С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет52/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129
Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырма-шылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмай-ды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек ап-параты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ ал-масуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек _рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қа-
тыспайды.
Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым — гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің. астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер — өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.
Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді ше-міршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көме-кейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамда-лып, өкпеге жалғасады.
Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тары-луы нәтижесінде орындалады.
Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфиби-лердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады.
Жүрек қарыншасының. әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қа-рыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншанын, сол жақ бөлімі-нен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең со-ңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері ке-теді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның он. жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды (18-сурет)
107

17-сурет.Сойып көрсетілген кесірткенің ішкі құрлысы.
1-сыртқы шықшыт венасы,2-ішкі шықшыт венасы,3- сол ұйқы артериясы ,4 — оң ұйқы артериясы; 5 -қолқаның сол жақ доғасы;6-қолқаның оң жақ доғасы, 7—оң жүрекше; 8-сол жүрекше; 9 —жүрек қарыншасы; 10—сол бұғана асты артериясы,11-өкпе, 12 -бауыр,13-өт,14-қарын,15-ұйқы безі ; 16 — ұлтабар,17-тоқ ішек,18,29-тік ішек,19,27-бүйрек,20-арқа қолқасы,21-бүйректің алып кеткіш венасы,22,28-қуық,23-аталық жыныс безінің өсіндісі,24-аталық жыныс безі,25-тұқым жолы,26-сандағы тесіктер,30-аналық жыныс безі,31-жұмыртқа жолы.;
108
Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпё артерия-ларына тек қана вена қаны құйылады да он, жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына — таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ колқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарда, еттерге қан тамыры
таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады.
Құйрық бөліміндегі вена қандары — құйрық венасына жина-лады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасы-на тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан вёналардан артқы қуыс веналрдан артқы қуыс вена құралады.Артқы қуыс венасына омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп
құяды. Артқы қуыс венасына — бауыр венасы да құйылады.
Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жина-лады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір пар

18 - с у р е т. Қесірткелердін, қан айналу схемасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет