С. С. Абдуллаев, Ғ. Б. БақЫТ


 Бӛлшектерді пісіру және балқытып пісіру



Pdf көрінісі
бет29/135
Дата20.12.2023
өлшемі9,99 Mb.
#141665
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135
8.3.4 Бӛлшектерді пісіру және балқытып пісіру
Балқытып пісіру (наплавка) деп бӛлшектің беткі қабатына металл 
немесе қорытпаны балқыту арқылы тҥсіруді тҥсінеміз. Металдың балқуына 


48 
электр доғасының қызуынан (электрдоғалы пісіру немесе балқыту) немесе 
ацетиленнің, табиғи газдың және т.б. оттегі ағынында жану кезінде пайда 
болатын жылу есебінен қол жеткізіледі. Металдың балқу ҥдерісінде және 
оның ары қарай қатаюы кезінде балқу қабатына (термиялық әсер ету 
аумағында) жақын телімде жылудың біркелкі емес таралуына байланысты 
металда қҧрылымдық ӛзгерістер мен бӛлшектің сызықтық ӛлшемдерінің 
ӛзгеруі жҥреді. Бӛлшектің бастапқы температурасынан, салқындау 
жылдамдығы мен тәсілінен, негізгі металдың жылуӛткізгіштігінен, балқыту 
тәсілі мен режимдерінен тәуелді термиялық әсер ету аумағының тереңдігі 1-
ден 25 мм-ге дейін ӛзгеріп отырады. Металл қҧрылымының және сызықтық 
ӛлшемдерінің ӛзгеруі, егер ерекше шаралар қолданбаса, бӛлшектің жергілікті 
деформациясына және жарықтың пайда болуына алып келеді. Бҧл ерекше 
шараларға бӛлшекті алдын ала қыздырып алу және ары қарай ақырын суыту, 
балқытудың ерекше әдістері, балқытудан кейін жасыту және жіберу
балқыған металды ауаның әсерінен қорғау және т.с.с. жатады. 
Балытып пісіру ҥдерісінде балқыған металл ауадағы оттегімен, азотпен 
және сутегімен қанығады, ал легирлеуші элементтер жанып кетеді. Балқыған 
металды ауадағы оттегі мен азоттың әсерінен қорғау ҥшін және жанып 
кеткен легирлеуші элементтерді қалпына келтіру ҥшін жабынды электродтар 
қолданады немесе балқытуды флюс қабатының астында және қорғаушы 
газдар ортасында жҥргізеді. 
Механикаландыру ҥдерісінің дәрежесіне қарай электрдоғалы пісіру 
және балқытып пісіру қолмен, жартылай автоматты және автоматты деп 
бӛлінеді. Қолмен пісіру және балытып пісіру кезінде барлық операциялар 
дәнекерлеушінің қолымен жҥргізіледі. Жҧмыс сапасы дәнекерлеуші 
біліктілігінен тәуелді, ҥдеріс ӛнімділігі жоғары емес. 
Болат бӛлшектерді пісіру және балқытып пісіру. 
Қолмен тәсілі 
арқылы пісіру және балқытып пісіру пісіру жапсарын ауаның зиянды 
әсерінен қорғау ҥшін жҧқа электродтармен (0,10-0,25 мм) және қалың 
жабындармен (0,5-1,5 мм) жҥргізіледі. Электродтың жҧқа жабындары (кӛп 
жағдайда 80-85 %-і бордан және 20-15 %-і сҧйық шыныдан жасалады) 
доғаның жану тҧрақтылығын қамтамасыз етеді және сондықтан оларды 
тҧрақтандырғыш немесе иондаушы жабындар деп атайды. Жҧқа жабынды 
электродтарды статикалық жҥктемеде жҧмыс істейтін тӛмен жауапкершілікті 
бӛлшектерді пісіру ҥшін қолданады. Қалың жабындар қорғаушы-легирлеуші 
болып табылады. Оларға газшлактудырғыш, легирлеуші заттар және тотықты 
жойғыш, жапсардың жоғары механикалық қасиеттермен қалыптасуыа 
мҥмкіндік беретін элементтер кіреді. Қалың жабынды электродтарды 
кӛміртекті және тӛмен кӛміртекті болаттан жасалған жауакершілікті 
бӛлшектерді пісіру және балқытып пісіру ҥшін қолданады. 
Шойыннан жасалған бӛлшектерді пісіру ерекше жағдайларды есепке 
ала отырып орындалады. Бҧл шара пісіру ҥдерісінде металдағы жоғары 
жергілікті қызу, тез салқындау және отыру әсерінен жарықтың пайда 
болуына алып келетін жағдайларға байланысты туындаған. Тез салқындау 


49 
кезінде отырудан басқа шойынның ағаруы жҥреді, жапсар қуыс тесікті болып 
шығады. Ағарған шойын жоғары сынғыштық және қаттылықпен 
сипатталады, бҧл жапсардың беріктігін тӛмендетеді және механикалық 
ӛңдеуін қиындатады. Бҧл қҧбылыстардың алдын алу ҥшін шойын 
бӛлшектерді пісіруде сәйкес электродтар мен флюстерді қолданады. 
Шойынды ыстықтай пісіру ацетиленді-оттегілі жалынмен, сондай-ақ электрлі 
доғалы әдіспен де мҥмкін. 
Жақсы нәтижелерді плазмалық доға жылуына негізделген 
плазмалы-
доғалық пісіру және балқытып пісірулер 
(сығылған доғамен пісіру)
 
беріп 
отыр. Пісіру ҥшін электродтар (катод) арасында жанатын, доға бағанының 
бағытымен сәйкес келетін плазмалық ағыннан тәуелді плазматрондарды және 
қорек кӛзіне қосылған оң полюске қосылған қҧраушы бӛлшекті қосады. 
Плазмал-доғалық пісіру және балқытып пісіру басқа пісіру тәсілдерімен 
салыстырғанда келесі артықшылықтарға ие: қоршаған ауа әсерінен пісіру 
ваннасын сенімді газдық қорғау, пісірулі металл қопасының химиялық 
қҧрамын сақтау, доғаның концетрирленген әсерінің арқасында бӛлшектің 
майысуы болмайды, алдын ала және жергілікті қыздыру қажет емес. Алдын 
ала қыздыру тек кҥрделі конфигурациялы бӛлшектерді қҧрастыру кезінде 
жасалады. 
Жартылай автоматты және автоматты пісіру. Тек қоспалы материалды 
беру механикаландырылған (автоматтандырылған) электрдоғалы пісіру мен 
балқытып пісіру жартылай автоматты, егер беріліс те, электродтың жапсар 
бойымен қозғалуы механикаландырылған болса, онда ондай пісіру автоматты 
деп аталады. Жартылай автоматты және автоматты пісіру кезінде электр 
доғасы мен металдың балқыған ваннасын ауадан флюс немесе бейтарап 
газдар кӛмегімен оқшаулайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет