С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


Шеңбер боdоs)йымен әңгімелесу (М. Жанпейісоdоs)ва)



Pdf көрінісі
бет41/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Шеңбер боdоs)йымен әңгімелесу (М. Жанпейісоdоs)ва)
Оқытушы мәтінді оқуды тапсырады (Гонг). Студенттер
шеңбер бойымен отырады.
☺ ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген студентке
нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды немесе ереже айтуды, тақырыпты
баяндауды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы бір-бір
сөйлем айтады. Соңына дейін солай жүреді. Білмей қалған студент тайм-аут
алып, қалғандары айтып біткен соң жауап береді. Біреудің айтқан ойын екінші
адам қайталамауы тиіс;
☺тағы да оқиды. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстайды, әңгімені
толықтырады. Сағат тілінің бағытымен қайта бастайды.
☺ ең белсенді, мәтінді дұрыс баяндған студент анықталады.
Мәтін бөліктері (М. Жанпейісоdоs)ва)
Студенттер тапсырманы оқиды (Гонг). Шағын 4 топқа
бөлінеді:
бірінші топ
– „кіріспе”; 
екінші топ

„негізгі ой”;
үшінші топ
– „қорытынды”;
төрінші топ

„толықтыру” тапсырмаларын орындаулары тиіс. Мәтін
62


бөліктерін әңгімелеу ретімен басталады, яғни бірінші топ кіріспе ой айтады,
т.с.с. Толықтыру” тобы әрбір топтан кейін сөз ала алады. Әр топ өздеріне
жүктелген бөлік шартын орындаулары тиіс. Ойыннан соң, мәтінді тағы бір
қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстыру жүргізіледі, қай топтың
неғұрлым нақты айтқаны анықталады.
Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және
стилистикалық байланысқан компоненттерден тұрады. Бұл бөлімде ашқалы
отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс ойластыру керек. Сол тақырып
бойынша жалпылама мәлімет беріледі. Кейде негізгі көтеріліп отырған мәселе
жайлы пікірлерге сүйене отырып, ой анықталады. Жалпы тақырыпты ашуға
алып келеді.
Негізгі бөлім - тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын
ашу. Онда тақырыптың негізгі мазмұны ашылады және ол біраз қиындық
тудырары сөзсіз. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге
болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа
жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар,
ұстанымдарды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық ашуға мүмкіндік туады.
Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тұтас тақырыпты ашудағы логикалық ойды
байқауға көмектеседі
Қорытынды – жалпыланған және дәлелді, қолдану аймағы көрсетілген
және т. б. түрде баяндалатын, өз көзқарасы берілетін бөлім. Қорытынды
бөлімде негізгіде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының
маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау,
иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет