Байланысты: ТЕПЛОВОЗ ТЭ33А устройство, назначение на каз.язе
3-ҚОСЫМША. GEVO12 дизелімен жҧмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары және қосымша ақпарат Дизельді толық бӛлшектегенде және орнатқанда сақтық шараларын
және қауіпсіздік техникасын сақтау қажет:
1. Енгізц коллекторының қысқыш қамытын босату кезінде жинағыш
кҥрекшені сильфонға тірмеу: ол жҧқа қабырғалы және тез зақымданады.
3. Поршеньді ортаға тҥзеуге арналған орындардың сенімді
орнатылғанын қадағалаңыз, кері жағдайда поршень катерге соғылуы мҥмкін.
4. Дизель картерінен кҥштік агрегатты толық шешіп алу кезінде немесе
оны картерге орнатуда сақ болу қажет, иінді білік мойнының, цилиндр
басының шпилькаға бекітілуін немесе дизель блогының цилиндр тӛлкесіне
арналған ҧяшықты зақымдап алмаңыз.
5. кҥштік агрегатты толық кӛтеру кезінде шатунның поршенді
ҧстағышпен жай соқтығысу мҥмкіндігін жою. Цилиндр тӛлкесі сынғыш
материалдан қҧйылған, сондықтан ҧстағыш бойынша кішкене соққы оны
зақымдауы мҥкін.
6. Қажет болған жағдайда иінді білікті орнатылатын кҥштік агрегатты
сәйкес шатундық мойынға минималды кҥшпен орнататындай жағдайға бҧрап
келтіру.
Жҧмыс ҥдерісінде келесі қҧралдар мен саймандарды қолданыңыз:
1. Білік бҧрағыш қҧрылғы.
2. (Т80770) Отын тҥтіктерін шешуге арналған арнайы кілті.
3. (Т81130) Поршеньді ортаға келтіруге арналған қҧрылғы.
4. (Т81200) Енгізу және шығару клапандарын итергіштерді бекіткіш.
5. 24 мм, 30 мм динамометрлік кілтіне алмалы-салмалы
ауыстырғыштар.
6. Цилиндр басын шешуге және орнатуға арналған такелажды траверса.
7. НТ1 бҧрандалы қосылыстарды гидравликалық тартуға арналған
жабдық.
8. Метрлік бекітуге арналған стандартты кілттер жинағы.