С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет92/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Қысқа дайындық өте актив қоректенумен сипатталады. Бұл кезде қүстардың арнаулы, тұрақты орны болмайды. Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын ауыстырып отырады. Мысалы, үйректер, қаздар топтанып егістік далалар-ға ұшып барады. Қара торғайлар мен көгершіндер ұя салған ағашты жерлерінен далаларға ұшып барады. Бұл кезде құстар тамақтық зат көп жерлерді мекен етіп, актив қоректеніп, семіреді. Құстардың майлануы қыстан аман шығуына, ал жыл құстары үшін қыстайтын жерлеріне ұшып баруына жағдай жасайды.
Кейбір құстар қысқа қарай тамақтық қор жинайды. Мыса-лы, самырсын құс — самырсын ағашының, жаңғағын жинап, оларды ауыз қалтасына толтырып, ұшып барып топыракқа кө-міп қояды. Осы тәсілмен жорға торғай да емен жаңғарынан қор жинайды. Бірақ, осы қорынын тек қана 20—30 проценттейін ғана пайдаланады. Қалғаны пайдаланылмай топырақтың астында қалып қойып, өсіп шығады.
Қыстау. Қыс кезінде қүстардың тіршілік жағдайы, кенет қиындайды да, керекті заттардың мөлшері азайып, қажет та-мақты табу ауырлайды. Құстарға жем болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қалағанынша табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уақыты қыс-қарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып — құстарға қорек табу қиыншылыққа түседі.
Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін, құстар қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Орын ауыстырудың ең қарапайым түрі ұя маңынан жем іздеуден басталып, ең күрде-
200
лі түріне, ұялаған жерінен мыңдаған км қашық облыстарға ұшып кетуімен алмасады.
Дәнмен қоректенетін орман құстары: мысалы, свиристел-дер мен боз шымшықтар қыс кезінде қоректік зат іздеп, тіршілік еткен ортасын жиі алмастырып отырады. Оның белгілі географиялық бағыты болмайды. Отырықшы орман құстары—ақ кекілік, бұлдырықтар және “меңіреу құрлар” жазда тіршілік еткен ауданынық территориясында қоректік заттың шамасына қарай мекен еткен орындарын ғана өзгертеді. Мысалы, ақ кекі-лік жазда ағашты, батпақты және мүкті жерлерде болып, насе-комдармен, өсімдіктердің жемістерімен, дәндермен қоректенсе, қыста жердің бетін кар басып қалған кезде, олар осы аудандағы өзендердің жағалауына барып, негізінен үйеңкі ағашының бүршіктерін, жас бұтақтарын қорек етеді. “Меңіреу кұрлар” жазда қылқан жапырақты ормандарда болып қорегін жерден тапса, қыс кезінде жапырақты ормандарға ауысып, қайыңның бүршіктерімен қоректенеді.
Тундрада және орта Азияда лашын — жыл құсы болып
есептелсе, Қырымда, Кавказда отырықшы, немесе мекенін жиі ауыстыратын құс болып саналады,
Кейбір құстар ауа райы жылырақ болған жылдары солтүс-тікте қыстап та қалады. Мысалы, үйректер мекен еткен жерін-дегі судың бетін мұз баспаған жылдары сол жерге қыстап қа-лады. Олай болса, құстарды отырықшы, жыл құстары деп бө-лудің өзінің арасына аса шек қоятын нәрсе емес. Оның барлығы сыртқы орта жағдайының өзгеруіне байланысты болатын әрекет.
Нағыз жыл құсы дегеніміз — қысқа қарай жазғы ұя салған
жерлерін тастап, одан қашық жерлерге барып қыстап шыға-тын құстарды айтады. Мысалы, қасқа қаздар ұясын тундраға салады, ал Жер Орта теңізіне, Каспий теңізіне, сол сияқты Қы-тайға, Индияға барып қыстайды. Каспий теңізінін, оңтүстігіне көпшілігінде суда және батпақта тіршілік ететін құстар қыс-
тап шығады.
Жыл құстары ұшып кеткенде өздерінің тіршілік еткен орта-сының ыңғайына қарай ұшады. Мысалы, су құстары қайтқан кезде үлкен өзендердің бойын жағалай ұшады, сондықтан да олардың ұшатын жолы жіңішке болады. Теңіз құстары теңіз жағалауын қуалай ұшады. Құрлықтағы құстар қайтқанда кең бағытта ұшады. Әйткенмен олардың да арнаулы “жолы” бо-
лады.
Жыл құстарының ұшып келуі және қайтып кетуі, ұя сала-
тын жеріндегі тіршілік жағдайларына байланысты. Жыл құс-тарының барлығы да, ұя салған жерінде қорек азайған кезде қыстайтын жеріне қайтып кетеді. Ауа райынын. өзгеруі, темпе-ратуранын, төмендеуі, күннің қысқаруы сияқты сыртқы факторлардың әсерінен қоректік заттары азаяды. Бірақ, кейбір құстар,
201
мысалы, сұр қарлығаштар қоректік затының мөлшері жеткілік-ті болғанына қарамастан ерте ұшып кетеді. Өйткені, температура төмендегенде ұшатын насекомдардың да актив-тігі төмендейді. Ал, сүр қарлығаштардың көзінің құрылысын-дағы ерекшелік тек қана ұшып жүрген насекомдарды ұстауға бейімделген. Ең соңынан қайтатын қарлығаштар. Себебі олар ұшып жүрген насекомдарды қағып жеумен қатар, шөптегі және ағаштағы қонып отырған насекомдарды үркітіп, үшырып, қа-ғып жеп қоректенеді.
Жыл құстарының ұшып келу мерзімі де, олардың туған же-ріндегі, керекті қоректердің жеткілікті болуына байланысты. Мысалы, орманда болатын бұлбұлдар, мысық торғайлар — ағаштарға жапырақтар шыққан кезде, қамыс торғайлары—жа-ғалаудағы өсімдіктер өскенде, ал қарлығаштар ауада ұшып жүретін насекомдар шыққанда келеді.
Жыл құстары күзде қыстауға қайтқанда, ыңғайлы жерлерге кідіріп, жайлап үшады. Ұя салатын жерлеріне келерде, өте тез ұшып келуге әрекет етеді. Мысалы, балшықшы — веретен-никтер күзде — қыстауға қайтқанда, 12.000 км жерді 2—3 ай-да ұшып өтсе, ал сол жолды көктемде — келерде 1—1,5 айда ұшып үлгіріп келеді.
Жыл құстарының миграциялық инстинкті тарихи қалыптас-қан, жоғарғы нерв системаларының әрекеттері болып санала-ды. Басқа туа пайда болған инстинктер сияқты, бұл да өзін қоршаған ортаның сигналдарының күрделі әеерлерінің себебі-нен пайда болатын қалыпты сезім.
Жыл құстарының ұшып келу және ұшып кетуінің тарихи се-бептерін жалпы ұғым бойынша түсіндіруге болады. Біздің ға-лымдардың (М. А. Мензбир, А. Я. Тугаринов, Г. П. Деметьев, А. В. Михеев) еңбектеріне сүйеніп, жыл құстарының мекен аударуының тарихи себептерін мына төмендегіше түсіндіруге болады. Құстардыа мекен ауыстыруы жыл мезгілдерінің бірінде тіршілік жағдайы нашарлағанда тіршілігін сақтап қалатын мұз дәуірінен бастап қалыптасқан биологиялық бейімделушілік. Төрттік дәуірдегі мұз басу солтүстік жарты шарда жыл кұстарының осы кездегі ұшуының қалыптасуына әсер еткен. Жердің бетін мұз басуы құстардың кеңінен тара-луына мүмкіндік бермеді. Бұл жағдай жердің белгілі бір бөлі-гінде ұялауына мүмкіндік бергенімен, сол жерде отырықшы тіршілік етуіне мүмкіндік болмаған. Мұздың шегінуі көптеген жерлердің құстардың мекендеуіне жарап, ұялауына үлкен мүмкіндік туғызды. Бірақ, бұл жерде жаз кездерінде, яғни ұя-лайтын кезінде ғана тіршілікке қолайлы жағдай болған. Біраз құстар бұл жерлерде жыл бойы тіршілік етуге бейімделіп, тұрақты тіршілік етуге ауысқан. Көпшілігі бүкіл жерді тастап, күзде өздерінің келген жағына қайтып кетуге мәжбүр болған.
202
Осы уақыттағы жыл құстарының ұшатын жолдарының, ол-ардың тарихи мекеніне сәйкес келетін көптеген жағдайлар бар. Мысалы, Үндіқытайда Қыстайтын емен сары торғайы (ЕmЬегіzа аигеоlа), Үндіқытайға Батыс Европадан тура ұшып бармай, Шығыс Европа және Сибирь арқылы ұшады, олардың батысқа таралуы да осы жолына сәйкес келеді. Сол сияқты теңіз құстарының көпшілігі (гагар, қайр) қыстауына қайтқанда Евразиялық материктің жағалауымен, алдымен батысқа, немесе шығысқа қарай ұшады, ал одан кейін оңтүстікке қарай ұшады. Бұл құстардың, мұз дәуірі аяқталған соң Евразияның солтүстік жағалауына таралуының нақты бағытын көрсетеді.
ҚҰСТАРДЫҢ ТЕГІ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардын. арғы тегі репти-лилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлі-ніп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің бас-қа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsисһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Огпіtһоsисһиs) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.
Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы бо-лып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі “мес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдо-зухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға мамандан-ған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай
203
бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қа-быршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл да-му процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың “жылы қанды” болуына себепші болған.
Құстардың нағыз тегінід қалдығы әлі табылмаған. Полеон-тологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.
Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері; денесі қауыр-сынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің кұрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.
Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына бол-жау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп,, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған ор-ганизмдер. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы, төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетінід тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттід болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болу керек. Әлсіз тістері насекомдармен немесе жемістермен қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныд және жамбас белдеуінід құрылысына қарағанда жер бетінед гөрі, ағаш-тарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді.
Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының: ихтиорнистер (Ісhtуогпіs) мен гесперорнистер-діц (Неsрегогпіs) қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшу-ға қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған, ал-дыдғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болғад. Төс сүйегідід қыры болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы ая-ғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкіy, өйтке-
204
ні бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде
биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болған.
Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстар-дың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жа-қын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқ-тары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыр-шағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта — орман болып саналады.
Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген белгі-лері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет