С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету (368-бап)



бет212/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету (368-бап)

Қылмыс объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы, мәжбүр ету арқылы сипатталады. Қарсылық көрсету деп бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның заңды талабына мән бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Мысалы, патрульдің мас күйдегі әскери қызметшіні ұстауға байланысты әрекетіне соңғының қарсылық көрсетіп бағынбауы. Бастыққа немесе әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы олардың міндеттерін бұзуға бағытталған белсенді әрекет мәжбүрлеу деп танылады. Мысалы, қатардағы әскери қызметшінің тәртіп бұзып қолға түсіп қалған екінші бір әскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы. Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеген сәттен қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; б) қару қолдана отырып жасаса;


в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (368-баптың 2-тармағы). Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 31-бабында көрсетілген. Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр етушілік жатады.


Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап)

Қылмыс объективтік жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану әрекеттері екі түрлі жағдайда:



  1. бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде;

  2. немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.

Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс әрекеттеріне қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, әскери кезекшілікті атқаруы, қызметтік жағдайына байланысты әскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іс-сапарда болуы кезінде өз борышын өтеуін айтамыз. Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттеріне кінәлының оның қызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе одан кек алу, я болмаса басқадай өзара қақтығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Және оған қарсы күш қолдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы көрініс табады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; б) қару қолданып жасаса; в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (369-баптың 2-тармағы). Бұл көрсетілген жағдайлардың түсінігіне Қылмыстық Кодекстің 363-бабын талдағанда тоқталғанбыз. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет