С. С. Абдуллаев, Ғ. Б. БақЫТ


Рессорлы аспаның біріншілік сатысын тексеру



Pdf көрінісі
бет40/135
Дата20.12.2023
өлшемі9,99 Mb.
#141665
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   135
Байланысты:
ТЕПЛОВОЗ ТЭ33А устройство, назначение на каз.язе

Рессорлы аспаның біріншілік сатысын тексеру 
Бҥйірлік тіректерді зақымданулар мен резеңке қабаттарының 
бӛлінуінің болуына келесідей тҥрде тексеріңіз: 
1. Майысқан немесе жарылған пластиналар – пластиналардың иілуі 
жіберіледі (жоғарғы және тӛменгісінен басқа). Жоғарғы және тӛменгі 
пластиналардың 1,0 мм-ден артық немесе пластиналарда жарықтардың 
болуына жол берілмейді. 
2. Ілінісу ақаулары – резеңке және металл пластиналардың бӛлінуі егер 
бӛлінуі 13 мм тереңдіктен аспаса, және ешбір жерде 50 мм ҧзындықтан 
аспаса жіберілетін болып табылады. 
3. Резеңкенің зақымдануы – резеңке қабаттардың бҥрсуі мен 
жарықтары егер зақымдану ҧзындығы 50 мм-ден, тереңдігі 13 мм-ден аспаса, 
ал бір резеңке қабатының шегінде 2 бҥрсу немесе жарықтан артық болмаса, 
жіберілетін болып саналады. 
4. Маймен немесе жағармаймен ластану – ластану нәтижесінде резеңке 
бетінің жҧмсаруы жіберіледі, бірақ егер ісіну нәтижесінде резеңке қабатының 


70 
ҧзындығы немесе ені 6 мм нормадан асатын болса, бҥйірлік тіректі ауыстыру 
қажет. 
ЕСКЕРТУ: арбашыққа арналған зақымданған бүйірлік тіректерді жинағымен 
бірге ауыстыру қажет, яғни егер бір тірек істен шықса, барлық үш тіректі ауыстыру 
қажет. 
Бҥйірлік тіректерді ауыстыру 
Бҥйірлік тіректерді жинағымен ауыстыру қажет, егер олардың кез 
келгенінің биіктігі жіберілетін шамадан тӛмен болса. Егер арбашыққа 
арналған қолданылған бҥйірлік тіректер жоқ болса, онда алынған тіректерді 
сақтауға қойып, олардың орнына жаңа бҥйірлік тіректер жинағын 
орнатыңыз. Локомтивтен шешіп алынған (егер олар зақымданбаса, биіктігі 
жіберілетін шамада болса) бҥйірлік тіректерді кейін қолдану ҥшін сақтау 
қажет.
Бҥйірлік тіректердің биіктігін тексеру 
Ары қарай пайдалану ҥшін екіншілік аспаның резеңке металды 
элементтерінің жарамдылығн тексеру: 
1. Тіректі сәйкес пресспен қысып, биіктігін ӛлшеңіз. Минималды 
жіберілетін биіктік шамасы (һ) 9.11-суретте келтірілген: 
Ортаңғы тірек: 1 минут ішінде 205 кН жҥктемеде 230 ± 0,7 мм. 
Шеткі тірек: 1 минут ішінде 144 кН жҥктемеде 182 ± 0,7 мм. 
ЕСКЕРТУ: жүктемені бағыттушы штифттер арқылы түсіруге болмайды. 
2. Қажетті ӛлшемдерді келтіру ҥшін тіректердің шеткі пластинасының 
профилімен сәйкес келетін жалпы биіктігі 8 мм-ден аспайтын реттеуші 
профиль тӛсемелерін орнатуға болады. 
3. Жҥктемедегі тірек биіктігі шамасын тіркеп алыңыз, және оны тірек 
бетіне жазып қойыңыз. 
4. Тіректерді ары қарай қолдану ҥшін топтастырып қойыңыз. 
9.17-сурет – Бҥйірлік резеңке металды тірек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет