л) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «л» тармақшасы)
л) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «л» тармақшасы). Адам өлтірудің мұндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, әсіресе бұл ұлттық жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге қатысты. Бұған көбінесе дұрыс ойластырылмаған ұлттық саясат итермелейді. Соңғы уақытта барған сайын ұлттың өзін-өзі дәріптеу идеясы өршіп барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылады және ұлтаралық, аралық пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды (әрине, егер олар әсіресе ұлтшылдық пен экстремизмге айналмаған жағдайда). Бірақ, өкінішке орай, ұлттық жеккөрушілік пен алаусыздықты тұтандыруға мүдделі күштер бар. Егер мұндай ниеттер адамды өмірден айыруға бағытталу негізінде жүзеге асырылса, онда мұндай жағдайдағы адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының «л» тармақшасы бойынша сараланады. Мұнда адам өлтіру үшін сылтау барынша әр түрлі болуы мүмкін жәбірленушінің немесе өзге адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері (мұндай әрекеттер заңды да болуы мүмкін), діни жеккөрушіліктің немесе араздықтың салдарынан нәсілдік белгілері бойынша адам өлтірудің негізінде де осындай жағдайлар болады. Осы тармақта көзделген қанды кек себебі бойынша адам өлтірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Қанды кек, әдетте, кінәлының туысқандарын өлтірген адамдарға жарияланады. Мұндайда қанды кектің құрбандары осы қанды кек жарияланған адамның өзі, сол сияқты оның туысқандары, сондай-ақ өзге де адамдар болуы мүмкін. Бұл қылмыстың субъектісі қанды кек әдет-ғұрып болып табылатын жерлердегі этникалық топқа жататын адам ғана болуы мүмкін. Саралау жасау үшін қылмыс жасалған жер маңызды рөл атқармайды.
м)жәбірленушінің органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «м»тармақшасы). «Жәбірленушінің органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру» туралы белгі қылмыстық заңда бірінші рет көзделді.
Бұл қазіргі өмір шындықтарынан туындап отыр. Егер адамның органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында адам өлтірілсе, ол Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының «м» тармақшасы бойынша сараланады.