С. С. Абдуллаев, Ғ. Б. БақЫТ


 Металдаумен бӛлшектерді ӛсіру



Pdf көрінісі
бет28/135
Дата20.12.2023
өлшемі9,99 Mb.
#141665
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   135
8.3.3 Металдаумен бӛлшектерді ӛсіру 
Электрдоғалы металдау келесідей артықшылықтарға ие: қолданылатын 
жабдықтың қарапайымдығы, жоғары ӛнімділік (1 сағатта балқытылатын 
металдың 3-тен 14 кг дейіні), екі әр тҥрлі металдан жасалған электрод 
сымдарын қолдануда, олардың қорытпасын алуға болады. Кемшіліктеріне 
металдың жоғары тотығуын, легирлеуші элементтердің кӛп бӛлігінің жанып 
кетуі және жабынының тӛмен тығыздығы. 
Газды металдау 
тәсілі электрдоғалымен салыстырғанда келесідей 
артықшылықтарға ие: сым легирлеуші элементтерінің (С, Mn, Si) улылығы 
тӛмен, бӛлшектер шаңы ҧсағырақ, пісірілген жабынның тесіктері аз және 
осның нәтижесінде ол механикалық қасиеттерге ие. 
Жоғары жиілікті металдау 
электрдоғалымен салыстырғанда сым 
легирлеуші элементтерінің улылығы тӛмен, ӛнімділігі жоғары, себебі 
диеметрі ҥлкен сымдарды қолдануға болады, және электр энергиясының 
меншікті шығыны 2 есеге тӛмен болып келеді. 
Плазмалық металдау 
жоғарыда келтірілген тәсілдерден тиімділігімен 
ерекшеленеді. Жоғары концентрациясы мен жылу ағынының бейтарап 
ортасының, плазма ағысының жоғары жылдамдықты ағыны мен доғалы 
разрядты тҧрақтылығының арқасында қҧрылымының бірқалыптылығы 
жоғарырақ және әр тҥрлі металдарды, соның ішінде металл карбидтері мен 
қышқылдарын, тозуға қарсы және қиын балқитын материалдар қолдануда 
тотығуы тӛменірек. 
Бӛлшектерді металдаумен ӛсірудің артықшылықтары: 
- қалыңдығы 0,003-тен 15 мм-ге дейін металл қабатын кез келген 
материалға оның аса қызып кетуінсіз тҥсіру мҥмкіндігі. Металдау ҥдерісінде 
бӛлшек температурасы 70-100 °С-тан аспайды. Металдарды ғана емес 
ағаштарды, әйнектерді, гипсті және т.б. да металдауға болады. 
- жеткілікті дәрежеде қуысты жабын алуға болады, онда май жақсы 
тҧрақталады, яғни тозуға қарсылық жоғарылайды. 
Металдаудың білінетін кемшіліктеріне қалпына келтіретін метал 
бетінің ілінісу бетінің жеткіліксіз беріктігін, дайындау операцияларының 
ҥлкен еңбек сыйымдылығын, және шаңдату ҥдерісінде металдың 
айтарлықтай жоғары шығынын жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет