақты тұлға ретінде жұмсалады: ол бар-ып па? барма-сын ба? мен бар-айын ба? біз бармай-мыз ба? олар бара ма? т.б. Бұлардың бәрінде де көсемшенің тұлғалары шақ категориясының грамматикалық көрсеткіші болып тұрғанында ешбір дау жоқ. Ал көсемшенің бағыныңқы сөйлемдердің баяндауышы қызметінде қолданылуы және онда көсемшенің шақтық мағынаны білдіріп тұрғандығы өзінен-өзі көрініп тұр.
Көсемшенің -ып, -іп, -п кейде -а, -е, -й тұлғасындағы етістік сөйлемде есімшелі етістікпен, тіпті кейде шартты райлы тұйық етістікпен және жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікпен бірыңғай баяндауыш, кейде басқа сөйлем мүшесі қызметінде де жұмсала алады: Сазарған балуан жауап бермей, жаңа ұсталған жолбарыстай жан-жағына қабағын түйе, тесірейе қараса, қоршағандар түгелімен арық, түгелімен жыртық киімді (С.М.) Соның берген уәдесіне сеніп, үйінен жалғыз шығып кеткен (М.Ә.) Рабиға қиналған күйде: „Енді өлдім-ау!" - деп бой сұна берген уақытта ғана көмегіне сеніп шыққан бауыры Мұқаш келіп, тауып алды (М.Ә) Не кісінеп, не пысқырған жылқы үні естілмейді... Бір тастың басына шығып, қадала қарады (М.Ә.) Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті (Б.М.) Үйден шығып, қайта кіруі – жеке жүруден қорыққаны немесе бірдеңесін ұмыт қалдырғаны.
Сондай-ақ негізгі етістікке жалғанып, көсемше етістікпен тіркесіп күрделі етістіктің (етістіктің аналитикалық формантын жасауға қатысып) құрамында жұмсалады: бара жатыр, барып жатыр, барғалы жатыр, келе берді, келіп қойды, келгелі жүр т.б. Осы қолданыстың барлығында да көсемше етістік сипатында қолданылады.
Көсемшенің үш түрінің үшеуі де екінші бір етістікке қатысты болып, қимылдың, іс-әрекеттің сынын, амалын, мезгілін, себебін, мақсатын білдіріп, адвербиалдық мәнде сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Бұндай жағдайда көсемшеде етістік қасиеті жоқ. Сонымен бірге көсемше формасы етістіктің үстеуге, кейде тіпті одан кейін шылауға айналуға түрткі болады: қайта, тарта, қарай, айнала, лықа т.б. сөздер осындай дамуды басынан өткізген.
Сөйтіп, қазіргі қазақ тілінде етістіктің, бір жағынан, лексика-грамматикалық категориялары, екінші жағынан, таза грамматикалық категориялары, ал үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалық категория (шақ категориясын) жасауға негіз болатын ерекше формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) бар екенін байқай аламыз. Оларды, жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық, семантикалық сипаттары арқылы бір-бірінен ажырата білу қажет.
Бұның өзі етістік грамматикалық сөз табы ретінде басқа сөз таптарынан ерекше екенін көрсетеді. Етістіктің түрлену, тұлғалану жүйесі, олардың сөйлеуде қолданыстық қасиеті әрі күрделі, әрі сан алуан екенін байқаймыз. Сол түрлену жүйесінің негізінде құралатын грамматикалық, лексика-грамматикалық және таза грамматикалық категориялары мен ерекше грамматикалық тұлғаларының сипаттары да әр алуан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет