С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


и) бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «и» тармақшасы)



бет11/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

и) бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «и» тармақшасы). Бұзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде жасалады, кінәлының мінез-құлқы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы шыққан және өзін төңірегіндегілерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе бұл қылмыс себепсіз немесе болар-болмас нәрсені адам өлтіруге ілік ретінде пайдаланумен жасалады.
Бұзақылық ниет-барынша күрделі түсінік.

Оның өзге әр түрлі ниеттері болады, солардың әсер етуімен кінәлының адамдарды, қоғамды сыйламайтындығын ашықтан-ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің ұятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тәртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердің әсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінәлыда ашу, ыза, кек қайтарғысы келетін көңіл-күй пайда болады. Осы сезімдер кінәлының мінез-құлқының итермелеуші күшіне айналады. Сөйтіп кінәлының ниетінде қоғамдық пікірге қарсы шығу, моральдың қарапайым нормаларын, адамның жеке басын сыйламаушылық қалыптасады. Мұндай бұзақылық ниет ең соңында адам өлтіруге әкеліп соғады. Егер мұндай ниеттер анықталмаса, ал кінәлының қылмыстық мінез-құлқы жәбірленушімен өзара жеке қарым-қатынасы бойынша ғана пайда болса, онда бұл жағдайда адам өлтіру оның жасалған орнына қарамастан, бұзақылық мақсатта адам өлтіру ретінде саралануы мүмкін емес. Көбінесе бұзақылық ниетте адам өлтіру ұрыс-керіс пен төбелестің нәтижесінде болады. Бірақ бұл ұрыс-керіс немесе төбелесте болған кез келген адам өлтіру өзінен-өзі бұзақылық ниетте адам өлтіру ретінде саралануы тиіс дегенді білдірмейді.


к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатындағы, сол сияқты зорлау немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «к» тармақшасы). Бұл тармақта адам өлтіруді саралайтын екі дербес жағдай көзделген (зорлауды және жыныстық қатынас сипатындағы әрекетті олардың ұқсастығына орай бір жағдай ретінде біріктіруге болады). Басқа қылмысты жасыру мен оны жасауды жеңілдету өздерінің мазмұны бойынша бір-бірінен айырмашылығы бола тұрса да, көп жағдайларда өзара қабаттасып байланысып тұрады. Негізінде кінәлы жасалып болған қылмысты жасыру үшін немесе оны жасауды жеңілдету үшін адам өлтіреді (оны жасағанға дейін немесе жасау үстінде). Адам құқық қорғау органдарына белгісіз өзі жасаған қылмысты жасырады. Зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіруді зорлау процесінде немесе оны жасыру мақсатында, сондай-ақ зорлау кезінде қарсылық көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалған адам өлтіру деп түсіну керек. Бұл жағдайда өз алдына дербес екі қылмыс жасалады. Сол себепті саралау Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының «к» тармақшасы бойынша және Қылмыстық кодекстің 120-бабының тиісті тармағы бойынша жүргізіледі. Егер бұл қылмыстардың біреуі аяқталмаған болса, онда саралау кезінде Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады. Адам өлтіру тек қана зорлаумен емес және нәпсіқұмарлық сипатындағы күш көрсету әрекетімен де ұштасуы мүмкін. Мұндай әрекетке еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас сипатындағы өзге де әрекеттер жатқызылады. Егер мұндай әрекеттерді жасау процесінде немесе оларды жасыру үшін немесе оларды жасау кезінде қарсылық көрсеткені үшін адам өлтірген болса, онда зорлау кезіндегі сияқты екі қылмыстың жиынтығы бар екендігі (ҚК-тің 121-бабы және 96-бабының «к» тармақшасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет