С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен



бет74/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен
мүліктік залал келтіру (182-бап)

Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге талан-тараж белгілерінсіз мүліктік залал келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық 182-бапта арнайы көрсетілген. Осы қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастары болып табылады. Қылмыстың заты ақша, қозғалатын немесе қозғалмайтын әртүрлі мүлік болады. Объективтік жағынан бұл қылмыс белсенді әрекет күйінде-алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жасалады. Қылмыс істелу тәсіліне қарай алаяқтық құрамына көп ұқсас, бірақ алаяқтықта кінәлы адам бөтеннің меншігін заңсыз, тегін өзінің не басқаның иелігіне аударса, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде кінәлы адам бөтеннің мүлкін меншік иесінен немесе өзге де иеленушінің иелігінен айырмайды. Кінәлы-меншік иесіне төленуге, өтелуге тиісті нәрселерді істемеу арқылы, өзі пайда тауып меншік иесіне залал келтіреді. Мысалы: заң немесе нормативтік актілерге сәйкес мемлекет пайдасына түсетін әр түрлі төлемдерді төлемеу (газды, жылуды, электр энергиясын, тұрғын үйді пайдаланғаны немесе тұрмыстық қызмет көрсетулер үшін, жолаушыларды билетсіз мемлекеттік көлікте тасымалдау арқылы заңды ұйымдардың немесе басқа меншік иелерінің көлік құралдарын тегін, ақысыз пайдалану). Осы бапта көрсетілген қылмыс құрамы меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне мүліктік залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне онша елеулі емес зиян келтірген жағдай, іс-әрекеттер теріс қылық деп саналып, қылмыс болып табылмайды. Бұл қылмыстың субъектісің болып есі дұрыс, жасы 16-ға толған жай адамдар танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен істеледі.




Көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу (183-бап)

Қылмыстық кодекстің 183-бабында көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастарына (қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немсе өткізуге) байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың заты-қылмыстық жолмен табылған мүлік. Қылмыстық объективтік жағынан қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің біреуін істеу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу деп-кінәлының осы мүлікті біле тұра күні бұрын уәделеспей заңсыз, қылмыстық тәсілмен иеленген адамнан әр түрлі келісімдер арқылы-ақылы немесе ақысыз, тегін, сыйға, айырбасқа, қарызының өтемі үшін немсе басқа да кез келген нысанда алуын айтамыз.Қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізу деп-кез келген тәсілмен-ақылы немесе тегін (сату, айырбастау, сыйға беру) осы мүлікті немесе оған құқықты басқаға (жеке тұлғаға немесе заңды ұйымға) беруді айтамыз.


Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады, сондықтан да оның аяқталу сәті қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің бірін жүзеге асырған уақыттан бастап-ақ есепке алынады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам мүліктің көрінеу қылмыстық қасақаналықпен істеледі. Жалпы алғанда бұл қылмыс құрамы пайдакүнемдік ниетпен жүзеге асырылады.Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Егер кінәлы адам көрінеу қылмысты жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей алса немесе өткізсе, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 183-бабы бойынша сараланады.. Егер кінәлы адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделесіп алса немесе өткізсе, онда кінәлы адамның әрекеті істелген қылмыстың қатысушысы ретінде сараланады. Егер кінәлы адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспесе де бір адамнан орындаушысына көмек көрсетсе, оның әрекеті қылмысқа қатысушылық ретінде саралануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 183-бабының 2-тармағында: автомобиль немесе ірі мөлшердегі өзге мүлік жөнінде; адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; ұрлық, қорқытып алу, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алғаны немесе өткізгені үшін бұрын сотталған адам жасағанда ауырлататын қылмыс құрамы үшін жауаптылық көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет