Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау
жолымен ойлау логикасын ашыңыз. Мысалы: “_________идея туралы
қалғандары не ойлайды?”
Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және
талқылау дағдыларын
дамытуға қол жеткізу
үшін топтағы студенттердің арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы:
“Көршіңнің жауабы туралы сен не ойлайсың?” “Көршіңнің жауабын барынша
кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” “Естігеніңнің барлығын бір
жауапқа қалай біріктіруге болады?
Сұрақты ұстап ал
Оқытушы сұрақ қойған кезде қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне
кинестикалық сипат береді және студенттерді өз еркімен жауап беру үшін ниет
білдіруге итермелейді. Сіз студенттерге жауапты білмеген жағдайда сұрақты
басқа студентке лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл
тапсырманы командамен шешуге де болады.
Оқытушы кезек-кезекпен әр
командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап
берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе,
қапшықты
басқа командаға лақтырады, бірақ бұл жағдайда жауап үшін 2 балл ғана
қойылады. Егер де қапшық тағы да
кері лақтырылатын болса, онда дұрыс
жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: