С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет29/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Пысықтау үшін сұрақтар
1.Тәуелдік жалғаудың анықтамасы қандай?
2.Тәуелдік жалғау қандай мағыналар береді?
3. Тәуелдік жалғау мен тәуелдік категориясы ұғымы бір ме, бір емес пе?
4.Тәуелдік катеогриясына қандай белгілер тән?
5. Ортақ және оңаша тәуелдеу меншік иесіне байланысты ма, меншіктелуші затқа байланысты ма?
6.Тәуелдік жалғау қандай жағдайда нольдік формада қолданылады?
7.-нікі,-дікі, -тікі формалары қандай мағына береді?
Әдебиеттер:

  1. С. Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А.,1973.

  2. С. Исаев. Некоторые особенности употребления конструкции с родительным падежом в языке периодической печати.Известия АН КазССР, серия общ. наук. 1973. №4. 41-47-б.

  3. Ә. Нұрмағанбетов. Дағдыдан тыс тәуелдік жалғау. //Қазақстан мектебі. 1971. №7. 95-96-б.

  4. С. Нұрханов. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс. //Қазақстан мектебі.

  5. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 48-58-б.

  6. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 70-74-б.


Х. Септік жалғау


  1. Қазақ тіліндегі септік жүйесі.

  2. Септік жалғаудың түрлері.

  3. Септіктердің тұлғаларындағы ерекшеліктер.

  4. Жай септеу мен тәуелді септеу.



Сабақтың мақсаты
Септік категориясының қазақ тілі грамматикалық құрылысынан, сөйлемде сөздер арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, сөз байланыстыру қызметінен алатын орнын айқындай отырып, септік жүйесін, оның әрбір түрінің мәнін, тұлғаларының ерекшеліктерін тани білу.


Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену жүйесінің бірі – септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде тікелей өзі, кейде басқа тұлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен зат (сын) арасындағы (субъектілік-предикаттық), тура және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық сияқты қатынастарды білдіреді. Осыдан анық көрінетіндей, жоғарыдағы айтылған көптік (немесе сан-мөлшер) тәуелдік жалғауларына (категорияларына) берілгендей, септік жалғаудың (категорияның) мәнін ашатындай тұжырымды бір анықтама беру қиын. Оның қиындығы септік жалғаудың әрі күрделі жеке түрлерінің, ортақтық сипатының өзгеше екендігінде.
Көптік (сан-мөлшер), тәуелдік жалғауларының (категорияларының) әрқайсысы өз ішінде бір-біріне қайшы мәндес мағыналардың жиынтығынан тұратын (мысалы, сан-мөлшер категориясында жекелік-жекеше және көпше, тәуелдік категориясында үш түрлі жақ: бірінші айтушы жақ, екінші тыңдаушы жақ, үшінші бөгде жақ және жекеше-көпше немесе оңаша-ортақ мәндер) бір ортақ категориялық мағынаны білдірсе, септік жалғау (категориясы) ондай ортақ категориялық мағынаны білдіре алмайды. Септік жалғау түрлерінің басын біріктіріп, зат есімнің түрлену парадигмасының бір категориялық түрі етіп отырған – септік жалғауларының мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік (сөз бен сөзді байланыстыру сипаты), мағыналық-қызметтік (тек зат есім сөздерге жалғануы немесе басқа сөз табына жалғанса, оны заттандырып тұру) қасиеті. Сондықтан да септік жалғау категориясын анықтағанда, көбіне оны (септік қосымшаларын) „сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, селбестіріп тұратын" (ЫА. -ҚҚҚТ, 58) тұлға және „сөздердің жалғауларды қабылдау өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды" (ЫА -ҚҚТ, 58) немесе „септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады" (ҚТГ, 56) деп те анықтайды. Бұл анықтамаларға байсалды түрде зер салсақ, септік жалғауының өзіне ғана тән үлкен бір ерекшелігі оның сөйлемде „сөздерді байланыстыруында" немесе „сөздерді грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсіріп тұруында" екен. Ал жалғаудың басқа түрлері, мысалы, тәуелдік, жіктік, жалғаулары сөздерді байланыстыруда, „грамматикалық тұрғыдан түрлендіріп, өзгеріске түсіре" алмай ма екен? Бұл бұл ма? Мынадай анықтаманы түсіну одан да қиынырақ секілді: „Сонымен септік дегеніміз жалғау мен грамматикалық мағыналардың бірлігінен тұратын және бір есім сөздің екінші есімге немесе етістікке қатысын білдіретін грамматикалық категория" (А.- ТБН, 435). Дәл осындай анықтаманы тәуелдік, жіктік жалғауларға да әбден беруге болар еді. Сондықтан да септік жалғауларына (категориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат пен заттың (сынның) арасындағы субъектілік, объектілік, меншіктілік-қатыстық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық, себеп-мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп, заттық мән үстеп тұратын түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады. Септік жалғау жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де осында.
Септік жалғаулардың күрделілігі септік түрлерінің тұлғалық формаларында бірізділік сақтала бермеуінен де көрінеді.
Қазақ тіліндегі (түркі тілдеріндегі) жалғаулар жүйесінің тұлғалық түрлерінде белгілі дәрежеде бірізділік, сәйкестік болғанмен, оның өрісі, шеңбері көбіне шартты болып келеді. Мысалы, тәуелдік жалғауының жекеше тұлғалары 1-жақта -ым, -ім, -м, 2-жақта анайы -ың, -ің, -ң сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңіз болса, 3-жақта -сы, -сі, -і екені белгілі. Тұлғалық жағынан 3-жақ жалғауы ерекше. Ал көпше түрінде І-жақ (-мыз, -міз, -ымыз, -іміз) пен 2-жақ (-лар, ... -ың, -лер...ің, -лар, -ыңыз, -лер -іңіз) тұлғалары бөлек-бөлек. Осы тәріздес ұқсастық пен айырмашылықтар септік тұлғаларынан да көрінеді. Оның себебі неде? Себебі әр түрлі болуы мүмкін. Ең алдымен, әрбір түрінің қалыптасу жолы мен тәсілі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тәуелдік жалғаудың 1,2-жақ тұлғалары жіктік жалғаулары арқылы есімдіктеріне сайса, 3-жақ жалғауының жағдайы бөлек. Екіншіден, ол тұлғалардың қалыптасып, тұрақталу мерзімі, кезеңі де бірдей не бір болмауы мүмкін (шығыс, әсіресе, көмектес септіктердің кеш қалыптасуы оған дәлел). Үшіншіден, әр септіктің мағыналық, стильдік ерекшеліктері мен қолданылу жиілігі де олардың тұлғалық түрі мен өзгерісіне әсер етсе керек.
Қазақ тілінде септіктің жеті түрі бар. Септік жалғау түрлері мен олардың тұлғалық ерекшеліктері кестеден айқын көрінеді.





Септік түрлері

Сұрақтары

Сөздердің септелуі

1.

Атау

кім? не?

әке, қол, үй, күн, қыз, хат

2.

Ілік

кімнің? ненің?

әке-нің, үй-дің, қол-дың, күн-нің,
қыз-дың, хат-тың

3.

Барыс

кімге? Неге? қайда?

әке-ге, қол-ға, үй-ге, күн-ге,
қыз-ға, хат-қа

4.

Табыс

кімді? нені?

әке-ні, қол-ды, үй-ді, күн-ді,
қыз-ды, хат-ты

5.



Жатыс



кімде? неде? қайда?

әке-де, қол-да, үйде, күн-де,
қыз-да, хат-та.

6.

Шығыс

кімнен? неден? қайдан?

әке-ден, қол-дан, үй-ден,
күн-нен, қыз-дан, хат-тан.



7.

Көмектес

кіммен? немен? қалай?

әке-мен, қол-мен, үй-мен,
күн-мен, қыз-бен, хат-пен.

Септік жалғауларының тұлғалық түрлері сөзге үндестік заңы негізінде мынадай тәртіппен жалғанады.



Сөздің соңғы


дыбысына қарай

Септік түрлері

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

1. у,и-дан басқа дауыстыларға біт
кен сөз

2.у,и және ауыз жолды сонар р, л, у, й-ға біткен сөз


3. Мұрын жолды м, н, ң, сонорына


біткен сөз

4.Ұяң ж,з,


дыбыстарына
біткен сөз

5. Қатаң және в,б,г,д, ұяңдарына


біткен сөз




-ның
-нің
-дың
-дің
-ның
-нің
-дің
-дың
-тың
-тің

-ға
-ге
-ға
-ге
-ға
-ге
-ға
-ге
-қа
-ке

-ны
-ні
-ды
-ді
-ды
-ді
-ды
-ді
-ты
-ті

-да
-де
-да
-де
-да
-де
-да
-де
-та
-те



-дан
-ден
-дан
-ден
-нан
-нен
-дан
-ден
-тан
-тен

-мен

-мен

-мен

-бен

-пен


Қазақ тілінде септелу жүйесінен, түбірге септік тұлғаларының жалғануынан мынадай ерекшеліктер байқалады.


1. Септік жалғау тұлғалары үндестік заңы негізінде жалғанады: а) сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жуан буынды жалғау жалғанады да, соңғы буыны жіңішке болса, оған жіңішке буынды жалғау жалғанады; ә) сөздің соңғы дыбысының дауысты немесе үнді, үяң, қатаңның бірі болып келуіне қарай қосымша дыбыс үндестігі (ілгерінді ықпал) негізінде жалғанады.
2. Оқулықтарда дауысты дыбыс делініп жүрген у, и, дыбыстары қосар дыбыс немесе дифтонг екені белгілі: у-ұу немесе у-үу, и-ый немесе и-ій, бұлардың соңғы дыбысы кәдімгі дауыссыз (үнді) у немесе й болып табылады, сондықтан да қосымша бұндай дыбысқа біткен сөздерге дауысты дыбысқа біткен сөздерге сияқты емес, ауыз жолды сонор дыбыстарға (р,л,у,й,) біткен сөздерге қосылатын тәрізді жалғанады; ілік және табыс септік жалғауларын салыстырыңыз.
3. Қазақ тілінде сөз соңында з және ж дыбыстарынан басқа ұяң кездеспейді, яғни сөз б,в,г,д сияқты ұяң дыбыстарға аяқталмайды, ал кірме (негізінен, орыс тілінен енген) сөздердің соңындағы бұл ұяң дыбыстар айтылуда қатаңданып п,ф,к,т болып естіледі де, қосымшаның қатаң дыбыстан басталатын нұсқасы жалғанады.
4. Септік жалғауларының сөзге жалғану ерекшеліктері қазақ тілінде (сонор) деп жүрген дауыссыздардың өзі үн қатысы жағынан сипаты бірдей емес екенін көрсетеді: ілік және жатыс септік жалғаулары мұрын жолды үнді дыбысқа біткен сөзге н дыбысынан басталатын (-ның, -нің), ауыз жолды үнді дыбысқа біткен сөзге д дыбысынан басталатын (-дың, -дің) қосымша жалғанады.
5. Атау септіктің арнайы қосымшасы жоқ. Бірақ атау септік тұлғасы – түбір тұлғамен бір емес және оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, басқа септік тұлғаларына негіз болатын да тұлға емес, өз алдына жеке нөлдік тұлға. Ол жайында төменде арнайы сөз болады.
6. Басқа 6 септік қосымшаларының тұлғалануы мен сөзге қосылуы жағынан кейбір септік түрлерінің бір-бірімен ұқсас, сәйкес жақтары және бір-бірінен айырмашылықтары айқын көрінеді:
а) ілік, табыс, шығыс септік жалғауларының дыбыс үндестігіне байланысты нұсқалары: н,д,т дыбыстарынан (-ның,-нің, -дың, -дің, -тың, -тің және -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті және -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) басталады, бұл жағынан осы септік тұлғалары бір-бірімен сәйкес келеді; бірақ сөздің соңғы дыбысына бітуіне байланысты ол қосымшалардың жалғануында ерекшеліктер, сәйкес келмейтін жайттар да бар. Мысалы, дауысты дыбысқа біткен сөзге ілік және табыс септік жалғаулары н дыбысынан (-ның, -нің, және -ны, -ні:бала-ның, әке-нің және бала-ны, әке-ні) басталса, шығыс септік жалғауы д дыбысынан (-дан, -ден: бала-дан, әке-ден) басталады, ал мұрын жолды сонор м,н,ң дыбыстарына біткен сөздерге ілік және шығыс септік жалғаулары н дыбысынан (-ның, -нің: аң-ның, түн-нің және -нан, -нен: аң-нан, түн-нен басталса, табыс септік жалғауы д дыбысынан) (-ды, -ді: аң-ды, түн-ді) басталады. Бұл ерекшелік осы септік жалғауларының шығу, қалыптасу кезеңдерімен байланысты болса керек: бірақ бұл топшылау түркологияда айтылып жүрген -ны, -ні табыс септік тұлғасы -ның, -нің сияқты ілік септік жалғауынан қалыптасты деген пікірді жоққа шығармайды.
ә) жатыс септік жалғауы, жуан-жіңішкелікті есептемегенде, екі-ақ нұсқа н дыбысынан басталатын тұлғасы жоқ, оның орнына д дыбысынан (-да, -де; бала-да, түн-де) басталатын тұлға жұмсалады;
б) барыс пен көмектес септік жалғауларының тұлғалары мүлде өзгеше. Бұл – осы септіктердің әрқайсысының қалыптасуы мерзімдік жағынан да, мағыналық жағынан да, қандай сөзден немесе тұлғадан және қалай қалыптасуы жағынан да басқаша болғанын көрсетеді. Мысалы, көмектес септігі басқа түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ, тек қазақ тілінде ғана бар және ол басқа септік түрлерінен әлдеқайда кеш қалыптасқан; қазақтың жазба тілінде, жазба нұсқалар тілінде XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына дейін ол септік (грамматикалық тұлға) ретінде емес, септеулік шылау ретінде білән, бірлән, мінән, кейін мәнән сияқты түрде қолданылып отырған. Одан барып менен арқылы -мен, -бен, -пен түрінде қалыптасқан. Қазақ тіліндегі көмектес септік жалғауы сырт түрі жағынан мен, бен, пен деген жалғаулық шылаумен ұқсас, бірақ одан қалыптаспаған, септеулік шылаудан туған, ал септеулік шылау мен жалғаулық (мен: менен -білән) төркіндес.
Көмектес септік жалғауы, біріншіден, сингармонизмге, буын үндестік заңына бағынбайды, өзі жалғанатын сөздің соңғы буыны жуан не жіңішкелігіне қарамай, әр уақытта жіңішке түрде жалғанады, екіншіден, дыбыс үндестігі толық сақталады, бірақ дауысты немесе үнді дыбысқа біткен сөздерге м дыбысынан басталатын нұсқасы (-мен), ұяң ж,з дыбысына біткен сөздерге б дыбысынан басталатын нұсқасы (-бен), қатаң және б,в,г,д дыбыстарына біткен сөздерге п дыбысынан басталатын нұсқасы (-пен) жалғанады. Сөйтіп, көмектес септік жалғауы үш-ақ түрде кездеседі.
в) керісінше, барыс септік жалғауы, біріншіден, сингармонизм (буын үндестігі) заңы бойынша я жуан түрде, я жіңішке түрде, екіншіден, дыбыс үндестігі бойынша дауысты, үнді және үяң ж,з дыбыстарына біткен сөздерге ғ не г дыбыстарынан басталатын нұсқасы (-ға,-ге: бала-ға, үй-ге, жаз-ға), қатаң және б,в,г,д дыбыстарына біткен сөздерге қ не к дыбыстарынан басталатын нұсқасы (-қа, -ке: от-қа, түс-ке) жалғанады. Тәуелдеулі сөздің септелуінде де барыс септік жалғауының елеулі ерекшеліктері бар екені көрінеді: бірінші және екінші жақ анайы жекеше тәуелдік тұлғасынан кейін барыс септік жалғауы жуан буыннан соң -а (балам-а, балаң-а), жіңішке буыннан соң -е (үйім-е, үйің-е) болып жалғанса, 3-жақ тәуелдік тұлғасынан кейін жуан буыннан соң -на (бала-сына), жіңішке буыннан соң -не (үйі-не) болып жалғанады. Әрине, 3-жақ тәуелдік тұлғасынан кейін жалғанатын -на, -не жалғауының алғашқы бөлшегі – тарихи тұрғыдан барыс септігінің қосымшасы емес, басқа бір тұлғаның қалдығы. Оны 3-жақ тәуелдік тұлғасынан кейін жалғанатын жатыс септік жалғауынан да көреміз; -нда, -нде түрінде толық жатыс септік жалғауы болып жүрген бұл тұлғаның алғашқы бөлшегі де жатыс септік жалғауы емес. Бұл табыс (н) 3-жақ тәуелдік жалғауынан кейін жалғанған -дай, -дей және -ша, -ше сияқты жұрнақтардың да алдынан шыға келеді: баласы-дай емес, баласы-н-дай, сөзі-дей емес, сөзі-н-дей, (ел) адамы-ша емес (ел) адамы-н-ша (сол) күйі-ше емес, (сол) күйі-н-ше, т.б.
г) септік түрлерінің біразы (атау, ілік, табыс) адамға байланысты кім? адамнан басқа затқа байланысты не? деген ғана екі сұрақтың септік жалғаулары арқылы тұлғаланған түрімен шектелсе, біразы (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) оның үстіне үшінші түрлі сұраққа да (қайда? қашан? қайдан? қалай?) жауап береді. Бұл – осы септік түрлерінің таза грамматикалық мәнді немесе сонымен қоса көлемдік мән білдіруімен байланысты болса керек, сондықтан септік жалғауларының грамматикалық және көлемдік түрлері мен олай бөлудің мәні төменде арнайы сөз болады;
ғ) тәуелдеулі сөздің тұлғалық жағынан септелу ерекшеліктері табыс септігіне де қатысты: үшінші жақ тәуелдік тұлғасынан кейін табыс септігі түрінде ғана жалғанады. Тәуелдеулі сөзге септік жалғауларының жалғануындағы тұлғалық ерекшеліктері мына кестеден анық көрінеді:



Жақ түрлері



Септік түрлері

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмек
тес

І-жақ,
2-жақ анайы

2-жақ сыпайы


3-жақ

-ның -нің
-ның -нің
-ның -нің



-ға
-ге
-(н) е
-(н)а

-ды
-ді
-ды
-ді


-да
-де
-да,
-де,
-(н) да
-(н) де

-нан
-нен
-дан
-ден
-нан
-нен

-мен

-бен

-мен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет