С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Он жетінші тарау. Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері



бет210/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Он жетінші тарау. Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері

Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған. Қылмсыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген. Онда әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген. Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады. Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады. Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарушы запастағы азаматтар. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты құрылық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, т.б. жатады. Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді: Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар. Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз. Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстардың көпшілігі қасақаналықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет