С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «д» тармақшасы)



бет9/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   231
д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «д» тармақшасы).
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті саралау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін улы қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және т.б.
Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың; балалардың, ата-аналарының, қалыңдығының ж.т.б. көзінше, кінәлының өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, қамқоршылар мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін.
е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2 тармағының «е» тармақшасы).
Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлы бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлының белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады.
Мұндай ретте кінәлының әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағының «е» тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлының ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әркетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлының әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет