ОРЫНДАҒАН: КӨКЕШ Ұ.С. ТОБЫ:1201-21 ҚАБЫЛДАҒАН: КЕРИМБАЕВА З. Шымкент 2023
Бәшен Баймұратқызы 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозымбай ауылы Байжа елді мекенінде дүниеге келген. Ол 1935 жылы Алтай (Әлібек) ауылындағы төрт жылдық бастауыш мектепте білім алады. Оны тамамдаған соң, Ұлан ауданы Никитинка (қазіргі Бозамбай) ауылында Киров атындағы орта мектептің 5-сыныбына оқуын жалғастырады. Жетінші сыныпты аяқтаған кезде Ұлы Отан соғысы басталуына орай оқуын одан әрі жалғастыра алмайды. Алматыдағы М.Мәметова атындағы училищені үздік бітірген Башен Баймұратқызы ұстаздық жолын Алматы облысы Нарынқол ауданына қарасты Шалкөде елді мекеніндегі «Тұзкөл» мектебінен бастады. 1951 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетіне түседі. Оны 1955 жылы үздік тамамдаған соң, Алматы облысындағы Қаскелеңге қарасты Киров совхозы С.М.Киров атындағы 8 жылдық мектептің оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарды. Бұл мектепте 5-7 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1957 жылы 27 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, кейіннен мектепке дейінгі және бастауыш білім бөлімді басқара жүріп, келешек жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесі т.б. көптеген проблемалар бойынша зерттеулер жүргізеді. Орыс тілді «Программа воспитания и обучения в детском саду» бағдарламаларын (1961, 1964, 1971, 1974, 1981 ж.) ұлттық негізде қазақ балабақшаларына бейімдеп шығаруда басшылық етті.
Бәшен Баймұратқызы 1970 жылы «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғалымның диссертациясы Қазақстанда мектеп жасына дейінгі тәрбие мәселесін зерттеуге арналған бірінші ғылыми еңбек болып саналады. Оның «Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту» (1976 ж.), «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету» (1981ж.), «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы» (1991 ж.) атты ғылыми еңбегінде баланың сөздік қоры, сөйлеу деңгейі жайлы мәселелерді ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетін біртұтас сабақтастыра қарастыра отырып, мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің ғылыми негізін жасады. Сонымен қатар, Б.Баймұратова балабақша педагог-тәрбиешілеріне арналған «Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту методикасы» (1962 ж), «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу қабілетін дамыту» (1966 ж), «Балаларды мектепке қалай даярлау керек?» (1971 ж), «Біздің кітап» (тәрбиешілерге арналған I бөлімі 1964 ж., II бөлімі 1974 ж.), «Ана тілді оқыту методикасы және мектепке дейінгі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту» (1981 ж), «Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту методикасы» (1991, «Шуақты күндер» (хрестоматиялық жинақ, 2006 ж.) еңбектерін жазды.
Қазақстан Республикасының қазақ балабақшаларына арналған тұңғыш төл «Балбөбек» бағдарламасының (1996 ж.) негізін қалады. «Балбөбек» бағдарламасы әр топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дайындап, (1 сәбилер, 2 сәбилер, естиярлар, ересектер және мектепке даярлық топтары) оны тірек балабақшаларда (Алматы қаласындағы №№204, 161 және Алматы облысы Шелек ауданы Нұра ауылында) апробациядан өткізді. Қазіргі таңда көптеген қазақ балабақшалары «Балбөбек» бағдарламасының негізімен жұмыс істеуде.
Дегенмен Бәшен педагогика саласын- да ғылыми зерттеулер жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажет екендігіне көз жеткізді, жинақтаған тәжірибені тұғырлы теориямен, методологиямен негіздеу оңай шаруа емес-ті. Сондықтан да ол білімін одан әрі тереңдету мақсатында 1971 жылы аспирантураға түсуге бел байлады. 1968-1971 жылдар аралығында аспирантурада зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде «Мектепке дейінгі педагогика» мамандығы бойынша «Овладение родной речью деть- ми-казахами младшего дошкольного воз- раста» тақырыбында кандидаттық диссерта- ция қорғады. Ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор А. Иска- ков болды (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 20). Қорда тіркелген Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі кафедрасының доценті А. Әбілқаевтың пікіріне қарағанда «диссертация тақырыбы – мектеп жасына дейінгі балалардың тілін зерттеуге арналған нақты проблемалы мәселе.
Сәби балалардың тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу педагогика саласында кенже қалып, әлі күнге дейін қарастырылмаған. Баймұратова жолдастың педагогиканың тың жатқан бұл мәселелеріне арнайы зерттеу жасап, балалар бақшасының жұмысын жандандыруға ғылыми үлес қосуы құптарлық нәрсе» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 20). Бұдан көрінетіні Бәшен Баймұратқызы өзекті тақырыпты ұтымды таңдап, түйіткілдің түйінін ғылыми түрде зерттеу арқылы шешкен. Диссертация әдеттегіше, кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрды. Кіріспе бөлімінде автор ана тілінің қоғамдық мәні мен оның бала- лар тілінде қалыптасу заңдылықтарына шолу жа- сады. Жұмыстың бірінші тарауында Қазақстанда балалар бақшасының ұйымдастырылу тарихына, соған қатысты қаулы-қарарларға, жарық көрген еңбектерге, әдістемелік құралдарға және балалар бақшасының бағдарламалары мен жұмыстарына шолу жасалды. Екінші тарауында отбасында, бақшада тәрбиеленуші сәбилердің сөз қоры, сөйлеу тілінің ерекшеліктері эксперимент жүргізу және материалдарды талдау, қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық артықшылықтары бала тілінің қалыптасу жолын ғылыми тұрғыдан анықтау арқылы дәлелденді. Үшінші тара- уы бала тілін дамыту әдістемесіне арналды. Диссертациялық жұмыс ғылымға қосылған үлес түрінде бағаланды. Зерттеу тақырыбы бойынша ең алғашқы ғылыми мақалалары жарық көрді. Солардың бірі «Сәбилердің сөздігі мен сөз меңгеру тәсілдерінің кейбір мәселелері» Қазақ ССР Ағарту министрлігі жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының «Ученые запи- ски» топтамасының 3-ші шығарылымынан орын алды «...сөйлем жиынтығын түгел меңгеріп жетілмегендіктен, буындап дыбыс ауыстыру, дыбыс қалдыру бала сөзінде жиі кездесіп тұрады. Егер семья мүшелері мұқият назар аударып, сөзді түзеп айтуына көмектесіп (зат көрсетіп, сөзбен атап айтып, сөз бен затты байланыстыра бір мерзімде қолдану) отырса, мұндай кемшілік үш, үш жарым жасқа дейін толық түзеліп кетеді. (АқОМА. – 540-қ. – 1-т., – 88:4). Балабақшада тәрбиешінің білімі мен біліктілігінің жетіспеушілігінен бабалардың сөздері дұрыс айта алмайтындығын дәлелдей келе Бәшен осы мәселеге баса назар аударды. «Балабақшада жұмыс істейтін тәрбиешілер көпшілік жағдайда тіл дамыту жұмысын өз мәнінде, педагогикалық талаптарға сай ұйымдастыра білмейді. Программалық матери- алды ескермейді. Әсіресе зат таныту, бақылау, экскурсия, дидактикалық материалдарға назар аудармайды. Көбінесе тақпақ жаттатып, әңгіме оқуды жоспарлайды. Баламен сөйлесу, бала- ны сөйлету, көріп, тыңдаған заттары туралы айтқызу, ненің не үшін қажет екенін білдіру, сол заттың атын сөзбен атай білуге үйрету, сөздік жүргізіп отыру сияқты жұмыстарға көңіл бөлінбейді. Тәрбиешілер сабақ кезінде өздері сөйлеумен жиі әуестенеді» АқОМА. – 540-қор. – 1-тізімдеме. – 88:4) – деп, бала тәрбиесінде орын алған кемшіліктерді ашып көрсетті.
Б. Баймұратқызы бүкіл саналы ғұмырын Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында өткізді, бар күш-жігерін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнады. Өмірлік ұстанымы ұрпақ тәрбиесіне бағытталды, соны ту етіп көтерді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: