С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет36/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Жүгіртпе диктант
Оқу бөлмесі есігінің сыртына немесе дәліздегі қабырғаға
диктант мәтіні жазылады. Студенттер шағын топқа бөлінеді.
Әр студенттің реттік нөмірі анықталады. Оны нөмірленген жетон беріп немесе
сағат тілі бағытымен санау арқылы да анықтауға болады. Сол ретпен әр топтан
бір-бірден студенттер шығып, мәтінді бір сөйлемнен оқиды да, жүгіріп келіп
тобына айтады. Ал топ мүшелері алдын ала дайындалып, ортада жатқан
параққа бір-бірінің көмегімен естігендерін жазады. Нөмірлерінің ретімен
студенттер тағы да бөлмеден шығып, келесі сөйлемді оқып келіп, тобына
қатесіз жеткізуі тиіс. Ослайша мәтін біткенше жалғаса береді. Топта барып
мәтінді оқып келмеген студент болмауы тиіс. Жұмысқа барлығы бірдей
қатысады. Есте сақтау қабілетіне байланысты біреу көп, біреу аз шығуына да
болмайды. 
Мәтін толық біткен соң үзінді-үзінді бойынша тексеріледі. Мысалы, бір
топ бірінші абзацты оқып, қате, дұрыс жазғандары анықталады. Солай мәтін
толық біткенге дейін тексеріледі. Бұл тапсырма диктанттың бір түрі бола тұра,
топтық жұмысқа дағдыландырып, жауапкершілікке үйретеді. Есте сақтау мен
сауатты жазу дағдысын қалыптастырады, мұқият болуға тәрбиелейді. Мәтін
мазмұнын есте сақтауға ықпал етеді. Жаңа тақырыпты меңгертуде де қолдануға
болады. 
Менің қиялым
Білім алушылар жұптасады және бір-біріне
арқаларын тиістіріп отырады. Оның біреуі тақырыпты,
оқу материалын сипаттап айтып отырады, екіншісі соны
шартты белгілермен А4 үлгідегі қағазға маркермен салады. Мысалы, жыраулар
туралы айтса, домбыраның шартты белгісі ретінде тиектің 
(
) суретін салады.
Екінші кезеңде сұхбат берушілерден, яғни оқу материалы туралы айтқан
білім алушыдан алынған ақпараттарды сөйлем түрінде сипаттап жазу
56


міндеттеледі. Жазу кезінде кіріспесі, жалпы мәлімет беру немесе детальді
мәлімет жазуын ескертіп отыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет