С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет37/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

 
Метафоdоs)ра
«Метафора» айдарымен қызықты ойын өткізіледі. Оқу
материалында табиғат құбылысы туралы айтылса, онда
ауа райымен климаттың түрлі құбылыстарына қатысты
түрлі метафораларды жазуға болады. Мысалы, жауын –
аспанның нұры; боран – табиғаттың ашуы; найзағай –
аспандағы қылыш. т.б. Ал жыраулар туралы болса: жырау – заманының
алдаспаны; толғау – уақыт айнасы, т.б. Сәтті шыққандарын
флипчардқа жазып отырады. Біткенен кейін көрші отырған білім алушыға
береді, ол сол метафора арқылы мәтін құрап, тақырыптың қай бөлігі туралы
айтылғанын, не ой берілгенін анықтап, не себепті олай ойлайтынын дәлелдеп
айтады. 
Осылайша ойларын шыңдап, тіл байлықтарын молайтуға, тақырып
бойынша білімдерін тексеруге болады.
Кейіпкер оdоs)йын тап
Тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетіледі.
Ескеретін жағдай: бейнефильмді көрсеткенде оның
дауысы естілмеуі керек. Тек репортаждағы қимыл, іс-
әрекеттер ғана беріледі.
Жазылым тапсырмасы:
Осы дыбыссыз бейнефильмді көргеннен кейін журналист
ретінде репортаж мәтінін жазады. Ол үшін мынадай тапсырмалар беріледі:

Сіз бейнефильмді көзбен көрген тілшісіз. Жұмыс орныңызға келдіңіз
де түсірген кадрларыңызға мәтін жазуға отырдыңыз. Жазуды бастаңыз! Жазып
біткен соң оқып шығыңыз.

Қайта жазу. Енді фильмді дыбысын қосып, қайта көріп шығады, өз
жазғандарымен салыстырады, ішінен өзіне ұнамаған сөздерді тыңдалған
репортаждағы сөздермен алмастырып, мәтіндерін қайта өңдеп жазып шығады.
РАФТ
57


РАФТ:
 Р(өл) 
А(удитория)
Ф(орма) 
Т(тақырып)
Бұл - белгілі бір тақырып шеңберінде ойды жазбаша түрде жеткізу әдісі,
яғни әлеуметтік ойын түрінде жүзеге асатын тапсырма. Тапсырма белгілі бір
мәселені талдау, сол туралы өз ойын, көзқарасын білдіру негізінде жүзеге
асады. Ол үшін бірінші кезекте рөл таңдалып алынады (автор, кейіпкер,
тыңдаушы, қалам, депутат, гүл, қоғам қайраткері, т.б. кез келген рөл). Рөл
анықталған соң айтылатын ой кімге арналатыны, яғни аудитоия анықталады.
Енді айтайын деген ойды жеткізу формасы (синквейн, эссе, баяндама, ертегі,
күнделік, т.б.) анықталады. Оған тақырып қойылады. Бұл әдіс сын тұрғысынан
ойлауды дамытуда ерекше орын алады және жеке жұмыс ретінде де, топтық
жұмыс түрінде де орындала береді. Айталық, қалам болып сөйлеп көруге
болады, сонда оның атқаратын қызметіне, адам өміріндегі рөліне басқа
қырынан үңілуге мүмкіндік туады.
1-қадам. 
Кестеге сай таңдау жұмысы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет