С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру. 2. Дәлел



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Пікір.
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен
келтіру.
2.
Дәлел.
Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығуы
керек. 
3.
Мысал.
Енді өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуі үшін бір
сөйлеммен мысал келтіру қажет. Мысал өмірден, практикадан алынуы тиіс.
4
. Қорытынды
. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды
шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.
5. ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Мәтінмен танысқан соң оның мәнін терең
түсінгенін тексеру үшін міндетті түрде талдау
жұмыстары жүргізілуі тиіс. Қандай сұрақ
талданатынын оқытушы белгілейді. Ол
тақырыптың негізін құрайтын, оны терең
меңгеруге ықпал ететін болуы тиіс. Сондықтан
да талдау жұмыстарына ұтымды, сын
тұрғысынан ойлауға бағытталған, әркім өз ойын білдіруге, қателесуге, оны
түзетуге, өзгеден идея алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы керек.
 
«635» әдісі
Бұл әдіс бойынша 6 адамнан тұратын топқа 3 идеяны 5 минут
ішінде ұсынуға тапсырма беріледі. Оны жазбаша түрде беруге де
болады. Ең дұрысы ауызша түрде талқыланғаны абзал. Әр топ
әртүрлі идеямен танысады.
61


 
«515» әдісі
Жүзеге асырылуы жоғарыдағы әдіске ұқсас. Оқытушы
студенттерге белгілі бір мәселе бойынша талдау жұмысын
жүргізуді ұсынады. Талап бойынша 5 минуттың ішінде әр топ 15
идея ұсынуы шарт. Осыдан барып «515» деген атау шығады.
Мені түсін (М. Жанпейісоdоs)ва)
Шарты:
3 қатардан бір-бір студент шығып, ортада тұрған үстелге
барып отырады. Оларға берілген шарт төмендегіше:
☺ тақырып ішінде кездесетін бейнені сомдап беру;
☺ негізгі ұғымдардың ерекшелігін көрсететіндей қимылдар
жасайды қалғандары соны шешуі керек.
Дұрыс көрсеткен және шешкен топ жеңімпаз болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет