С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет94/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Демеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырмайды, өздері тіркесетін сөздерге әр түрлі қосымша мағына (реңк) үстейді. Сол мәндеріне қарап сұраулық демеуліктер (ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше: келді ме? бала ма? сен ше?), күшейткіш демеуліктер (-ақ: қазір-ақ, -ау: балам-ау, ай: жаман-ай, қайтсін-ай: да, де, та, те: сен де бір кірпіш дүниеге), күмән, болжам мәнді демеуліктер (ғой, қой: келеді ғой; -ды,-ді, -ты,-ті: барған-ды, мыс,-міс: болыпты-мыс), шектік демеуліктер (қана, ғана: адам ғана, қысқа ғана), қомсыну мәнді демеуліктер (екеш, құс екеш) деп бөлінеді.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?
3. Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді?
4. Септеуліктер мен жалғаулықтардың бір-бірімен ұқсастықтары қандай?
5. Септеуліктер мен жалғаулықтар қандай мағыналық қатынастарды білдіреді?
6. Демеуліктердің мағыналық ерекшеліктері мен септеулік, жалғаулық шылаулардан айырмашылықтары қандай?
7. Қандай шылаулар қандай грамматикалық тұлғалармен ұқсас келеді және олар қалай жазылады?
8. Қандай шылаулар өздері қатысты сөздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес дыбыстық өзгеріске түсіп қолданылады?
9. Қандай жағдайда сұраулық шылаулар -мы,-мі, -бы, -бі, -пы,-пі болып өзгереді және қалай жазылады?
10. Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 220-240-б.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 3380-402-б.

  3. Р. Әміров. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. А.,1959.

  4. Исенгалиева В.А: Служебные имена и послелоги в казахском языке. А.,1966.

  5. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. ІІ. Морфология. М.,1956. 72-77.

  6. Ф.Кенжебаева. Шылау сөздер. //Қазақстан мектебі. 1962. 3.

  7. Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 461-б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет