Адамның иммун тапшылығы вирусын
(ЖҚТБ-жұқтыруы) (116-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұқтыру қаупінде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жұқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның біріншісі жыныстық қатынас арқылы, ал екіншісі қан арқылы (медициналық құралдарды, шприцтерді тиісті дәрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жағылуы т.с.с.). Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде ауруды көрінеу жұқтыру деп тура көрсетіліп тұр. Кінәлы адам өзінің әрекетімен басқа адамға ЖҚТБ-ауруын жұқтыру қаупін төндіргенін сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, өзінде иммунтапшылығы вирусы бар.
Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жұқтырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Заңсыз аборт жасау (117-бап)
Аборт дегеніміз - заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынш а- 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі ҚР бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.
Қылмыстың объектісі-әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы (117-баптың 1-тармағы) сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмыстың істелгені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды.
Субъективтік жағы қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі.
Кінәлы адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі-жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар. Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа) аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрыңғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.
Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру т.с.с.
Қылмыстың субъектісі-16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар заңсыз аборт жасаған адам хирург-гинеколог, акушер-гинеколог, осы қылмыстың ауырлататын түрі –Қылмыстық кодекстің 117-бабының 3-тармағында заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның осы әрекетті қайталанғаны үшін жауаптылығы көзделген.Жауаптылықтың шарты-мұндай адамның сотталғандығы жойылмауы немесе сотталғандықтан арылмауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |